- •Оқу әдістемелік
- •050506 « Экономика » мамандығы студенттеріне арналған Алматы 2008ж
- •1. Жұмыстық оқу бағдарламасы (силлабус)
- •1.1. Оқу пәнінің мінездемесі
- •1.2. Пәннің мазмұны «Қаржылық талдау»
- •1.3. Күнтүзбелік тақырыптық жоспары
- •1.4. Бағалаудың іш- шарасы бойынша тапсырмасы
- •1.5.Форум тақырыптары
- •2.Дәрістің мазмұны
- •1. Қаржылық есебінің құрамы және мазмұны
- •2. Бухгалтерлік баланс, оның мазмұны және маңызы
- •Бухгалтерлік баланс
- •4. Ақша қозғалысы есебі Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп
- •2Өо___жылдың____________-________айына жасалған
- •Жанама әдісті қолданып жасалатын акша қозғалысының қорындысы
- •Жанама әдісті қолданудағы таза табысты (шеккен зиян) реттеу
- •Меншікті капитал өзгерісі жөніндегі қорытынды есеп
- •6. Ұйымның есеп саясаты
- •4. Міндеттемелердің құрамы мен құрылымы
- •1. Баланс активінің құрмы мен құрылымының динамикасын талдау
- •2. Ұймның мүліктерін мобильді және мобильсіз түрлеріне бөлу
- •4.Мобильді құралдардың құрамы мен құрылымы
- •"A3 Эталон" ақ-ның ағымдағы активтерінің өтімділік көрсеткіштері (мың теңге)
- •Қажет қарыздың бойынша 200_ жыл заемның атауы
- •Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін талдаудың негізгі міндеттері
- •Авансталған капиталдың (жалпы активтер) табыстылық деңгейі %
- •1 Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті
- •3. Меншікті капиталдың айналымдылық коэффицииенті.
- •Кәсіпорынның ағымдағы активтерінің айналымдылық көрсеткіштерінің динамикасы
- •1. Шаруашылық жүргізу жагдайын жасаудыя объективті себептері:
- •2. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:
- •А. Несие беру қабілетгілігі индексінің есебі.
- •Бұдан z есебінің формуласы мынандай болады:
- •Ә. Формаланған жэне формаланбаған белгілер жүйесін қолдану.
- •В. Қаржылық ағымдардың талдауы.
- •3.Тәжірибелік сабақтарды өткізу үшін материалдар
- •Бақылау құралдары.
- •Терминдерге түсініктеме(глосарий)
- •Рефераттардың тақырыптары
1 Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті
Ол жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгенін көрсетеді. Бұл көрсеткіш мына формула бойынша анықталады:
Дn
Ко/а=------------------------
Ак
К°-капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті;
Дn -өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс (саудадан түскен ақша);
Ак- авансталған капитал (кезеңдегі баланс валютасы).
Авансталған капиталдың кезеңдегі орташа шамасының жалпы айналымдылық коэффициенті кәсіпорыңнын іскерлік белсенділігі туралы жан-жақты түсінік береді
2. Негізгі құралдардың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Ол саудадан түскен табысты (ақшаны) қалдық құны бойынша кезеңдегі негізгі құралдардың орташа шамасына бөлу арқылы есептейді.
Қор қайтарымдылығы коэффициентінің артуына негізгі құралдардың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болмауы немесе олардың техникалық деңгейінің жоғарылығы есебінен қол жеткізуге болады.
Алайда бүл жерде жалпы заңдылық былайша болады: коэффициент жоғары болған сайын, есеп беру кезіндегі шығындар азая түседі. Коэффициенттің төмен болуы өнімді сатудан түсетін табыстың жетімсіздігін не болмаса осы активтер түрлеріне тым жоғары деңгейде каржы бөлінгендігін көрсетеді.
Бұл көрсеткіш төменде жан-жақты қаралады, өйткені ол көбінесе кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайды.
3. Меншікті капиталдың айналымдылық коэффицииенті.
Ол мына формула бойынша қаралады:
Дн
К°с =------------------------
Ск
Мұнда: К°с меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті;
Дн - өнімді сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
Ск - баланс бойынша меншікті капиталдың кезеңдегі орташа шамасы.
Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан - салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан - кәсіпорынның меншік иелері (акционерлер, мемлекет немесе
басқадай меншік иелері) тәуекелдік етіп салып отырған ақша қаражатының белсенділігін көрсетеді. Егер коэффициент өте жоғары болса, салынған капиталдан сату деңгейінің едәуір артқандығын білдіреді, ал бұл несиелік қорлардың артуын, меншік иелеріне қарағанда істе кредиторлардың көбірек қатысуы мүмкін шекке жетуінен туындайды. Бұл жағдайда міндеттемелердің меншікті капиталға қатынасы артады, кредиторлардың қауіпсіздігі төмендейді және табыстың кемуіне байланысты кәсіпорын айтарлықтай қиыншылықтарға кездесуі мүмкін. Керісінше, коэффициенттің төмендігі меншікті капиталдың бір бөлігінің әрекетсіз жатқандығын білдіреді.
4. Ағымдағы активтер (мобильдік қаражат) немесе айналым капиталының айналымдылық коэффцциенті. Ол өнім сатудан түскен (ақша) табысының (жұмыс, қызмет көрсету) ағымдағы активтердің орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады:
Дн
Кта=---------------------
Кма
Мұнда:
Кта - ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті;
Кма - ағымдағы активтердің орташа шамасы. Ағымдағы активтердің (баланс активінің II бөлімі) орташа шамасы формула бойынша анықталады:
Ағымдағы активтердің айналымдылық жылдамдығы, жоғарыда келтірілген формула бойынша есептелген оның айналым санымен ғана емес және айналымның ұзақтығымен, айналым қаражатының беку коэффициентімен де сипатталады (немесе айналымдылықтың айналым коэффициентімен).
Ағымдағы активтердің бір айналымының үзақтығы мына формуламен анықталады:
360
Д°=---------------------------
К°А
Мүнда:
Д°- бір айналымның күнмен есептелген ұзақтығы;
К°А -ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті немесе ағымдағы активтердің айналым саны.
Көрсеткіштің бір жылдық мәнін есептегенде кезеңнің ұзақтығы 360 күн, бір тоқсанға - 90 күн, бір айға ~ 30 күн құрайды.
