Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-сынып әдебиет 1-4 тоқсан.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
974 Кб
Скачать
☆

II.Үй тапсырмасын тексеру.

а)Сырбай Мәуленовтың «Менің Республикам»өлеңін жатқа сұрау.

ә) «Туған жердей,жер болмас»тақырыбында жазып келген шығармаларын оқыту.

III.Жаңа сабақты түсіндіру.

Абылай ханның шын аты-Әбілмансұр.Ол 1711 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген.Оның атасы Абылай өз заманында Түркістанды билеп,қатігездігімен көзге түсіп,қанішер Абылай атанған.Оның баласы Уәли сұлтан билікке онша құштар болмай,әкесі өлген соң қаланы дұрыс билей алмайды.Жоңғар билеушілері Уәли тұқымын түгел қырып салады.Сол кезде төлеңгіттен шыққан бір сардар Уәлидің баласын,кішкентай Әбілмансұрды қашырып алып,аман сақтап қалады,жауларынан қорғанған Уәли ұлын басқа тәрбиеге береді.Бала ұлы жүздегі Төле бидің қызметінде болады.Халық ішінде шын аты жасырылып «Сабалақ»деп аталады.Сабалақ жоңғар қоңтайшысы Қалдан Сереннің жиені Шарышты жекпе-жекте жеңіп,басын алады.Жауға «Абылайлап»шапқан батырды бәрі Абылай атап кетеді.Осыдан соң жұрт оның кім екенін таныды.Абылай қайсарлығымен қолбасшы, ақылдылығымен саясаткер болып,қазақ тарихында ірі тұлға ретінде қалды.Ендеше,осы әңгімелерден Абылайды тек хан емес,тағы кім деп білеміз?

4.Топтастыру.

Хан батыр

Тарихи тұлға хан ұрпағы

Сабалақ саясаткер қолбасшы

Әдебиетте Абылай бейнесін Бұқар толғаулары арқылы дәлелдеуге болады.

Абылай туралы Бұқар сөздерінің орны бөлек.Ол біреуден естіген әңгіме емес,ханның қасында болып,оның іс-әрекетіне байланысты шығарылған толғаулар қазақ халқын әр қырынан танытатын құжат іспеттес.

- Балалар,бүгін сендер Қуандық Шаңғытбаевтың «Сабалақ»атты поэмасымен таныс боласыздар.

-Кәне,мәнерлеп оқып көрелік.

5.Сыныппен жұмыс.

1.1-4 балаға мәнерлеп оқыту.

2.Өлеңді ой ағымы мен мазмұнына қарай талдау жасату.

3.Өлеңді бөлімдерге бөлу.

4.Сабалаққа мінездеме беру.

6.Сабақты бекіту,қорытындылау:

Өлеңнен не түсіндіңдер?

Өлең мазмұнын қара сөзбен кім айтып береді?

7.Үйге тапсырма беру:

Абылай хан жайында тарихи шолу жасау.

Поэманы мәнерлеп оқу.

8.Бағалау.

Сабақ №29 « »________2012 жыл

Сыныбы : 5

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Фантазия» .

Сабақтың мақсаты: а)Білімділік: Оқушыларға сезіммен өлең жыр пырағы Мұқағали туралы түсінік бере отырып,өлеңнің тақырыбы мен идеясы, көркемдік бейнесі жөнінде түсінік беру. б)Тәрбиелік: Ақынның салған фантазиясын,талғамын шыңдау,жас өспірімдердің өмірге деген құштарлыққа тәрбиелеу.в)Дамытушылық:Эстетикалық бағалау қабілетін дамыту.Мәнерлеп және шығармашылықпен оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың түрі:Дәстүрден тыс,сын тұрғысынан ойлау элементін қолдану сабағы.

Сабақтың әдісі:баяндау,сұрақ-жауап,талдау,топтастыру,кубизм,түртіп алу.

Сабақтың көрнекілігі:Портрет,слайд,интерактивтік тақта.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру 2 мин

ІІ. Үй тапсырмасы 10 мин

ІІІ. Жаңа сабақ 20 мин

IV.Қорытынды 10 мин

V.Бағалау 1 мин

VI.Үй тапсырмасы 2 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіздер ме,оқушылар?

-Сыныпта кім кезекші?

-Сыныпта кім жоқ?

-Кезекшінің есебі...

Психологиялық сәт:

С абақты бастамас бұрын ең алдымен көңіл күйімізді біліп алайық.

Керемет! Жақсы бір қалыпты оңша емес ұнатпаймын

Үй тапсырмасы:

Балалар,сіздер өткен сабақта Қуандық Шаңғытбаевтың «Сабалақ»деп аталатын өлеңіне тоқталдыңыздар.Ал,енді сұрап көрейік.

«Кубизм»Кубикті иіріп,қай сан түссе,сол санның тапсырмасына жауап береді.

1.Қуандық Шаңғытбаев жөнінде не білесіздер?

2. Қуандық Шаңғытбаевтың туып өскен жері

3. Қ.Шаңғытбаевтың сауат ашқан ортасы.

4. Қ.Шаңғытбаевтың аудармаларына тоқталыңыз.

5.Аңырқайдағы қаза-қалмақ соғысының алғашқы сәтін ақын қалай суреттеді?

6.Сабалақ кім?

Жаңа сабақ.

М.Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы Райынбек ауданына қарасты Қарасаз ауданында дүниеге келген.Ақынның балалық шағы Ұлы Отан соғысына тұспа-тұс келді.Мұқағали 10 жасынан бастап соғысқа кеткен әкесін сағынып өлеңдер жазған. Мұқағали үшін өлең жазудың артық бақыт болмаған.Ол өлең болып өмір сүрді, өлең боп өмірден өтті.1964 жылы «Ильич»атты тұңғыш поэмалар жинағы жарық көреді,«Қарлығаш келдің бе?»,«Дария жүрек»,«Аққулар ұйықтағанда»,«Өмір-дастан», «Өмір-өзен», «Соңғы жүрек»өлеңдер жинағы шыққан. «Қош махаббат» пьессасының авторы У.Унтменнің өлеңдерін В.Шекспирдің сонеттерін,Дантенің «Құдіретті»комедиясын аударған.

«Есіне мені алғайсың»атты өлеңін хормен орындау.

Фантазия

Мұғалімнің оқушыға мәнерлеп оқып беруі.

Оқушының мәнерлеп оқуы.

2.Фантазия-

Шығарманың аты

Тақырыбы

Идеясы

Тәрбиелік мәні

Өз ойың

Фантазия

Фантазия

Болашаққа деген сенім,арман.

Оқушыларды жан-жақтылыққа, жаңа өмір талабына сай ұмтылдыру

Өлең құрылысы:

3 4 4

/Жеті қат /жерің мына/ төңкерілген,/ 11б а

3 4 4

/Жеті қат /аспанменен/ көмкерілген./ 11б а

3 4 4

/Адамзат / оның бәрін/ерте білген,/ 11б а

3 4 4

/Ертегіде/табысқан/ертеңімен,/ 11б б

3 4 4

/Ғаламаттар/туылған/ертегіден./ 11б в

(3 бунақты,11 буынды,қара өлең)

Автор орындығы.

Бағалау:Оқушы біліміне сай бағалау.

Үй тапсырмасы:

Инцерт әдісі

Не білемін?

Не білгім келеді?

Үйренерім

Өмірі

Өлеңдері

«Бесік балағындағы жылан»өмір дастаны

«Аққулар ұйықтағанда»поэма

«Фантазия»өлеңін білгіміз келеді.

М.Мақатаев оқу.

«Фантазия»жаттау.

Әдебиет 4 тоқсан

Сабақ №1 сынып: 5 «а» күні:

Сабақ тақырыбы: М.Мақатаев «Барлығы да сендердікі»,

«Мен таулықпын»

Сабақ мақсаты: М.Мақатаев өмірі мен шығармашылығына шолу

Міндеті:

1. «Барлығы да сендердікі», «Мен таулықпын» өлеңдерінің құрылысына

талдау.

2.Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, ауызекі сөйлеу,тілін дамыту, өз

бетінше ізденуге дағдыландыру, оқуға деген ынтасын арттыру.

3.Оқушыларды елін,жерін сүюге,табиғат құбылыстарының пайдасы және

оны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа білім беру

Сабақ әдісі: мәнерлеп оқыту, баяндау, сұрақ-жауап, көрнекілік қолдану

Көрнекіліктер: портерт, шығармалары, тірек сызба, суреттер

Пәнаралық байланыс: география

Сабақ барысы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]