- •Оқу әдістемелік
- •050506 « Экономика » мамандығы студенттеріне арналған Алматы 2008ж
- •1. Жұмыстық оқу бағдарламасы (силлабус)
- •1.1. Оқу пәнінің мінездемесі
- •1.2. Пәннің мазмұны «Қаржылық талдау»
- •1.3. Күнтүзбелік тақырыптық жоспары
- •1.4. Бағалаудың іш- шарасы бойынша тапсырмасы
- •1.5.Форум тақырыптары
- •2.Дәрістің мазмұны
- •1. Қаржылық есебінің құрамы және мазмұны
- •2. Бухгалтерлік баланс, оның мазмұны және маңызы
- •Бухгалтерлік баланс
- •4. Ақша қозғалысы есебі Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп
- •2Өо___жылдың____________-________айына жасалған
- •Жанама әдісті қолданып жасалатын акша қозғалысының қорындысы
- •Жанама әдісті қолданудағы таза табысты (шеккен зиян) реттеу
- •Меншікті капитал өзгерісі жөніндегі қорытынды есеп
- •6. Ұйымның есеп саясаты
- •4. Міндеттемелердің құрамы мен құрылымы
- •1. Баланс активінің құрмы мен құрылымының динамикасын талдау
- •2. Ұймның мүліктерін мобильді және мобильсіз түрлеріне бөлу
- •4.Мобильді құралдардың құрамы мен құрылымы
- •"A3 Эталон" ақ-ның ағымдағы активтерінің өтімділік көрсеткіштері (мың теңге)
- •Қажет қарыздың бойынша 200_ жыл заемның атауы
- •Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін талдаудың негізгі міндеттері
- •Авансталған капиталдың (жалпы активтер) табыстылық деңгейі %
- •1 Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті
- •3. Меншікті капиталдың айналымдылық коэффицииенті.
- •Кәсіпорынның ағымдағы активтерінің айналымдылық көрсеткіштерінің динамикасы
- •1. Шаруашылық жүргізу жагдайын жасаудыя объективті себептері:
- •2. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:
- •А. Несие беру қабілетгілігі индексінің есебі.
- •Бұдан z есебінің формуласы мынандай болады:
- •Ә. Формаланған жэне формаланбаған белгілер жүйесін қолдану.
- •В. Қаржылық ағымдардың талдауы.
- •3.Тәжірибелік сабақтарды өткізу үшін материалдар
- •Бақылау құралдары.
- •Терминдерге түсініктеме(глосарий)
- •Рефераттардың тақырыптары
4.Мобильді құралдардың құрамы мен құрылымы
Әрі қарай, келесі аналитикалық кестені құрастырып отырып , қысқа мерзімді активтердің құрамы мен құрылымың талдау қажет.
Кесте 2007 жылдың «КДК» ЖШС-нің қысқа мерзімді активтерінің
құрамы мен құрлымы
|
Көрсеткіштер |
жыл басында |
жыл сонында |
Ауытқуы (+; -) |
|||
мың.тг |
үлес салм % |
мың.тг |
үлес салм % |
мың.тг |
үлес салм % |
||
1
1.1
1.2.
1.3.
1.4. |
Қысқа мерзімді активтердің барлығы: соның ішінде Ақша қаражаттар және олардың эквиваленттер Қорлар
Дебиторлық борыштар
Басқа да активтер
|
8205,7
1182,0
3843,7
2930,4
249,6 |
100
14,4
46,8
35,7
3,0 |
14557,2
792,9
9288,9
3246,3
1229,1 |
100
5,4
63,8
22,3
8,4
|
+6351,5
-389,1
+5445,2
+315,9
+979,5 |
-
-9,0
+17
-13,4
-5,4 |
Келтірілген мәліметтер кәсіпорын активтерінің жалпы алғанда жағымды динамикасын көрсетеді. Олар жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қортындыларды жасауға мүмкіндік береді. Екі мобильді активтер - яғни ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бір жылда 389,1 мың.тг азайған.
Ең мобильді қаражаттар сомасының азаюы және айналым қаражаттарының мобильдік коэффициентінің төмендеуі кәсіпорынның төлеу қабілетінің нашарлығын сипаттайды деп айтуға да болар еді. Алайда нарық жағдайында айналым қаражаттарының төмен мобильділігі әрдайым теріс бағаланбайтындығын да ескерген жөн. Есеп айырысу шотында қаражаттар қалдығының аздаған сомасының бар болуы немесе олардың болмау әлі де болса кәсіпорынның төлем қабілетілігін көрсетпейді.
Кәсіпорынның материалдық айналым қаражаттары есепті жылы үлесі 17 %-ға өсті және ол жыл аяғында 9288,9 мың. тенгеңі құрады. Бұл жағдай, материалды айналым қаражаттарының құрамында сұранысы жок немесе жектеулі сұранысқа ие болатын және де сол себептен өтімділігі төмен болып табылатын басы артық және алып қойған материалдық құндылықтар, дайын өнімдер, нормадан тыс шикізат қорлары, материалдар, аяқталмаған өндірістер жоқ па, соны анықтау үшін олардың құрамы мен құрылымына тереңдетілген талдау жүргізуді қажет етеді.
Дебиторлық борыш неге мұнша көп өскендігін және бұл бапты не үшін түсіндіру керектігін зерттеп, карыздарды өтеудің болашағын бағалау және егер болған жағдайда олардың құрамындағы күмәнді қарыздарді анықтау қажет. Кейбір қолма-қол ақшалардың кемуі едэуір дебиторлық борыштың салдары болып табылады. Дебиторлық борыштар 315,9 мың.тг көбейген және 3246,3 мың.тг құрайды.
Өтімді емес өтімділігі төмен тауарлы-материалдық құндылықтардың бар болуы, дебиторлық борыштың, әсіресе, оның күмәнді бөлігінің үлкен мөлшерде болуы айналым қаражаттарының айналымдылығының бәсендеуіне әкеліп соқтырады және кәсіпорынның жағдайына кері әсерін тигізеді.
Осылайша, мүліктің және ағымдағы активтердің мобильділігінің өскеніне қарамастан, кәсіпорын басшылығы оның құрамындағы өзгерістердің негізділігін және , оның себептерін бағалауы қажет, сондай-ақ кәсіпорынның ағымдағы активтерінің жалпы сомасында маңызды көрсеткіштердің бірі болып саналатын және оның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын дебиторлық борышты талдауға басты назар аударуы қажет. Айта кеткен жөн, кәсіпорынның қаржы жағдайын дебиторлық борыштыщ нақты бар- болуы емес, онын-көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі әсер етеді. Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңіндеғі шаруашылық қызметтегі обьективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта есептеулер тәртібінің бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды.
Кәіпорынның дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген болып екіге бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлеу мерзімі етіп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. Өтелмеген дебиторлық борышқа айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануы және қаржы есебінің бұзылуын керсетеді. Осыған байланысты талдауышы оның құрылымын зерттеу негізінде өтелмеген дебиторлық борышты анықтауы тиіс.
Дебиторлық борыштың құрамы және құрылымымен толық танысып шыққаннан кейін оны нақты құны бойынша бағалау керек. Себебі дебиторлық борыштың барлығы бірден өндіріліп алмауы мүмкін. Оның қайтарымдылығы өткен тәжірибенің, сондай-ақ ағымдағы жағдайлардың негізінде анықталады. Бухгалтерлік тәуекелдің мәні, сол өткен кезең тәжірибесі болашақтағы мәнға сай келмеуі мүмкін немесе ағымдағы жағдайлар толығымен ескерілмей қалуы мүмкін. Нәтижесінде зияндар елеулі дәрежеде болады. Талдаушы дебиторлық борыштың қайтарылу ықтималдылығын анықтаудың және дайындаудың дұрыстығы мен нақтылығык білуі керек. Қарыздардың қайтарылмау пайызы бірнеше жылдардың орташа мәліметтері бойынша есептеледі.
6–тақырып. Баланс өтімділігін талдау
1-сұрақ. Баланс өтімділігің талдау мәселесін қарастырар жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынын " өтімділігін" аңықтап алу керек. Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші «тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Мысалы, өтімділік-"кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша төлеу қабілеттілігі", Дәл осынысымен, оның пікірінше, өтімділік төлеу қабілеттілігі өзгешеленеді.
Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.
А1 Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары және құнды қағаздары жатады.
Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) - айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айярысуға болады, ал құнды қағаздар қолма-қол ақшаға айналады.
A2 Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұлар да өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалуы мүмкін. Есеп айырысу құжаттары бойынша жіберілген, сатып алушылар уақытында төленбеген тауарлар бойынша, төлеу уақыты ұзарып кеткен борыштардың өтімділігі анағұрлым төмен, себебі төлемнің қашан келіп түскені белгісіз. Бірақ нарықтық экономикада уақытында қайтарылмайтын борыштар көбіне болмайды, себебі оны қайтарып алуға алдын ала шаралар қолданылады. Кез келген дебитор айыппұл төлеу қаупінен тіпті банкрот болып жарияланудан қорқып, өзінің қарыздарын уақытында төлеуге тырысады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның өтімді қаражаттарын есептегенде ақша қаражаттарына қысқа мерзімді дебиторлық борышын да қосады. Бірақ әлі қалыптаспаған нарықтық экономика, инфляция, әріптестер арасында шаруашылық байланыстар бұзылған жағдайларда дебиторлық борыштың барлығы бірдей ақша қаражатына тез айнала алмайды.
Күмәнді дебиторлық борыштың үлесінің көп болуы кәсіпрорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін.
Сатуға арналған дайын өнім және материалдық құндылықтар қорының өтімділігі бұдан да төмең болады, олар негізінен келесі топты құрайды.
А3 Баяу өткізілетін активтер. Баланс активіңің I бөлімінің " қорлар" бабы және баланс активтінің II бөліміндегі "Үзақ мерзімді инвестициялар" (жарғылық қорға басқа кәсіпорындардың салған салымдар мөлшеріне азайтылған) бабы.
А4. Қиын өткізілетін активтер - баланс активінің II бөлімінің алдындағы топтарға еңгізілген баптарынан басқа барлық баптары. 1 бөлім жиынынан "Үзақ мерзімді қаржылық инвестициялар" бабы бойынша соманың бір бөлігі ғана алынып тасталынғандықтан, қиын өт-кізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.
Баланс активінің баптары оларды өтімділік дәрежесі бойынша топтағанда, басты орынды ең өтімді және әр жақты меншік нысаны алады - кассадағы, банктегі есеп айырысу, валюта және ағымдағы шоттардағы қаражаттары. Бұдан кейін бағалы қағаздарға салынған мерзімді қаржылық инвестициялар, дебиторлармен есеп айырысулар түрады. Активтің бұл қарастірілған баптары негізінен кәсіпорынның "өтімділігін" (Өтімді капиталын), яғни активтің бірінші кезектегі міндеттемелерді төлеу үшін қаражаттар алынатын бөлігін корсетеді. Өтімділігі бұдан төмен элементтер тауарлы-материалдық қорлар мен негізгі капиталдың баптарына топтастырылады.
2-сұрақ. Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады.
П1 Неғурлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер - бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелеp, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде- жүмыскерлерге берілген қарыздар жатады.
П2 Қысқа мерзімді міндеттемелер - қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.
П3 Ұзақ мерзімді міндеттемелер - ұзақ мерзімді неииелер мен заемдар.
П4 Тұрақты міндеттемелер - пассивтің III бөлімінің " Капитал" баптары. Актив пен пассивтің балансың сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс активінің "Алдағы кезең шығындары" бабы бойынша азайтылады.
Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:
А1>П1
А2>П2
А3 >П3
A4 < П4
Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міңдеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.
3-сұрақ. Баланстың топтастырылған баптарын кесте түрінде көрсету орынды болады.
«Адит" БК-нің мәліметтері негізінде баланс активінің өтімділік
дәрежесі және оның пассивінің төлеу мерзімінің шұғылдығы бойынша баптарының тобы
Актив |
Сомасы, |
|
Сомасы, |
Төлеу артықтығы |
|
|
|||||||||
|
мың тг. |
|
мың тг. |
(+), жетіспеушілігі (-) |
|
||||||||||
|
|
|
Пассив |
|
|
|
|||||||||
|
Жыл |
Жыл |
|
Жыл |
Жыл |
Жыл |
Жыл |
||||||||
|
басын- |
аяғын- |
|
басында |
аяғында |
басында |
аяғында |
|
|||||||
|
да |
да |
|
|
|
|
|
|
|||||||
1.Ең |
|
|
1)Неғұрлым |
|
|
|
|
|
|||||||
өтімді |
|
|
тезірек: |
|
|
|
|
|
|||||||
активтер |
122 |
3751 |
төленуге |
22352 |
26564 |
-22203 |
-22813 |
|
|||||||
|
|
|
міңдет- |
|
|
|
|
|
|||||||
|
|
|
темелер |
|
|
|
|
|
|||||||
2. Тез өт- |
|
|
2) қысқа |
|
|
|
|
|
|||||||
кізілетің |
18448 |
10168 |
мерзімді мін- |
5750 |
2550 |
+12698 |
+7618 |
|
|||||||
активтер |
|
|
деттемелер |
|
|
|
|
|
|||||||
3.Баяу |
|
|
3) ұзақ мер- |
|
|
|
|
|
|||||||
өткізілетің |
7100 |
11475 |
зімді мін- |
735 |
735 |
+6365 |
+10740 |
|
|||||||
активтер |
|
|
деттемелер |
|
|
|
|
|
|||||||
4.Қиын |
|
|
4) тұрақ- |
|
|
|
|
|
|||||||
өткізілетін активтер |
64896 |
62944 |
ты міндет-темелер |
61756 |
58489 |
+3140 |
+4455
|
|
|||||||
Жиыны |
90566 |
88338 |
Жиыны: |
90566 |
88338 |
- |
- |
|
|||||||
Төлем қаражаттарының бірінші тобы (А,) төлем міндеттемелерін айтарлықтай жауып тұрған жоқ, ал екінші бөлігі керісінше.
г Актив пен пассив баптарының I тобының жиында-салыстыру жақында келіп түскен кірістер төлемдердің (3 айға дейінгі) қатынасын көрсетеді. Актив пен пассив баптарының II тобын салыстыру уақытта күтілетін төлем тәртібінің (3 айдан дейін) жағдайының жақсаруы немесе нашарлауы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда баланс активі мен пассиві баптарының I және II топтарын салыстыру ағымдағы өтімділікті анықтауға мүмкіндік береді. Ол қарастырылып отырған мезгілге жақын уақыттағы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін (төлем қабілетсіздігін) көрсетеді. Талданып отырған кәсіпорынның жыл басында да, аяғында да баланс баптарының осы екі тобының мәліметтері бойынша төлеу қабілеттілігі болмаған. Ең өтімді және тез өткізілетін активтердің сомасы жыл басында 18570 мың тг. (122+18448) құрады, ал тез қайтарылуға тиіс және қысқа мерзімді міндеттемелердің, яғни жалпы ағымдағы активтер - 28075 мың тг. (22325+5750), бүл 9505 мың теңгеге [(28075-18570) немесе (22203+12698)] төлем қаражатынан көп. Жыл соңында төлем жетіспеушілігі 15195 мың теңгені [(3751+10168) 26564+2550-13919-29114 немесе (-22813+7618)] құрады.
Баяу өткізілетін (жүретін) активтерді ұзақ мерзімді міндеттемелермен салыстыру перспективалы өтімділікті бейнелейді және болашақ кірістер мен төлемдерді салыстыру негізінде төлем қабілеттілігін жобалауды көрсетеді, яғни кәсіпорынның бұдан да алыс алдағы уақытқа қаржылық жағдайының жақсаруы немесе нашарлауын алдын ала біліп отыруға мүмкіндік береді. Талданып отырған кәсіпорында жыл басында да, соңында да төлем қаражаттарының айтарлықтай артықшылығы болған. Егер жыл басында оның мөлшері 6365 мың теңге болған болса, жыл аяғында 10740 мың тенгені құрады, немесе есепті жылы 1,7 есе өскен.
Баланс активі мен пассиві баптарының төртінші тобының жиындарын салыстыру кәсіпорынның онын иеленушілері (меншік иелері) алдындағы міндеттемелерін жаба алу мүмкіндігін көрсетеді. Бірақ бұл кәсіпорын жабылатын кезде ғана керек болады, ал үздіксіздік принципін сақтау немесе жұмыс жасап кәсіпорын үшін шаруашылық субъектінің өз айналым капиталының болуы талап етіледі. Олжоғарыда келтірілген теңсіздік сақталуы тиіс: А4 < П4, меншікті қаражаттардың көзі иммобильді активтерден көп болу керек. Талданып отырған кәсіпорында теңсіздік сақталмаған.
Жыл басы мен аяғында баланс активінің баптарының жиыны пассив баптарының жиынынан сәйкес 3140 мың тг. және 4455 мың теңгеге көп болған, бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлағанын көрсетеді, себебі оның өзінің үздіксіз қызметін жүзеге асыру меншікті айналым капиталы болмаған.
Берілген схема бойынша жүргізіліп жатқан талдау уақытылы есеп айырысу мүмкіндіктері бойынша қаржылық жағдайды толығымен көрсетеді. Алайда ол берілген кезеңдегі кәсіпорынның нақты қаржылық жағдайын әрқашан да дәл көрсете алмайды, оның себебі -бухгалтерлік есеп берулер негізінде сыртқы талдау жургізіп жатқан талдаушының ақпараттарының шектеулілігінде. Баланстың өтімділігін бұдан да дәл бағалауды есеп мәліметтерін пайдалану негізінде, яғни қаржылық жағдайды ішкі талдау шеңберінде жүргізуге болады. Бұл жағдайда басты назарды дебиторлық борышқа (оның мөлшеріне, төлеу уақытына, дебиторлардың есеп айырысу көздеріне) аудару керек, себебі ол ақша қаражатына ең жақын тұр және қысқа мерзімді қарыздар бойынша борыштарды жабудың негізгі көздері болып табылады.
7 - тақырып. Ұйымның төлем қабілеттілігін талдау
1. Төлем қабілеттілігі қаржылық тұрақтылықтың маңызды көрсеткіші
2. Төлем қабілеттілігі коэффициентін талдау әдістері
3. Қаржылық тұрақтылықты анықтау
4. Қаржылық коэффициенттердің рөлі және маңызы
1-сұрақ. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және соңдықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.
Арнайы есептік-талдау әдебиеттерінде төлем қабылеттілігін анықтау жөнінде әр түрлі көзқарастар кездеседі. Қаржылық талдау бойынша кейбір авторлар төлем қабілеттілігі ретінде кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсінеді. Мысалы, О.С. Ефимова (18) төлем қабілеттілігі: "кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсіну қабылданған", - деп жазады. "Фирманың қызметін қаржылық талдау" кітабының авторлары да осы көзқарасты ұстайды.
"Төлем қабілеттілігін, - деп жазады олар, - компанияның ұзақ мерзімді қарыздарын уақыты келген кезде өтеу қабілеттілігін анықтау үшін бағалайды".
Жоғарыда айтылғаңдарды қорытындылай келе, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның дер кезінде өзінің барлық міңдеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындыгың түсіну керек деп есептейміз. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және басқа да шоттарында ақшалары болуы керек.
Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады.
Қарыздарды өтеу үшін құралдар сонымен бірге кәсіпорында бар тауарлы-материалдық қүндылықтардың қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын ақша қаражатын алады.
Басқаша айтқанда, теориялық түрде қарыздарды өтеу кәсіпорынның барлық ағымдағы активтерімен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер кәсіпорынның ағымдағы активтері қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасынан артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер кәсіпорын барлық ағымдағы активтерін қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл сол кезде оның өндірістік қызметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс қүралдарын тек негізгі қүралдары құрайды, ал материалды айналым құралдарын алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарды төлеуге кетті.
Сондықтан төлем қабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтің сомасы ағымдағы міндеттемелерінен көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады. Кәсіпорынның тек қарыздарды өтеуге ғана емес сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшіникаржылары болуы керек.
2-сұрақ. Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына алатын жылдамдық және дайындықты сипатайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткішітері кеңінен пайдаланылады.
Үш көрсеткіш жиі қолданылады:
1) абсолютті өтімділік коэффициенті;
2) аралық өтеу (жабу) коэффициенті;
3) жалпы өтеу (жабу) коэффициенті.
Абсолютті өтімділік коэффициенті (жеделдік коэффициенті) ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндетімелерге қатынасы ретінде есептеледі. Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.Осы көрсеткіштің дұрыс шектеуі келесі түрде болады:
Каө > 0,2+0,5.
Аралық өтеу коэффициентін есептеу үшін (немесе басқа аталуы: қауіпті өтім коэффиценті,) ақша қаражатының құралдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорының дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды
Аралық өтеу коэффициентінің қалыпты төменгі шегін бағалау былайша өрнектеледі:
Кар.ә> 1.
Қауіпті өтімділік коэффициенті кәсіпорынның күтілетін төлем қабілеттілігін дебиторлық борыштың бір айналымының орташа ұзақтығына тең кезеңге сипаттайды.
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы өтеу коэффиценті) барлық ағымдағы активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарынын басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді.
Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу қалыпты мән болып табылады: К ағ.ө>2
