Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРНАУ СӨЗДЕР.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Шорман мен құдайменде

Шорман би бозбала күнінде Қуандық еліне жоқ іздеп барады. Бір байдың үйіне қонып, ел жайьш сұрап отырып, өзінің жоқ іздеп келе жатқанын айтады. Сонда бай айтады:

— Әй, шырағым-ай! Жоғыңның жөні болмайды-ау, се-бебі Қуандық елін билеп тұрған Құдайменде төренің жал­ғыз баласы өліп, үш күн болды ас ішпей қайғырып жатыр. Басын көтермейді, көзін ашпайды, ешбір адам көңіл айтуға бата алмайды.

Меймандар байдың үйіне қонып, ертең төренің үйіне аттанады. Ауылға жақын қалғанда аттарынан түседі. Атта-рын тұсап, жаяулап келе жатқан бір топ адамды көрген бір кісі, төреге хабар береді.

— Сірә, жат адамдар болу керек, аттарын алысқа тұ-сап, он шақты адам жаяулап келе жатыр,— дегенде төре бір көтеріліп, бір жатады. Жолаушылар үйге кіріп, торге отырып, құран оқиды.

Шорман былай деп көңіл айтады:

— Уа, сен Құдайменде төресің,

Хақтың әміріне көнесің.

Жалғыз балаң өліп

Құдай сені көріпті.

Түпкі атаң Барақ хан,

Елді заңына қаратқан,

О да өткен дүниеден.

Екінші атаң Мейір хан,

Тентек пенен тебінді

Төрелік беріп айырған,

О да өткен дүниеден.

Үшінші атаң Тұрсын хан,

Өтірік айтқан қымсыңған,

О да өткен дүниеден.

Төртінші атаң Қасым хан

Аруағы басым хан.

О да өткен дүниеден.

Дүние деген фанидың

Өзі де өтер дүниеден.

Дос көтерер көңілді,

Мал көтерер өлімді.

Қайғырғанмен келмейді,

Ажалсыз пенде өлмейді.

Басыңды көтер хан төрем, Күйзелтпе бүйтіп еліңді, Өлемін десең міне пышақ, Өлмеймін десең тұрып бақ!

Сонда хан басын көтеріп алып:

  • Көз таңбалы Сүйіндікте Шорман атты бір ұл бар деп еді, соның өзімісің, өзгемісің?:— депті.

  • Болсақ болармыз,— депті Шорман.

Қайғысыз, мұңсыз жан бар ма?

Сандыбай өлгенде, бәйбішесі қайғырып жатып алыпты. Көңіл айтып жұбатқандардың сөзін құлағына ілмепті. Бір күні Шорман келсе де, бәйбіше күрсініп жата беріпті.

Сонда Шорманның айтқан көңілі екен:

— Жатырмысың қайғырып,

Өтіп кеткен Абыланға.

Алладан бұйрық келгенде,

Кім тұрады жалғанда?

Қайғысыз, мұңсыз жан бар ма?

Талайы қалған арманда.

Айтатұғын сөз бар ма,

Бір жаратқан алғанда?

Әзелда жазған дағдырды

Бір жаратқан бұзған ба!

Үш жүздің анасы емес пе едің,

Өзің көңіл айтсаңшы,

Біздей жетім қалғанға!

Сонда бәйбіше «ә, солай ма?»— деп басын көтеріп Шорманмен амандасқан екен.

Өлімді ер көтереді

Ерден бидің Бимырза деген баласы өліп, соған Шо-қай мен Досбол көңіл айтуға барады. Есіктен кіре бере Шоқай мына сөзді айтады:

— Ассалаумағалейкум Ерден!

Кеткенің бе керден?

Аруаққа шет болма,

Басыңды көтер жерден.

Көрісейін деп келдім

Қолыңды әкел бермен!

Әкең Сандыбай да өлген,

Оны да мына Шоқай көрген,

Жақсының басына іс түссе,

Жасымайды, бойлай береді.

Жаманның басына іс түссе,

Күндіз-түні ойлай береді.

Көкті бу көтереді,

Жерді су көтереді.

Жүйрікті ду көтереді.

Жүкті нар көтереді,

Өлімді ер көтереді,

Болмаса қас патша мен хан көтереді.

Сен қарадан туған хан емес пе едің,

Айырдан туған нар емес пе едің?!

Сонда Досбол айтқан екен:

— Өлмесе қайда кетті

Бүрынғыңың кәрісі?

Жер жүзін жұтса да,

Тоя ма қара жердің талысы.

Ерден-ау! Өткенге өкінбе,

Келмеске кейіме,

Өлім деген ұзақ жолдың алысы.