Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Фин анализ каз+.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

1. Қаржылық есебінің құрамы және мазмұны

Нарықтық қатынастар мен әрекеттерге түсуші жақтардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында дайындалып ұсынылған есеп ақпараттары сапалы және сенімді, анық және түсінікті, сондай-ақ талдау мен шешім қабылдауға ыңғайлы дайындалған жағдайда қаржылық қорытынды есеп жүйесі тұнық болады. Есептің тұнықтылығы жариялылық және жауапкершілік ұғымдарымен толықтырылады .

Халықаралық қаржылық қортынды есеп стандарттарында жариялық ұғымы ақпараттарды жақсы қолдана білу мен бұларды ұсыну жөніндегі әдіснамалық процеске, сондай-ақ ақпараттарды дер кезінде жариялау мен тарату арқылы болжау стратегиясы жөнінде шешім қабылдау үшін қажет деп танылған. Болжау стратегиясы өткен уақытта мәліметтер мен ақпараттарға негізделген. Өткен уакытта нақтылы орын алған ақпараттарға сай алдағы кезеңдер үшін стратегиялық болжау жасалынатындығын білген жөн. Жасалынған стратегиялық болжау жөніндегі ақпараттар, пайдаланушыларға қажетті уақытта және дер кезінде ұсынылатындығын да түсіну керек. Егер акпараттар қажеті уакытта және дер кезінде пайдаланушыларға ары карай және алдағы кезеңдер үшін шешім қабылдау мақсатында берілмесе, онда ақпараттар мағынасыз болады.

Жауапкершілік деп - қорытынды есеп дайындаушы тұлғалардың жауапкершілігін айтамыз. Жауапкершілік нарыққа қатысушы жақтардың және өкімет органдарының сұранысына, жауап беруі керек. Жауапкершілікке түскен тұлғалар өз әрекеттеріне, орындалған фактілер мазмұнына және осы ұйымда іске асырылынатын экономикалық саясаттың жақсы қалыптасуына, сондай-ақ кабылданған шешімдердің нәтижелігіне жауапты болып табылады.

Жауапкершілік негізінен нарыққа катысушы үш топқа атап айтқанда:

1) қарыз алушылар мен қарыз берушілерге,

2) каржы салымшы инвесторларға,

3) мемлекеттік органдар және баска да қаржы институттарының сұранысын қанағаттандыруға бағытталған. Сыртқы пайдаланушылар сұранысы үшін жасалынатын қаржылық қортынды есеп мәліметтерін алдын-ала ойланған максатта бұрмалауға, өтірік есеп беруге, есеп акпараттарын боямалауға болмайды.

Жариялылық пен жауапкершілік қаржылық есеп корытындысы жөніндегі ақпараттарды өзара байланыстырушы және бекітуші категорияларға жатады. Өз кезегінде жариялылық категориясы жауапкершілік категориясының деңгейін, ал жауапкершілік категориясы қаржылық қортынды есептің тұнықтык категориясын сипаттайды. Өзара байланыстағы тұнықтык, жариялылық және жауапкершілік категориялары жүргізілген есеп ақпараттарының тәртібін аныктауға тікелей әсер етеді. Айтылған категориялардың барлығы да жоғары дәрежеде шешім кабылдаудың сапасын және эқономикалық тиімділіктің деңгейін арттыруға, сондай-ақ бұлар инвестициялык саясат жағдайын жақсартуға және қаржылық тәукекелшілікті баскаруға арналған.

Қаржылық қортынды есеп жекелеген есеп объектілерінің түрлерін, бұлардың экономикалық мазмұнына қарай ірілендірілген топтарға жинақтаудан туындайтын ұйымның қаржылық жағдайын сипаттаушы көрсеткіштер жүйесінен тұрады. Жинакталған есеп объектілері қаржылық қортынды есептің элементерін құрайды.

Ұйымдардың каржылык жағдайын өлшеп бағалаушы негізгі элементтерге активтер, меншікті капитал және міндеттемелер жатады. Ұйымдардың экономикалык тиімділігін сипаттаушы элементтерге таза пайда немесе шеккен- зиян, ал түскен таза пайданы өлшеу - алынған табыс пен жұмсалған шығындарды салыстырып өлшеу арқылы жүргізіледі. Қаржылық қортынды есеп дайындау барысында осы жоғарыда айтылған элементтер есеп акпараттарын пайдаланушылардың экономикалық шешім кабылдауына ыңғайлы болуы үшін арнайы үлгідегі бухгалтерлік балансқа сабақтастық жолдармен орналасуы керек.

Қаржылық қортынды есептің көптеген элеметтерінің мазмұны «Қазакстандық тұжырымдамалық (концепция) негізде» каралған. Ресми түрдегі осы тұжырымдамалык кұжатта қаржылык қортынды есеп жөніндегі ұғым және оның сипаты, сондай-ак активтерді, пассивтерді, табыстар мен шығындарды, меншікті капитал мен міндеттемелерді танудың мазмұны мен қасиеттері берілген Бұл тұжырымдамада қаржылық қортынды есептің кұрамдас элементтері, капитал қалыптастыру және оның қозғалысы, ақпараттарды танып білудің критерийлері, бұлардың мақсаты мен құрылымы, сондай-ак қаржылық қортынды есептің негізгі элементтерін есеп тәжірбиесінде қолдану жөніндегі ұсыныстар қаралған.

ХҚЕС 1 «Қаржылық қортынды тапсыру» стандартына сай қаржылық қортынды есептің негізгі мақсаты:

  • ұйымның қаржылық жағдайы;

  • ұйымның қызметінің нәтижесі;

  • ұйымның қаржылық жағдайының өзгерісі жөнінде анық және толық ақпараттар даярлау болып анықталған.

Аталған стандарт халықаралық қаржылық қортынды есеп стандарттарына негізделіп, Қазақстан Республикасы 28 ақпан 2007 жылғы «Бухгалтерлік есеп және қаржылык кортынды есеп» жөніндегі Заңына сәйкес каржылық қортынды есеп үлгілерінің барлығын жасау үшін қолданылады.

ХҚЕС 1 «Қаржылық қортынды тапсыру» стандарты төмендс жүйеленген негіздерден (1- сүлбе) тұрады.

Қаржылық қорытынды есептің кұрамы

Бухгалтерлік баланс

Табыстар мен шығындар қорытындысы

Ақша козғалысынын қорытындысы

Меншікті капитал өзгерісінің қорытындысы

Есеп саясаты

Түсіндірме хат

Төменде қаржылық қорытынды есептің жекелеген құрамдас салаларына қысқаша түсінік береміз.