Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-сынып әдебиет 1-4 тоқсан.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
974 Кб
Скачать
☆

V.Сабақты қорытындылау

Сұрақ-жауап

1.Балалар бүгінгі сабақтан қандай ой қорыттыңыздар?

2.Құран классикалық әдебиетке жатады ма?

VI.Үйге тапсырма

Дін туралы өлең, нақыл сөз, мақал-мәтелдер жинастырып келу.

VII.Бағалау

Сабақтың тақырыбы: Жазба жұмысы (шығарма)

Мақсаты: 1.Оқушылардың діни әңгімелер тақырыбынан алған бiлiмдерiне бақылау жасау, бiлiм деңгейiн тексеру мақсатында шағын шығарма жаздыру;

2.Жазбаша көркем тiлiн дамыту, теориялық бiлiмдерiн сарамандық жұмыста пайдалана бiлу дағдыларын дамыту, ой еңбегiне баулу, өз беттерiмен iзенуге, қорытынды пiкiр жасай бiлуге дағдыландыру, шығармашылық жұмысқа баулу;

3.Қазақтың мұсылмандық дінін құрметтеуге, мәнiн түсiнуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрi: бiлiм дағдыларын тексеру сабағы

Әдiстерi: тiрек сөздермен жұмыс, сұрақ-жауап, әңгімелесу

Көрнекiлiгi:

Тiрек сөздер жазылған қағаз

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңi

1.Амандасу. 2.Кезекшiмен сұхбат

II.Негiзгi бөлiм

А) Сабақтың мақсатымен, барысымен танысу.

1) Шығарма жазуда басшылыққа алатын негiзгi мәселелермен танысу:

-Таңдалған тақырыпты әбден ойлан. Жоспар тақырыпқа сай жасалсын, эпиграф тақырып пен негiзгi идеяны ашуға сәйкес алынсын.

-Сөйлемдер тиянақты, ойлы болсын, әдемi, айшықты сөздердi пайдалан.

-Қате жiбермеуге талпын. Сауаттылық-шығарма үшiн ең маңызды мәселе.

2) Тақырып бойынша ауызша жұмыс жүргiзу.

Тiрек сөздер мен сөз тiркестерi тақтаға iлiнедi:

Мұсылман, дін, Құран Кәрім, Адамата мен Хауаана, ібіліс, сахаба, періште,

иман, мешіт, намаз,сүре, аят,ораза айы, садақа,пітір беру.

3.Оқушылар тiрек сөздердi пайдалана отырып жауап беру керек:

Құран Кәрімде не айтылады?

Қанша сүре бар?

Періште мен ібілістің айырмашылығын ата.

Адамата мен Хауаананы кім жаратты?

Мешіт үйінде қандай білім, тәрбие көзі туралы айтылады?

Иман деп кімді айтамыз?

Ораза айының ерекшелігі неде?

Садақаны кімге береміз?

4) Шығарма жазғызу

III.Сабақты бекiту.

IV.Бағалау

V. Үйге тапсырма

Өткен тақырыптар бойынша дайындалып келу.

Сабақ тақырыбы: Әбділда Тәжібаев «Толағай»

Сабақ мақсаты: Әбділда Тәжібаев өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.

Міндеті:

1.Әдеби ертегілермен таныстыру. «Толағай» ертегісінің мазмұнын меңгерту, шығарма мазмұнына, идеясына, тақырыбына талдау жасату

2. Шығарманы талдау арқылы өз ойын қорғай білуін, нақты сөйлей білуін дамыту, сөздік қорын молайту

3.Әңгіме мазмұны арқылы оқушылар бойында адамгершілік, жанашырлық сияқты қасиеттерді қалыптастыру, табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, оның заңдылығын бұзуға жол бермеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Түсініктеме күнделігі», «Әңгіме кестесі»

ассоциация, талдау, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушы зейінін сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау

III. Жаңа сабақ

Сабақтың мақсатымен таныстырамын.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Ертегінің бір саласы-әдеби ертегілер. Әдеби ертегінің жазған авторы белгілі болғандықтан, оны әдеби ертегі деп атаймыз.Бұл ертегілер аңыз әңгімелердің негізінде пайда болған. Олар өлең және қарасөз түрінде айтыла береді.Әдеби ертегілірге: «Жүсіп хан», «Саяхатшы бақа» т.б. ертегілер жатады.

Сондай ертегілердің бірі Әбділда Тәжібаевтың «Толағай» ертегісі.

Ә.Тәжібаевтың өмір жолына шолу жасау.

Туған жері

Ақмешіт «Қызылорда облысы)

Қызметі

Қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері,драматург, әдебиет зерттеушісі

1915

Әкесі қайтыс болып, 6-13 жасында қала сыртындағы Қараөзек деген жерде шешесі Айманкүл мен нағашы атасы Далдабайдың тәрбиесінде өседі.Ақындыққа осы кісілердің септігі тиді.

1922

Интернатта оқыды.Алғашқы өлеңдері осы жерде туындады.Шымкенттегі жеті жылдық мектепте оқыды.

1929-1932

Абай атындағы ҚазПи-да оқыды.

1953-1956

Мәскеудегі жоғары әдебиет курсын бітірді.

Марапаттаулары

Екі мәрте Еңбек Қызыл ту, «Құрмет белгісі» ордендермен,медельдармен марапатталған.

Шығармалары

«Күй атасы, Оркестр, Қазақстан- алтын сандық, Майра, Ақ қайың, Монологтар, Сағынамын күн сайын, Толағай, Абыл»т.б

Мәтін үйде оқып келуге тапсырылған.

Енді шығарманы толық талдау үшін әрі алдымызға қойған мақсатымызға жету үшін мен мынадай 4 дейгейлік жұмысты таңдап отырмын. Сабақ соңына дейін 4 деңгейді де толық орындап, мақсатымызғы жетеміз деп ойлаймын.

Шығармашылық

деңгей

Эвристикалық

деңгей

Алгоритмдік

деңгей

Оқушы деңгейі

1. Оқушы деңгейі Сұрақ-жауап әдісі

а.Ақын суреттеп отырған оқиға қай заманға сай келеді?

ә.Толағайдың жанашырлық, елге деген сүйіспеншілік сезімдері өз бойыңнан табыла ма?

б.Толағай секілді ер болу қолдарыңнан келе ме?

2. Алгоритмдік деңгей Оқулықпен жұмыс

О қулықты пайдалана отырып, шығарма тілімен Толағайға сипаттама беру

.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]