- •Қазақстан Республикасының сот жүйесі
- •Мазмұны
- •«Қазақстан Республикасының сот жүйесі» курсын оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •Теориялық бөлім
- •Сот органдарының қалыптасу тарихы
- •Сот қызметін регламенттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер
- •Сот төрелігінің принциптері
- •3. Судья әділсотты жүзеге асырғанда тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады (қр Конституциясының 77 бабы 1,2 б.).
- •Барлық соттармен Қазақстан Республикасының қолданыстағы
- •17. Сот қарастырылған дәлелдемелер жиынтығына негізделген өзінің ішкі нанымы бойынша, заңды және ар-намысты басшылыққа алып, дәлелдемелерді бағалайды.
- •19. Заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды.
- •4 Қазақстан Республикасының сот жүйесін ұйымдастыру
- •4.1 Аудандық және оған теңестірілген соттар
- •4.2 Облыстық және оған теңестірілген соттар
- •4.3 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
- •4.4 Мамандандырылған соттар
- •5 Соттардың құқықтық актілерінің түсінігі және түрлері
- •6 Судьялардың құқықтық мәртебелері
- •6.1 Судья лауазымына үміткерлерге қойылатын талаптар
- •6.2 Судьялар өкілеттігін тоқтату. Судьяларды лауазымынан босату
- •6.3 Судьялардың тәртіптік жауапкершілігі
- •7 Сот жүйесінің қызмет қылуын қамтамасыз ететін органдар
- •7.1 Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының аппараты)
- •7.2 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі
- •8 Алқабилердің құқықтық жағдайлары
- •9 Қазақстан Республиксындағы аралық соттарды құқықтық регламенттеу
- •10 Сот орындаушыларының және сот приставтарының құқықтық мәртебелері
- •Аудандық сот заңмен белгiленген тәртiппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады.
- •Облыстық сот құрамы
- •1 «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы» (Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24.08. №858 Жарлығымен бекітілген)
- •2 Қазақстан Республикасы судьяларының 2009 жылғы 18 қарашадағы V съездінің қаулысымен бекітілген Судья этикасының кодексі
- •3 Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 17 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі туралы» заңы
- •Пайдаланылған дереккөздер тізімі
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі» курсын оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі» пәні элективті, арнайы заңдық пәндер топтамасының арасындағы негізгілерінің бірі болып табылады. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі» пәні сот органдарының жүйесін және құрылымын, олардың ұйымдастырылу және қызмет ету принциптерін, судьялар құзыретін, оларды тағайындау, босату тәртіптерін және т.б. реттейтін құқықтық нормалар жиынтығымен анықталады. Пәннің негізгі мақсаты – заңгердің кәсіби қызметін болашақта ойдағыдай жүзеге асыру үшін студенттермен қажетті білім алу.
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі» курсы студенттерге сот органдарының күрделі қызметі туралы түсінік береді. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі» оқу пәні сот органдары дамуының ғылыми концепциясына байланысты қиын мәселелерді меңгеруге және қабылдауға белгілі бір дәрежеде дайындалған жоғарғы курс студенттеріне есептелген.
Бұл курстың мақсаты студенттерге сот билігі, әділсот, сот ұйымдастырудың және қызметінің принциптері, сот сатылары сияқты түсініктер туралы нақты ой түйгізу. Өйткені, оларды ұғып алмай құқықтың қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу және т.б. салаларының мәнін, бағыттылығын және мазмұнын анықтау мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының сот жүйесі, мемлекеттік билік тармағы ретіндегі сот билігі, судьялардың құқықтық жағдайлары, судьяларға қойылатын талаптар, олардың құқықтары мен міндеттері және т.б. бұл курсты оқудың пәні болып табылады. Сондықтан, бұл пән соттар қызметі туралы бастапқы мәлімет беретін негізгі пәндердің бірі.
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі» курсын оқу қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқару, азаматтық іс жүргізу, әкімшілік құқықтар курстарымен тығыз өзара байланыста. Сондықтан, дәрістер мен семинарлық сабақтардың жалпыкурстық топтамасынан басқа, болашақ маманды дайындауға зор үлесі бар аудиториядан тыс, студенттің өзіндік жұмыстары қарастырылған. Студент сот практикасын өздігінен қорытындылай, таңдалған тақырып бойынша ғылыми зерттеу дайындай, семинарда немесе практикалық сабақтарда хабарламамен шығып сөйлей, жариялымды басып шығаруға дайындай алуы тиіс. Мұндай материалдарды студенттер семинарлық, практикалық сабақтарға дайындалғанда, рефераттарды, курстық, дипломдық жұмыстарды жазғанда пайдалануы керек.
Соттарды ұйымдастыру және олардың қызметі заңмен егжей-тегжейлі регламенттелген. 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заң, іс жүргізу заңнамалары және сот жүргізу сұрақтарын реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілер курстың негізгі дереккөздері болып табылады. Оқу процессінде ҚР Жоғары сотының нормативтік қаулыларын, әдістемелік құралдарды, сот практикасын жинақтауды, ақпараттық хаттарды пайдалану курсты ойдағыдай үйрену үшін талай мүмкіндік туғызады. Сол себептен бұл пәнді меңгеру сәйкес нормативтік-құқықтық актілердің тура мәтінін оқуды қажет етеді. Өйткені, тек оқулықтарды және оқу құралдарын ғана пайдалану қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің мазмұнын толық қамтып көрсете алмайды. Студенттер нақты тақырып бойынша ұсынылған нормативтік-құқықтық актілерді ғана мұқият оқып қана қоймай, құқықтың аралас саласындағы, әсіресе қылмыстық, азаматтық, іс жүргізу құқықтары саласындағы заңнамаларға енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтыруларды бақылап отырулары керек.
Студент «Қазақстан Республикасының сот жүйесі» пәнін оқу нәтижесінде нормативтік-құқықтық актілерден хабардар болуы, өзіне ең маңызды ережелерді айыра алуы, құқықтың нормаларын талдай алуы, ғалым-құқықтанушылардың әртүрлі пікірлерін зерттей алуы тиіс.
Семинарлық сабақтар студенттердің теориялық білімдерін тереңдету және бекіту, нормативтік материалды дұрыс пайдалануды әдеттену мақсатында жүргізіледі.
Семинарлық сабаққа дайындалғанда студент сабақтың тақырыбына қатысты заңнамалық базаны мұқият оқуы, сол сұраққа қатысты сот практикасымен танысуы керек. Нормативтік мәліметтер негізінде, оқу-әдістемелік әдебиетті пайдалана отырып, ғылыми-теориялық материалды қарастыруға кірісуі қажет. Студент тілегі бойынша тақырыпты тереңдеп оқу мақсатында монографиялық әдебиетті пайдалана алады. Нақты семинарға ұсынылған барлық сұрақтарға студент дұрыс және толық жауап бере алатын жағдайда болса, сабақ дайындығы қанағаттанарлық болып есептелуі мүмкін.
Содан соң ғана, алған теориялық базасын пайдалана отырып, практикалық тапсырмаларды шешуге кірісуі тиіс. Тапсырмалар жазбаша ашылған түрде шешілуі және қажетті нормативтік актілерге сілтемелері берілуі керек. Шешім дәлелденген (аргументтелген) және қисынды (логикалық) негізделген болуы тиіс.
