Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shygaru_2 (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
153 Кб
Скачать
☆
  1. Жедел ревматикалыққызба. Диагностикасы, ажырату диагноз.

: Жедел ревматизмдік қызба (ЖРҚ) – негізінен балаларда жиі дамитын (7-15), бейім адамдарда дамитын, басымырақ жүрек-тамыр жүйесінде (кардит), буындарда (полиартрит), мида (хорея) және теріде (сақиналы эритема, ревматизмдік түйіндер) орналасатын, дәнекер тінінің жүйелі қабынуы түрінде өтетін А тобындағы β-гемолитикалық стрептококкпен туындайтын тонзиллиттің немесе фарингиттің инфекциядан кейінгі асқынысы.

Жоғарғы тыныс жолдарының зақымдалуына, ревматизмнің дамуына көбінесе себепші болатын А тобының В-гемолитикалық стрептококктары.Ревматизм дамуының бір жағдайы жедел мұрын – жұтқыншақтық стрептококкты инфекциялар және емінің әсерінің жеткіліксіздігі болып табылады.

ЖРҚ анықтағанда 1940 жылы педиатр А.А. Кисель тұжырымдаған синдромды принцип қолданылады, онда 5 негізгі диагностикалық критерии бөлінеді: ұшпалы полиартрит, кардит, хорея, сақиналы эритема, ревматизмді түйіндер. 1944 жылы америкалық кардиолог Т.Д. Джонс көрсетілген синдромдардың бестігін «үлкен» диагностикалық критериялар5а жатқызды, солармен қатар «кіші» клиникалық және зертханалық параметрлерді бөледі.

Ревматизмнің диагностикалық критерилері: (А.И. Несторов толықтыруымен, 1973)

  1. Негізгі белгілері: кардит, ревмокардит; рентгендік дәлелденген жүрек шекараларының кеңеюі; жүрек ұшындағы систолалық немесе мезодиастолалық шудың болуы; ұйымалы перикардиттің дамуы мен оған тән жүрек конфигурациясы мен шекараларының өзгеруі, перикард үйкеліс шуының пайда болуы мен электрокардиографиялық көрсеткіштер өзгерісі; басқа себептерді жоққа шығарғандағы 25 жасқа дейінгі науқаста немесе жас балада қан айналым жеткіліксіздігінің дамуы.

  2. Полиартрит пен оған тән буынның ісінуі, қызаруы, ауырсынуы, өозғалысының шектелуі мен ыстық сезімі.

  3. Хорея, аяқ – қолдар мен беттің мимикалық бұлшықеттерінің еріксіз жиырылуымен сипатталады.

  4. Тері астылық түйіндер – буын аймағында теріасты клетчаткасында орналасатын, жаңғақ немесе бұршақ үлкендігіндей ауырмайтын, тығыз кіші түзілістер.

  5. Сақина тәрізді эритема – контуры біркелкі емес, сақина тәрізді қызғылт түсті рецидивирлеуші бөртулер.

Түсі шетінен ортасына қарай төмендейді.

Кеуденің бүйір бетінде, мойында, аяқ – қолдың жоғарғы жағында, сирек бетте байқалады, балалық, жас өспірім және жас шағында кездеседі. Эритема тұрақты емес, жылы әсерінен көбейеді.

  1. Ревматизмдік анамнез – хронологиялық байланысқа көрсететін ауру жақында басынан кешкен мұрын жұтқыншағы стрептококкты инфекциямен, қайталамалы ангина ЖРА жаңадан ауыратын жанұяда, мектепте партада, жұмыс орында ревматизммен ауырған болса.

  2. Дәлелдеу ех juvantibus антиревматикалық препараттармен емдеу, аурудың жақсару ағымы 3-5 күндізгі сынама курсы бойынша

ІІ. Қосымша көріністер:

А: Жалпы:

  1. температураның көтерілуі

  2. адинамил, тез шаршағыштық, тітіркендіргіш, әлсіз

  3. тері жамылғысының бозаруы вазамоторлы және лобильді

  4. терлегіштік

  5. мұрыннан қан кету

  6. Абданинальды синдром

ВОЗ (1992) нұсқасы бойынша кіші диагностикалық ревматизм критерилеріне байланысты: қызба, артралгия, анамнезінде ревматизм, РР аралығының ұзаруы, ЭТЖ-ның жоғарылауы, СРБ-ның құрамы жоғарылайды, одан басқа арнайы (Нестеров А.Н. 1972) гемолитикалық стрептококктардың инфицирлеуіне байланысты критерилер.

Б: Арнайы, басты бейне, лабораториялық көрсеткіштер:

  1. лейкоцитоз (нейтрофильді)

  2. диспротеинемия (ЭТЖ-ның жоғарылауы, гиперфибриногенемия, СРБ-ның пайда болуы, сулық мунапротеиндер, гликопротеиндер

  3. патологиялық, серологиялық көрсеткіштер: қанда стрептококкты антигеннің болуы, титрдің жоғарылауы АСЛ-О, АСК, АСТ.

  4. Капиляр өткізгішінің жоғарылауы

Ревматизм диагнозын қою үшін науқастардан басты екі критериді табу қажет: бірінші негізгі, екінші қосымша.1-ші ретті ревматизмнің диагностикалық синдромы өшірілген, атипиялы ревматизмнің латентті ағымы. А.Н. Нестеров (1976) 1-ші ретті диагностикалық синдромы ұсынылған. 1-ші клинико – эпидемиологиялық синдром мәліметтеріне байланысты аурудың стрептококкты инфекциямен байланысты туралы куәландырады.

2-ші клиникалық синдромға кіреді:

А) Бастан өткерген мұрын – жұтқыншақ инфекциясынан кейінгі себепсіз жалпы жағдайдың қалпына келмеуі, шаршағыштық, жүрек қағу, артралгиялар, тұрақсыз субфебринитет.

Б) Стрептококкты антиденелер титрі жоғарылауы, клеткалық иммунитеттің өзгеруі, аутоиммундалу симптомдары, қабынудың биохимиялық белгілерін анықтау (диспротеинемия, ЭТЖ жоғарылауы, СРБ).

Клиникалық, құрал – графикалық, рентгендік және т.б. зерттеу әдістерімен анықталатын кардиоваскулярлы синдром. Ревматоидтық процесстің экстракардиальді локолизациясы мен кардиттің бар екенін дәлелдейді.Зертханалық көрсеткіштері: Қабыну процессінің белсенділігін анықтау үшін, лейкоциттер санын анықтау, ЭТЖ, серомукоид белоктарын, фибриноген а1 және а2 – глобумендер мөлшерін анықтау, СРБ, т.б. лабораториялық тестілер қолданады. Қанда стрептолизин, стрептокиназа, стрептогиалуронирозаға антиденелердің анықталуы – диагноздың қосымша критериі болып табылады. Стрептококкқа қарсы антиденелердің ең жоғарғы титрі ревматизмнің ІІІ дәрежелі активліктегі жедел ағымы кезінде байқалады. қанда АСЛ-О, АСТ, анти-ДНК-аза В бірге табылса, стрептококкқа қарсы гипериммунды жауап анықталады.

ЖРҚ-ның диагностикасында қолданылатын Кисель-Джонсон критерилері (АРР өзгертуімен, 2003)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]