- •16.Жаңа туған нәрестенің сепсисі. Этиопатогенезі.
- •29.Жедел бронхиолит. Клинико-диагностикалықкритерийлері.
- •4.Пиелонефрит емі:
- •40.Бронх демікпесі. Клинико-диагностикалық критерийлері.
- •127.Геморрагиялық васкулит. Емі.
- •12. 2. 2. Ақуыз –энергетикалық жетіспеушілік. Клинико-диагностикалық критерийлері.
- •97. Нефротикалық синдром, этиопатогенезі. Жіктелуі .
- •113.Балалардағы қд. Клинико-диагностикалық критерийлері.
- •76. Асқазан және 12-елі ішектің ойық жарасы. Емі.
- •78. Мальабсорбция синдромы (целиакия, муковисцидоз, дисахаридазды жетіспеушілік). Клинико-диагностикалық критерийлері
- •73.Асқазан және 12-елі ішектің ойық жарасы. Этиопатогенезі. Жіктелуі.
- •49.Жүректің туа пайда болған ақауы. Өкпе артериясының стенозы. Фалло -Тетрадасы. Клинико-диагностикалық критерийлері.
- •57. Жедел ревматикалық қызба. Емі .
- •93.Нефритикалық синдром клиникасы. Емі.
- •3 Теміржетіспеушілік анемия. Диагностикасы. Ажырату диагноз
- •4.Дистрофияның гипотрофия тұрі. Емі.
- •Билет №12
- •120.Гемофилия. Клиникасы, диагностикасы.
- •Рахит. Клинико-диагностикалық критерийлері.
- •31Ерте жастағы балалардағы жедел ошақты пневмония. Диагностикасы, ажырату диагноз.
- •Қан айналым жетіспеушілігі. Емі.
- •Ддұ бойынша жедел ішек инфекцияларыныі жіктелуі. Жедел ішек инфекцияларын алдын алу. Оральдік регидратация жүргізу принциптері (а және б жоспары).
- •Билет №13
- •105.Гипотиреоз. Клиникасы, диагностикасы.
- •Пиелонефрит. Диагностикасы. Ажырату диагноз.
- •Жедел крупозды пневмония. Емі .
- •3.Күні жетіп туған нәресте. Транзиторлы жағдайы.
- •Асқазан және и 12-ішектің ойық жарасы. Клинико-диагностикалық критерийлері.
- •Жедел ревматикалыққызба. Диагностикасы, ажырату диагноз.
- •37.Бронх демікпесі.
- •4.Шала туылған нәресте. Шала туылғанның морфологиялық белгілері. Созылмалы гастриттер, гастродуодениттер. Клинико-диагностикалық критерийлері.
- •106.Диффузды токсикалық зоб. Клиникасы, диагностикасы.
- •Жедел пневмония. Клинико-диагностикалық критерийлері.
- •59.Ревматикалық емес кардит. Диагностикасы. Ажырату диагноз.
- •123.Тромбоцитопениялық пурпура. Клиникасы, диагностикасы.
- •2. Реваматикалық емес кардиттер. Клинико диагностикалық критерийлері.
- •2. Аурудың белсенділігін тежеп, өршуін басу үшін – патогенетикалық ем.
- •3. Ауыр көтеретін және аурудың қауіп көрінісін азайту;ең алдымен ісіну және аг-ны.
- •1. Теміржетіпеушілік анемия клиникасы емі
- •2. Жедел ревматикалық қызба . Клинико-диагностикалықкритерийлері.
- •6 . Объясните матери 4 правила домашнего лечения:
- •20.2Жүректің туа пайда болған ақаулары.Фалло тетрадасы.Аорта коарктациясы.Клинико диагностикалық критерилері.
- •126.Геморрагиялық васкулит. Диагностикасы, ажырату диагнозы.
4.Пиелонефрит емі:
2 жасқа дейінгі балалар стационарда емделеді. Жедел пиелонефрит болса бала төсекте жатып емделеді.
1. диета:
Тұзы аз, сүт пен өсімдік тағамдары беріледі. Сұйықтық көбірек ішкізеді.
2. антибибактериальдық ем. Парентералдық және пероральдық жолмен жүргізеді
Аминопенициллиндер – клавулон қышқылы, сульбактам қосылған ампициллин.
Цефолоспариннің 2 буыны – цефуроксим, цефоклор.
Ауыр түрінде 3 – буынын – цефотаксим, цефтазидим, цефтриаксон, цефаперазон.
Қосымша аминогликазидтер – гентамицин, нетилмицин
60. Ревматикалық емес кардиттер.Емі.стероидтық емес−аспирин,индометацин,вольтарен,аурудың жеделдеу не созылмалы түрінде оларға қоса делагил не плаквенил қолданылады.Жүрек жумысы жетіспеушілігін емдеуде сақтықпен жүрек гликозидтері (дигоксин)беріледі.Осы бағытта зәр жүргізетін препараттар –верошпирон,верошпирон+фуросемид,бринальдикс,модуретик,урогит беріледі.Миокард метаболизмін жақсарту үшін полярлық ерітінді кую,рибоксин,ретаболил,милдронат,долотин,актовегин,витаминдер тағайындайды.
40.Бронх демікпесі. Клинико-диагностикалық критерийлері.
Бронх демікпесі– басты патогенетикалық механизмі қабынумен негізделген бронхтардың гипербелсенділігі, ал клиникалық көрінісі - бронхтық
спазм, гипербөлініс жəне бронхтың сілемейлі қабығының ісінуінен болған, тұншығу ұстамасы (экспираторлы сипаттағы) болатын бронх қабырғаларының созылмалы аллергиялық.қабынуы. Балалардағы БД - үнемі немесе жүйелі түрде пайда болатын жөтел мен көбінесі түнгі жəне таңертеңгілік уақыттағы ысқырық демді қиындаған тыныс алумен сипатталад
Клинико-диогн.критерилері
Шағымдары мен анамнезі - жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялық аурулары фонында: «үй кенесі» секілді аллергендермен немесе жануар тектес аллергендермен қатынаста, таңертеңгі немесе түнгі уақытта физикалық жүктемелерден кейін (əсіресе суық мезгілде); - эпизодтық экспираторлық ентікпе; - ысқырықтық сырылдар; - көкіректегі қысылулар; - құрғақ жөтел болуы мүмкін, бірақ жиірек сілемейлі қақырық болады; - қиындаған ысқырмалы тыныс ұстамалары; - тұншығу ұстамалары, əсіресе түнде, ентікпемен қоса құрғақ сырылдар. - аллергиялық ауруларға тұқымқуалаушылық бейімділік; - тұқымқуалаушылықты анықтау;
- науқас нəрестеде аллергиялық генездегі қосарланған аурулар анықталады (атопиялық дерматит, есекжем, Квинке ісінуі жəне т.б).
Физикалық тексеру:
1. Демікпенің белгілері немесе демікпемен үйлсетін белгілер:
• қайталанатын (ең азы 3 рет) экспираторлық ентігу;
• экспираторлы ысқырықты дем немесе ұзақ мерзімді (> 6 недель) рекуррентті жөтелі. Диспноэсіз жөтелу ажыратпалы нақтама қою үшін мұқият нақтамалануы керек;
• PEF көрсеткіштерінде күндізгі флюктуацияның едəуір (ең азы 20%-ке) төмендеуі (дем шығарудың ең жоғары көлемдік жылдамдығы);
• Броходилятациялық тестіде FEV1 немесе PEF едəуір жақсаруы (немесе mid-expiratory flow at 50% of forced vital capacity, MEF50) ;
• FEV1 едəуір төмендеуі (терең дем шығару көлемі) немесе жүктеме арқылы PEF тестісі;
• гистамин немесе метахолинге бронхиалды гиперсезімталдыққа провакациялық тесті;
• кішкентай балаларда тыныс алу жолдарының қабыну кезінде, аллергендер немесе жүктеме кезінде экспираторлы ысқырық дем;
• Е иммуноглобулинін анықтау.
2. Басқа себептердің (синусит, бронхит, бронхиолит, көкжөтел, трахеялар, бронхтар, көмейдің констрикциясы немесе маляциясы, эзофагеалды рефлюкс, бөгде дене, бронхоэкстаздары, несеп қуығының фиброзы, психогендік этиология) балалар жөтелінің немесе респираторлық аурулардың болмауы.
Егер аталған критерийлер кездессе, демікпе диагнозы қойыла алады.
Инструменталдық зерттеулер: Аурудың ұзақ ағымы кезінде тыныс алу жүйесі\ тарапынан пневмосклероз, эмфизема жəне басқа секілді асқынулар болуы мүмкін, бұл асқынуларды анықтау мақсатында көкірек клеткасының рентгенографиясы көрсетілген (рентгенологиялық сурет - өкпелік суртеттің күшеюі; сирек жағдайда оң өкпенің орта бөлігіндегі ателектаздар немесе кейде пневмониямен шатастыратын кішірек сегментарлық ателектаздар). Өршу кезеңіндеөкпелік тіннің эмфиземалық ісіну белгілері, көкеттің қалыңдауы, қабырғалардың горизонтаольді орналасуы жəне өзге бронх обструкциясының белгілері тəн. Ішкі тыныс алу функциясын зерттеу – спирометрия бронх демікпесі кезіндегі аса маңызды обструкция дəрежесін жəне обструкция қайтымдылығын анықтайды. Пикфлоуметрия – тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығының мониторингі, бронх демікпесінің жағдайы жəне ауырлық ағымының тұрақтылық көрсеткіші. Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Педиатрдың қабылдауы.
2. Жалпы қан анализі (6 параметр ).
3. Пикфлоуметрия.
4. Сыртқы дем алу қыземтін өлшеу.
5. Аллерголог консультациясы.
6. Спецификалық иммундық емдеумен (аллергендермен) спецификалық нақтамалау.
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Кеуде клеткасының рентгенографиясы.
2. Бронхоскопия.
3. Бронхография.
4. Кеуде клеткасы ағзаларының компьютерлік томографиясы.
91.Жедел гломерулонефрит. Диагностикасы. Ажырату диагнозы. Жедел гломерулонефрит-инфекциядан кейін 2-3апта өткен соң көбіне жедел нефриттік синдроммен басталып,цикылдық ағыммен бірте-бірте бәсеңдейтін бүйрек щумақтарының қабынуы.
Диагностикасы—Диагноз қоюға кеселдің жедел басталуы және негізгі белгілері-ісіну,гипертензия,зәр өзгерістері және азотемия көмектеседі.Зәр синдромында алғашқы куннен бастап,қандай өзгерістер болғанын мұхият анықтау қажет.Аурудың даму себебін табу аса мәнді.
Ажырату диагнозы. Нефриттік синдромнан мүлдем бөлек, нефритикалық синдром (НС) балаларда көп. Ол өзіне белгілерімен ажыратылады. (НС-ды қара). Жедел ағымды гломерулонефритті созылмалы ГН –тен ажырату бала ауруның даму тарихын зерттеу арқылы жүргізіледі және биопсия жасалады.
Жедел ағымды пиелонефриттен ажыратуға ісіну мен гипертензия болуы, гематурияның басым болуы, оның гломерулярлық қасиеті көмектеседі. Керісінше, пиелонефритке тән белгі- бактериурия- гломерулонефритте болмайды. Егер диагноз күмәнді болса, эхография арқылы тас, аномалия, гидронефроз сияқты урологиялық аурулардан міндетті түрде ажырату керек. бұл ауруларға гломерулярлық емес гематурия тән.
