Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-сынып әдебиет 1-4 тоқсан.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
974 Кб
Скачать
☆

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сынып екі топқа бөлініп отырады.

II.Үй тапсырмасын сұрау

Аңыз әңгімелер туралы сұрау

III.Жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты айтылады.

Әңгіме үйге оқып келуге тапсырылған, сондықтан оқушыларға мынандай сұрақтар қойылады:

1.Жиреншенің жігітке қойған жұмбағын айтып,түсіндіріп беріңіз.

2.Жиреншенің жолдасынан бөлек үйге түсуіне не себеп болды?

1.Қыздың Жиреншеге айтқан жұмбағын айтып,түсіндіріп беріңіз.

2. Жиренше қыздың ақылды екенін алғаш қалай сынады?

Мұғалімнің толықтыруы

Жиренше шешен мен Қарашаш өмірде болған адамдар. Оларды әз Жәнібек ханның тұсында, соның арғы-бергі уақыттарында,XV-XVI ғасырларда өмір сүрген деп білеміз. Өйткені Жиренше мен Қарашаш туралы аңыздарда көбінесе Жәнібек хан бірге айтылады. Олар туралы ел арасында көптеген аңыздар бар. Жиренше бойынан мынандай қасиеттерді байқаймыз: біріншіден әрқашан әділдікті, шындықты айтады, екіншіден кісімен ақылдасуды ұмытпайды, үшіншіден сөзді тауып айтады, төртіншіден хандарға жағымпазданбайды, өзін тең дәрежеде ұстайды, олардың теріс әрекеттерін ашық айтады.Қарашаш сұлу қашанда ақылдылығымен Жиреншеге тірек болады, ақылына ақыл қосып отырады.Яғни бұл кісілер аңыз әңгімелер кейіпкерлері.

«Кубизм» стратегиясы бойынша жұмыс

Шығарма екі топқа бөлініп беріледі.

Баяндаңыз: әңгімені желісін баяндау.

Суреттеңіз:оқиға болған кезеңді суреттеңіз немесе суретпен бейнелеңіз.

Салыстырыңыз: екі шығарманы салыстырыңыз.(ұқсастығы, айырмашылығы, кейіпкерлер әрекеті)

Зерттеңіз: Әңгіменің тақырыбын,идеясын, тәрбиелік мәнін зерттеу.

Қолданыңыз: мәтін желісі бойынша қолданылған мақал, нақыл, шешендік сөздерді теріп жазу және сөйлем құрауға қолданыңыз.

Елестетіңіз: Күлкілі жерлерін елестете отырып жазыңыз.

Екі топ бір-біріне сұрақтар дайындайды.

IV.Сабақты бекіту

«Дыбыстар сөйлейді»

Ж- Қ -

И- А-

Р- Р-

Е- А-

Н- Ш-

Ш- А-

Е- Ш-

V.Сабақты қорытындылау

Сұрақ-жауап

Бүгін сіздер қандай шығармалармен таныстыңыздар?

Әңгіме сіздерге несімен ұнады?

Жиренше мен Қарашаш туралы не білдіңіздер?

Ханның әрекеті дұрыс па?

Жиренше бойынан қандай қасиеттерді байқадыңыздар?

Ойларыңызда сақталған қандай дана сөздер бар?

VI. Үйге тапсырма

Әңгімелерді оқу. Ойтолғау «Тапқырлық»

VII.Бағалау «Өзін-өзі »бағалау парағы бойынша бағаланады.

№ 2 Сабақтың тақырыбы: Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?

Сабақ мақсаты:

1.Білімділік:Аңыз әңгіменің мазмұны мен идеясын игерте отырып, кейіпкер әрекеттеріне баға бере білуге үйрету.

2.Дамытушылық: Топпен жұмыс негізінде Жиренше бейнесіне тән қасиеттерді саралай талдата отырып, оқушының сын тұрғысынан ойлауын дамыту.

3.Тәрбиелік:көркем жазу мен көркем оқу шығармашылығын арттыру. Оқушыларды адамгершілікке, тапқырлыққа баулу.

Сабақ түрі: талдау

Сабақ әдісі:Сын тұрғысынан ойлау және жазу стратегиясы.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, үнтаспа,нақыл сөздер.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақ барысы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]