- •Қазақстан Республикасының сот жүйесі
- •Мазмұны
- •«Қазақстан Республикасының сот жүйесі» курсын оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •Теориялық бөлім
- •Сот органдарының қалыптасу тарихы
- •Сот қызметін регламенттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер
- •Сот төрелігінің принциптері
- •3. Судья әділсотты жүзеге асырғанда тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады (қр Конституциясының 77 бабы 1,2 б.).
- •Барлық соттармен Қазақстан Республикасының қолданыстағы
- •17. Сот қарастырылған дәлелдемелер жиынтығына негізделген өзінің ішкі нанымы бойынша, заңды және ар-намысты басшылыққа алып, дәлелдемелерді бағалайды.
- •19. Заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды.
- •4 Қазақстан Республикасының сот жүйесін ұйымдастыру
- •4.1 Аудандық және оған теңестірілген соттар
- •4.2 Облыстық және оған теңестірілген соттар
- •4.3 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
- •4.4 Мамандандырылған соттар
- •5 Соттардың құқықтық актілерінің түсінігі және түрлері
- •6 Судьялардың құқықтық мәртебелері
- •6.1 Судья лауазымына үміткерлерге қойылатын талаптар
- •6.2 Судьялар өкілеттігін тоқтату. Судьяларды лауазымынан босату
- •6.3 Судьялардың тәртіптік жауапкершілігі
- •7 Сот жүйесінің қызмет қылуын қамтамасыз ететін органдар
- •7.1 Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының аппараты)
- •7.2 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі
- •8 Алқабилердің құқықтық жағдайлары
- •9 Қазақстан Республиксындағы аралық соттарды құқықтық регламенттеу
- •10 Сот орындаушыларының және сот приставтарының құқықтық мәртебелері
- •Аудандық сот заңмен белгiленген тәртiппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады.
- •Облыстық сот құрамы
- •1 «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы» (Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24.08. №858 Жарлығымен бекітілген)
- •2 Қазақстан Республикасы судьяларының 2009 жылғы 18 қарашадағы V съездінің қаулысымен бекітілген Судья этикасының кодексі
- •3 Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 17 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі туралы» заңы
- •Пайдаланылған дереккөздер тізімі
4.3 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
Республикамыздың Жоғарғы Сотының мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленеді. Республикамыздың Жоғарғы Соты жергілікті және басқа соттардың соттылығындағы азаматтық, қылмыстық және басқа істер бойынша жоғарғы сот органы болып табылады, заңмен белгіленген процессуалдық нысанмен олардың қызметін қадағалайды және сот тәжірибесі бойынша түсіндірулер береді.
Жоғарғы Сот еліміздің бірыңғай сот жүйесінің жоғарғы буыны болып табылады. Ол сот істері бойынша қадағалау сатысы болып саналады. Шын мәнінде, оның қатысуымен соттың істі қарауы аяқталады: егер қадағалау сатысы бұрын шығарылған барлық шешімдердің заңдылығын растаса, осымен істің әрі қарай қараудың процессуалдық мүмкіндігі тәмамдалады. Жоғарғы Сот оның әрі қарай сот болашағына «нүкте» қояды.
Жоғарғы Сот:
өзінің соттылығна жатқызылған сот істерін және материалдарын қарастырады;
сот тәжірибесін зерттейді және оны жинақтау қорытындылары бойынша республика соттарымен сот төрелігін жүргізгенде заңдылықты сақтау сұрақтарын қарастырады;
нормативтік қаулылар қабылдайды, сот тәжірибесі сұрақтары бойынша түсінік береді;
заңмен белгіленген басқа өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Жоғарғы Сот Төрағадан және судьялардан тұрады.
Жоғарғы Сот судьяларының саны Жоғарғы Сот Төрағасының ұсыныс бойынша Қазақстан Республикасының Президентімен белгіленеді.
Жоғарғы Сотта сот алқалары құрылады және мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін.
Жоғарғы Сот органдары болып табылатындар:
пленарлық отырыс;
азаматтық және әкімшілік істер бойынша қадағалау сот алқасы;
қылмыстық істер бойынша қадағалау сот алқасы.
Сот алқасын төраға басқарады, ол Конституциялық заңмен белгіленген тәртіпте лауазымына тағайындалады.
Сот алқаларының сандық және кісілік құрамы Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша Жоғарғы Соттың пленарлық отырысымен белгіленеді. Жоғарғы Сот Төрағасы олардың сандық құрамы туралы ұсыныс енгізеді, ол негізге алынғанымен, кесімді шешім қабылдайтын пленарлық отырыстың талқылау барысында өзгеруі немесе толықтырылуы мүмкін.
Жоғарғы Сот Төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқара отырып:
1) жоғарғы сот органы ретінде Жоғарғы Сотты басқарады;
2) сот алқасы және мамандандырылған құрамы отырыстарында төрағалық етуге құқылы;
3) Жоғарғы Соттың пленарлық отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етеді;
4) заңмен көзделген негіздер бойынша қадағалау тәртібімен сот актілерін қайта қарау туралы ұсыныстарды және сот тәжірибесінің сұрақтары бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын қабылдау үшін материалдарды Жоғарғы Соттың пленарлық отырысына қарастыруға енгізеді;
5) Жоғарғы Соттың пленарлық отырысына ғылыми-консультациялық кеңес мүшелерін және Жоғарғы Соттың пленарлық отырысы хатшысының кандидатураларын бекітуге ұсынады;
6) қажет болған жағдайда бір сот алқасының құрамында істерді қарау үшін басқа сот алқасының судьяларын қатыстырады;
6-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы және судьялық этика нормаларын сақтау бойынша жұмыстарды қамтамасыз етеді;
7) Жоғарғы Сот жұмысының жоспарын бекітеді;
8) алқалар жұмысын үйлестіреді;
9) Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне уәкілетті орган туралы ережені ұсынады;
9-1) Қазақстан Республикасы Президентімен бекітілген штаттық сан лимиті көлемінде әлеуметтік органның құрылымын және штаттық кестесін заңмен белгіленген тәртіппен бекітеді;
9-2) заңмен белгіленген тәртіппен уәкілетті органның басшысын және оның орынбасарларын лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;
10) азаматтарға жеке қабылдау жүргізеді;
11) өкімдер шығарады.
Жоғарғы Сот Төрағасы республикамыздың мемлекет билігінің басқа тармақтарының органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынаста республикамыздың сот жүйесінің мүддесін білдіреді.
Жоғарғы Сот Төрағасы:
тиісті пленарлық отырыстардың төрағаларының, жергілікті және басқа соттардың сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының және судьяларының бос лауазымына альтернативтік негізде кандидатураларды қарастыруға ұсынады;
Жоғарғы Сот Кеңесіне аудандық соттар төрағаларының бос лауазымына кандидатураларды жергілікті және басқа соттардың пленарлық отырыстарының шешімдері негізінде ұсынады;
Жоғарығы Сот Кеңесіне Жоғарғы Сот судьяларының және сот алқалары төрағаларының, облыстық сот төрағаларының және сот алқалары төрағаларының лауазымына кандидатураларды Жоғарғы Соттың пленарлық отырысының шешімі негізінде ұсынады;
заңды жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар енгізеді;
Конституциялық заңмен көзделген негіздер пайда болғанда республика соттары судьяларының және төрағаларының, сот алқалары төрағаларының өкілеттіктерін тоқтату сұрақтары бойынша материалдарды және ұсыныстарды Жоғарғы Сот Кеңесіне ұсынады;
Қазақстан Республикасының Президентіне уәкілетті органның қызметкерлерін және судьяларды мемлекеттік марапатпен марапаттау және оларға құрметті атақ беру туралы ұсыныс енгізеді;
Республика судьяларына «Құрметті судья» атағын береді, осы атақты беру тәртібі туралы Ережені бекітеді;
заңмен және басқа нормативтік құқықтық актілермен көзделген басқа өкілеттілікті жүзеге асырады.
Жоғарғы Сот судьяларымен сот істерін қарастыруды ұйымдастыру сұрақтарымен Жоғарғы Сот Төрағасы айналысады. Бұл, іс жүргізудегі барлық істер процессуалдық мерзімде, білікті, жан жақты және заңды қаралуы бойынша барлық қажетті шараларды ол қабылдауы қажет екендігін білдіреді. Бұл дегеніміз алқаларда мамандандырылған құрамдар құру, судьяларды нормативтік және басқа материалдармен қамтамасыз ету, істерді шешу мерзімін сақтауды бақылау және көптеген басқалары.
Жоғарғы Сот Төрағасының уақытша болмауы (ауырып қалғандықтан уақытша еңбекке жарамсыздығы, демалыста немесе қызметтік іс сапарда болуы) оның міндеттерін тиісті мерзімге Жоғарғы Сот алқаларының бір төрағасына беруді қажет етеді. Жоғарғы Сот Төрағасының орнынан түсуіне немесе өкілеттігінің басқа жағдайларда уақытынан бұрын тоқтауына байланысты Төрағаның міндеттерін уақытша орындау Жоғарғы Сот алқалары төрағаларының (судьяларының) біріне Қазақстан Республикасы Президентімен жүктеледі. Жоғарғы Сот Төрағасының міндеттерін оны ауыстыратын тұлғаға жүктеу жазбаша өкіммен жасалады.
Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары тұрақты судьялар болып табылады. Судьялар ретінде олар сот билігін таратушылар болып табылады және сот төрелігін жүзеге асыру қызметін атқарады. Бұдан басқа сот алқаларының төрағаларына, олардың лауазымдық жағдайларына тән, табиғаты жағынан ұйымдастыру-қамсыздандыру болып табылатын міндеттер жүктелген.
Сот алқасының төрағасы:
сот алқасының отырыстарында төрағалық етеді;
судьялармен сот істерін қарастыруды ұйымдастырады;
сот тәжірибесін зерттеу және оны жинақтау жұмыстарын ұйымдастырады;
Жоғарғы Соттың пленарлық отырысында қарастыру үшін судьялармен тиісті құжаттар дайындауды қамтамасыз етеді;
Сот алқасының қызметі туралы ақпаратты Жоғарғы Соттың пленарлық отырысына ұсынады;
Заңмен белгіленген басқа өкілеттікті жүзеге асырады.
Сот алқасы төрағасының уақытша болмауы кезінде оның міндеттерін орындау Жоғарғы Сот Төрағасының өкімімен сот алқасының бір судьясына жүктеледі.
Жоғарғы Соттың пленарлық отырысы:
Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша тиісті сот алқасының сандық және кісілік құрамын белгілейді;
сот тәжірибесін зерттейді және оны жинақтау қорытындылары бойынша республика соттарымен сот төрелігін жүргізгенде заңдылықты сақтау сұрақтарын қарастырады;
нормативтік қаулылар қабылдайды, сот тәжірибесінің сұрақтары бойынша түсініктер береді және заңды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
заңға сәйкес қадағалау тәртібімен сот істерін қарайды;
уәкілетті орган басшысының және Жоғарғы Сот алқалары төрағаларының ақпараттарын тыңдайды;
Қазақстан Республикасы Конституциясының 47 бабы 2 пунктімен белгіленген жағдайларда тұжырым береді;
Облыстық сот төрағасының, облыстық сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Сот судьяларының және сот алқалары төрағаларының бос лауазымына кандидатураларды талқылайды және тиісті тұжырым шығарады;
Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша пленарлық отырыс хатшысын және ғылыми-консультативтік кеңестің құрамын бекітеді және құпия дауыс берумен Сот төрешісін (жюри) сайлайды;
сот төрелігін жүргізуде төмен көрсеткіштері бар немесе сот істерін қарастыруда заңдылықты жүйелі түрде бұзған судьяға қатысты материалдарды Сот төрешісіне (жюри) жолдау туралы сұрақты талқылайды және тақылау қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылдайды;
судья мантиясының сипаттамасын және түрін бекітеді;
заңмен белгіленген басқа өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Пленарлық отырыс Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санының үштен екісінен кем болмаған жағдайда ғана құқықты болып саналады. Жоғарғы Соттың пленарлық отырысының жұмыс тәртібі оның бекітілген регламентімен анықталады.
Жоғарғы Сот жанында ғылыми-консультативтік кеңес және баспасөз органы құрылады.
