Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Фин анализ каз+.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін талдаудың негізгі міндеттері

• кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтау;

• қарыз алушының шаруашылық қызметінің тиімсіздігі салдарынан несие ресурстарын жоғалтудан алдын ала сақтандыру;

• қарыз алушы кәсіпорынды оның тиімділігін көтеру бағытында қызметін ынталандыру;

• несиелердің тиімділігін көтеру.

Несиелеу шарттарын талдау мыналарды білуді кажет

етеді:

1) бұрын болған несиелерін өз уақытында өтеу, берілген есептердің сапалылығы, басшылықтың жауапкершілігі, басқа міндеттемелерге қатынасын қүрайтын карыз алушының атағы (репутация). Жақсы атақ дегеніміз - жеке билеушілік, міндеттілік, адалдық, әділдік, гіптілік және т.б. сияқты қасиеттері;

2) қарыз алушының бәсекеге қабілеті - өнімді өндіру және табыс алу, сонымен бірге несиені өтеуге қаржыны табу қабілеттілігі. Банктің қарыз алушының нақты шығындарын несиелеу кезіндегі табысын банктің орташа табыстылығымен салыстырып бағалау жургізеді. Банк табысының деңгейі несиелеу кезіндегі тәукел дәрежесімен үйлестірілуі тиіс. Банк қарыз алушыдан түсетін табыс мөлшерін қалыпты қаржылық қызметті жүзеге асыру кезіндегі банкке пайыз төлеу мүмкіндігі көзқарасынан бағалайды;

3) ірі ресурстарды пайдалану мақсаттарын;

4. несие сомасын;

5.несиені өтеуді. Бұл зерттеу материалды, құндылықтарды өткізу, берілген кепілдемелер және кепіл беру пайдалану есебінен несиенің қайтарымдылы-зерттеу жолымен жүргізіледі;

6) несиенің қамтамасыз етілуін, яғни банктің берілген несиеге, кепілге қарыз алушының активтерін бағалы қарыздарды қоса алуға құқығын анықтау көзқарасынан жарғы мен ережені зерттеу;

7) активтерді иеленуін (егер кәсіпорынның несиені қайтару үшін қажетті активтері болмаса, онда ережеге сай оған несие берілмейді);

8) экономикалық коньюктура жағдайлары мен даму перспективалары (ссуда беру барысында банк саласындағы кәсіпорынның экономикалық роліне және алатын орнына назар аударуы керек. Несиелеу мерзімі қаншалықты ұзақ болса, экономикалық болжау соншалықты маңызды болады) және басқа факторлар.

Талдау қарыз алушының бухгалтерлік және статистикалық есептерінен жинақталған мәліметтер негізінде, қосымша хабарламалар, кәсіпорынның төлемді жиі кешіктіруі туралы фактілер, оның серіктестерге қатысты жауапсыздығы, бәсеке күресіндегі арамзалық, жиіркенішті әдістерін пайдалануы, меншік иесінің немесе кәсіпорын басшысының құлықсыз тәртіп және т.б. туралы құпия көздерден алынған мәліметтер негізінде жүргізілуі тиіс.

Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін бағалаудың басты әдісі - оның ресми бухгалтерлік есеп берулерін талдау. Осыған сүйене отырып, банк мыналарды бағалауы керек.

1) кәсіпорынның төлем қабілеттігін және өтімділігін;

2) айналым қаражаттарын және алған несиені пайдаланудың тиімділігін;

3) барлық қарыз міндеттемелерді, несиенің сұралған сомасын қоса, өтімді қаржылармен жабуын;

4) шаруашылық айналымда меншікті айналым қаражаттарының болуын;

5)кәсіпорынның табыстылығын (рентабельділігін) бағалау.

Кәсіпорынның несиеге қабілеттігін бағалау белгілі бір уақытта және динамикада жүргізіледі. Талдау негізінде банк қарыз алушыға несие беру мүмкіндігі туралы қорытынды жасайды.

Несиеге қабілеттігін бағалау кезінде банктер, өтеудің аралық коэффициенттерімен қатар, өтімділіктің жалпы коэффициентін кең қолданады. Егер бұл коэффициент 1-ден төмен болса, онда банк төлем қабілеттілігі жоқ кәсіпорынмен істес болады деп саналады және несие тек ерекше шарттармен ғана беріледі. Осы коэффициенттің 1-1,5 шегіндегі деңгейі қарызды уақтылы алуда белгілі бір тәуекелге ұрындыруы мүмкін, коэффициенттің 1,5-тен жоғары деңгейінде қарыздың қамтамасы етілуі және оның қайтарылу кепілдігі жеткілікті болады .

9 - тақырып. Ұйымның табыстылық көрсеткіштерін талдау

1. Табыс ұйымның негізі көрсеткіші ретінде

2. ШС қаржылық нәтижесін көрсететін көрсеткіштер жүйесі

3. Ұйымның негізгі көрсеткіштерінің сипаттамасы

4. Табыстың абсалюттік көрсеткіштерін талдау

5. Маржиналды кірісті талдау

6. Табыстың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау

Табыстар- бұл есептiк мерзiмдегi активтердiң көбейуi немесе мiндеттемелердiң азайуы. Негiзгi және негiзгi емес қызметтерден түскен табыстардың қосындысы жиынтық табысты құрайды. Табыс алынуға тиiстi немесе алынған өткiзу құны бойынша бағаланады. Өткiзу құны-келiсiмге дайын және келiсiм жәйлi хабары бар тәуелсiз жақтар арасында активтiң ауысуы немесе мiндеттемелердiң төлену құны. Ол субъект пен сатып алушының немесе активтi қолданушының арасындағы келiсiммен анықталады.

Табыс келесi жағдайлар сақталған кезде мойындалады: табыстың сомасы шынайлық дәрежәсiмен анықталады; келiсiммен байланысты экономикалық тиiмдiлiктердiң тусу ықтималдығы бар кезде.

Бiрыңғай тауарлар мен қызметтердiң ауыстыру бойынша келiсiмнiң табыстары моындалмайды. Бiрыңғай емес тауарлар мен қызметтердiң ауыстырғандағы табыстарды алынған тауарлардың немесе қызметтердiң өткiзу құны бойынша мойындалады және бағаланады. Тауарларды өткiзу табыстарын келтiрiлген шартардың орындалғанда ғана және келесi талаптардың сақталғанында мойындалады:

-меншiктiң құқысын сатып алушыға берген кезде;

-шынайлы дәреже бойынша нақты немесе жоспарланған шығындардың бағалау.

Егер сатушы меншiктiк құқы мен мiндеттерiн сақтаса, келiсiм өткiзу болып табылмайды және табыс анықталмайды. Келiсiмнiң сипаттамасына байланысты оның аяқталу стадиясын анықтау үшiн келесi тәсiлдердi қолданады:

  1. белгiленген датада жұмсалған шығындардың келiсiм бойынша жалпы шығындарға пайыздық қатыстығы;

  2. белгiленген датада көрсетiлген қызметтердiң келiсiм бойынша жалпы қызметтерге пайыздық қатыстығы;

  3. жасалған жұмыстардың талдауы.

Табыстар арағашықтық төлемдер және сатып алушылардан алған аванстар негiзiнде мойындалмайды. Шынайлы дәреже бойынша көрсетiлген қызметтердiң нәтижесiн анықтауға мүмкiншiлiк болмаған кезде, табысты шығындардың орны толтырылатын мөлшерi бойынша мойындайды. Егер келiсiмнiң қортындысын шынайлы дәреже бойынша бағалауға мүмкiндiк болмаса және жұмсалған шығыстардың орны толтырылмайтындығының ықтималдығы болса, онда табыстарды мойындайды.

Активтердiң басқа субъектiлермен пайдлануы табыстардың келесi турлерiн қамтамасыз етедi:

  1. пайыздар-субъектiге тиiстi ақшалай қаражаттарды қолдануы үшiн төлем;

  2. роялти- субъектiнiң ұзақ мерзiмдi активтерiн қолдануы үшiн төлем, мысалы, патенттер, саудалық маркiлер, авторлық құқық, компьютерлiк бағдарлмама;

  3. дивидедтер- жарғылық капиталдағы үлесiне сәйкес акционерлер арасында таза табыстың бөлiп таратылуы.

Пайыздар, роялти және дивидендтер турiндегi табыстар келесi жағдайлар негiзiнде мойындалады:

  1. пайыздар активтiң шынайы табысының уақытша қатыстық негiзiнде мойындалады;

  2. роялти келiсiмнiң мазмұнына сәйкес есептеу әдiсi бойынша мойындалады;

  3. дивидендтер оларды алу туралы акционерлердiң құқы анықталғанда мойындалады.

Өндiрiстiк немесе саудалық қызметтердiң табыстары сату кезiнде мойындалады. Бырақ тәжiрибеде, осы ереженi қолданғанда келесi мәселелер туындайды:

1)қайтадан сатып алу туралы келiсiм бойынша сатулар;

2) қайтару құқығы бар сатулар;

3) саудалық жүктеме немесе өткiзу каналдарының қайтадан өткiзуi.

Көптеген жағдайларда сату кезiнде табыстарды мойындау әдiсi қолданады, өйткенi ол анықтаусыздықтардан құтылуға көмектеседi. Кейбiр жағдайларда табыстар келiсiмнiң толық аяқталуына дейiн мойындалады. Осындай келiсiмдерге ұзақ мерзiмдi құрылыс контрактiнiң есебiн ұйымдастырғанда жасалған жұмыстардың пайыздық әдiсi қолданылады.

Ұзақ мерзiмдi контратiлерге объектiлердiң құрылысы, әскери және коммерциялық ұшақ құрылысының дамуы; ғарышты зерттеу кезiндегi әскери жүйелерiнiң және техникалық қамтамасыз етулерiнiң өндiрiсi кiргiзiледi. Олар тапсырыс берушiге шоттарды бөлек уақыт интевалдарында бередi, яғни проектiнiң белгiленген кезеңдерi аяқталғанда. Егер проект бөлек бiрлiктерден турса, онда меншiк құқығының берiлуi немесе шоттардың рәсiмделуi белгiленген кезеңдердiң аяқталғанда жасалынады. Осындай контратiлер бөлшектердi сатуды кiргiзедi, ал өткiзу есепте бөлшектердi сатқанда көрсетiледi.

Ұзақ мерзiмдi құрылыс контрактiлердi есептеудiң екi әдiсiн бар:

  1. Жасалған жұмыстардың пайызы әдiсi-құрылыс жүргiзiлген сайын әр мерзiмде пайда мойындалады, яғни жасалған жұмыстардың пайыздық қатыстығы негiзiнде. Құрылыс шығыстарын белгiленген датаға алынған жалпы табысты қосып тауарлы-материалдық қорлар шотында жинайды, ал талап етiлетiн шоттарды аяқталмаған құрылыс шотында көрсетедi.

  2. Жұмыстардың аяқталу әдiсi-табыстар мен жиынтық пайда контракт толық жасалған соң ғана мойындалады. Құрылыс шығыстарын аяқталмаған өндiрiс шотында жинайды, ал талап етiлетiн шоттарды аяқталмаған құрылыс шотында көрсетедi.

Жасалған жұмыстардың пайызы әдiсiн қолдану контракт бойынша сатушы мен сатып алушы арасында арағашықтық төлемдердi кiргiзедi. Контрактiнiң орындалуын талап етуге сатып алушының заңды құқы бар; арағашықтық төлемдердiң жасалуын талап етудi сатушының заңды құқы бар, осында төлемдер сатып алушының қатыстығын дәлелдйдi. Мұның нәтижесiнде, жұмыстардың орындалуының жалғастырылан сату пайда болады және сәйкес табыстардың мойындалуы жүргiзiледi.

Жасалған жұмыстардың пайызы әдiсi жұмыстардың және аяқталған контратiнiң табыстары мен шығыстарының қатыстығының байлансытығы болған кезде, сонымен қоса келесi жағдайлар сақталғанда ғана қолданылады:

1)Контракт өзiне орындалуын, төлеу талаптарын анық кiргiзедi.

2)Сатып алушыдан контрактiнiң барлық жағдайларын жасауын күтедi.

3)Мердiгерден контрактiлiк мiндеттеменi толық орындайтыны күтiледi.

Жұмыстардың аяқталу әдiсi келесi жағдайларда ғана қолданылады:

  1. егер компания бұрын қысқа мерзiмдi контрактiлердi бекiтсе;

  2. егер жасалған жұмыстардың пайызы әдiсiн қолдануға қажеттi жағдайлары орындалмаса;

  3. егер кәдiмгiге кiрмейтiн тәуекелдiктерi және мерзiм сайын қайталанатын iскерлiк тәуекелдiктерi бар контрактiлер

Түсiндiру хаттамада қаржылық есептiлiктi берген кезде субъект келесi ақпараттарды ашып көрсетедi:

  1. келiсiмнiң аяқталу кезеңдерiн анықтайтын тәсiлдердi кiргiзетiн табысты анықтау үшiн қабылданған есептiк саясатты;

  2. есептiк мерзiмде мойындалған табыстардың көлемi.

ХҚЕС 18 "Түсімдер" сәйкес шығыстар ретiнде есептiк мерзiмдегi активтердiң көбейуi немесе мiндеттемелердiң азайуы.Оларды тiкелей және жанама түрлерiне бөледi. Тiкелей шығыстарға материалдық шығындарды және еңбек ақы шығындарын кiргiзедi. Жанама шығындар екi түрлi болады: үстеме және мерзiмдiк шығындар. Үстеме шығындарға өндіріске қызмет көрсетумен және дайын өнімнің (жұмыстың, қызметтің) жеке түрлеріне (бірлігіне) тікелей жатқызылмайтын, негізгі және көмекші цехтардың жұмысын ұйымдастырумен байланысты шығындар жатады. Ал мерзiмдiк шығындар арасына жалпы және әкiмшiлiк шығындарды, өткiзу бойынша шығындарды және сый ақы түрiндегi шығындар.

Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталаңдыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады.

Табыстылық коэффиценттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.

Табыстылық көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:

I) жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал)

және олардың жекелеген элементтері;

ә) өнімдер;

б) ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсімі) негізінде есептелетін табыстылық көрсеткіштері.

Кәсіпорын активтерін (мүлкін) пайдалану тиімділігі -берілген кәсіпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешімдер қабылдауда қажетті әрі маңызды белгілердің бірі болып саналады.

Кәсіпорын мүліктерінің (активтерінің) тиімділігін өлшеудің бірден-бір дұрыс, танылған әрі кең тараған қорытындылаушы көрсеткіштерінің бірі - табыстылык коэффициенті, ол таза табыстың жалпы активтерге (авансталған капиталға) қатынасын көрсетеді. Активтердің табыстылық деңгейін капиталды пайдаланудың таңдау жолдарымен, мысалы, кәсіпорынның алған табысымен салыстырған жөн.

Табыстылық коэффициентіне талдау жүргізушілерлер

• басқару тиімділігінің көрсеткіштері;

  • кәсіпорынның инвестициялау мақсатында қажетті табысты жеткілікті түрде ала алу қабілетін көрсететін өлшеуіш;

• табысты болжау әдісі;

• шешім қабылдау және бақылау құралы ретінде пайдаланады.

Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде, авансталған капитаддың табыстылық деңгейі оның сапасының индикаторы болып табылады. Кәсіпорынның инвестициялауга қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, авансталған (жалпы) капиталдың табыстылық деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзімді несиелер, заем берушілердің үлкен назарына ие болады.

Бұл көрсеткішті табысты (пайданы) болжау мақсатында пайдаланудың тиімділігі сонда, ол кәсіпорынның болашақта алынатын табысын активтермен (жалпы капитал) байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл болжаудың нақтылығын жоғарылатады.

Активтердің тиімділік деңгейі, кәсіпорындарда инвестициялық шешімдер қабылдауда, қаржылық жоспарлауда, үйлестіруде, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорын, табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң турде бақылап отырады және сәйкесінше осы нәтижелер негізінде бөлімше басшыларына сыйақылар беріледі. Активтерге немесе жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер, шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.

Барлық активтердің тиімділік деңгейі (авансталған,жиынтық капитал) мына формула бойынша есептеледі:

Да = Таза табыс_______________________________

Барлық активтер (авансталған, жиынтық капитал=баланс валютасы)

Талданып отырған кәсіпорын мәліметтері бойынша кәсіпорынның барлық капиталының табыстылық коэффициенті, кестеде берілген мәліметгермен сипатталады.