Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-сынып әдебиет 1-4 тоқсан.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
974 Кб
Скачать
☆

III.Жаңа сабақ

Ағылшын жазушысы, публицист Даниэль Дефо 1660 жылы Лондонда дүниеге келеді. Оның ата-бабаларының фамилиясы Фо болған, жазушы оған «Де» әріптерін қосқан. Дефоның әкесі қолөнерші болып, шеберхана ұстаған. Ол ұлын рухани академияға берген. Болашақ жазушы онда француз, итальян, испан және латын, көне грек тілдерін үйренді. Өзінің алғашқы шығармаларынан бастап, Дефо буржуазиялық өкіметке қарсы болды. Ол герцог Монмауттың Яков ІІ ге қарсы көтерілісіне қатысты.1688-1689 ж.ж. мемлекеттік төңкерісті жақтады. Өзінің саяси көзқарасы үшін Дефо абақтыда да отырды.

1731 ж. 26 сәуірде кредиторлардан қашып жүрген кезде семьясынан алыс жерде қайтыс болды. Дефо өз заманының саяси өмірі, экономикасы, моралі, діні, тарихы жайлы көптеген публицистикалық шығарма жазды. «Таза қанды ағылшын» (1701) атты өлеңмен жазылған памфлетінде дандайсыған ақсүйектерді, діни фанатизмді әшкереледі. Дегенмен, Дефо көптеген шығармаларында буржуазиялық құрылыстың нығаюын, сауда-саттықтың дамуын қуаттады («Жобалардың тәжірибесі», 1697 ж.). Дефоның тұңғыш романы «Робинзон Крузо» оны дүние жүзілік даңққа бөледі. «Робинзон Крузодан» (1719) кейін Дефо «Капитан Сингльтон» (1720), «Молль Флендерс» (1722), «Полковник Жактың тарихы» (1722), «Роксана» (1724), «Капитан Карлтонның мемуары» (1728) романдарын жазды.

Бүгінгі танысатын шығармамыз «Робинзон Крузо»

Қысқаша мазмұнын мұғалімнің түсіндіруі

Мұхиттың бір түпкіріндегі адам аяғы басылмаған жерге Робинзонның тап болуы, өмір сүру үшін жасаған жанкешті әрекеттері туралы жазылған. Ол жерде 28жыл бойы жалғыздықтың жапасын шегеді.Бұл шығарма әлем әдебиетінің озық үлгілерінің қатарына енген.

Шығармаға жоспар құрғызу

1.

2.

3.

4.

5.

Картадан арал, теңіздерді көрсету.

Тұжырым кестесі

Кейіпкер

Іс-әрекеті

Адами қасиеттері

IV.Сабақты бекіту

Шығарма туралы деректер оқу

«Робинзон Крузо» романы-көркем шығарма.Көркем шығарма болғандықтан, ондағы оқиғалар автордың басты идеясына байланысты құрастырылып, авторлық көркем шешіммен аяқталып отырады.Сондықтан шығарманы өнер туындысы деп қабылдаймыз.Бүгінгі өткеніміз қысқартылып берілген түрі, яғни теңізшінің бір жылға жуық өмірі ғана берілген. Романның толық нұсқасын оқысаңыздар Робинзонның 28жыл бойы жасаған іс-әрекетіне қайран қалып, сүйсіне оқисың.

V.Сабақты қорытындылау

Енді, балалар, кішкене ойға беріліп, «Егер автор орнында мен болсам, шығарманы қалай аяқтар едім?» деген сауалға жауап іздеп көрейік.

«Автор орындығы» оқушы ойларын ауызша сұраймын.

VI.Үйге тапсырма

Шығарманы толық оқып, мазмұндау.

VII.Бағалау

Сабақ № 20 күні:

Сабақ тақырыбы: А.С.Пушкин «Балықшы мен балық»

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды әлем әдебиетімен таныстыра отырып, орыс жазушысы А.С.Пушкин шығармашылығымен таныстыру

  2. Ой-өрістерін, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту

  3. Қазақстанның көпұлттылығын айта отырып, әлем әдебиетіен сусындату.Қазақтың көрнекті ақын-жазушыларының орыс әдебиетінен аудармалар жасағандығын оқушыға жеткізу.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: А.С.Пушкин портреті, кітаптары, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: тарих, орыс әдебиеті

Сабақ барысы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]