- •Құрастырушыдан
- •Шешендік арнау сөздер Асанқайғы мен Әз Жәнібек
- •Майқы би мен Алаша хан
- •Байдалы мен Айғаным
- •Жидебай мен Қараменде
- •Үш сыншы
- •Елді бекем билейді, бекемді шешен билейді
- •Бекболат пен бір төре
- •«Шернияз ақын мен Едім»
- •«Біз сізді іздеп келдік Баянас деп»
- •Шернияздың Байсақалға айтқаны
- •Жетпес шешеннің Әбілқайырға айтқаны
- •Ғалымның хаты өлмейді Таймас Жұдас шешен айтты дейтін сөз.
- •Досболдың Әйекеге айтқаны
- •Биікпін деп мақтанба Тобықты Құнанбай айтты деген сөз
- •Жұмырбай ақынның Жәңгір ханға айтқаны
- •Шиырбай жылқышының сөздері
- •Ыбырайдың Есенберліге айтқаны
- •Төле би мен Түлкі бала
- •Сөздің атасы мен анасы
- •Әркім азса, қатарымен азады
- •Жарлының пірі жалтаң ата
- •Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім
- •Үйсінбай шешен мен төре
- •Япырмай, мына тоқты ембеген бе?
- •Бақыт құсы қара шыбынға айналды
- •Кедейліктен жаман жоқ
- •Жолдастың мыңын алма, бірін ал!
- •Білгендерден ғибрат ал
- •Ақтайлақ пен қанай шешен
- •Қатын алма қайын ал
- •«Жар басына үй тікпе!» айтқожа шешен айтты деген сөздер
- •Мен кедейліктен өшімді алдым
- •Қас жақсының белгісі
- •Суда суат жаман екен
- •«Атың жаман болса...» таймас шешен айтты дейтін сөз
- •Ілгері басқан адамға айсерке шешен айтты дейтін сөз
- •Елу ердің жасы
- •Екі жақсы дос болса... Балаби айтты дейтін сөз
- •Шауыпкел шешен айтты дейтін сөз
- •Аққу ұшып көлге кетті
- •Тұяғы бүтін тұлпар жоқ
- •Теңіз бастан былғанды шыңғыс xahfa жыршы айтқан дейтін сөз
- •Ақсақ құлан, жошы хан
- •Сырымның өлімін естірту
- •Қыпшақ ізбасты шешен айтқан дейтін сөз
- •Ауру көңілін kim ашар? байдалы бидің уәли төренің көңілін сұрағаны дейтін сөз
- •¥Лы өлмеген руда жоқ шоқанның өлімін естірту
- •Шорман мен құдайменде
- •Қайғысыз, мұңсыз жан бар ма?
- •Өлімді ер көтереді
- •Уа, ерден!
- •Tұлпар бар ма тұяғы майрылмаған?
- •Сабырлық керек қазаға
- •Шешендік толғау сөздер б¥л дүниеде не жетім?
- •Бүл дүниеде не жаман?
- •Байқасаң, жақсы қандай, жаман қандай!
- •Б и ik тауға жарасқан Алтай Байдалы айтқан деген сөздер
- •Түнді қанша мақтасаң...
- •Тауға біткен қайыңның Беріш Есет батыр айтқан деген сөз
- •Қара жерді жамандама Айдабол Торайғыр айтты деген сөз
- •Шаруаның екі түрі Тобықты Құнанбай айтқан дейтін сөз
- •Барыс, барыс, барыс ойнар арғын алшынбай айтқан деген сөз
- •Б¥л дүниенің баласы
- •Бұлбұл үйрек, бұл үйрек Шекті Мөңке би айтты деген толғау
- •Өнер алды — қызыл тіл
- •Ит асырасаң, сырттан жи
- •Бала болсаң, болғандай бол
- •Өткел өтсең бұрын өт
- •Тау берігінде қонысың болсын
- •Қас жүйріктің белгісі
- •Айдан жақсы нәрсе.Жоқ
- •Әуеде бұлт бар
- •Арғымақ жабы көрінер
- •Еліңде жақсы көп болса
- •Ойнарқы жүйрік ойнақтап... Керей Тоймас шешен айтты деген сөз
- •Барлы, барлы, барлы тау Айдабол Торайғыр айтқан дейтін сөз
- •Бұл заманда не ғаріп
- •Жақсы жігіт белгісі
- •Қонақжайлық белгісі
- •Көкірек таза болмаса...
- •Талассаң бағаң кетеді
- •Жарысқа түспей бәйге алмас
- •Асаубай мен құлтума
- •Балпық би мен дарабоз бәйбіше
- •Өзі болған жігіттің түп атасын сұрама
- •Түлкі дауы
- •Ұлан тұз сақтайды, ұрғашы ін сақтайды
- •Қанайұлы бекболат шешен
- •Қазыбектің бір ер туралы айтқан билігі
- •Тәбітай мен шорман
- •¥Лы би қалжың болмас
- •Наудың шақша дауы
- •Қу мен момын
- •Абай мен шәкі шешеннің кездесуі
- •Ешкі егіз табады
- •Боран батыр мен жантай дауы
- •Басықара датқа мен мөңке бала
- •Ақтайлақ шешен
- •Сырымға қатысты шешендік сөздер сырымға қатысты шешендік сөздер*
- •Түбінде көріктіден текті озар
- •Бала сырым
- •Отын олжа, су нұрлық
- •Бала сырым мен билер
- •Сырым мен ноқылық
- •Малайсары мен сырым
- •Сырымның сыннан өтуі
- •Қайғысыз хан семіз
- •Ата тұрып ¥л сөйлесе ержеткен болар
- •Шалдың үш түрі бар
- •Бір жігіт бар тек жатады
- •Сырымның екі рет сөзден жеңілуі
- •Бөкен қарттың сырымға бергең батасы
- •Әйелді қорсынбаңдар.
- •Табылдырықтан биік тау жоқ
- •Сырымның мөңкені жеңуі
- •Сырымның әйелге қамқорлығы
- •Бақай қарт пен сырым
- •Ақмоншақ at
- •Балаби мен сырым
- •Мөңкенің сұрағына сырымның жауабы
- •Көпес пен сырым
- •Сырым мен зілғара
- •Сырым батыр мен байсал би
- •Сырым батыр мен ақсуат би
- •Тасып жүргенім жоқ... Сасып жүрмін
- •Сырымның малайсарымен ақылдасуы
- •Нұралы мен сырымның құдалығы
- •Сырым мен нұралының қақтығысуы
- •Сырым батырдың нүралы ханды шапқаны
- •Сырымның ңүралы ханды шабуы
- •Сырым батырдың нұралы ханды шапқаны
- •Сырымның ңүралы ханды шабуы
- •Сырым батырдың ханды шабуы
- •Хан мен сырым
- •Хиуа ханы мен сырымның қағысуы
- •Алдар бидің сұрауына сырымның жауабы
- •Сырымның үргеніш шешенімен айтысы
- •Молда мен сырым
- •Сырым мен ишан
- •Хиуа ханы мен сырым
- •Сырымньщ хиуа ханын сөзден жеңуі
- •Сырым батырдың қайтыс болуы
- •Сырымның өлімін естірту
- •Қазының төрелерге қайтарған жауабы
- •Қазының шектінің шалынан жеңілуі
- •Шоқай meн қазының әзілі
- •Қайырлы би мен мұхтар әкім
Әйелді қорсынбаңдар.
Алыс жолдан үй ішін сағынып келе жатып, аулына жақындағанда Сырым жолдастарына:
Қаттырақ жүріңдер, бүгін ауылға жете қонайық,— дейді.
Сырымпың әйелі ажарсыздау адам екен. Жолдастары соны әзілдеп, Сырымға естіртпеген болып:
Басқа кісі асықса дұрыс, ал осы Сырым қай әдемі әйеліне асығып келеді екен!— депті.
Бұл сөзді құлағы шалып қалған Сырым:
Жігіттер, әйелді қорсынбаңдар,
Әйелсіз ерге күй бітпейді.
Қойды «қой» деп қомсынбаңдар,
Қойсыз елге үй бітпейді.
Астымдағы қара атым — тұлпарым,
Қасымдағы қара әйелім -- сұңқарым,--
деп желе жөнелген екен.
Табылдырықтан биік тау жоқ
Нұралыны шаппақ болып жүргенде, Сырым батырға ағайындары бөгет жасай беріпті. Сонда Сырым: «Табалдырықтан биік тау жоқ, жаман ағайыңнан берік тау жоқ» деген екен.
Сырымның мөңкені жеңуі
(2-нұсқа)
Сырымға бір жолаушы «Шекті елінің бір малшысы сізге «бере сал» деп еді,:—деп екі жапырақ ескі шүберек береді. Сырым шүберекті Тана Қоске би мен Бөкен биге көрсетеді. Сонда Бөкен би былай дейді:
Мынаны шаршылап кесіпті-ау! Шаршының шеті екен. «Басым байлаулы, аяғым тұсаулы» дейді ғой шамасы. Мынаны үшкілдеп кесіпті, көйлектің шеті-ау, сірә! Адамның тәніне көйлектен жақын не бар? Сенің тәнің, ренің сүйегің-мін дейді ғой!
Бұл біздің елдің шектіде қорлық-кемдікте жүрген бір әйел адамы болар. Сырым, сен барып алып қайт. Көзіңе шарапшын ки, қарт-жас екеніңді білдірме, айтыса қалса Мөңкенің алдына бар,— дейді Қоске қарт.
Сырым шекті еліне барып, «осы елге бір қарындасым еріксіз кеткен екен, алыр қайтайын деп келдім» деген соң, шектінің билері: «Адамыңның ата-тегін, аты-жөнін айт» дейді. Сырым атай алмайды. «Ендеше, саған ел аралатпай-мыз, адам бермейміз»—дейді. Сырым айтысып Мөңкенің алдына барады. Мөңке:
Сырым, қуып келгенің қара дау екен, қараңғы билік беремін,— депті.
Разымын,— дейді Сырым.
Сырымға киіміндей киім кигізіп, атындай ат мін-гізіп, қырық жігіт қосыңдар. Сырымның қарындасының қасына бір түсті киіндіріп қырық қыз-келіншек қойындар. Аулына барғанда қарындасы ағасын танып атын ұстаса, қарындасын қайырындар, жаңылса жазығы өзіне,, адам бермеңдер,— деп билік қылады.
Сырым қырық кісімен аулына жетіп барғанда:
Батыр ағам, аман келдің бе?—деп қарындасы Сырымның шылауына орала кетеді.
Бұл — Байұлынан шектінің ұрылары барымтаға әкеткен Дәуіт қызы Нұрғаным еді. Мөңке би Нұрғанымнан:
Сен осынша көптіңішінен ағаңды қалай таныдың?— дегенде:
Басқа жігіттер аударысып ойнап келеді екен, менің ағам төмен қарап мұңайып келеді екен,— депті.
Қырық қыз-келіншектің ішінен қарьшдасыңды .«сен қалай таныдың,— дегенде:
Мең қыз-келіншектердің киіміне емес, өңіне қарадым. Қарындасымның өңі сынық, назары пәс екен,— депті Сырым.
Сырым көзінің шарапшынын шешкенде:
Бала, қара дауға жастай үйір екенсің, ұзақ жасамассың,— деп Мөңке жас адамнан жеңілгенін ауырлап, жантая қеткен екен.
Сырымның әйелге қамқорлығы
(1-нұсқа)
Ерте заманда Табын руынан Жетірудың Барақ деген ауылынан бір қызды арғын батырларына бір генерал күшпен тартып алып берген екен. Оңдағы мақсаты Алшын мен Арғынның екі арасын араздастырып екі жар етіп жау-ластыру болса керек. Күндерде бір күні осы Алшынның екі адамы сол Арғын жаққа барып, ауылға қайтып келе жатқанда, жолда қой бағып жүрген бір әйелге тап болып, жөн сұрайды. Сонда әйел: «Сіздер Сырым дегенді білесіз-дер ме?»— деп сұрайды. Бұлар білетін брлып шығады. Сонда әйел басындағы шаршы орамалының ұіпынан, үстіндегі көйлегінің қолтығынан екі жапырақ шүберек жыртып беріп: «Осыны Сырымға тапсырыңдар»— деп өтінеді.
Бұлар ауылға келгеннен кейін жаңағы әйелдің екі жапырақ шүберегін Сьфымға әкеліп береді. Сьфым оны өздігінен шеше алмай, баяғы Есентемір Бөкен би мен Тана Қоске билерге әкеліп беріп, мән-жайды айтадш. Сонда Бөкен; би «мен жастаумын шй мына Қосекеңе бер» дейді. Сонда Қоске:
Басындағы орамалынан бергені — басым байлауда жүр, мені осы тұтқыннан құтқар дегені. Ал көйлегінің қолтығынан жыртып берсені — денеге көйлек жақын ғой, мен сенің жақыныңмын дегені,— деп шешеді.
Бөкен мен Қоске:
Шырағым, сен бала болғанмен бастай едің, дауға шебер едің, қасыңа жолдас ертіп, сол әйелге барып алып қайт, бермейміз деп айтыса қалса, сол елдің Мөңке деген биі бар, соның алдына барарсың,— дейді.
Сырым жолдастарымен Арғынның Мөңке биіне барып:
Сіздің қарауыңызда менің жақын қарындасым қой бағып құлдықта жүрген көрінеді. Сол қарындасымды босатып ауылға алып қайту үшін келдім,— дейді.
Сонда Мөңке Сырымға былай дейді:
Өзіңмен қырық жігітті бір түстен киіндірем, біреуі сен боларсың. Ал ол жақтан қырық қызды бір түстен киіндіріп қарсы шығарам, біреуі сенің қарындасың болады. Қарсы келгенде екеуің біріңді-бірің тани кетіп, табанда көріссеңдер, қарындае сенікі, болмаса бере алмаймын,— дейді.
Сол қалпымен қырық жігіт, қырық қыз қарсы келгенде әлгі тұтқын әйел: ,
Арыстаным, аман келдің бе?— деп Сырымның қолын алады. Сонда Сырым:
— Асылым, аман жүрмісің?—деп қолын береді. Екеуі танысқаннан кейін қайтадан Мөңке биге келеді.
Сонда Мөңке әйелге:
Сіз, көп адамның ішінен Сырымды қайдан таныдыңыз?— дейді. Сонда әйел тұрып:
Келе жатқан жігіттердің біреулері жан-жағына қарайды, ал біреулері күліп-ойнап келеді. Мына менің ағам Сырым бір қалыпта тұнжырап келеді екен. Жоқ жоғалтқандай, дұшпанда кеткен кегі бардай, түсі тұнжырап келе жатқан алшынның арыстаны осы болар деп көрістім,— дейді.
Сырымға «сіз қайдан таныдыңыз!»— дейді. Сонда Сырым:
Қайғысыз адамның бетіңде жарығы бар, қайғылы адамның бетінде салығы бар, мен содан таныдым,— депті.
Мөңке би әйелді Сырымға береді, Сырым ауылға алып келгеннен кейін төркіндері:
Сіз өзіңіз осы қызды жаттан алып келдіңіз, енді өзіңіз өкіл аға болып, өз қолыңыздан ұзатыңыз,— дейді.
Сырым өз қолынан қызды ұзатып, өз теңіне Әлім Дербісәлі дегеннің баласына қосады.
