- •Оқу әдістемелік
- •050506 « Экономика » мамандығы студенттеріне арналған Алматы 2008ж
- •1. Жұмыстық оқу бағдарламасы (силлабус)
- •1.1. Оқу пәнінің мінездемесі
- •1.2. Пәннің мазмұны «Қаржылық талдау»
- •1.3. Күнтүзбелік тақырыптық жоспары
- •1.4. Бағалаудың іш- шарасы бойынша тапсырмасы
- •1.5.Форум тақырыптары
- •2.Дәрістің мазмұны
- •1. Қаржылық есебінің құрамы және мазмұны
- •2. Бухгалтерлік баланс, оның мазмұны және маңызы
- •Бухгалтерлік баланс
- •4. Ақша қозғалысы есебі Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп
- •2Өо___жылдың____________-________айына жасалған
- •Жанама әдісті қолданып жасалатын акша қозғалысының қорындысы
- •Жанама әдісті қолданудағы таза табысты (шеккен зиян) реттеу
- •Меншікті капитал өзгерісі жөніндегі қорытынды есеп
- •6. Ұйымның есеп саясаты
- •4. Міндеттемелердің құрамы мен құрылымы
- •1. Баланс активінің құрмы мен құрылымының динамикасын талдау
- •2. Ұймның мүліктерін мобильді және мобильсіз түрлеріне бөлу
- •4.Мобильді құралдардың құрамы мен құрылымы
- •"A3 Эталон" ақ-ның ағымдағы активтерінің өтімділік көрсеткіштері (мың теңге)
- •Қажет қарыздың бойынша 200_ жыл заемның атауы
- •Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін талдаудың негізгі міндеттері
- •Авансталған капиталдың (жалпы активтер) табыстылық деңгейі %
- •1 Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті
- •3. Меншікті капиталдың айналымдылық коэффицииенті.
- •Кәсіпорынның ағымдағы активтерінің айналымдылық көрсеткіштерінің динамикасы
- •1. Шаруашылық жүргізу жагдайын жасаудыя объективті себептері:
- •2. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:
- •А. Несие беру қабілетгілігі индексінің есебі.
- •Бұдан z есебінің формуласы мынандай болады:
- •Ә. Формаланған жэне формаланбаған белгілер жүйесін қолдану.
- •В. Қаржылық ағымдардың талдауы.
- •3.Тәжірибелік сабақтарды өткізу үшін материалдар
- •Бақылау құралдары.
- •Терминдерге түсініктеме(глосарий)
- •Рефераттардың тақырыптары
Бухгалтерлік баланс
Акгивтер |
Жолдар дың кодтары |
Есепті кезең соңында |
Есепті кезең басында |
||
I. Қысқа мерзімді активтер |
|
|
|
||
Ақша каражаттары және олардың эквиваленттері |
010 |
|
|
||
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар |
ои |
|
|
||
Берешектердің қысқа мерзімді карыздары |
012 |
|
|
||
Қорлар |
013 |
|
|
||
Ағымдағы салықтық активтер |
014 |
|
|
||
Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер |
015 |
|
|
||
Басқалай қысқа мерзімді активтер |
016 |
|
|
||
Кысқа мерзімді активтердің жиыны. |
100 |
|
|
||
П. Ұзақ мерзімді активтер |
|
|
|
||
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар |
020 |
|
|
||
Берешектердің ұзак мерзімді қарыздары |
021 |
|
|
||
Үлестік қатысу әдісімен есептеленетін инвестициялар |
022
|
|
|
||
Жылжымайтын мүліктердегі инвестициялар |
023 |
|
|
||
Негізгі құралдар |
024 |
|
|
||
Биологиялық активтер |
025 |
|
|
||
Барланған және бағаланған активтер |
026 |
|
|
||
Материалдық емес активтер |
027 |
|
|
||
Кейінге калдырылған салықтық активтер |
028 |
|
|
||
Ұзақ мерзімді басқалай активтер |
029 |
|
|
||
Ұзақ мерзімді активтердің жиыны |
200 |
|
|
||
Баланс (100 жол +200 жол). |
|
|
|
||
Пассивтер |
Жолдар- дын код-тары |
Есептік кезең соңын да |
Есептік кезең басында |
||
Ш.Кысқа мерзімді міндеттемелер |
030 |
|
|
||
Қысқа мерзімді каржылық міндеттемелер |
031 |
|
|
||
Салықтар бойынша міндеттемелер |
032 |
|
|
||
Міндетті және ерікті төленетін төлемдер бойынша баскалай міндеттемелер |
033 |
|
|
||
Алашактардың қысқа мерзімді қарыздары |
034 |
|
|
||
Бағалау кыска мерзімді міндеттемелер |
035 |
|
|
||
Кысқа мерзімді баскалай міндеттемелер |
036 |
|
|
||
Қысқа мерзімді міндеттемелердің жиыны |
300 |
|
|
||
IV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
|
|
|
||
Ұзак мерзімді каржылық міндеттемелер |
040 |
|
|
||
Алашақтардың ұзак мерзімді қарыздары. |
041 |
|
|
||
Бағаланған ұзак мерзімді міндеттемелер |
042 |
|
|
||
Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер |
043 |
|
|
||
Ұзак мерзімді басқалай міндеттемелер |
044 |
|
|
||
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің жиыны |
400 |
|
|
||
V. Капитал |
|
|
|
||
Шығарылған капитал |
050 |
|
|
||
Эмиссиялық табыс |
051 |
|
|
||
Сатып алынған меншіктегі үлестік аспаптар (каржылык) |
052 |
|
|
||
Резервтер |
053 |
|
|
||
Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) |
054 |
|
|
||
Пайдадағы дивиденттік үлес |
055 |
|
|
||
Капитал жиыны |
500 |
|
|
||
Баланс (300жол + 400 жол + 500 жол) |
|
|
|
||
3. Табыстар және шығындар жөніндегі корытынды есеп
Қорытынды есептін бұл түрі калыпты жағдайда шаруашылык қызметін атқарушы ұйымдардың таза пайдасы немесе шеккен зиянына қосылатын қосымша кұндык бағалар өзгерісінің есебін жүргізуге арналған. Сыртқы пайдаланушылар үшін табыстар және шығындар жөніндегі қорытынды есеп қысқа үлгіде жасалынады.
Табыстар және шығындар жөніндегі корытынды есеп сату (есептеу) принципіне сай жасалынады. Ұйымның ақша қаражатының қозғалысы және осы ұйымнын өтеушілік қабілетінің мәліметтері корытынды есептін бұл түрінде көрсетілмейді.
Табыстар мен шығындар ақша қаражатының көбеюі немесе азаюына тікелей байланысты болмайды. Акша қаражаттары сомасының көбеюі немесе азаюы активтік бухгалтерлік есеп счеттарының өзгеруіне тікелей байланысты болады. Табыстар немесе шығындар сомасының өзгерісі «Капитал» немесе «Бөлінбеген таза пайда» есебіне арналған бухгалтерлік есеп счеттарын өзгеріске түсіреді.
Дайын өнімдерді, тауарлар, жұмыстар және көрсетілген қызметтерді сатудан түскен табыстарды есепке алу жөніндегі мәліметтер бухгалтерлік есеп тәжірбиесіне сату (есептеу) принципі бойынша танылып тіркеледі.
Келісім - шарттағы қойылған жағдайларға тән ұйым өзіне табыс түсіретін өнімдер өндіріп, жүмыс көлемін орындап, тұтынушыларға орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтерді өткізген жағдайда түсетін табыс сомасы ақшаңын түсуі немесе түспеуіне карамастан есепке алынады.
Табыс категориясы каржылық корытындынын ен манызды факторларына жатады. Таза пайданың көбеюі және осыған байланысты ұйымнын, капитал көлемінің көбейіп отыруы түскен табысқа байланысты болады. Қаржылык қорытынды есеп жасаудың халыкаралык, әдіснамалык ұсынысына сәйкес табыс категориясы қаржылык нәтиженін калдықталган корытынды сомасымен танылады. Яғни түскен табыс деп жалпы табыс пен осы кезенде жұмсалған шығындардың айырмасын айтамыз.
Табыстарды тану бірнеше классификациялык топтар аркылы танылады. Қазакстан Республикасы Каржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департамет ұсынган анықтамасы бойынша ұйымның табысы негізі кызметтер атқарудың және негізгі қызметке жатпайтын қызметтер атқарудың нәтижесінде пайда болуы мүмкін делінген.
Негізгі қызметтен түсетін табыстар — есептелінген қосымша кұн салығын, акциздерді және осыған ұксас салықтар сомасын, міндетті төлемдерді, сондай-ақ кайтарылған дайын өнімдер, тауарлар. сату және баға жеңілдігін кеміту сомаларын шегергеннен кейінгі дайын өнімдерді. (тауарлар. жүмыстар. кызметтер) сатып алушыларға сатканнан түскен табыстар сомасынан кұралады.
Негізгі қызметке жатпайтын кызметтен түсетін табыстар айналым сыртындағы активтерді баскаларға сатудан биржа айналысына түскен кұнды қағаздарды қайта бағалаудан т.б. құралады.
Негізгі қызмет өрісіндегі калдыкталған қаржылық нәтиже (табыс, шеккен зиян) салық салынғанға дейін есеп жасау (расчет) жолымен, негізгі қызметтен түскен табыс және негізгі кызметке жатпайтын табыс (зиян) анықталады.
Салық салынғаннан кейін негізгі қызметтен түскен таза табыс ссеп жасау жолымен, негізгі қызметтен түскен табыс (шеккен зиян) пен табыс салығы сомасының айырымын шығару аркылы анықталады.
Төтенше жағдайлардан түскен табыс (шеккен зиян) табыс сыйлығы сомасын шегергеннен кейінгі төтенше жағдайлар нәтижесін қорытындылау немесе калдықтау аркылы анықтадады.
Төтенше табыстарға әлдеқандай жағдайлардын салдарынан (табигат апаты, өрт, жол апаты, су таскыны т.с.с.) түсуі мүмкін. Сонымен қатар мұндай табыстарга сақтандыру сомасын алу мақсатында орнына келтіруге жатпайтын, ары карай пайдалануға жарамайтын активтерді есептен шығарып жоюдың нәтижесінде алынған материалдар кұны жатады.
Таза пайда (шеккен зиян) есепті жыл ішінде калдыкталған нәтижесінің (таза пайда, шеккен зиян) негізінде кұкылы ұйымнын (тұлғаның) алған таза пайдасы болып табылады.
Қазақстандык әдіснамалық ұсыныстарға сәйкес егер ағымдағы жылдың қаржылық корытынды есебін жасау барысында өткен есептердің кезеңдердің есебінде жіберілген қателер анықталса, онда мұндай қателерді түзетіп реттеудің сомалары ағымдағы жылдыңт табысын немесе шеккен зияның аныктаудағы сомаларға қосылады. Егер жіберілген қателер өткен кезеңдердің қаржылық қорытынды есебіне едәуір әсер ететін болса (таза пайданы немесе шеккен зиянды анықтау барысында) онда осы кезеңдерде жасалынған қаржылық қорытынды есеп анық және шын дәрежеде болмайды. Манызы жағынан әдәуір жоғары дәрежеде жіберілген қателер бөлінбеген таза пайданың қалдығын өзгерту жолымен есепті жылдын таза пайдасы немесе шеккен зиянына қосылып есептелінеді.
Қаржылык корытынды есеп даярлау мен тапсыру процесіне бухгалтерлік баланс сиякты «Табыстар және шығындар жөніндегі есептілік» есептін маңызы мен ететін әсері өте зор. Төменде кестеде Қазакстан Республикасы Қаржы министрлігінде қабылданған «Табыстар және шығындар жөніндегі қорытындының» үлгісі берілгген.
«Наргыз» АК-нын 31.12.200___ж. және 31.12.200___ж.
Табыстар және шығындар жөніндегі корытындысы
(мын теңге)
Рет сандары |
Жазулар мазмұны |
Жылдың басында |
Жылдың аяғында |
|
|
1. |
Өнімдерді сатудан түскен табыс |
2156 |
1530 |
||
2. |
Сатылған өнімдердің өзіндік құны |
1294 |
919 |
||
3. |
Жалпы табыс |
862 |
611 |
||
4. |
Жалпы және әкімшілік шығындары |
670 |
493 |
||
5. |
Сыйакылар төлеу шығындары |
22 |
15 |
||
6. |
Салық салынғанға дейінгі табыс |
170 |
103 |
||
7. |
Табыс салығы |
76 |
44 |
||
8. |
Таза табыс |
94 |
59 |
||
9. |
Жылдық басындағы бөлінбеген табыс |
324 |
284 |
||
10. |
Таза табыс |
94 |
59 |
||
11. |
Акша түрінде қарапайым акцияларды |
|
|
||
|
үстаушыларға төленген дивиденттер |
16 |
19 |
||
12. |
Жылдын аяғындағы бөлінбеген табыс |
402 |
324 |
||
Ендігі жерде қорытынды есептің осы түріндегі негізгі баптарына қыскаша түсінік береміз.
«Өнімдерді сатудан түскен табыс» бабында бухгалтерлік есеп счеттары жоспарының «Табыстар» тарауында керсетілетен дайын өнімдерді (тауарлар, жұмыстар, кызметтер) т.с.с. сатудан түскен. (түсім) көрсетіледі. Табыс көлемі осы ұйым және сатып алушылары (тапсырыс берушілер) немесе осы ұйымнын активтерін пайдаланушылар арасында жасалған келісім-шартта көрсетілген баға аркылы анықталады. Егер баға келісім-шартта көрсетілмесе және бағаны көрсетудің мүмкіндігі болмаса, онда осы жылға бағаны қолдану өткен кезеңдерде ұқсас өнімдер мен тауарлар т.б. сатуда қолданылған бағамен салыстыру арқылы қолданылынуы мүмкін.
Табыс көлемі. сонымен катар жасалынған келісім шартқа сай ұйымның койған бағаны кеміту, бағаны косу сомаларын есептеу арқылы, сондай-ак, шетелдік валюта (шартты ақша бірлігі) сомасына эквивалентті теңгемен есеп айырысудағы сомалык айырымның, (көбеюі не азаюын) қосымша немесе үстеме косып есептеу арқылы да анықталады.
«Сатылған өнімдердің өзіндік кұны» бабында сатылған өнімдерге жататын өнімдер өндіруге, жүмыстар орындауға, кызметтер көрсетуге байланысты нақтылы жұмсалған шығындар көрсетіледі. Өзіндік кұнды қалыптастырудың тәртібі бухгалтерлік есеп жүргізудің тиісті ережелерін қолдану аркылы анықталады. Егер ұйым дайындалған өнімдер есебін алдын ала кабылдаған нормативтік өзіндік кұндағы бағамен жүргізсе, онда нақтылы және нормативтік өзіндік кұн айырымы табыстар және шығындар жөніндегі қорытынды есепте жеке жолға жазылады.
«Жалпы табыс» бабы түскен нетто-түсім және өзіндік кұн сомасының айырымын есептеп шығару көрсеткіші болып табылады.
«Жалпы және әкімшілік шығындары» бабында тікелей өндірістік процеске байланысты емес басқарушылык кызметтерге байланысты шаруашылық шығындарының есебі жүргізіледі.
Мұндай шығындарға әкімшілік немесе баскарушылық қызметтер атқарушыларға еңбек ақы төлеу, бүларға сыйақы, жәрдем ақы беру және баска да осындай шығындар, әкімшіліктік мақсаттағы ғимаратты қалыпты жағдайда ұстау үшін төленген тұрмыстық қызмет көрсету шығындары, күмәнді талаптар бойынша есептелінген резервтік сома, есепке алынған айып пұл, тұрақсыздыктар, әлеуметтік салык шығындары, міндеттемелерді орындау үшін жасалынған резервтердің шығындары, норматив деңгейінің сыртында есептен кем шыккан ТМҚ жөніндегі шығындар, негізгі кұралдарды т.б. ағымдагы жөндеуден өткізуге жасалынған резервтік шығындар жатады. Ағымдағы бухгалтерлік есепте мұндай шығындар есебі «Жалпы және әкімшілік шығындары» тармағындағы счеттарда жүргізіледі.
«Сыйақылар төлеу шығындары» бабында алынған займдар, эмитеттелген құнды кағаздар, вексельдер, сенімді басқаруға және каржыланатын жалға алынған айналыс сыртындағы активтер бойынша сыйақы төлеу шығындары қарастырылған.
«Салык салынғанға дейінгі табыс» бабында жоғарыда келтірілген табыстар мен шығындар айырымын шығарудағы есепті көрсеткіш дайындалады.
«Табыс салығы» бабында салық Кодексі және салык есебінін мәліметіне сәйкес есептелінген табыс салығының сомасы көрсетіледі. Осы бапта көрсетілетің табыс салығы шығындары шығындардың арнайы баптары және бүлардың құрамына қарай шектеулі түрде жазылады.
«Таза пайда» бабында салық салғанға дейінгі және таза пайдаға салынған салық көлемі айырымын шығарудағы есепті көрсеткіш анықталады.
«Бөлінбеген пайда жабылмаған зиян» ұйымдағы бөлінбеген пайда немесе жабылмаған зиян сомасының колда бары мен қозғалысы жөніндегі ақпараттарды қорытындылаудың нәтижесінде есептеу әдісін қолдану арқылы анықталады.
Жоғарыда қаралған: Бухгалтерлік баланс және табыстар мен шығындар жөніндегі қорытынды есеп үлгісі - қаржылык қорытынды есептін негізгі үлгілеріне, мүның құрамдас бөлігіне жатады. Осы айтылған негізгі екі үлгінің мазмұны есепті кезенде, сондай-ақ есепті кезең аралығында ұйымның қолы жеткен мүліктік және қаржылық жағдайын сипаттауға арналған.
