- •Оқу әдістемелік
- •050506 « Экономика » мамандығы студенттеріне арналған Алматы 2008ж
- •1. Жұмыстық оқу бағдарламасы (силлабус)
- •1.1. Оқу пәнінің мінездемесі
- •1.2. Пәннің мазмұны «Қаржылық талдау»
- •1.3. Күнтүзбелік тақырыптық жоспары
- •1.4. Бағалаудың іш- шарасы бойынша тапсырмасы
- •1.5.Форум тақырыптары
- •2.Дәрістің мазмұны
- •1. Қаржылық есебінің құрамы және мазмұны
- •2. Бухгалтерлік баланс, оның мазмұны және маңызы
- •Бухгалтерлік баланс
- •4. Ақша қозғалысы есебі Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп
- •2Өо___жылдың____________-________айына жасалған
- •Жанама әдісті қолданып жасалатын акша қозғалысының қорындысы
- •Жанама әдісті қолданудағы таза табысты (шеккен зиян) реттеу
- •Меншікті капитал өзгерісі жөніндегі қорытынды есеп
- •6. Ұйымның есеп саясаты
- •4. Міндеттемелердің құрамы мен құрылымы
- •1. Баланс активінің құрмы мен құрылымының динамикасын талдау
- •2. Ұймның мүліктерін мобильді және мобильсіз түрлеріне бөлу
- •4.Мобильді құралдардың құрамы мен құрылымы
- •"A3 Эталон" ақ-ның ағымдағы активтерінің өтімділік көрсеткіштері (мың теңге)
- •Қажет қарыздың бойынша 200_ жыл заемның атауы
- •Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін талдаудың негізгі міндеттері
- •Авансталған капиталдың (жалпы активтер) табыстылық деңгейі %
- •1 Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті
- •3. Меншікті капиталдың айналымдылық коэффицииенті.
- •Кәсіпорынның ағымдағы активтерінің айналымдылық көрсеткіштерінің динамикасы
- •1. Шаруашылық жүргізу жагдайын жасаудыя объективті себептері:
- •2. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:
- •А. Несие беру қабілетгілігі индексінің есебі.
- •Бұдан z есебінің формуласы мынандай болады:
- •Ә. Формаланған жэне формаланбаған белгілер жүйесін қолдану.
- •В. Қаржылық ағымдардың талдауы.
- •3.Тәжірибелік сабақтарды өткізу үшін материалдар
- •Бақылау құралдары.
- •Терминдерге түсініктеме(глосарий)
- •Рефераттардың тақырыптары
1. Шаруашылық жүргізу жагдайын жасаудыя объективті себептері:
экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;
инфляцияның аса жоғары деңгейі;
фирманың қүнды қағаздарының нарықтық қүнының төмендеуі;
бәсекелестің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда болған сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының төмендеуі.
2. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:
банкроттықты уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмау;
жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы, сүранысты дұрыс зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;
өндіріс көлемінің төмендеуі;
үқсас, бірақ сапасы жоғары өнімдердің бағасына кейбір түрлердің бағаларының жақындауы;
ақталмаған жоғары шығындар;
өнімнің төменгі рентабельділігі;
өндіріс циклінің өте көлемді болуы;
үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;
ескі басқарма басшыларының нарықты қүруға бейімделе алмауы, сүранысы жоғары өнімдерді , шығаруда керлік көрсетпеуі, инвестициялық, бағалық, қаржылық саясаттың тиімдісін таңдай алмауы.
Кәсіпорындардың жаппай банкроттыққа үшырауы жағымсыз әлеуметтік қиындықтарға соқтыруы мүмкін, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде, оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың белгілі механизмі қалыптасқан.
Осы механизмнің негізгі элементтері мыналар:
банкроттықты құқықтық реттеу;
кәсіпорынның банкроттығы жайында актілерді жүзеге асыруға шешім қабылдау процестерінің нормативтік-әдістемелік, экономикалық, ұйымдық қамтамасыз етілуі;
перспективалы тауар өндірушілерді қолдау мақсатында, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға мемлекеттік қаржылық көмек шаралары;
қайта құру және жою шараларын қаржыландыру;
банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету;
кең ауқымды қоғам үшін банкроттар жайында ақпараттардың жариялылығын қамтамасыз ету, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындардың тізімін жүргізу.
Қазақстан Республикасы жағдайында банкроттық механизмінің нормативті-құқықтық базасы ретінде әдебиеттер тізімінде көрсетілген құжаттар пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының «Банкроттық жайында» Заңына сәйкес, кәсіпорынның банкроттығы туралы шешімі ерікті немесе еріксіз түрде қабылданады. Банкроттық, борышкердің сотқа жазған өтініші бойынша ерікті түрде немесе оның өзінің банкроттығы жайында соттан тыс түрде кредиторлармен келісімге келе отырып, ресми түрде хабарлауы жолымен жасалады. Ал еріксіз түрде, кредиторлардың немесе "Банкроттық жайында» Заңымен өкілет берілген тұлғалардың өтініші негізінде жасалады.
Банкроттық жайында кредитордың өтінішпен сотқа баруына негіз болып борышкердің төлеу қабілетінің болмауы табылады. Егер борышкер өзінің міндеттемелерін 3 ай ішінде орындай алмаса, оның төлем қабілеті жоқ деп саналады.
Кредитордың борышкерге қойған талаптарының сомасы 150 айлық есепті көрсеткіштерден жоғары болса ғана, банкроттық жайында іс сотпен қаралады.
Банкроттықтың ықтималдылығын бағалауды қаржылықылық талдау арқылы жүргізуге болады, себебі ол кәсәсіпорынның экономикалық "ауруын" және одан " жолдарын таңдауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның банкроттылығын болжау бойынша құралдарды кең пайдалана отырып, кәсіпорынның дағдарыс жағдайынан шығу шараларын ойластыруға мүмкіндік туғызады. Болжау, қалыптасып жатқан тенденцияларды зерттеп қарауға сыртқы, ішкі жағдайлардың әсерін есепке ала отырып, қаржылық саясатты жүргізу үшін, кәсіпорынның келешегі төлем қабілеттігінің төмендеуі немесе жоғарылауы қандай деген ең маңызды сұраққа жауап беру керек.
3-сұрақ. Қаржылық жағдайдың динамикасының негізгі тенденциялары мен қызмет нәтижелерін формаланған және формаланбаған әдіс арқылы болжауға болады. Инфляция қарқынының күшті болуы, шығындар нормасының орталықтандырылып бекітілмеуі және келісім-шарттар жасау кезінде алдын ала төлеудің кең таралуы жағдайында, жабдықтау келісім-шартына отырған кезде болжау дәлдігі төмендейді. Осындай кезде қаржылық жағдайды болжау, табыстардың есеп беруге қатысты өзгермелі параметрлері - өндіріс көлемі, шаруашылық субъектілер қызметінің әр түрлі бағыттары бойынша шығындардың бағдарлама жүйесі қаржылық есеп беру және электронды кесте негізінде құрылуы мүмкін.
