- •Оқу әдістемелік
- •050506 « Экономика » мамандығы студенттеріне арналған Алматы 2008ж
- •1. Жұмыстық оқу бағдарламасы (силлабус)
- •1.1. Оқу пәнінің мінездемесі
- •1.2. Пәннің мазмұны «Қаржылық талдау»
- •1.3. Күнтүзбелік тақырыптық жоспары
- •1.4. Бағалаудың іш- шарасы бойынша тапсырмасы
- •1.5.Форум тақырыптары
- •2.Дәрістің мазмұны
- •1. Қаржылық есебінің құрамы және мазмұны
- •2. Бухгалтерлік баланс, оның мазмұны және маңызы
- •Бухгалтерлік баланс
- •4. Ақша қозғалысы есебі Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп
- •2Өо___жылдың____________-________айына жасалған
- •Жанама әдісті қолданып жасалатын акша қозғалысының қорындысы
- •Жанама әдісті қолданудағы таза табысты (шеккен зиян) реттеу
- •Меншікті капитал өзгерісі жөніндегі қорытынды есеп
- •6. Ұйымның есеп саясаты
- •4. Міндеттемелердің құрамы мен құрылымы
- •1. Баланс активінің құрмы мен құрылымының динамикасын талдау
- •2. Ұймның мүліктерін мобильді және мобильсіз түрлеріне бөлу
- •4.Мобильді құралдардың құрамы мен құрылымы
- •"A3 Эталон" ақ-ның ағымдағы активтерінің өтімділік көрсеткіштері (мың теңге)
- •Қажет қарыздың бойынша 200_ жыл заемның атауы
- •Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін талдаудың негізгі міндеттері
- •Авансталған капиталдың (жалпы активтер) табыстылық деңгейі %
- •1 Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті
- •3. Меншікті капиталдың айналымдылық коэффицииенті.
- •Кәсіпорынның ағымдағы активтерінің айналымдылық көрсеткіштерінің динамикасы
- •1. Шаруашылық жүргізу жагдайын жасаудыя объективті себептері:
- •2. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:
- •А. Несие беру қабілетгілігі индексінің есебі.
- •Бұдан z есебінің формуласы мынандай болады:
- •Ә. Формаланған жэне формаланбаған белгілер жүйесін қолдану.
- •В. Қаржылық ағымдардың талдауы.
- •3.Тәжірибелік сабақтарды өткізу үшін материалдар
- •Бақылау құралдары.
- •Терминдерге түсініктеме(глосарий)
- •Рефераттардың тақырыптары
А. Несие беру қабілетгілігі индексінің есебі.
Қаржылық болжауда бағалардың эксперттік бағалау әдісі мен экономика-математикалық моделдеу қолданылуы мүмкін. Экономика-математикалық моделдеу көрсеткіштер динамикасын келешекте қаржылық процестердің дамуына тигізетін факторлар әсеріне байла-нысты белгілі дәрежеде дәл анықтауға мүмкіндік береді.Экономикалық-математикалық модельдеудің қаржылык болжамының ең тиімдісін алу үшін, ол экспертгік бағалау тәсілімен толықтырылады, нәтижесінде қаржылық процестердің сандық мәндеріне түзетулер жасауға мүмкіндік туады. Жалпы әлемдік практикада кәсіпорыннының тұрақтылығын болжау, оның қаржылық стратегиясын таңдау, сонымен қатар, оның тәуекелділігін анықтау және банкроттығын болжау үшін экономикалық-математикалық модельдер қолданылады.
Банкроттықтың ықтималдығын бағалаудың ең жиі қолданылатын әдісі белгілі американ экономисі Э. Альтман үсынған Z модельдері.
Осы модельдердің ішіндегі ең қарапайымы екі факторлы модель болып табылады.
Ол негізгі екі көрсеткішке негізделеді. Э. Альтманның пікірі бойынша банкроттықтың ықтималдығы: кәсіпорынның жалпы жабу коэфиценті (К °) немесе ағымдағы өтімділік (ктл), яғни кәсіпорынның активтерінің өтімділігін сипаттайтын коэффициентке және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын қаржылық тәуелділік коэффицентіне байланысты болып табылады. Эмперикалық жолмен табылған бүл көрсеткіштер коэффиценттердің салмақтық мағынасына көбейтіліп, нәтижелері белгілі бір тұрақты өлшеммен қосылады, ол да тәжірибелік-статистикалық тәсілмен табылады. Егер нәтиже (Z) теріс болса, банкроттық ықтималдық үлкен емес. Ал егер Z мәні оң болатын болса, ол банкроттық ықтималдылығының жоғары екенін көрсетеді.
Америка тәжірибесінде мынандай коэффиценттердің салмақтық мәндері қолданылады.
• жабу немесе ағымдағы өтімділік (Ктл) көрсеткіші үшін:
-(-1,0736);
• баланстың пассивіндегі заемдық қаражаттың үлес салмағының көрсеткіші үшін:
+0,0579);
• тұрақты шама -(-0,3877).
Бұдан z есебінің формуласы мынандай болады:
Z= -0,3877+Ктл(-1,0736)+Кз*-0,0579.
Мұнда:
Z=0 болғанда кәсіпорындар үшін банкроттық ықтималдығы 50%-ға тең. Егер Z< 0 болса, онда банкроттық ықтималдығы 50%-дан кем болады, және Z төмендеген сайын пайыз да төмендей береді. Егер Z> 0, болса, онда банкроттық ықтималдығы 50%-дан асып, Z өскен сайын ұлғая береді.
Осы модельдердің ерекшелігі оның қарапайымдылығы, оның кәсіпорын жайында ақпарат көлемі шектелген жағдайда қолданылу мүмкіндігі болып табылады.
Отандық кәсіпорындар басқа жағдайларда жұмыс істейді, біздің елімізде инфляция қарқыны макро- және микроэкономика циклдері, сонымен қатар өндірістій энергия, қаржы және еңбек сыйымдылығы, еңбек өнімділігі деңгейі, салық ауыртпалығы басқаша болып келеді. Осыған байланысты бұл жоғарыда көрсетілген коэффициенттер мәнін біздің жағдайда ойламай бірден пайдалану мүмкін емес. Бірақ модельдің өзін, басқа еліміздің нарығына сәйкес келетін көрсеткіштермен алмастырып, отандық есеп және есеп беруде банкрот кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ақпараттар толық болған жағдайда қолдануға болар еді.
Э. Альтманның көп факторлы моделі кеңінен қолданылады. 1968 жылы ол болжаудың бес факторлы моделін ұсынган . Осы модельдерді жасаған кезде Э. Альтман өнеркәсіптің 66 кәсіпорынын қарап тексерген. Оның жартысы банкроттыққа ұшырап, жартысы жақсы жұмыс істеген. Ол мүмкін болатын банкроттықты болжау үшін ұтымды болып келетін 22 талдау коэффициентін зерттеген. Банкрот болған америка фирмаларының қаржылық жағдайын, гүлденіп өсіп келе жатқан кәсіпорындар көрсеткіштерімен салыстыра отырып, олардың банкроттық ықтималдылығына байланысты дәрежесін және салмақтық коэффициентін анықтап, бес негізгі көрсеткішті шығарған Э. Альтманның жалпы түрдегі моделі (несие қабілеттілік индексі) мына түрде көрсетіледі:
Z=
Мұндағы: К, - К5 келесі түрде есептелінеді:
К1 = Меншікті айналым қаражаттары
Барлық активтер
Бөлінбеген табыс
К2= ----------------------------------
Барлық активтер
К3= Пайыз бен салық төлеуге дейінгі табыс
Барлық активтер
Меншікті (акционерлік) капиталдың нарыкгық бағасы (жай және К4=айрықша акциялар)/__ Қатыстырылған капитал (баланс бойынша заем қаражаттарының сомасы)
Өткізуден түскен табыс
К5=-----------------------------
Барлық активтер
Z индексінің шекті мәні статистикалық сүрыптау мәліметтері бойынша Э. Альтманның есептеуінше 2,675 болды. Осы өлшеммен нақты кәсіпорын үшін есептелген несие қабілеттілік индексінің мәні салыстырылады. Бұл кәсіпорындар арасында шек қоюға және болашақта (2-3 жыл) біреулерінің банкроттыққа ұшырап (Z<2,675 болғанда) және (Z>2,675 болғанда) басқалардың қаржылық жағдайы тұрақтануы жөнінде пікір айтуға мүмкіндік береді.
Кестеде Z-шотының мәні мен банкроттық ықтималдығы көрсетілген.
32-кесте Банкроттықтың ықтималдық дәрежесі
Z-шоттың мәні |
Банкроттықтың ықтималдығы |
1,81 және одан төмен |
өте жоғары |
1,81-ден 2,70 дейін |
жоғары |
2,71-ден 2,90 дейн |
мүмкіндік бар |
3,0 және жоғары |
өте темен |
.
Басқа да белгілер мәлім болды, мысалы, Британ ғалымдары Тофлер мен Тишоу 1977 жылы төрт факторлы болжамдық модельді үсынды. Сол жылы Э.Альтман банкроттық ықтималдылығын 5 жыл бойы қадағалауға мүмкіндік беретін жеті факторлы модельді жасады,оның дәлдігі 70%-ға дейін болады. Бүл модель келесі көрсеткіштерді қамтиды:
1) активтердің рентабельділігі;
2) пайданың динамикасы;
3) несие бойынша пайыздарды жабу коэффициенті;
4) комулятивті түсімділік;
5) ағымдағы өтімділік коэффициенті;
6) автономия коэфициенті;
7) жиындық активтер.
Бұл модельдің құндылығы өте дәлдігінде, бірақ қолданылуына ақпараттың жетіспеушілігі қиындық туғызады (сыртқы пайдаланушыларда жоқ аналитикалық есептің мәліметтері қажет).
