- •Қазақстан Республикасының сот жүйесі
- •Мазмұны
- •«Қазақстан Республикасының сот жүйесі» курсын оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •Теориялық бөлім
- •Сот органдарының қалыптасу тарихы
- •Сот қызметін регламенттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер
- •Сот төрелігінің принциптері
- •3. Судья әділсотты жүзеге асырғанда тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады (қр Конституциясының 77 бабы 1,2 б.).
- •Барлық соттармен Қазақстан Республикасының қолданыстағы
- •17. Сот қарастырылған дәлелдемелер жиынтығына негізделген өзінің ішкі нанымы бойынша, заңды және ар-намысты басшылыққа алып, дәлелдемелерді бағалайды.
- •19. Заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды.
- •4 Қазақстан Республикасының сот жүйесін ұйымдастыру
- •4.1 Аудандық және оған теңестірілген соттар
- •4.2 Облыстық және оған теңестірілген соттар
- •4.3 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
- •4.4 Мамандандырылған соттар
- •5 Соттардың құқықтық актілерінің түсінігі және түрлері
- •6 Судьялардың құқықтық мәртебелері
- •6.1 Судья лауазымына үміткерлерге қойылатын талаптар
- •6.2 Судьялар өкілеттігін тоқтату. Судьяларды лауазымынан босату
- •6.3 Судьялардың тәртіптік жауапкершілігі
- •7 Сот жүйесінің қызмет қылуын қамтамасыз ететін органдар
- •7.1 Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының аппараты)
- •7.2 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі
- •8 Алқабилердің құқықтық жағдайлары
- •9 Қазақстан Республиксындағы аралық соттарды құқықтық регламенттеу
- •10 Сот орындаушыларының және сот приставтарының құқықтық мәртебелері
- •Аудандық сот заңмен белгiленген тәртiппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады.
- •Облыстық сот құрамы
- •1 «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы» (Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24.08. №858 Жарлығымен бекітілген)
- •2 Қазақстан Республикасы судьяларының 2009 жылғы 18 қарашадағы V съездінің қаулысымен бекітілген Судья этикасының кодексі
- •3 Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 17 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі туралы» заңы
- •Пайдаланылған дереккөздер тізімі
3. Судья әділсотты жүзеге асырғанда тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады (қр Конституциясының 77 бабы 1,2 б.).
Бұл қағиданың мазмұны судьялар ешкімнің кірісуінсіз, ешқандай қысымсыз немесе басқа ықпалсыз жауапты шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын жағдайлар жасауды қамтамасыз етуге талпыну. Бұл қағидаға кепіл береді:
а) жауапкершілікпен қорқыту арқылы араласуға тікелей тиым салу. Мысалы, ҚР ҚК 339 бабы 1 және 3 баптары әділсот жүргізуге қарсылық көрсету мақсатында соттың қызметіне қандай түрде болмасын араласқаны үшін қылмыстық жауапкершілікті ескерген.
б) мемлекеттік билік органдары жүйесінде соттың дербес орны. Сот президенттік биліктің құрылымы болып табылмайды, Парламентке, Үкіметке, министрліктерге, комиттерге және ведомстволарға бағынышты емес.
в) республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылуы. Парламент жыл сайын республикалық бюджетті бекітеді, сонда Республикамыздың Жоғарғы сот және жалпы сот жүйесі шығындарын көздеп отырады.
г) судьяның қолсұғылмаушылығы. Мысалы, судьяға, сот приставына, соттың атқарушысына, сол сияқты олардың туыстарына iстiң немесе материалдардың сотта қаралуына, не үкiмдi орындауға, соттың шешiмiне немесе өзге сот актiлерiне байланысты аталған тұлғалардың заңды қызметiне кедергi жасау, не iстеген қызметi үшiн кек алу мақсатында олардың өмiрiне қол сұғу ҚР ҚК-нің 340 бабымен, Сот төрелiгiн жүзеге асыруға байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттерi ҚР ҚК-нің 341 бабымен, Судьяға, сот приставына, соттың атқарушысына қатысты жала жабу ҚР ҚК-нің 343 бабымен. Құқықбұзушылықтың бұл барлық түрлері сот төрелігіне қарсы қылмыстар болып есептеледі.
д) соттардың саясатсыздануы. Заң судьяларға партияларда, кәсіби одақтарда тұруға, қандайда бір саяси партияны қолдап немесе қарсы болып шығуға тыйым салады. Және де судья лауазымы депутаттық мандатпен үйлеспейді.
е) судьялар нақты істер бойынша есеп бермейді. Демократиялық заңдар көмегімен қоғам заңсыздықтың «телефондық құқық» сияқты архаизмінен арылуға талпынуда. Судья жоғарыдағы шенеуліктердің пікірлеріне қарайламай қызметін атқаруы керек, сот буындары жетекшілерімен, сот билігі иерархиясында жоғары сатыдағы судьялармен сот ісін жүргізу және құқықты пайдалану сұрақтары бойынша кеңесуге міндетті емес.
ж) судьяның ауыспалы еместігі. Судья, заңмен тікелей көзделген жағдайлардан басқа уақытта, атқаратын лауазымынан негізсіз босатылмайды. Ол басқа лауазымға өзінің келісімісіз ауыстырылмайды. Олардың қызметін тоқтатудың және жұмысынан босатудың ерекше тәртібі бар.
з) сотты құрметтемегені үшін жауапкершілік белгілеу. Сотты құрметтемеу қылмыстық тәртіппен қудаланады, сонымен бірге сотты құрметтегені үшін айыппұл және әкімшілік қамау түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген.
4. Сот билігін, барлық соттарға бірыңғай заңдармен белгіленген, сот ісін жүргізу нысандары арқылы жүзеге асыру. Сот билігін тарату заңмен белгіленген сот ісін жүргізу нысандары арқылы қатаң жүзеге асырылады, атап айтқанда: қылмыстық сот ісін жүргізу Қылмыстық іс жүргізу кодексімен, азаматтық сот ісін жүргізу Азаматтық іс жүргізу кодексімен және әкімшілік сотісін жүргізу Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекспен регламентеледі.
