Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-сынып әдебиет 1-4 тоқсан.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
974 Кб
Скачать
☆

4.Тапсырмалармен жұмыс.

1. Мәтінді тұтас оқып болған соң толық мазмұндату қиынға соғады.Ондай жағдайда оқушыларға жеке-жеке тапсырма берілгені дұрыс.Оқушы жауап бергенде оқулықты пайдаланып,сұраққа байланысты мәтіннен үзінді оқиды.

1.Үйрек алу лашынға сөз емес.

2.Қазды алу үйректен әлдеқайда қиын екен.

3.Лашынға алдырмайтын құс-дуадақ екен.

Үш қатарда отырған оқушылар жоғарыдағы үш тапсырмаға жауап береді.Біреулері оқулықтан тауып оқыса,енді біреулері мазмұндап айтып береді.

2.Әңгімені оқып шығып,мазмұнын айтып беру.

3.Шығарма мәтінің бірнеше бөлімдерге бөліп шығу:

а)Балтабай ауылында (кіріспе есебінде),ә)Балтабайдың Ахметі,оның портреті, атбегілікпен және құсбегілікпен айналысатыны,б)Ахмет лашынының сипаты, в)Ахметтің лашынды құс алуға шығаратын мезгілдері,г)Лашынның үйрек алу тәсілдері, ғ)Дабыл қағудың мәнісі,д)Лашынның қазды алған кездегі амалы, е)Лашынға қарсы дуадақтың көрсететін қайраты,ж)Құс салудың ең дұрыс мезгілі, з)Құстардың таң ата жайылуға шығуы,и)Құстардың қойған қарауылына көрінбей, естіртпей бару, к)Дабылдау, құстардың айналып ұшуы,қ)Лашынды жіберу, л)Саятшылық-өмірдің бір қызығы (Қорытынды есебінде).

5.Сабақты бекіту.

1. «Саятшылық»дегенді қалай түсінесің?

2.Өздерін бұрын өтіп кеткен ертегілердің қайсысында,аңшылық, құсбегілікпен ел-жұртың асыраған кейіпкермен таныс едіңдер?(Кендебай )

6.Үйге тапсырма беру.

Мына төмендегі жоспарға сүйене отырып, «Саятшылық -өмірдің бір қызығы» атты шығарма жазып келу.

І.Кіріспе.Балтабай аулында.

ІІ.Негізгі бөлім. Саятшылық.

1.Құсбегі,Ахмет

2.Ахмет лашынының мүсіні.

3.Ахмет пен лашынның өнері.

4.Шілдеде құс салу.

ІІІ.Қорытынды.

7.Бағалау.

Сабақ №17-18 « »____ « »________2012 жыл

Сыныбы : 5

Сабақтың тақырыбы:Ғабит Мүсірепов. «Жаңа достар».

Сабақ мақсаты:1)Ғабит Мүсіреповтың өміріне шолу жасай отырып, «Жаңа достар»әңгімесінің мазмұнына тереңірек көз жіберу;2)тілін,ойын дамыту,сөздік қорын молайту,есте сақтау қабілетін ұштау;3)шапшаңдыққа,алғырлыққа,тапқырлыққа баулу.

Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру.

Түрі:әдеби олимпиада,дәстүрлі емес сабақ.

Көрнекілігі: Ғабит Мүсіреповтің суреті,Қайырғали Смағұловтың суреті,асықтар,күйме тәріздес парта,қашықтық өлшемдері жазылған плакат,сұрақ салынған конверттер.

Сабақтың барысы. Ұйымдастыру.

Кіріспе. Ғабит Мүсірепов туралы мәліметті слайд арқылы көрсету.

Жалпы сұрақтар. 1.«Жаңа достар»әңгімесі қандай сөздермен басталады? («Зытып келем,зытып келем.Артыма қарай-қарай зытам...Зытып келе жатқаным-қашып келемін,артыма қарай беретінім-қорқып келемін»).

2.Қай романнан үзінді? («Қазақ солдаты»романынан.)

3.Пейзаж дегеніміз не? (Көркем шығармада суреттелетін табиғат көрінісі).

Ойынды бастау. «Жаңа достар»әңгімесі бойынша жүргізілетін «Алтын сақа»ойынын бастаймыз,

«Табалдырық»сұрақтары:

1.Қайрош қалаға келген уақытта неше жаста еді? (10 жас.)

2.Ол не болып жұмыс істейді? (Бақташы)

3.Қайрош не бақты? (Сиыр)

4. Қарамағында неше сиыр болды? (2887)

Табалдырыққа жеткен оқушылар өз орнын иеленеді.

«Әудемжер»

Бұл турды бастамас бұрын «Қашықтық өлшемдерін»,асықтың түрлерін анықтап алып,кейін арнайы сұрақтарға жауап береді.

(Асықты иіріп отырып түрлерін анықтап алғаннан кейін арнайы сұрақтарға жауап береді).

«Әудемжер»сұрақтары:

1.Айдынғали кім және оның сөзі (Ағасы. «Енді естияр азамат болдың...Мына таяқты қолыңа ал,осы ауылдың сиырын енді сен бағасың!»).

2.Қайроштың ойында не бар? (Сиыршының таяғын әліптің таяғына айырбастау бар).

3. Жамбасқа жайлы төсек болған не? (Жұмсақ құм)

«Қозыкөш».Бұл бөлімге өту үшін үш оқушы керек.

  1. Шеген мен Қайроштың алғаш танысуы.

  2. Шеген Қайроштың жараларын көріп,басын шайқап не деді?

«Беласар».Бұл бөлімде екі оқушы қалады.

1.Ойын қай жерде болды? (Тақтаймен қоршалған «Жазғы театрда»болды).

2.Мария апайдың сөзі: -Сіз анасыз ғой.Мен де анамын.Сізде көп бала болса,он бала бар шығар.Менде елу балам бар...Балаңызды қазір алып кетем десеңіз,қазір қайтарам,өз балаларым да жетеді...Ол жағынан қауіп етпеңіз,сеніңіз...Бірақ ана болып тұрып,балалардың дәмінен татпасаңыз,балалар өкпелейді.

«Жолайрық». 1.Дос туралы мақал-мәтел айту.

2.Оқу-білім туралы мақал-мәтел айту.

3.Туған жер туралы мақал-мәтел айту.

4.Өнер туралы мақал-мәтел айту.

Сергіту кезеңі.Көрермендерге сұрақ.

1.Бораш қандай бала? (Аққұба ғана,қағылез,қыз мінезді бала).

2.Қайроштың аяғына білінген нәрсе не? (Түйенің қабырғасы)

3.Айдынғалидың екінші аты (Айдаш)

4.Шегеннің берген ақылы:

1)Алтын жатса алмаймыз.

2)Өтірік айтпаймыз.

3)Қуана білу,мұңая білмеу.

Оқушылардың білімі сараланып марапатталады.

Үйге: «Менің досым»тақырыбына шығарма жазу.

Сабақ №19-20 « »__« »________2012 жыл

Сыныбы : 5

Сабақтың тақырыбы: Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан».

Сабақтың мақсаты:білімділік-жазушы туралы мағлұмат беру,шығарманың мазмұнын игеріп,идеясын ашу;тәрбиелік-оқушыларды адамгершілік қасиеттерге,жанашырлыққа,уәдеге беріктікке үйрету;дамытушылық-өнерге деген қызығушылығын арттыру,таным қабілеттерін,шығармашылығын дамыту.

Түрі:іскерлік дағдыны қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдері.сын-тұрғысынан ойлау стратегиялары,сұрақ-жауап,ой толғаныс.

Көрнекілігі:Сапарғали Бегалин,Шоқан Уәлиханов портреті,слайд пайдалану.

Сабақ барысы.Ұйымдастыру.

Үй тапсырмасын тексеру.

  1. «Жаңа достар»әңгімесі бойынша «Достық»тақырыбында шығарма жазу.

  2. «Бала Шоқан»әңгімесін оқып,мазмұнын біліп келу.

I.«Ой толғау»стратегиясы.Сапарғали Бегалин кім? (Өмірінен қысқаша мәлімет беру).

Сапарғали Бегалин 1895 жылы 24 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген.Өмір жолын қара жұмысшы болудан бастаған.Кейін халық соты,саяси қызметкер болған.Бірақ нағыз мақсатты жолын жазушылықтан тапқан.

25 дастан,12 повесть,он шақты драмалық шағын туынды,50-ге тарта ән мәтіндерін жазған Сапарғали Бегалин халқына белгілі,білікті жазушы ретінде танылды.20-дан астам балаларға арналған кітап жазған қаламгер қазақ балалар әдебиетінің негізін жасаушылардың бірі болды.Осындай әңгімелерінің бірі-«Бала Шоқан»әңгімесі.

II.«Ой түю»стратегиясы. «Бала Шоқан»әңгімесі қалай жазылды? (Слайд арқылы Сапарғалы Бегалиннің пікірін оқу,түсіндіріп таныстыру.)Шоқан кім?Ол туралы не білеміз?(Өмірінен қысқаша мәлімет беру).

III. «Топтастыру»стратегиясы.

әдебиетші

тарихшы зерттеуші

ғалым жаратылыстанушы

этнограф заңгер

саяхатшы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]