Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
меру.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
875 Кб
Скачать
☆

7.1 Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының аппараты)

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметiн қамтамасыз ету департаментi (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) (бұдан әрi - Департамент) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергiлiктi және басқа да соттардың (бұдан әрi - соттардың кеңселерiнiң) қызметiн ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ететiн орган болып табылады.

Осы орайда соттардың қызметiн ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп сот төрелiгiн жүзеге асыру үшiн жағдай жасауға бағытталған ұйымдық және материалдық-техникалық сипаттағы iс-шаралар түсiнiледi.

Департамент өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының өкімдерін басшылыққа алады.

Департамент  және  соттардың  кеңселерi  Қазақстан  Республикасы Жоғарғы  Сотының, жергiлiктi және басқа да соттардың қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi органдардың бiрыңғай жүйесiн құрады. Департамент  және  соттардың кеңселерi мемлекеттiк мекемелердiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар болып табылады, олардың өз атауы жазылған мөрлерi, мөртаңбалары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерде шоттары болады.

Департаменттiң құрылымын және штат кестесiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен штат саны лимитiнiң шегiнде Департамент басшысының ұсынымы бойынша және Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы бекiтедi.

Соттар кеңселерiнiң құрылымдары мен штат кестелерiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен штат саны лимитiнiң шегiнде тиiстi соттардың кеңселерi басшыларының ұсынымы бойынша Департамент басшысы бекiтедi.

Департаменттiң  негiзгi  мiндеттерi  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы Сотының, жергiлiктi және басқа да соттардың қызметiн ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.

Департамент белгіленген өкілеттіктер шеңберінде келесі қызметтерді жүзеге асырады:

1) соттардың қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

2) судьялардың сот төрелiгiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

3) заңнамаға  сәйкес  Қазақстан  Республикасы  Жоғары  Сот  Кеңесi жанындағы Бiлiктiлiк комиссиясын қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру;

4) сот приставтарының қызметiне ұйымдық және әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асыру;

5) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне сот статистикасы туралы, сот төрелiгiн жүзеге асырудың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергiлiктi және басқа да соттардың қызметiн ұйымдық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудiң жай-күйi туралы ақпарат дайындау;

6) заңнамада белгiленген тәртiппен соттардың жұмысын кадрлық қамтамасыз ету;

7) Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Соты  Төрағасының,  Сот  жюриiнiң,  Судьялардың республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот органдарының жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

8) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қабылдаған шешiмдердiң орындалуын қамтамасыз ету;

9) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасына жергiлiктi және басқа да соттарды құру, қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы ұсыныстар енгiзу;

10) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының келiсiмiмен және тиiстi соттардың төрағаларының ұсынымы негiзiнде Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен штат саны лимитi шегiнде әрбiр жергiлiктi және басқа да соттың судьяларының санын анықтау;

11) судьялар мен сот қызметкерлерiнiң жүктемелерiнiң нормативтерiн әзiрлеу;

12) сот жүйесi органдарының ғимараттарын, үй-жайларын және басқа да объектiлерiн салуды, жөндеудi және техникалық жабдықтауды ұйымдастыру;

13) соттар кеңселерiнiң және Департаменттiң ведомстволық бағынысты ұйымдарының бюджет қаражатын жұмсауына бақылауды жүзеге асыру, олардың қаржы-шаруашылық қызметiне ревизия жүргiзу;

14) сот статистикасын жүргiзу;

15) судьялар мен сот қызметкерлерiнiң жеке есебiн жүргiзу;

16) судьяларды, оның iшiнде отставкадағы судьяларды заңнамаға сәйкес материалдық және әлеуметтiк қамтамасыз етудi ұйымдастыру;

17) өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге және құқықтық сараптама жасауға қатысу;

18) өзiне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Департамент өз құзыретiнiң шегiнде:

1) белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан қажеттi құжаттар мен материалдарды сұратуға;   2) өз  құзыретiнiң  шеңберiнде  аумақтық  бөлiмшелерде  және  ведомстволық бағынысты ұйымдарда тексеру жүргiзуге;     3) заң жобалау, сараптама, зерттеу жұмыстарын орындау және консультациялар беру үшiн белгiленген тәртiппен ғылыми ұйымдарды, мемлекеттiк және өзге де органдардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерiн, мамандар мен сарапшылар тартуға;     4) Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Соты  Төрағасының  келiсiмi  бойынша  Қазақстан Республикасының Үкiметiне судьялар мен сот қызметкерлерiнiң еңбегiн қорғау, оларды материалдық және әлеуметтiк қамтамасыз ету мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзуге;

5) заңнамада  белгiленген  тәртiппен  мемлекеттiк  органдардың  иелiгiндегi  ақпараттық деректер қорын пайдалануға;    6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

Департаменттi Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы және Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Басшы басқарады.

Департамент басшысының орынбасарлары болады, оларды Департамент басшысының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Департамент  басшысы  Департамент қызметiн ұйымдастырады және басқарады, өзiне жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапкершiлiкте болады.

Департамент басшысы:

     1) заңнамада белгiленген тәртiппен Департаменттiң қызметкерлерiн, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен орынбасарларын, соттар кеңселерiнiң басшылары мен олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

     2) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар үшiн жеке жауапкершiлiкте болады;

  3) Департамент  қызметкерлерiнiң,  сондай-ақ  соттар  кеңселерi  басшылары мен олардың орынбасарларының функционалдық мiндеттерiн (лауазымдық нұсқаулықтарын) бекiтедi;

   4) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына өзiнiң орынбасарларын көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету немесе тәртiптiк жаза қолдану туралы ұсыныстар енгiзедi;

  5) заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент қызметкерлерiн көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету немесе тәртiптiк жаза қолдану мәселелерiн шешедi;

6) мемлекеттiк органдармен, азаматтармен және ұйымдармен өзара қарым-қатынаста Департамент атынан өкiлдiк етедi;

7) Департаменттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi және соттар кеңселерi туралы үлгiлiк ереженi бекiтедi;

8) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысын Департаменттiң қызметi туралы хабардар етедi;

9) соттар  мен  Департаменттi  қаржыландыру  мәселелерi  жөнiндегi  Жоғарғы  Соттың Төрағасымен келiсiлген ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi;

10) өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша өкiмдер шығарады;

11) Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  және  осы  Ережеде  көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Департамент и соттардың кеңселері азаматтық-құқықтық қатынасқа өз атынан қатысады.

Департамент  және  соттар  кеңселерi  қызметiн  қаржыландыру  республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.