- •Құрастырушыдан
- •Шешендік арнау сөздер Асанқайғы мен Әз Жәнібек
- •Майқы би мен Алаша хан
- •Байдалы мен Айғаным
- •Жидебай мен Қараменде
- •Үш сыншы
- •Елді бекем билейді, бекемді шешен билейді
- •Бекболат пен бір төре
- •«Шернияз ақын мен Едім»
- •«Біз сізді іздеп келдік Баянас деп»
- •Шернияздың Байсақалға айтқаны
- •Жетпес шешеннің Әбілқайырға айтқаны
- •Ғалымның хаты өлмейді Таймас Жұдас шешен айтты дейтін сөз.
- •Досболдың Әйекеге айтқаны
- •Биікпін деп мақтанба Тобықты Құнанбай айтты деген сөз
- •Жұмырбай ақынның Жәңгір ханға айтқаны
- •Шиырбай жылқышының сөздері
- •Ыбырайдың Есенберліге айтқаны
- •Төле би мен Түлкі бала
- •Сөздің атасы мен анасы
- •Әркім азса, қатарымен азады
- •Жарлының пірі жалтаң ата
- •Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім
- •Үйсінбай шешен мен төре
- •Япырмай, мына тоқты ембеген бе?
- •Бақыт құсы қара шыбынға айналды
- •Кедейліктен жаман жоқ
- •Жолдастың мыңын алма, бірін ал!
- •Білгендерден ғибрат ал
- •Ақтайлақ пен қанай шешен
- •Қатын алма қайын ал
- •«Жар басына үй тікпе!» айтқожа шешен айтты деген сөздер
- •Мен кедейліктен өшімді алдым
- •Қас жақсының белгісі
- •Суда суат жаман екен
- •«Атың жаман болса...» таймас шешен айтты дейтін сөз
- •Ілгері басқан адамға айсерке шешен айтты дейтін сөз
- •Елу ердің жасы
- •Екі жақсы дос болса... Балаби айтты дейтін сөз
- •Шауыпкел шешен айтты дейтін сөз
- •Аққу ұшып көлге кетті
- •Тұяғы бүтін тұлпар жоқ
- •Теңіз бастан былғанды шыңғыс xahfa жыршы айтқан дейтін сөз
- •Ақсақ құлан, жошы хан
- •Сырымның өлімін естірту
- •Қыпшақ ізбасты шешен айтқан дейтін сөз
- •Ауру көңілін kim ашар? байдалы бидің уәли төренің көңілін сұрағаны дейтін сөз
- •¥Лы өлмеген руда жоқ шоқанның өлімін естірту
- •Шорман мен құдайменде
- •Қайғысыз, мұңсыз жан бар ма?
- •Өлімді ер көтереді
- •Уа, ерден!
- •Tұлпар бар ма тұяғы майрылмаған?
- •Сабырлық керек қазаға
- •Шешендік толғау сөздер б¥л дүниеде не жетім?
- •Бүл дүниеде не жаман?
- •Байқасаң, жақсы қандай, жаман қандай!
- •Б и ik тауға жарасқан Алтай Байдалы айтқан деген сөздер
- •Түнді қанша мақтасаң...
- •Тауға біткен қайыңның Беріш Есет батыр айтқан деген сөз
- •Қара жерді жамандама Айдабол Торайғыр айтты деген сөз
- •Шаруаның екі түрі Тобықты Құнанбай айтқан дейтін сөз
- •Барыс, барыс, барыс ойнар арғын алшынбай айтқан деген сөз
- •Б¥л дүниенің баласы
- •Бұлбұл үйрек, бұл үйрек Шекті Мөңке би айтты деген толғау
- •Өнер алды — қызыл тіл
- •Ит асырасаң, сырттан жи
- •Бала болсаң, болғандай бол
- •Өткел өтсең бұрын өт
- •Тау берігінде қонысың болсын
- •Қас жүйріктің белгісі
- •Айдан жақсы нәрсе.Жоқ
- •Әуеде бұлт бар
- •Арғымақ жабы көрінер
- •Еліңде жақсы көп болса
- •Ойнарқы жүйрік ойнақтап... Керей Тоймас шешен айтты деген сөз
- •Барлы, барлы, барлы тау Айдабол Торайғыр айтқан дейтін сөз
- •Бұл заманда не ғаріп
- •Жақсы жігіт белгісі
- •Қонақжайлық белгісі
- •Көкірек таза болмаса...
- •Талассаң бағаң кетеді
- •Жарысқа түспей бәйге алмас
- •Асаубай мен құлтума
- •Балпық би мен дарабоз бәйбіше
- •Өзі болған жігіттің түп атасын сұрама
- •Түлкі дауы
- •Ұлан тұз сақтайды, ұрғашы ін сақтайды
- •Қанайұлы бекболат шешен
- •Қазыбектің бір ер туралы айтқан билігі
- •Тәбітай мен шорман
- •¥Лы би қалжың болмас
- •Наудың шақша дауы
- •Қу мен момын
- •Абай мен шәкі шешеннің кездесуі
- •Ешкі егіз табады
- •Боран батыр мен жантай дауы
- •Басықара датқа мен мөңке бала
- •Ақтайлақ шешен
- •Сырымға қатысты шешендік сөздер сырымға қатысты шешендік сөздер*
- •Түбінде көріктіден текті озар
- •Бала сырым
- •Отын олжа, су нұрлық
- •Бала сырым мен билер
- •Сырым мен ноқылық
- •Малайсары мен сырым
- •Сырымның сыннан өтуі
- •Қайғысыз хан семіз
- •Ата тұрып ¥л сөйлесе ержеткен болар
- •Шалдың үш түрі бар
- •Бір жігіт бар тек жатады
- •Сырымның екі рет сөзден жеңілуі
- •Бөкен қарттың сырымға бергең батасы
- •Әйелді қорсынбаңдар.
- •Табылдырықтан биік тау жоқ
- •Сырымның мөңкені жеңуі
- •Сырымның әйелге қамқорлығы
- •Бақай қарт пен сырым
- •Ақмоншақ at
- •Балаби мен сырым
- •Мөңкенің сұрағына сырымның жауабы
- •Көпес пен сырым
- •Сырым мен зілғара
- •Сырым батыр мен байсал би
- •Сырым батыр мен ақсуат би
- •Тасып жүргенім жоқ... Сасып жүрмін
- •Сырымның малайсарымен ақылдасуы
- •Нұралы мен сырымның құдалығы
- •Сырым мен нұралының қақтығысуы
- •Сырым батырдың нүралы ханды шапқаны
- •Сырымның ңүралы ханды шабуы
- •Сырым батырдың нұралы ханды шапқаны
- •Сырымның ңүралы ханды шабуы
- •Сырым батырдың ханды шабуы
- •Хан мен сырым
- •Хиуа ханы мен сырымның қағысуы
- •Алдар бидің сұрауына сырымның жауабы
- •Сырымның үргеніш шешенімен айтысы
- •Молда мен сырым
- •Сырым мен ишан
- •Хиуа ханы мен сырым
- •Сырымньщ хиуа ханын сөзден жеңуі
- •Сырым батырдың қайтыс болуы
- •Сырымның өлімін естірту
- •Қазының төрелерге қайтарған жауабы
- •Қазының шектінің шалынан жеңілуі
- •Шоқай meн қазының әзілі
- •Қайырлы би мен мұхтар әкім
Үш сыншы
Бір кісінің үш баласы болыпты.
Балаларым, көзім тірісінде сендерге бір таусылмас қазына қалдырайын. Шаруаларың шақталғанда бөліп, ас-ауқат қыласыңдар, деп, бар қазынасын қойма ғып көмеді. Айтқанындай, әкесі өлгеннен соң, шаруалары шақталып, үш бала қойманы қазып алайын деп келсе, орны жатыр, қойма жоқ. Үш бала: «Қойманы не көрген алады, не көмген алады» деп еді, өлген әкемізде ме, тірі өзімізде ме? Мұны ханның ақылына салайық деп ханға баруға шығады.
Үшеуі жолда келе жатып бір шөккен түйенің ізін көреді. Ізіне қарап ағайынды үшеуінің үлкені: «Мына түйе буаз-ау» дейді. Ортаншысы: «Соқыр-ау» дейді. Кішісі: «Шолақ-ау» дейді. Үшеуі әңгімелесіп келе жатса, бір адам кез болады да:
Түйе көрдіңіздер ме? деп сұрайды.
Сонда үшеуі тұрып:
Түйең буаз ба? дейді.
Иә, буаз, дейді жоқшы.
Соқыр ма?
Соқыр еді.
Шолақ па?
Шолақ еді. Иә, бұл түйені қайдан көрдіңіздер?
Біз түйенің өзін көргеміз жоқ, ізін көрдік.
Ізін көріп, түрі-түсін айтатын сендер әулиесіңдер ме? Түйемді алған сендер екенсіңдер, деп жоқшы да ханға баруға ілесе жүреді.
Хан үш жігітті қонақ үйге кіргізеді. Бағлан қозы сойғызып, күріштен палау бастырып, алдарына қояды.
Ас алдына келгенде:
Мұнда иттің еті бар-ау дейді біреуі.
Адамның сүйегі бар-ау дейді екіншісі.
Ет не болса ол болсын, хан некесізден туған-ау депті үшіншісі.
Тарт табағыңды, ханның өзі жесін, дейді үшеуі де.
Табақшылар табақты алып қайтып келеді, ханға үшеуінің сөзін айнытпай айтып береді.
Хан қаһарланып, шешесіне кісі салады.
Мен некесіз тусам шынын айтсын, егер некесіз туды дегені өтірік болса, соны айтқан мына кісінің басын аламын, дейді.
Әкесінен ұл перзент жоқ болып еді, кімнен туса содан тусын құдай тілеуімді бере көр деп жүргенде көргенім, бойыма біткенім еді. Балам біреудің қанын жүктемесің, дейді шешесі.
Хан енді қойшыны шақыртып:
Қозыда не айып бар? дейді.
Бұл арық, көтерем қойдың қозысы еді. Енесінен қорек болмаған соң, күшіктеп жатқан итті емізіп едім. Мәйегіне ұйып, сүйегіне шауып, содан бірдеңе болмаса, дейді қойшы.
Хан сонан соң күріш әкелген егіншіні шақырады да:
Күріште не айып бар? дейді.
Сіз тез күріш жеткіз деген соң, басқа жерге еккен егін піскен жоқ еді, қабірдің айналасына еккен егісім піскен екен. Содан әкеліп едім. Сол өлген адамның сүйегіне шығып, содан бірдеңе болмаса, дейді егінші.
Хан бұл үш сөздің де анығына жеткен соң, үш жігіттің алдына бетін орамалмен жапқызып алма қойғызады.
Егер ойшы болса, өздері ашып жесін! Алманы жер алдында не айтар екен, сөздерін маған айтып кел, деп тапсырады табақшыға.
Алдарына табақ келген соң астың бетін ашпай тұрып үшеуінің үлкені:
Мынаның қызылы бар-ау, дейді.
Ортаншысы:
Сары аласы да бар ғой, дейді.
Екіншісі:
Өзі сары ала, өзі қызыл болса алма шығар, деп орамалды жұлып алады. Сөйтіп үшеуі бөліп жейді.
Таңертең сәлемге хан келеді. Сәлемдескеннен кейін:
Иә, жігіттер, жол болсын? деп жұмыстарын сұрайды.
Әкеміз тірісінде қойған қоймасы бар еді, сол жоқ. Қойманы бізден басқа көрген-білген адам жоқ. Осының ақылын сізден сұрай келдік, дейді жігіттер.
Қойманың бір мәнісі болар, осы мені некесіз туды дегенің қайсың? дейді хан.
Сізді некесіз туды деген мен. Өлі-тіріден зауал сұрата сізге келгенде, өзіңіз келмей тәкаппарлық қып, жігіт-желең жіберген соң, «Мынаның жүрегінде арам қаны бар екен-ау» деп ойыма келді, дейді кішісі.
Жарайды, сіздерге бір мәселе айтайын, соны шешіп беріңіздер, дейді хан.
Баяғы уақытта екі бай құда болыпты. Күндердің күнінде жігіт қалыңдық ойнап қайнына келген екен. Келген соң қызды күйеуге әкеп берген екен. Қыз келген соң күйеуі:
Көңілің менде ме, жоқ әлде басқа біреуде ме? деп сұрайды.
Басқада емес, көңілім бір өзіңде, дейді қыз.
Неге, жігіттікті жігіттікпен шығарып салу керек емес пе, біз де жігіттікті атқарып жатырмыз.
Менің сізден басқада көңілім жоқ.
Сен өзің бойжеткен қыз, өзің байдың қызы бола тұра бір көңілдесің болмаса, сенің маған да әйел болуың екі талай екен.
Сонда қыз:
Бүгінгі күні бір кісімен жолығысатын уәделі күнім еді. Сіз келген соң өз жарым деп сізге келдім, деді.
Ішінде арманың кетер, уағдалы кісіңе барып кел. Құдай ұзағынан сүйіндірсін, менің жар жолдасымсың ғой, дейді жігіт.
Қыз осы сөзбен тамырына жүріп кетті. Келген соң:
Япырмай, мұнша зарықтырып күні бойы неғып жүрсің? дейді тамыры.
Иә, оның мәнісі бар. Күйеуім келіп, жеңгелерім соған апарып, соның рұхсатын алып келгенім осы болды.
Мені күйеуіңе айттың ба?
Айттым.
Күйеуіңді онда қалдырып, мен сені мұнда қасыма алып жатам ба? Күйеуіңе менің атымнан құлдық деп сәлем айт. Ертең алдына барып өзім де сәлемдесермін, дейді тамыры.
Осымен қыз күйеуіне қайтады. Жолда келе жатқанда екі ұры кез болып, қызды ұстап алады. Күйеуі мен тамырының арасында жүргенде екі ұры қыздың киімдерін, білезік, сақиналарына дейін тонап алады. Аларын алып болған соң екі ұры:
Қараңғы түнде қайдан жүрген жансың? деп сұрақ қояды.
Ағатайлар, күйеуім мен тамырым екеуінің арасында жүріп осындай күйге ұшырап тұрмын, деп қыз мән жайын айтады. Сөзін тыңдап болған соң екі ұры:
«Жас-жастың тілеуі бір, жібектің түйіні бір» деп еді. Алсақ басқа адам табылар. Шырағым, киіміңді киіп күйеуіңе тезірек бара ғой, деп алғандарын қызға түп-түгел қайырып береді.
Хан осы әңгімені айтты да:
Сол үшеуінікінің қайсысыныкі жөн? деп үш сыншыға қарады.
Қасына келген өз жарын біреуге барып кел деп жіберген адамзаттың данышпаны деп білемін, деді үлкені.
«Арамы сауда, қияли неке бұзады», өз жарыңа бар деп қастық қылмай қайырып жіберген де нағыз жігіт екен, деді ортаншысы. Сонда кішісі тұрып:
Бәрінен ұры ақымақ, деді. Әкесі де болса алғалы шықты, қыздың негып жүргенін сұрап несі бар, күлді асылды алған соң жүріп кетпей ме? дейді.
Сонда хан тұрып кішісіне:
Ділда сенде! «Арамдықтың байлауын байлаған шешуін де шешеді» деген. Сен менің туысымды да таптың, деді.
Ділдә менде екені рас, бір тиынына да тигенім жоқ, тек орнын аударып қойдым. Мен көңіліңе қарап сенің кімнен туғаныңды айтпасам, сен менің көңіліме қарап қойманы алғанымды айтпай ма деп, әдейі көңіліңді қарайтып қатты айтып едім, дұрыс таптың! Екі аға да білген шығар, білгенмен айыбымды айтпаған шығар, деді кішісі.
Бұл сөз біткен соң хан түйе жоғалтқанды алдырып, үш сыншыға:
Мынаның түйесін көрдіңдер ме? деді хан.
Ізін көрдік.
Буаз депсіңдер ғой?
Буаз дедім. Көктем уағында буаз түйе тізесін екі салып сырғып тұрады. Мен сонан буаз екенін білдім, дейді үлкені.
Соқыр депсіңдер ғой?
Соқыр дедім. Түйе жайылған екен. Оң жағының шөбін жұлмай, үнемі сол жағының шөбін жұлып жайылыпты, дейді ортаншысы.
Шолақ депсіңдер ғой?
Шолақ дедім. Бүтін құйрықты түйінің құмалағы ізіненалыс түспейді, ал шолақ құйрықты түйенің құмалағы алысқа шашырап түседі, дейді кішісі.
Сонда хан түйе жоғалтқанға қарап:
Бұл кісілер сенің түйеңнің соқыр, шолақтығы түгіл менің тегімді де тапты. Түйеңді іздеп тауып ал, депті.
