- •Құрастырушыдан
- •Шешендік арнау сөздер Асанқайғы мен Әз Жәнібек
- •Майқы би мен Алаша хан
- •Байдалы мен Айғаным
- •Жидебай мен Қараменде
- •Үш сыншы
- •Елді бекем билейді, бекемді шешен билейді
- •Бекболат пен бір төре
- •«Шернияз ақын мен Едім»
- •«Біз сізді іздеп келдік Баянас деп»
- •Шернияздың Байсақалға айтқаны
- •Жетпес шешеннің Әбілқайырға айтқаны
- •Ғалымның хаты өлмейді Таймас Жұдас шешен айтты дейтін сөз.
- •Досболдың Әйекеге айтқаны
- •Биікпін деп мақтанба Тобықты Құнанбай айтты деген сөз
- •Жұмырбай ақынның Жәңгір ханға айтқаны
- •Шиырбай жылқышының сөздері
- •Ыбырайдың Есенберліге айтқаны
- •Төле би мен Түлкі бала
- •Сөздің атасы мен анасы
- •Әркім азса, қатарымен азады
- •Жарлының пірі жалтаң ата
- •Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім
- •Үйсінбай шешен мен төре
- •Япырмай, мына тоқты ембеген бе?
- •Бақыт құсы қара шыбынға айналды
- •Кедейліктен жаман жоқ
- •Жолдастың мыңын алма, бірін ал!
- •Білгендерден ғибрат ал
- •Ақтайлақ пен қанай шешен
- •Қатын алма қайын ал
- •«Жар басына үй тікпе!» айтқожа шешен айтты деген сөздер
- •Мен кедейліктен өшімді алдым
- •Қас жақсының белгісі
- •Суда суат жаман екен
- •«Атың жаман болса...» таймас шешен айтты дейтін сөз
- •Ілгері басқан адамға айсерке шешен айтты дейтін сөз
- •Елу ердің жасы
- •Екі жақсы дос болса... Балаби айтты дейтін сөз
- •Шауыпкел шешен айтты дейтін сөз
- •Аққу ұшып көлге кетті
- •Тұяғы бүтін тұлпар жоқ
- •Теңіз бастан былғанды шыңғыс xahfa жыршы айтқан дейтін сөз
- •Ақсақ құлан, жошы хан
- •Сырымның өлімін естірту
- •Қыпшақ ізбасты шешен айтқан дейтін сөз
- •Ауру көңілін kim ашар? байдалы бидің уәли төренің көңілін сұрағаны дейтін сөз
- •¥Лы өлмеген руда жоқ шоқанның өлімін естірту
- •Шорман мен құдайменде
- •Қайғысыз, мұңсыз жан бар ма?
- •Өлімді ер көтереді
- •Уа, ерден!
- •Tұлпар бар ма тұяғы майрылмаған?
- •Сабырлық керек қазаға
- •Шешендік толғау сөздер б¥л дүниеде не жетім?
- •Бүл дүниеде не жаман?
- •Байқасаң, жақсы қандай, жаман қандай!
- •Б и ik тауға жарасқан Алтай Байдалы айтқан деген сөздер
- •Түнді қанша мақтасаң...
- •Тауға біткен қайыңның Беріш Есет батыр айтқан деген сөз
- •Қара жерді жамандама Айдабол Торайғыр айтты деген сөз
- •Шаруаның екі түрі Тобықты Құнанбай айтқан дейтін сөз
- •Барыс, барыс, барыс ойнар арғын алшынбай айтқан деген сөз
- •Б¥л дүниенің баласы
- •Бұлбұл үйрек, бұл үйрек Шекті Мөңке би айтты деген толғау
- •Өнер алды — қызыл тіл
- •Ит асырасаң, сырттан жи
- •Бала болсаң, болғандай бол
- •Өткел өтсең бұрын өт
- •Тау берігінде қонысың болсын
- •Қас жүйріктің белгісі
- •Айдан жақсы нәрсе.Жоқ
- •Әуеде бұлт бар
- •Арғымақ жабы көрінер
- •Еліңде жақсы көп болса
- •Ойнарқы жүйрік ойнақтап... Керей Тоймас шешен айтты деген сөз
- •Барлы, барлы, барлы тау Айдабол Торайғыр айтқан дейтін сөз
- •Бұл заманда не ғаріп
- •Жақсы жігіт белгісі
- •Қонақжайлық белгісі
- •Көкірек таза болмаса...
- •Талассаң бағаң кетеді
- •Жарысқа түспей бәйге алмас
- •Асаубай мен құлтума
- •Балпық би мен дарабоз бәйбіше
- •Өзі болған жігіттің түп атасын сұрама
- •Түлкі дауы
- •Ұлан тұз сақтайды, ұрғашы ін сақтайды
- •Қанайұлы бекболат шешен
- •Қазыбектің бір ер туралы айтқан билігі
- •Тәбітай мен шорман
- •¥Лы би қалжың болмас
- •Наудың шақша дауы
- •Қу мен момын
- •Абай мен шәкі шешеннің кездесуі
- •Ешкі егіз табады
- •Боран батыр мен жантай дауы
- •Басықара датқа мен мөңке бала
- •Ақтайлақ шешен
- •Сырымға қатысты шешендік сөздер сырымға қатысты шешендік сөздер*
- •Түбінде көріктіден текті озар
- •Бала сырым
- •Отын олжа, су нұрлық
- •Бала сырым мен билер
- •Сырым мен ноқылық
- •Малайсары мен сырым
- •Сырымның сыннан өтуі
- •Қайғысыз хан семіз
- •Ата тұрып ¥л сөйлесе ержеткен болар
- •Шалдың үш түрі бар
- •Бір жігіт бар тек жатады
- •Сырымның екі рет сөзден жеңілуі
- •Бөкен қарттың сырымға бергең батасы
- •Әйелді қорсынбаңдар.
- •Табылдырықтан биік тау жоқ
- •Сырымның мөңкені жеңуі
- •Сырымның әйелге қамқорлығы
- •Бақай қарт пен сырым
- •Ақмоншақ at
- •Балаби мен сырым
- •Мөңкенің сұрағына сырымның жауабы
- •Көпес пен сырым
- •Сырым мен зілғара
- •Сырым батыр мен байсал би
- •Сырым батыр мен ақсуат би
- •Тасып жүргенім жоқ... Сасып жүрмін
- •Сырымның малайсарымен ақылдасуы
- •Нұралы мен сырымның құдалығы
- •Сырым мен нұралының қақтығысуы
- •Сырым батырдың нүралы ханды шапқаны
- •Сырымның ңүралы ханды шабуы
- •Сырым батырдың нұралы ханды шапқаны
- •Сырымның ңүралы ханды шабуы
- •Сырым батырдың ханды шабуы
- •Хан мен сырым
- •Хиуа ханы мен сырымның қағысуы
- •Алдар бидің сұрауына сырымның жауабы
- •Сырымның үргеніш шешенімен айтысы
- •Молда мен сырым
- •Сырым мен ишан
- •Хиуа ханы мен сырым
- •Сырымньщ хиуа ханын сөзден жеңуі
- •Сырым батырдың қайтыс болуы
- •Сырымның өлімін естірту
- •Қазының төрелерге қайтарған жауабы
- •Қазының шектінің шалынан жеңілуі
- •Шоқай meн қазының әзілі
- •Қайырлы би мен мұхтар әкім
Сырымның өлімін естірту
Сырым Хиуада жүріп қайтыс болады. Ел жиналып, бала-шағасына естірту үшін жетірудың шетінен Оршыты деген биді алдырады. Оршыты келген соң халық хабарды айтып:
— Сізді Сырымның өлімін қатын-баласына естірту үшін алдырдық. Енді солай баралық, бал асы Қазыға әкесінің өлімін естіртелік, сөзді сіз бастаңыз,— дейді. Сырымның ауылына барып, Қазыға бір-екі күн қонак, болғансын, Оршыты:
— Шырағым, Қазыжан!
Арғы атаң сенің Дат еді-ау,
Есіміне жесімі лайық емес,
Тек бір қоя салған ат еДі-ау!
Өз есіміқ Қазы еді-ау,
Қысың да сенің жаз еді-ау!
Әкең де сенің Сырым-ды,
Кебеже қарын, кең құрсақ
Іші толған білім-ді.
Бір ғана қазақ жұрты емес,
Билегендей ер еді-ау,
Қытай менен Қырымды...
Сол секілді Сырекемнің
Арғымақ аты сүрінді,—
деген екен,
УА, БАЙҒАРА, БАЙҒАРА!
Қыпшақ ізбасты шешен айтқан дейтін сөз
— Ау, Байғара, Байғара!
Құлақ салып, бері қара!
Бір сөзім бар,— айтамын,
Айтамын да, қайтамын.
Тыңдағанға бір пара!
Ел шетіне сөз келді...
Қолымды құсқа сермедім,
Сермедім де, білмедім.
Білдіруші бар ма екен,
Алып арыстан сұласа?
Су беруші бар ма екен,
Аққан дария құрыса?
Жан беруші бар ма екен,
Хан-сұлтандар құласа?
Арғы атаң сенің Қарахан
Қазақ пенен қалмақтың
Дұшпандығын айырған.
Бергі атаң сенің Тұрсын хан,
Жауды көрсе қымсынған.
Өз атаң сенің Айшуақ,
Жайма шуақ, жай шуақ.
Алтын тақтан тайыпты,
Кетіре алмай отырған
Көп жамағат айыпты!
Ауру көңілін kim ашар? байдалы бидің уәли төренің көңілін сұрағаны дейтін сөз
— Ауру көңілін кім ашар?
Хал сұраған теңі ашар.
Ер жігіт көңілін кім ашар? '
Көркем, сұлу, сүмбіл шаш,
Қара көзді, имек қас
Жарқырап тұрғаң жар ашар.
Баланың көңілін кім ашар?
Алдындағы қаттасы,
Артындағы панасы
Ата менен ана ашар.
Аттың көңілін кім ашар?
Күніне жеті қараған,
Жал-құйрығын тараған,
Баптап мінген ер ашар.
Жақсылық пен жамандық,
Бәрі хақтан болған соң
Шүкірлік қылған жарасар.
¥Лы өлмеген руда жоқ шоқанның өлімін естірту
Шоқан шетте жүргенде Тезек төренің қызын1 алады екен. Шоқан ауырып жүргенде:
— Еліңнің жақсы, білікті адамдары кім?— деп Тезек төре сұрайды екен.
— Елімнің жақсы адамдары — Сасықтың Тоқсанбайы, Жандос баласы Келдібек, Зілғараның Әлібегі,— дейді екен Шоқан.
Осы айтқандарын Тезек жазып алып отырыпты да, Шоқан қайтыс болған соң «Шыңғыс хандарыңның сүйікті ұлы Шоқан қайтыс болды. Хандарыңа қалай естіртесіңдер, өздерің біліңдер»,— деп хат жазған екен. Мұны естіген соң қасына он бёс шақты адам ертіп Келдібек Шыңғысқа келіпті, үйіне түсіп, әңгімеге айналдырып отырып, ханға сұрақ қойыпты.
Хан, жандыда не қымбат?— депті Келдібск.
Жандыда адам қымбат,— депті Шыңғыс.
Жансызда не қымбат?
Жансызда гауһар қымбат.
Гауһар тас пен адамның қайсысы қымбат?
Әрине, адам қымбат,— дейді де, Шыңғыс басын көтеріп алып,— япырай, мұнда мал басы аман еді, мына сұрағың қалай шығып барады, Шоқанжаным жолда жүр еді, бір хабар болды ма?— дей беріпті.
Ханым дұрыс айттың, гауһар тас қымбат, жеті қабат жер астынан, су астынаң жуылып шыққан зат қой, сол асыл тасты бір адам тауып жүре бергенде, тас иесі шығып, «тас менікі!»— деп жармасыпты, сол тас қайсынікі болуы керек?— депті.
— Әрине, иесінікі болуы керек,— депті Шыңғыс. Сонда Келдібек отырып:
¥лы өлмеген руда жоқ, Қызы өлмеген Қырымда жоқ. Қатыны өлмеген халықта жоқ, Ағасы елмеген аймақта жоқ. Інісі өлмеген елде жоқ, Әкесі өлмеген әлемде жоқ. Шешесі өлмеген пәнде жоқ, - Аққу ұшып көлге кетті, Дуадақ ұшып шөлге кетті. Құдай сізге бір гауһар тас беріп еді, Оны иесі өзі әкетті. Шоқан деген баламыз Бәріміз баратын жерге кетті,—деп, естіртіпті. Шыңғыс жылап отырғанда, Әлібек қасына келіп:
— Әй, Шыңғыс! Мұңсыз жалғыз қүдай, жеті ұлың-ның бірін бермейтін құдай болайын деп пе едің, бас өксі-гіңді, сүрт көзінді, көтер басынды,— деген екен.
