- •Қазақстан Республикасының сот жүйесі
- •Мазмұны
- •«Қазақстан Республикасының сот жүйесі» курсын оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •Теориялық бөлім
- •Сот органдарының қалыптасу тарихы
- •Сот қызметін регламенттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер
- •Сот төрелігінің принциптері
- •3. Судья әділсотты жүзеге асырғанда тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады (қр Конституциясының 77 бабы 1,2 б.).
- •Барлық соттармен Қазақстан Республикасының қолданыстағы
- •17. Сот қарастырылған дәлелдемелер жиынтығына негізделген өзінің ішкі нанымы бойынша, заңды және ар-намысты басшылыққа алып, дәлелдемелерді бағалайды.
- •19. Заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды.
- •4 Қазақстан Республикасының сот жүйесін ұйымдастыру
- •4.1 Аудандық және оған теңестірілген соттар
- •4.2 Облыстық және оған теңестірілген соттар
- •4.3 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
- •4.4 Мамандандырылған соттар
- •5 Соттардың құқықтық актілерінің түсінігі және түрлері
- •6 Судьялардың құқықтық мәртебелері
- •6.1 Судья лауазымына үміткерлерге қойылатын талаптар
- •6.2 Судьялар өкілеттігін тоқтату. Судьяларды лауазымынан босату
- •6.3 Судьялардың тәртіптік жауапкершілігі
- •7 Сот жүйесінің қызмет қылуын қамтамасыз ететін органдар
- •7.1 Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының аппараты)
- •7.2 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі
- •8 Алқабилердің құқықтық жағдайлары
- •9 Қазақстан Республиксындағы аралық соттарды құқықтық регламенттеу
- •10 Сот орындаушыларының және сот приставтарының құқықтық мәртебелері
- •Аудандық сот заңмен белгiленген тәртiппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады.
- •Облыстық сот құрамы
- •1 «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы» (Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24.08. №858 Жарлығымен бекітілген)
- •2 Қазақстан Республикасы судьяларының 2009 жылғы 18 қарашадағы V съездінің қаулысымен бекітілген Судья этикасының кодексі
- •3 Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 17 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі туралы» заңы
- •Пайдаланылған дереккөздер тізімі
6.3 Судьялардың тәртіптік жауапкершілігі
Судьялардың тәртіптік жауапкершілігіне негіз болып табылады:
- сот істерін қарастырғанда заңдылықты бұзу;
- судья этикасына қайшы келетін, ұятқа қалдыратын қылық жасау;
- еңбек тәртібін қатаң бұзу.
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңымен көзделген негіздер бойынша судьяны лауазымынан босату; қызметтік міндеттерін тиісті орындамағаны үшін сот төрағасын немесе сот алқасы төрағасын лауазымынан босату; біліктілік классын төмендету; сөгіс; ескерту сияқты тәртіптік жазалар түрлері судьяларға салынады.
Судьяны тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы сұрақты шешу кезінде «әрбір тәртіптік қылық үшін бір тәртіптік жаза» ережесі қолданылады.
Тәртіптік өндірісті қозғау құқығы:
1) Республиканың кез келген судьясына қатысты – Республикалық тәртіптік-біліктілік алқасына;
2) аудандық сот судьясына және төрағасына, облыстық сот судьясына қатысты – облыстық тәртіптік-біліктілік алқаларға тиесілі.
Судьяға қатысты тәртіптік өндіріс теріс қылық анықталған күнен бастап, судьяның негізді себептерге байланысты жұмыста болмуын және қызметтік тексеріс уақытын есептемегенде, үш ай ішінде және теріс қылық жасалған күннен бастап бір жыл ішінде қозғалуы мүмкін. Сот ісін қарастыруда судьяның заңдылықты бұзуымен байланысты тәртіптік теріс қылықты анықтау күні болып жоғарғы саты сотының сот актісі заңды күшіне енген күн саналады, ал сондай қылықты жасаған күн болып заңсыз сот актісін шығарған күн саналады. Тәртіптік іс оны қозғағаннан кейін екі айдың ішінде қарастырылуы тиіс.
Республикалық тәртіптік-біліктілік алқасы Жоғарғы Сот судьяларына, алқаларының төрағаларына, облыстық сот төрағаларына және алқаларының төрағаларына қатысты тәртіптік істерді, тәртіптік өнідірістерді қозғау туралы сұрақтарды және облыстық тәртіптік-біліктілік алқаларының шешімдеріне қатысты шағымдарды қарастырады.
Облыстық тәртіптік-біліктілік алқалары аудандық сот судьяларына және төрағаларына, облыстық сот судьяларына қатысты тәртіптік істерді, тәртіптік өндірістерді қозғау туралы сұрақтарды қарастырады.
Тәртіптік істерді қарастыру тәртібі және тәртіптік-біліктілік алқаларының қызметі Қазақстан Республикасы Президентімен бекітілген ережелермен регламенттеледі.
Тәртіптік-біліктілік алқасы тәртіптік іс бойынша келесі шешімдердің бірін шығарады:
тәртіптік жаза салу туралы;
тәртіптік өндірістің доғарылуы туралы;
төмен тұрған тәртіптік-біліктілік алқа шешімін өзгерту немесе істі жаңадан қарастыруға қайтару немесе шешімді өзгеріссіз қалдыру туралы.
Егер жаза салынған күннен бастап бір жыл ішінде судья жаңа тәртіптік жазаға тартылмаса, ол тәртіптік жазаға тартылмаған болып саналады.
Судья өзінің міндеттерін сапалы орындаса және мінсіз мінез-құлық көрсетсе, тәртіптік жаза салынған күннен бастап алты ай өткен соң уақытынан бұрын алынуы мүмкін.
Тәртіптік жазаны салған тәртіптік-біліктілік алқасымен тәртіптік жаза уақытынан бұрын алынуы мүмкін.
7 Сот жүйесінің қызмет қылуын қамтамасыз ететін органдар
Мақсаты: Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету бойынша департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының аппаратының) және Қазақстан Республикасының Жоғарғы срт кеңесінің қызметімен және өкілеттігімен таныстыру
