Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
меру.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
875 Кб
Скачать
☆
  1. Сот төрелігінің принциптері

Мақсаты: сот төрелігінің негізгі принциптерінің мазмұнын және мәнін ашу

Құқыққорғау қызметінің жүйесінде сот төрелігі (әділсот) негізгі орынды алып тұр. Заңмен бекітілген тәртіпті және рәсімдерді ұстана отырып, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданып, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік және басқа істерді қарастыру және шешу бойынша соттардың құқыққорғау қызметін әділсот деп түсінуге болады.

Сот төрелігінің (әділсоттың) мақсаты – соттар құзыретіне жатқызылған барлық істерді әділ талқылауды қамтамасыз ету.

Сот төрелігінің негізгі міндеттері:

- соттармен қылмыстық, азаматтық, әкімшілік және басқа істерді уақытылы, жан-жақты, толық және әділ шешу;

- азаматтар мен ұйымдардың сотпен қорғану құқығын жүзеге асыру;

- заңдылықты және құқықтық тәртіпті бекіту;

- сот ісін жүргізу субъектілері тарапынан құқыққа құрметпен қарауды қалыптастыру;

- процессуалдық заңдарды дұрыс пайдалану арқылы құқықбұзушылықтардың алдын алу және т.б..

Сот төрелігі соттар қызметінің тәртібін, ұйымдастыру мазмұнын және мәнін анықтайтын, жалпы басшылықтағы ережелермен және ой-пікірлермен конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

Заңдылық, азамат пен адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы, заң мен сот алдында барлығының теңдігі, жариялық, жан-жақтылық, толықтық және әділдік, іс жүргізу тілінің ұлттылығы, кәсібилік, құқық субъектілігін мойындау, құқықтарды сотпен қорғау, әркімнің кәсіби заң көмегіне құқылығын кепілдендіру принциптері сот төрелігіне үлкен дәрежеде тән.

Барлық соттар мен судьяларға ортақ және бірдей әділсот қағидалары Конституциямен, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен, процессуалдық және басқа заңдармен белгіленген. Осы қағидалардан ең алдымен конституциялықтарын атап өткен жөн.

Заңдылық, азамат пен адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы, заң мен сот алдында барлығының теңдігі, жариялық, жан-жақтылық, толықтық және әділдік, іс жүргізу тілінің ұлттылығы, кәсібилік, құқық субъектілігін мойындау, құқықтарды сотпен қорғау, әркімнің кәсіби заң көмегіне құқылығын кепілдендіру принциптері сот төрелігіне үлкен дәрежеде тән. Одан басқа, өзіне ғана тән мынадай қасиеттері бар:

1.Сот төрелігі тек қана сотпен жүзеге асырылады (ҚР Конституциясының 75 бабының 1 бөлімі). Бұл төмендегіден білінеді:

а) Тек сотқа қарасты істерді ешқандай басқа органдар қарастыра алмайды. Республикамызда азаматтық, арбитраждық, қылмыстық және басқа істерді қарастыра алатын соттан тыс басқа органдар жоқ. Азаматтық және басқа істерді сотқа дейінгі дайындау, қылмысытық істер бойынша алдын ала тергеу сот төрелігіне жатпайды. Сол себептен, Республикамыздың Конституциясында прокуратура және алдын ала тергеу органдары әділсот жүргізетін органдар арасында көрсетілмеген.

Бұл тармақ Президенттің, Премьер Министрдің, басқа лауазымды тұлғаның немесе органның қылмыстық, азаматтық және басқа істерді мазмұны бойынша қарастыру және шешу құқығы жоқ екенін көресетеді. Ешкімнің сот мекемелерін және судьяларды ауыстыруға құқығы жоқ. Сот құзыретін иелену заң бойынша жауапкершілікке тартады.

б) Сот компетенциясы, юрисдикция шектері, сот ісін жүргізуді жүзеге асыру тәртібі заңмен айқындалады және өз бетімен өзгерту мүмкін емес. Сот ісін жүргізу іс жүргізу заңдарына тікелей бағынысты, процессуалдық нысан сақталмаған жағдайда қабылданған шешімдер заңсыз деп танылады және күшін жояды.

в) Ешқандай атаумен төтенше немесе арнайы соттар мемемелерін құруға болмайды. Өз уақытында сталиндік үштік және ерекше кеңестер сияқты соттан тыс мекемелер болғанын және оның неге жеткізгенін әркім біледі.

г) Тұлғаны жасаған қылмысқа кінәлі деп шешуге тек қана сот құқылы. Соттың бұл ерекше құқығы Конституциямен, Конституциялық заңмен, қылмыстық іс жүргізу кодексімен бекітілген. Сондықтан адамның кінәлілігін, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарынан, мақұлдауға қатысты кез келген анықтамалар заңсыз, қате болып танылады.

д) Қылмыстық жазаны тағайындау құқығы тек қана сотқа тән. Ешкім, Республика Президенті немесе Парламентте, жасалған қылмыс үшін жазалау шамасын айқындай алмайды. Олар тек қана сәйкесінше сотталғанның жағдайын жеңілдетуге бағытталған рақымшылық актін шығарады немесе кешірім жасайды. Сонымен бірге олар сотталғанның кінәлілігі (бұл факт сотпен анықталған) немесе сотпен тағайындалған жазаның дұрыстығы және әділдігі туралы ешбір жағдайда шешпейді. Президент және Парламент тек айрықша жағдайларда жаза мерзімін азайтады, оны жеңілмен ауыстырады немесе өтеуден тіптен босатады.

Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Азаматтық және шаруашылық істер бойынша сот кінәлі тарапты (талапкерді немесе жауапкерді) тиісті мінез-құлыққа, өзінің міндеттемелерін және борыштарын орындауға, соның ішінде жауапкердің есептік шотынан талапкердің пайдасына ақшалай қаражатты өндіріп алу жолымен немесе мүлікті айналымға қою арқылы, өзінің шешімімен мәжбүрлейді.

е) Сот қаулылары тек жоғары тұрған сотпен немесе белгіленген тәртіппен ғана күшін жоюы мүмкін. Ешбір лауазымды тұлғаның, ешқандай мемлекеттік органның сот актілерінің күшін жойғызу құқықтары жоқ. Бұл құқық жоғары тұрған соттардың айрықша құзыреті болып табылады.

2. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтардың, ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғайды, Конституцияның, заңдардың, басқа нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етеді. Әркімге Республикамыздың заңдарымен және Конституциясымен көзделген құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін шектейтін немесе кемсітетін мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды және басқа тұлғалардың заңсыз шешімдерінен және әрекеттерінен сот арқылы қорғануға кепіл беріледі;

Өз ісін заңның барлық талаптарын және әділдікті сақтай отырып құзыретті, тәуелсіз және тура соттың қарау құқығынан ешкімді айыруға болмайды.