Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-сынып әдебиет 1-4 тоқсан.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
974 Кб
Скачать
☆

2)Ұжымда талқылау.

Қорытынды .-Қандай өлеңмен таныстық?

-Автор-ақын бізді неге шақырып тұр?

-Бұл өлеңдегі мергеннің ісі дұрыс па?

Кері сөйлеу стратегиясы.

Қорытындылау. Өлең 1924 жылы жазылған,осыдан 88 жыл бұрын.Ескірді ме?-Енді,осындай оқиға қайталанбайды деп ойлайсыңдар ма?

Бағалау.

Үйге тапсырма.1)Еріктері бойынша жаттау.

2)Мәнерлеп оқу. 3)Әңгіме жазу «Ақсақ киік».

Сабақ №10-11 « »____ « »________2012 жыл

Сыныбы : 5

Сабақтың тақырыбы: Ілиястың «Күй»поэмасы.

Сабақтың мақсаты: білімділік-поэманың сюжеттік негізіне алынған күй аңызының мазмұнын,қобызшы тартқан «Бозінген»күйі, оның күй тарту шеберлегін тереңірек ұғындыру; дамытушылық-талдау арқылы оқушының білім дағдыларын дамыту; тәрбиелек-өнер құдіретін бағалауға,қазақтың күй өнері мен күйшілігіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Түрі: электрондық-танымдық құралдарымен жетектеле кіріктірілген сабақ.

Пәнаралық байланыс:ән сабағы.

Әдісі:талдау,анықтау,салыстыру,жинақтау.

Көрнекілігі.электронды слайдтар,үнтаспа,домбыра,кітаптар.

Сабақтың барысы.

Үй тапмырмасын тексеру.Оқушыларға түрлі түсті топтамалар таңдатып,артындағы сұрақтарға жауап алу.Сол арқылы төрт топқа бөлу.

1.Сәкен Сейфуллин қай жылы,қай жерде дүниеге келген?

2.Сәкен Сейфуллиннің анасы мен әкесі.

3.Сәкен қай жерден білім алған?

4.Сәкен Сейфуллиннің романын ата.

7. «Ақсақ киік»өлеңінің тақырыбы мен идеясы.

8.Ақын киіктің сұлу әрі мүшкіл халін қалай бейнеледі?

9. «Ақсақ киік»өлеңі қанша буынды,қандай ұйқасқа құрылған?

10. Сандалып келе жатты ақсақ киік,

Бір тоқтап,анда-санда әлін жиып...

Ақ бөкен-сахараның ботакөзі,

Атты екен қандай мерген көзі қиып? Өлең шумағынан метафораны табыңыз.

11.Қиырсыз,Бетпақдала...қураған шөл...

Жалғыз-ақ сырғаңдайды қоңылтақ жел.

Меңіреу..тірі жан жоқ..жып-жылмағай...

Ел қайда?Ел алыста –шулаған ел? Өлең шумағынан эпитетті табыңыз.

12. «Ақсақ киік»өлеңінен үзінді оқыңыз.

13.Сәкен шығармаларындағы сұлулықтың рәмізі нелер?

Қызығушылықты ояту. «Ой толғау»стратегиясы

-Балалар,Сәкенді біз сыршыл ақын деп танимыз.Оның сезімтал болып өсуіне туған жерінің тамаша табиғаты әсер етпей қоймаған екен.Оның елінде көптеген әнші-ақындар болған екен.Оның елінде көптеген домбырашылардың өлең айту,күй тарту өнерлері оның поэзияға ,ән-күйге құмарлығын ерте оятты.

Шын мәнінде,барлығымыз да ән-жыр тыңдағанды жақсы көреміз,солай емес пе? Олай болса Қыдырнияз бізге күй орындап берсін ( «Көңіл толқыны»күйі орындалады. )

-Күйден қандай әсер алдық?

Мағынаны тану.

Күй-музыкалық жанр.Қазақ күйлері өзінің табиғатына сай екі салаға жіктеледі:төкпе және шертпе.

Қобыз күйлерінің құрылымы күрделі болып келеді.Қобыз күйлерінің жанрлық сипатқа ие болуы,ХІХ ғ. Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз күй өнері туралы болмақ.

Ілияс Жансүгірұлының «Күй»поэмасы.

1.Ақынның өмір жолына шолу.1894 жылы бұрынғы Қапал уезі,Ақсу болысында (қазіргі Алматы облысы,Ақсу ауылында )туған.Анасынан ерте қалған Ілияс әкесі Жансүгірдің тәрбиесінде өседі. Жансүгір хат танитын,шағатай тіліндегі кітаптарды жинайтын ,аңыз-ертегілерді,батырлық жырларды,тарихи оқиғаларды жақсы білетін,әңгімеші,домбырашы болған.

Халқымыздың құт-береке дарыған,ежелден ақындық,батырлық,даналық мекені-Жетісу өлкесінің перзенті Ілияс көкірегіне жас асыл нұсқаларын ұялатқан.

Алғашқы әкесінен хат таныған,одан соң молда алдын көрген Ілияс кейін Қарағаш деген жердегі мектепте оқиды.1925 жылы Мәскеудегі журналистика институтына түсіп,оны 1928 жылы бітіріп шығады.Елге келіп «Еңбекші қазақ»газетінде еңбегін жалғастырады.Қазақ өнерінің майталманы Ақан тағдырын қамти «Құлагер»поэмасын,қазақ өнері,күйін аспандатқан «Күй», «Күйші»поэмасын жазды. «Күй» поэмасында ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасасып,атадан балаға мирас болып,уақыт сынынан сүрінбей келген,бір ғасырлық шежіренің куәсі болған,титтейінен Ілиястың құлағына сіңісті,жүрегінің төрінен орын алған,жазуға түрткі болған қасиетті қобызшылық дәстүр жайлы сыр толғап,күйшілік өнерді дәріптейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]