Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
меру.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
875 Кб
Скачать
☆

9 Қазақстан Республиксындағы аралық соттарды құқықтық регламенттеу

Мақсаты: аралық соттар қызметінің құқықтық регламенттеуін түсіндіру

Қазақстан Республикасының аралық соттар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi.

Аралық сотта iс қарау:

- туындаған дау бойынша аралық сотта iс қарауды жүзеге асыру тәртiбi мен талаптары мәселелерiн тараптардың өзара алдын ала келiсуi бойынша өз бетiнше шешуге құқығы бар екендiгiн бiлдiретiн тараптар еркiнiң дербестiгi;       - аралық судьялар мен соттар өз шешiмдерiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы заңнамалық актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ғана нормаларын басшылыққа алатынын бiлдiретiн заңдылық;

- аралық судьялар мен соттардың өздерiне берiлген дауларды шешу кезiнде тәуелсiз екенiн, шешiмдi оларға қандай да бiр ықпал етудi болғызбайтын жағдайларда қабылдайтынын бiлдiретiн тәуелсiздiк;       - тараптардың аралық сотта iс қарауда бiрдей құқық көлемiн пайдаланатынын және бiрдей мiндеттер көлемiн мойнына алатынын, өз ұстанымын, оны қорғау тәсiлдерi мен құралдарын аралық соттан, басқа да органдар мен тұлғалардан дербес және тәуелсiз таңдауын бiлдiретiн жарыспалылығы мен тең құқылы болуы;       - аралық судьялар мен соттар өздерiне берiлген дауларды шешу кезiнде және аралық сотта iс қараудың тараптары белгiленген талаптарды, қоғамның имандылық принциптерiн және iскерлiк әдеп ережелерiн сақтай отырып, адал әрекет етуге тиiс екенiн бiлдiретiн әдiлеттiлiк;

- азаматтың тиiстi органға ақпаратты хабарлау мiндетi заңда көзделгеннен басқа жағдайларда, аралық судьялардың аралық сотта iс қарау барысында белгiлi болған мәлiметтердi тараптардың немесе олардың құқық мирасқорларының келiсiмiнсiз жария етуге құқығы жоқтығын және аралық сотта iс қарау барысында өздерiне белгiлi болған мәлiметтер туралы куәлар ретiнде олардан жауап алынбайтынын бiлдiретiн құпиялылық принциптерi сақтала отырып жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында аралық соттар тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот немесе нақты дауды шешуге арналған аралық сот түрiнде құрылуы мүмкiн.

Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және олардың бiрлестiктерi (қауымдастықтары, одақтары) құра алады.

Тараптар нақты дауды шешуге арналған аралық сотты өздерiнiң азаматтық-құқықтық шарттарынан туындаған дауды шешу үшiн құрады және осы дау шешiлгенге дейiн немесе тараптар дауды құзыреттi сотқа беру туралы шешiм қабылдағанға дейiн әрекет етедi.

Нақты дауды шешу үшiн құрылатын аралық сот қызметiнiң ұйымдастырылуы мен тәртiбi тараптардың келiсiмiмен айқындалады. Қазақстан Республикасында аралық соттар мемлекеттiк органдар жанынан құрыла алмайды.

Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот, егер тараптар аралық сотта iс қараудың басқа ережелерiн қолдану туралы уағдаласпаса, тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттың регламентiне сәйкес аралық сотта iс қарауды жүзеге асырады.

Нақты дауды шешуге арналған аралық сот аралық сотта iс қарауды тараптармен келiсiлген ережелерге сәйкес жүзеге асырады.

Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сотта аралық сотта iс қараудың орны тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттың регламентiне сәйкес айқындалады.       Егер тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттың регламентiнде аралық сотта iс қараудың орны нұсқап көрсетiлмесе не оны айқындау тәртiбi болмаса, онда аралық соттың құрамы, тараптар үшiн қолайлы факторды қоса алғанда, iстiң барлық мән-жайын ескере отырып, аралық сотта iс қараудың орнын айқындайды.

Талапкер өзiнiң талаптарын талап-арызда баяндайды, ол аралық сотқа жазбаша нысанда берiледi. Талап-арыздың көшiрмесi жауапкерге берiледi.

Талап-арызда:

- талап-арыздың берiлген күнi;

- тараптардың атауы, олардың тұрғылықты жерi немесе, егер тараптар заңды тұлғалар болып табылса, олардың орналасқан жерi, банк реквизиттерi;

- аралық сотқа жүгiну негiздемесi;

- талапкердiң талаптары;

- талапкер өзiнiң талаптарын негiздеген мән-жайлар;

- талапкердiң талаптарын растайтын дәлелдемелер;

- егер талап қою бағалануға жатса, талап қоюдың бағасы;

- талап-арызға қоса берiлетiн құжаттар мен өзге де материалдардың тiзбесi көрсетiлуге тиiс.

Талап-арызға талапкер немесе оның өкiлi қол қоюға тиiс. Егер талап-арызға талапкердiң өкiлi қол қойған жағдайда, талап-арызға өкiлдiң өкiлеттiктерiн куәландыратын сенiмхат немесе өзге де құжат қоса берiлуге тиiс. Аралық сотта iс қараудың ережелерiнде талап-арыздың мазмұнына қосымша талаптар көзделуi мүмкiн.

Жауапкер талапкерге және аралық сотқа өзiнiң талап қоюға қарсылықтарын баяндай отырып, талап-арызға пiкiр беруге құқылы. Талапкерге және аралық сотқа аралық сотта iс қарау ережелерiнде көзделген тәртiппен және мерзiмдерде талап-арызға пiкiр берiледi.

Егер аралық сотта iс қарау ережелерiнде талап-арызға пiкiр беру мерзiмi айқындалмаса, онда аталған пiкiр аралық соттың бiрiншi отырысына дейiн кемiнде он күн бұрын берiледi.

Тарап аралық сотта iс қарау барысында өзiнiң талап-арыздарын немесе талап қоюға бiлдiрген қарсылықтарын өзгертуге немесе толықтыруға құқылы. Аралық сот талап-арызды қабылдап, өзiнiң ережесiне (регламентiне) немесе Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасының нормаларына сәйкес аралық сотта ic қарауды қозғау туралы ұйғарым шығарады, тараптарға оның қаралу орны туралы хабарлайды, жауапкерге талап-арызға жазбаша пiкiр берудi ұсынады. Жауапкердiң қарсылықтарын табыс етпеуi дауды қарауға кедергi бола алмайды.

Әрбiр тарап өз талаптары мен қарсылықтарының негiздемесi ретiнде сiлтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге тиiс. Егер табыс етiлген дәлелдемелер жеткiлiксiз деп санаса, аралық сот тараптарға қосымша дәлелдемелер табыс етудi ұсынуға құқылы.

Аралық сот iс бойынша барлық дәлелдемелердi тiкелей зерттеуге мiндеттi.

Аралық сотта iс қарауға қатысушы тараптардың:

- iс материалдарымен танысуға, олардан үзiндiлер жазып алуға және көшiрмелер түсiруге;

- дәлелдемелердi табыс етуге;

- өтiнiш бiлдiруге, аралық судьялардан бас тартуға;

- процеске қатысушыларға сұрақтар қоюға, ауызша және жазбаша түсiнiктемелер беруге;

- процесс барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерiн беруге;

- басқа тараптың өтiнiмдерiне және дәлелдерiне қарсылық бiлдiруге;

- аралық сот отырысының хаттамасымен танысуға және ол бойынша жазбаша ескертпелер беруге.