Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Фин анализ каз+.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

"A3 Эталон" ақ-ның ағымдағы активтерінің өтімділік көрсеткіштері (мың теңге)

№

Көрсеткіштер

Жыл басында

Жыл соңында

Өзгеріс

(+;-)

(2гр.-Ігр.)

1

Қысқа мерзімді активтер

мың теңге, оның ішінде:

13781

21956

8175

1.1

Ақша қаражаттары және қысқа мерзімді қаржылық салымдар

1463

1425

-38

1.2

Дебиторлық борыш және басқа да активтер

1165

2914

+1749

1.3

қорлар

11153

17617

+6464

2

Қысқа мерзімді міндеттемелер

мың теңге, оның ішінде:

4643

9681

+5038

2.1

Қысқа мерзімді несиелер мен заемдар

2.2

Кредиторлық борыш

4294

8081

+3787

2.3

Басқа да ағымдағы міндеттемелер

349

1600

+1251

3

Өтімділік көрсеткіштері

3.1

Абсолюттік өтімділік коэффициенті .1қ:/2қ)

0,315

0,147

-0,168

3.2

Аралық өтімділік коэффициенті (1.1+1.2):2қ

0,566

0,448

-0,118

3.3

Жалпы (ағымдағы) өтімділік коэффициенті 1.1қ+1.2+1.3қ)/2қ

2,968

2,268

-0,700

көлемін тізбектеп ауыстыру әдісімен анықтауға болатын, оның құрылу факторлары әсер етті. Келесі есептеу кестесін құрай отырып, оларды есептеу әдістемесін көрсетейік.

Жалпы өтімділіктің (ағымдағы) коэффициенті деңгейінің өзгеруіне қорытылған факторлардың әсерінің есебі

Ағымдағы

Соның ішінде

активтермен

өзгеру есебінен

№

Көрсеткіш-тер

Жыл басында

жыл басында және қысқа мерзімді міндеттемелермен жыл соңында

Жыл аяғында

Ауыт -қулар ( -, + )

ағымдағы активтер -дің (3б-2б)

қысқа мерзімді міндеттеме- лердің

(2б-1б)

1

Ағымдағы

активтер

13871

13781

21956

X

X

2

Ағымдағы

Міндет

темелер

4643

9681

9681

X

X

3

Өтімділік-тің жалпы

2,968

1,424

2,268

-0,7

+0,844

-1,544

(ағымдағы)

коэффи -циенті

Кесте мәліметтері өтімділіктің жалпы коэффициентің өсуіне ағымдағы активтердің абсолютті өсімі еткенін көрсетеді, соның есебінен өтімділік коэффициенті 0,844 пунктке өсті (2,268-1,424). Осы көрсеткіштің өзгеруіне ағымдағы міндеттеменің күрт өсуі теріс әсер етті, ол 1,544 пунктке төмендеуіне әкелді -2,968).

8 - тақырып. Ұйымның несие қабілеттілігін талдау

1. Несие қабілеттілігінің рөлі және маңызы

2. Несие түрлері

3. Несиелеу шарттарын талдау

4. Ұйымның несие қабілеттілігін бағалау

1-сұрақ. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіштердің бірі - несиеге қабілеттілігі. Төлем қабілеттігі "несиеге қабілеттілігі" түсінігімен салыстырғанда кеңірек ұғым. Төлем қабілеттілігі (ТҚ) кәсіпорының барлық қарыздарын өтеуге, соның ішінде банк несиесін қайтаруға мүмкіндік беретін қаржылық жағдайын сипаттайды. Талдаудың келесі кезеңі кәсіпорынның несиеге қабілеттілітігін айқындау болып табылады.

Қазіргі кезде нарықтық қатынастарды реттейтін заңдар әсерінен кәсіпорынға олардың ұйымдастыру-құқықтық нысандарына тәуелсіз, кешенді несие-есептік және қызмет көрсететін мемлекеттік, коммерциялық банктердің тармақталған желісі қалыптасуда.

Банктер несиелеу процесінде, нарық қатынастары-қалыптасуына, қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекеттің экономикасы мен қаржыларын нығайтуға, айналымда ақша массасының негізсіз өсуін шектеуге, инфляция процесстерін болдырмауға және ұлттық валютаның (тенге) нығаюына ықпал етуге міндетті. Банктер қарыздарды өндірістің тиімділігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа тиімді түрлерін шығаруға ынталандыруға, тұрғындарға әр түрлі қызмет көрсетуге, тауарларды халық және экспортқа өндіруге байланысты мақсаттар мен шаралар үшін береді.

Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін қатаң сақтау, несиелерді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді.

Несиені беру және өтеумен байланысты мәселелер келісім түрінде несиелік шарт жасау арқылы, банк ережелерімен және қарыз алушы кәсіпорын мен арасындағы несиелік келісім-шарттарымен реттеледі.

Несиелік шартта мыналар міндетті түрде тырылады:

• несиенің объектілері;

• қарыздың жоспарланған мөлшері, оның мақсаты.

• қарыздарды беру шарттары және өтеу мерзімдері олардың қарыз алушы қызметінің жақсаруыңа әсері;

• қарыз бойынша пайыз мөлшерлемелері, олардың төмендеуі немесе көтерілуі, төлем тәртібі;

• қарыз алушының міндеттемелерін қамтамасыз ету нысандары (кепілдемелер, кепілге, кепілдік беру және басқалар);

• материалдық қорлар мен өндірістік шығындарды өтеудегі меншікті айналым қаражаттарының нормативі;

• несие беру және өтеу бойынша екі жақтың міндеттемелері, құқықтары және жауапкершілігі;

• құжаттардың тізімі және оларды банкке тапсыру мерзімділігі және басқа жағдайлар.

2-сұрақ. Несиелер берілетін мерзіміне қарай қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Несиенің жеделдігі оны қайтару, өтеу мерзімдерімен анықталады. Осылай, қысқа мерзімді несиелер бір жылдан аспайтын мерзімге, ал ұзақ мерзімді - бір жылдан асатын мерзімге беріледі.

Қысқа мерзімді несие кәсіпорынның айналым қаражаттарының қалыптасу көздерінің бірі болып табылады. Ол кәсіпорынның ағымдағы қызметі процесінде жетіспейтін ақша қаражатының қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді. Бір жылдан астам уақытқа кәсіпорын күрделі шығындарына несие ала алады. Бұл жағдайда несие оның дамуына, өндірісті кеңейтуге, оны қалпына келтіруге, жаңа техниканы ендіруге, қымбат жабдықтарды алуға және басқа мақсатты бағдарламаларға бағытылған кәсіпорынның қарыз қаражаттары ресурсінің көздері ретінде жұмсалады. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 7 қаңтардағы кәсіпорынға және ұйымдарға меншікті айналым аттарын толтыруға бөлінетін несиелерді беру жөнендегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы №19 қаулысына сәйкес, ұзақ мерзімді несиелердің бөлігін ағымдағы Іактивтерді сатып алуға бағыттау қарастырылған.

Қысқа мерзімді несиелер қарыз алушыларға Қазақстан республикасының Ұлттық Банк басқармасы 1994 жылы 11 ақпанда бекіткен №1 Қазақстан Республикасының экономикасының қысқа мерзімді несиелеу ережелерін негізінде несиелеудің іріленген объектілері бойынша ағымдағы қызмет мақсатында беріледі . 3-сұрақ. Несиелеудің объектілері:

  • тауарларды экспорттық және импорттық жеткізулер және сыртқы экономикалық қызметтер бойынша шығындар;

  • жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтар сатып алған шикізат, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер;

  • ломбардтың кепіл-несиелік операциялары;

  • театрдың, парктердің, атракциондардың табыстары мен шығындары арасындағы мерзімдік алшақтанушылық және т.б.

Банк басшылығының ұйғаруы бойынша несиелеу ісі болып тиеліп жіберілуі шаруашылыққа тәуелді себептерге байланысты кешіктірілген дайын өнімдер бола алады:

  • өнім тұтынушының сұранысына ие болған кезде өнімді шығару көлемінің жасалған шарттарға қарсы өсуі;

  • оны өткізуге шарттар жасалған өнімдерді жіберу үшін тасымал құралдарын өз уақытықытында бермеуі;

  • келісім-шартты бұзатын ұқыпсыз төлеушілерге өнімді тиеуді тоқтату.

Тауарлы-материалдық құндылықтар мен шығындар несиелеуге қалдық баланстық, бірақ жоспарланғаннан жоғары емес құнымен қабылданады.

Жоспардан артық шығындар мөлшері жыл басынан бергі өткен уақыт ішінде тауар өнімінің өндірістік өзіндік құнының қымбаттау пайызы бойынша анықталады.

Қарыз алушыларға несие беру алдыңғы берілген несиелер бойынша мерзімі өткен қарыздар болмаған кезде жүргізіледі және банк мекемесімен қарыз алушының бірігіп несиенің қажеттілігін зерттеу негізінде анықталатын белгіленген өлшемі көлемінде жүзеге асырылады. Қарыз алушы жоспарланған тоқсан адындағы жылдың IV тоқсанында банкке келесі жылдағы несиенің қажеттілігінің тоқсан бойынша берілетін есебін келесі нысан бойынша ұсынады (12-кесте).

Есептеудің негізіне өндірістің, өткізудің көлемі бойынша алдыңғы жылдың жоспарланған есептік көрсеткіштері соңғы бірқатар жылдардағы баға мен тарифтердің өзгерілуі ескеріліп, несиелер бойынша қарыздар мен кредиторлық борыштар алынуы тиіс.

Жыл бойы бұл есептер банк пен қарыз алушынын екі жақты келісімі бойынша қосымша анықталады, осымен қатар банктер қарыз алушының жеке көздерінін өсімінің қарқынын бақылау керек.

Несиелеуге мыналар қабылданбайды.

• дайын өнімнің нормадан тыс қалдықтары, көліктік қиындықтарға, ұқыпсыз төлеушілерге тиеуді тоқтатуға байланысты өнімдерді тиеп жіберудің кешіктірілуі себепті пайда болған мерзімдік қалдықтарынан басқалары;

  • өтімі шектеулі немесе өтпейтін даяр өнімнің қалдықтары;

  • мерзімдік қалдықтарынан басқа аяқталмаған өндірістің нормадан тыс қалдықтары, сонымен бірге, жабдықтарды жөндеу кезіндегі өндірістің жоспарлы тоқтауынан немесе басқа да себептерден пайда болған жинақтау;

  • өндірістің жылдық қажеттілігінен артық әкелінген, өндірілген, бір жылдан аса немесе несиелеу үшін бекітілген басқа да кезеңнен аса қозғалыссыз сақталған тауарлы-материалдық құндылықтар;

  • артық, қажет емес, қиын өткізілетін және пайдаланылмайтын тауарлы-материалдық құндылықгар;

  • құндылықтардың бұзылуына немесе жабылуына әкелетін, сақтау жағдайлары сақталуын қамтамасыз етпейтін тауарлы-материалдық құндылықтар;

  • несие шарттарында қарастырылған мерзімнен артық жолда келе жатқан материалдық құндылықтар;

  • шығындар сметасынан асатын және өнімнің өзіндік құнына кіргізілмеген немесе ағымдағы табыстар және басқа көздер есебінен өтелмеген шығындар;

  • кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін жүргізілген іске қосуды реттейтін жұмыстар;

  • бекітілген мерзімде қайта өңделмеген өткен жылдардың өнімінің ауыл шаруашылық шикізатының және аяқталмаған өндірісінің қалдықтары;

  • дайындаудың жаңа мерзімінің басына дейін кәсіпорынның оны өңдеу жөніндегі өндірістік қуатынан асатын мөлшердегі ауыл шаруашылық шикізатының қоры;

  • аяқталмаған өндіріске, дайын өнімге және тиелген өнімдерге жататын өнімнің өзіндік құнының қымбаттауы.