Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-сынып әдебиет 1-4 тоқсан.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
974 Кб
Скачать
☆

VIII.Философиялық стиль.Өтеген батыр сияқты 17 жыл елің үшін жер кезер ме едің?

Оқушының жауабы:Егер мен Өтеген батырдың орнында болсам,қайсар да қайратты мінезіммен елімді Жиделібайсын жеріне көшіруге бар күшімді салатын едім.Шиеленісті шешіп,жұртымды қаһарлы орыс қолына тастап кетпес едім.

Әйгерім:-Мен Өтеген батыр секілді он жеті жыл елім үшін шұрайлы жер іздер едім.Әйтпесе елімді орыстар басып алады ғой.Сондықтан Жиделібайсындай жерді табуға күш салар едім.

ІХ.Блиц-тест.Оқушылар дұрыс жауапты қолдарындағы үш түрлі гүл арқылы көрсетеді.

1.Жамбыл қай жылы дүниеге келді?

А)1846 ә)1847 б)1848

2.Ақынға бата беріп,ақындық өнердің қыр-сырын үйреткен кім?

А)Сарбас ә)Абай б)Сүйінбай

3.Ақын ең алғаш кіммен айтысты?

А)Сарбас ә)Құлманбет б)Сары

4. «Өтеген батыр»дастанының тақырыбы:

А)баю,дәулет жинау ә)жақсы қоныс б)табиғат

5.Дастандағы халық арасына алалық салатын кейіпкерлер:

А)Байсары,Ерсары ә)Кендебай б)Толағай.

Х.Үйге тапсырма: жырдан үзінді жаттау; туған жерге байланысты сурет салу және мақал-мәтел жаттау.

ХІ.Бағалау.

Сабақ №9 « »________2012 жыл

Сыныбы : 5

Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин «Ақсақ киік».

Мақсаты:білімділік:Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік»өлеңінің негізгі идеясы бейкүнә киіктің ауыр халін суреттеуімен қатар,табиғатты жырға қосудағы ақынның жан дүниесінің тазалығы мен сезімталдығын таныту.

дамытушылық:Өлеңді талдай отырып, салыстыру және сол бойынша қорытынды жасай білуге,пікірлерін жазуға,әдемілікті қастерлеу үшін көру,сезіну қажеттілігіне тоқтала білуіне ықпал ету. тәрбиелік:Табиғатты,сұлулықты аялауға, қорғауға, ізгіліктілікке баулу.

Көрнекіліктері:С.Сейфуллиннің суреті,үнтаспа,сабаққа қатысты жазбалар.

Түрі:аралас.

Әдістері:ой қозғау,топпен жұмыс,еркін жазу стратегиясы.

Сабақтың барысы.Міндетімен таныстыру.

-Бүгінгі сабақтағы алдымызға қойған міндетіміз табиғат-ананың перзенттерінің іс-әрекеттері туралы оқу,әңгімелесу және ой толғау болмақ (Әркімнің алдында жұмыс қағазы,сөздік жұмыс дәптері,оқулық,күнделік).

Жаңа сабақты өткен тақырыпты еске түсіруден бастау.

1)Сәбит Мұқановтың өміріне қысқаша шолу.

2)Көкшенің көрінісі.

Қанеки балалар,автор Көкшені қалай суреттеген екен,топтама жұмысын жүргізейік.

Көкше

3)Автор мен Көкшенің тілдескен тұсын кім жатқа айтып береді? (Үзінді сұрау)

Қызығушылықтарын ояту.

«Мөлдір болса жан-дүниенің әлемі,көрінеді көлеңкең де әдемі.»

Талдау.Сен қалай ойлайсың,өмірде мөлдірлікпен қатар,яғни жақсылықпен қатар не жүреді? (...)

Тренинг.Ендеше балалар, «үштікті»толтырайық.

Жақсылық қалай жасалынады?

Жамандық не үшін іске асырылады?

Менің үлесім.Қорытынды (мұғалім жасайды.)

Жаңа тақырыпты хабарлау.Ендеше,кешегі қатыгездік пен асыра сілтеушіліктің құрбандарының бірі болған,халықтың аяулы ұлы-Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік»өлеңі осы тақырыпқа арқау болмақ.

Сәкен Сейфуллиннің көптеген шығармалары бізге бұрыннан таныс.Жаңа тақырыпты өтпес бұрын еске түсірейікші,Сәкен кім?(топтама жұмыстарын жасайық).

Сәкен

Мұғалім:Иә,Сәкен 1894 жылы,қазіргі Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында туған.Халыққа қызмет етіп,әдебиетті көп зерттеген,жалған жаламен дүниеден кетті.

Жаңа мағынаны таныту.

-Бүгінгі сабақта «Ақсақ киік»арқылы Сәкендей тұлғаның Бетпақдаладағы шарасыз күйдегі жандарды суреттеуін оқимыз.

1)Мұғалім мәнерлеп оқиды. 2)Сөздік жұмысы.

Бетпақдала-қандай дала?Осы сөзден ереже шығарайықшы .(Оқушылар ереже шығарады)

шөлді жер

Бетпақдала

ұшы-қиыры жоқ дала

енсіз дала

ауасы ыстық

қазақ халқы жайлаған жер

Игерту.

1)тізбектей оқыттыру

2)дербес оқыттыру

3)мәселелік жағдайды туғызу.

-Жазасыз жан дегенді қалай түсінесің?

-Киік деген сөздің мағыналас сөзі қайсысы?

-Киіктің сұлулығын автор қалай суреттеген?Тауып оқы.

-Киік неліктен азайып бара жатыр?

- «Киіктің аянышты күйі»өлеңнен тауып оқы.

-Киікті қорғау үшін елімізде қандай жұмыстар жасалуда?

Ой қозғау.Топ бойынша жұмыс.

1-топ.Өлеңді жазғандағы ақынның сезімі туралы,көңіл-күйі туралы не айтар едің?

2-топ.Киікті қалай суреттер едің?

3-топ.Мергенге мінездеме бер.

Бекіту.Ой толғаныс.Топтық жұмыс

  1. 1-топ.Әдебиетшілер.Киікті атқан адамға хат.

2-топ.Экологтар. «Киікті қорғау».

3-топ.Суретшілер.Суретші көзімен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]