Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shygaru_2 (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
153 Кб
Скачать
☆

Билет №12

120.Гемофилия. Клиникасы, диагностикасы.

Гемофилия. Қан ұю бұзылыстарымен жүретін тұқымқкалаушы ауру. Гемофилия клиникалық көріністері : теріасты, бұлшықераралық, субфасциальды, ішастарарты гематомалары. Бұл гематомалар травма, хирургиялық ота, кесілу, жаншылу әсерінен болу мүкін. Сонымен қатар гематурия, ірі буындардың гемартрозы болу мүмкін. Гемартроз өз бетінше екіншілік қабыну үрдісіне, анкилоз,контрактураға әкеледі. Сирек жағдайда гемофилия әйел адамдарда кездеседі, егер анасы тасымалдаушы, ал әкесі ауыратын болса, сол уақытта қыздарда менструациялық цикл кезінде қан тоқтамауы болады. Бұндай жағдайда хирургиялық стерилизация жүргізіледі. Жаңа туылған балаларда кіндіктен қан кету, кефалогематома, теріасты қанқұйылулар болу мүмкін. Бала өсе келе тістен де қан кетеді. Ірі гематомалар нервтерді және артерияларды басып параличтер мен гангрена туындауы мүмкін. Диагностика. Гемофилия диагностикасы лабораторлы әдістер, симптомдар және отбасылық анамнез арқылы жүргізіледі. Мынадай өзгерістер болады: венозды және капиллярлы қанның ұю уақытының ұзаруы, рекальцификация уақытының азаюы, тромбопластин түзілу бұзылыстары, протромбин пайдалану төмендеуі, 8 немесе 9 антигемофильді фактордың концентрациясы төмендеуі. Эндотелиалды сынамалар, яғни жгут, шымшу симптомдары теріс.

  1. Рахит. Клинико-диагностикалық критерийлері.

Рахит. Витамин Д дефициті нәтижесінде кальций фосфор алмасуы бұзылысынан дамитын сүйек минирилизациясы және түілуі бұзылатын ауру. Диагностикалық критерийлері: 1. Нәрестелік уақытында шүйденің таздануы, тершеңдік, үлкен еңбек шеті жұмсаруы. 2. Краниотабис, олимпиялық маңдай, ер тәріздес мұрын, тауық кеуде, қабырға шеміршегімен байланысар жерінде тәспиқ, рахиттық кифоз,лардоз,сколиоз,гаррисон жүлгесі көріністері байқалады. 3. Х және О тәрізді аяқтар 4.ұстамалар, физикалық кеш даму, иммунитет төмендеуі 5. Кальций және фосфор төмендеуі, сілтілі фосфатазаның жедел жоғарылауы,зәр Сулкович бойынша теріс реакциябереді

31Ерте жастағы балалардағы жедел ошақты пневмония. Диагностикасы, ажырату диагноз.

Жедел ошақты пневмония. Ерте жастағы балаларда ауыр өтеді, катаральды көріністер күшті болуымен өтеді. Диагностика. Диагностика жиналған анамнез, клиникалық көріністері және лабароторлы зерттеулер арқылы жүргізіледі. Перкуссияда өкпелік дыбыс тұйықталуы , аускультацияда қатаң,әлсіреген тыныс, бронхофония, майдакөпіршікті сырылдар. Қан анализінде айқын лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы, бірақ этиологиясына байланысты анализдер қзгеріссіз болу мүмкін. Рентгенографияда бактериальды инфекцияда гомогенді көлеңкелер, ал микоплазмалы инфекцияда гомогенді емес. Анамнезінде аурудан бұрын көбіне жедел респираторлы аурулармен ауырған. Ажыратпалы диагноз грипп, қызылшаның продромасы, инфильтративті туберкулез, нәрестелердегі инфекционды емес пневмонияның тыныс алу бұзылыстары синдромы,аденовирусты инфекциямен жү ргізіледі.

  1. Қан айналым жетіспеушілігі. Емі.

Қанайналым жетіспеушілігі. ЖҚЖ ешқандай жүктеме болмағанда өзінің қызметін толық атқармауы қанайналым жеткіліксіздігі деп аталады. Баста ауру тек үстемеде, кейін қарапайым өмірде, ал соңында тыныштықта оттегі жетіспеушілігі байқалады. ОЛ тамырлық және жүректік болып жіктеледі. Ағымына байланысты жедел және созылмалы. Емі негізгі этиологиялық фактордан басталады. Мысалы ревматизм, коронарлы жеткіліксіздік синдромы,гипертоникалық ауру. ҚЖ қарсы ең күштң препараттар жүрек гликозидтері. Тамырішілік 40% глюкозамен бірге 0,125-0,25 строфантин немесе 0,6 мг коргликон. Күніне 1-2 рет. Сонымен қатар эуфилинді 0,2 г күніне 2-3 реттен немесе тамырішілік 2,4 % 10 мл ерітіндісін енгіземіз. Одан басқа кордиамин, камфор, кофеин, коразол тағайындауға болады. Егер ісіктер болса диуретиктер тағайындалады, новурит 0,5-1 мл бұлшықер ішіне аптасына 1-2 рет. Диакарбты 0,25 г күніне 1-2 рет береміз. Веналық қан іркілуде қан кетіру немесе сүлік қолданылады. Ентікпе кезінде 40-60 % оттегі 15-30 минуттан күніне бірнеше рет. Айқын тамырлық жетіспеушілік кезінде 500-800 мл изотониялық ерітінді, полиглюкин.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]