Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРНАУ СӨЗДЕР.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Қатын алма қайын ал

Құдандалы болғанша,

Құл сыбаға құрасын.

Құдандалы болған соң,

Құл да болса сыйларсың,

* * *

Қанша жуан болса да,

Жалғыз ағаш үй болмас.

Қанша жақсы болса да,

Жалғыз адам би болмас.

«Жар басына үй тікпе!» айтқожа шешен айтты деген сөздер

Жар басына үй тікпе,

Жар құласа — үй кетер.

Ала болса ағайын,

Рулы елден күй кетер.

Ағайын ала болғанда,

Ауыздағы ас кетер.

Аңдыған дұшпан күшейіп,

Жау қолында бас кетер...

Құлақтыға сөз айтсаң,—

Құлағының астында.

Құлақсызға сөз айтсаң,

Құла қырдың астында.

Айтса болар ұққанға.

Айтып-айтпай немене,

Екі құлағын тас қылып,

Мақта менен тыққанға.

Мен кедейліктен өшімді алдым

Мен кедейліктен өшімді алдым:

Жаяу жүргенім жоқ,

Қатарымнан қалғаным жоқ,

Аш-жалаңаш болғаным жоқ.

Кедейлік те менен өшін алды:

Көсілтіп сауын сауғызбады,

Жақсы қонақасы бергізбеді,

Бүгілтіп ат мінгізбеді,

Таңдап киім кигізбеді,

Сұлу таңдап сүйгізбеді.

ЖҮЙРІКТІҢ БІР МІНІ БАР

Ақ сүйектің баласы Төренің бір міні бар,

Қарашасын тегіс көрмейді.

Дәулет біткен басына

Байлардың бір міні бар,

Ғаріп пенен нашарға

Қайыр, ехсан бермейді.

Жүйріктің бір міні бар,

Жорғамен қатар жүрмейді.

Табан тіреп желмейді.

Жорғаның бір міні бар,

Бәйгеге қосса келмейді.

* * *

Тау белгісі тас болар,

Бай белгісі ас болар.

Азған елдің белгісі

Бұралқысы бас болар.

Қас жақсының белгісі

Қас жақсынның белгісі —

Әрі мырза, әрі құл.

Қас жаманның белгісі —

Өз үйінде өзі пұл.

* * * * * *

Өз басыңа жау келсе, Батыр болсаң, бай болсаң,

ерлігің зая. Падишамен басың тең.

Өз басыңа дау келсе, Кедей болып сөз қусаң,

Билігің зая. Келемежден несі кем?

* * *

ІІІөлде жүрген дуадақ,

Көл қадірін білмейді.

Көлде жүзген қоңыр қаз

Шөл қадірін білмейді.

Тауды жайлап, таста өскен,

Ағайыннан басқа өскен

Ел қадірін білмейді.

«АҚ САУЫТТЫҢ БЕЛГІСІ»

АҚТАЙЛЫҚ БИ АЙТТЫ ДЕЙТІН СӨЗ

Ақ сауыттың белгісі — Атса мылтық өтпесе. Шын жүйріктің белгісі — Шапса тұлпар жетпесе, Шьш жақсынньщ белгісі — Құрама жиып ел қылып, Құрастырып септесе, Шын жомарттың белгісі — Күні-түні белдеуден Мейманның аты кетпесе. Шын қайраттың белгісі — Қасындағы жолдасын Жауға тастап кетпесе. Адамзатқа санама, Жасқа жеткен кәрісін, Қадір біліп күтпесе.

«СУАЛМАЙТЫН СУАТ ЖОҚ» ҚАРАЖІГІТ ШЕШЕН АЙТТЫ ДЕЙТІН СӨЗ

Суалмайтын суат жоқ,

Тоқтаусыз аққан бұлақ жоқ.

Құйрығы суда болса да,

Уақытысы жеткенде

Қурамайтын құрақ жоқ.

Дүние деген фани бұл,

Баласы жоқта бұтақ жоқ.

Бәрінен қиын сол екен

Артында жанған шырақ.жоқ.

ЖІГІТ ЕДІМ, МҰНДАЙ БОЛДЫМ

ҚАРАМОЛДА АЙТТЫ ДЕЙТШ СӨЗ

Жігіт едім, мұндай болдым.

Етім қашып, қындай болдым.

Қатын менен балаға

Сатып алған құлдай болдым.

Елу келдің еңкейтіп,

Кәрілікті теңкейтіп.

Алпыс келдің ақырып,

Кәрілікті шақырып.

Жетпіс келдің төтелеп,

Кәрілікті жетелеп.

Сексен келдің бүйірден,

Айдап шықтың үйірден.

Тоқсан келді есіліп,

Екі аяғын көсіліп.

Алпыс екі тамырдың

Бәрі бірдей шешіліп.