Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-сынып әдебиет 1-4 тоқсан.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
974 Кб
Скачать
☆

V.Үйге тапсырма

Шығарманы толық оқу.Тайкелтір туралы деректер жинау.Зерттеген ғалымдар.

VI. Бағалау

№ 5 Сабақ тақырыбы: Қазыбек би мен Бұқар жырау

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Қазақтың ұлы адамдары Бұқар мен Қазыбек би туралы мағлұмат беру, әңгіменің мазмұнын ұғындыру арқылы Қазыбектің шешендік сөзінің мағынасын ашу.

2.Дамытушылық: Шешендік өнер туралы білімдерін тереңдете отырып , ой белсенділігін дамыту,шығармашылық ізденіске бағыттау,сөйлеу мәдениетін

қалыптастыру. Сезімтал, шешен бола білуге ұмтылдыру, оқушының тіл байлығын, сөздік қорын байыту.

3. Тәрбиелік:Оқушыларды халықтық мұра – шешендік сөздерді айтып үйренуге, тәлім-тәрбие алуға және халықтық салт-дәстүрімізді сақтап, шешендік өнерді қадірлеуге,ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ әдісі: СТО элементтері,сұрақ-жауап, салыстыру, жинақтау.

Көрнекілігі: үнтаспа, портрет, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

II.Үй тапсырмасын сұрау

Тайкелтір туралы жинаған деректерін оқыту.

III.Жаңа сабақ

Үнтаспадан шешендік толғаудан үзінділер тыңдалады.

«Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім».

«Бірден онға дейінгі санның мағынасы».

Кітаппен жұмыс.

Әңгімені мәнерлеп оқу.

Мағынасын ашу мақсатында сұрақтар:

1.Қаз дауысты Қазыбек би туралы не білесіңдер?

2.Бұқарға Қазыбек не себеппен келді?

3.Қазақта қандай әдет-ғұрып бар?

4. Он санының мағынасын қалай ашты?

5.Осыған ұқсас қандай санамақтарды білесіңдер?

Мұғалімнің толықтыруы.

Бұқар Қалқаманұлы Баянауыл ауданының тумасы. Ол кісі Абылай ханның ақылшы-биі, абыз. Руы Арғын. «Көмекей әулие» деген атағы бар.Жырау жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, күрделі мәселелерге жырымен жауап берген.Абылай ханға кеңес беріп, елді біріктіруге,бір тудың астында ұстауға күш салған.Көптеген толғаулары бар.

Қазыбек қазақтың үш төбе биінің бірі,қоғам қайраткері, Қарқаралы тумасы, Қаракесек руынан.Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар кодексін шығарушылардың бірі.

Әр қатарға жекелеген тапсырмалар беріледі.

1-қатар. «Сарапшылар»

Шешендік сөздердің, толғаулардың өкілдері кімдер?Олардың көтерген негізгі тақырыптары қандай?

2-қатар. «Сыншылар»

Шешендік сөздердің көркемдік ерекшелігі, нақыл, мақал-мәтелдермен байланысы.

3-қатар. «Зерттеушілер»

Шешендік сөздерді зерттеген ғалымдар кімдер?Олардың ой-пікірі.

IV.Сабақты бекіту

Сөздікпен жұмыс

ВЕНН диаграммасы

Ақындық өнер Шешендік өнер

Санамақтар құрастыру

V.Сабақты қорытындылау

Пысықтау сұрақтары:

1.Қазақтың атақты, ұлы адамдарының өнегесін қалай дәріптейміз?

2.Тәуке ханның тұсында Қазыбек билермен бірігіп қандай еңбек жазды?

3.Шығарма несімен ұнады?

VI.Үйге тапсырма

«Он санының мағынасы» жаттау.

Шығармашылық жұмыс «Он санының мағынасы» құрастыру

VII.Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Сырым мен Малайсары

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Сырым мен Малайсары би туралы мағлұмат бере отырып, оқушы білімін жүйеге келтіру.

2.Дамытушылық:Оқулық пен қосымша деректерді тиімді пайдалануға, өз ойын еркін айтуға, дәйексөзбен дәлелдеуге дағдыландыру, ой-өрістерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Шешендік сөздерді үйрету арқылы, бітім жасауға, татулық, бірлікті сақтауға, халқымыздың бай мұраларын, дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі:

Сабақ әдісі: Блум жүйесі, баяндау.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих

Көрнекілігі: слаид, кестелер

Сабақ барысы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]