Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
меру.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
875 Кб
Скачать
☆

6 Судьялардың құқықтық мәртебелері

Мақсаты: судьялардың құқықтық мәртебесінің ерекшеліктерін ашу; судья лауазымына үміткерлерге қойылатын талаптарды айқындау; судьяларды лауазымынан босату шарттарымен таныстыру; судьялардың тәртіптік жауапкершілігінің негіздерін атап көрсету

Республикамыздың барлық соттарының судьялары бірыңғай мәртебеге ие. Бұл конституциялық ережелерден, соттардың ерекше мәртебесінен және басқа жағдайлардан шығады. Судьялардың бірыңғай мәртебесі Конституциямен, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен және Республикамыздың заңдарымен қамтамасыз етілді.

Сот билігін жүзеге асырғанда Республикамыздың судьяларына АІЖК-мен, ҚІЖК-мен және ӘКБтК-мен, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңымен, Конституциямен белгіленген сот төрелігін жүргізудің жалпы және бірыңғай қағидалары қолданылады.

Ауыспаушылық қағидасы судьяға Қазақстан Республикасы Конституциясымен және Конституциялық заңымен белгіленген тәртіпте сот төрелігін жүргізу өкілеттігі берілгендігін және сот билігін таратушы болып табылатындығын анықтайды.

Судья мәртебесіне тұлға сот төрелігін жүзеге асыру өкілеттігі берілген сәттен бастап ие болады. Судья өзінің міндеттерін тұрақты негізде атқарады. Бұл оның мемлекетпен еңбек қатынастарында тұрғандығын білдіреді, сонымен бірге олардың мерзімі шектелмеген, өзінің жұмысына тиісті ақы алады, заңда белгіленген талаптар мен шектеулерге бағынады, еңбек тәртібін сақтайды.

Құқықтық мемлекетте ауыспаушылық қағидасы судьяны лауазымынан тек оның өтініші бойынша немесе жасаған қылмысы үшін ғана босату мүмкіндігін білдіреді. Ешкім оны ойдан ала салып өкілеттігінен айыра алмайды. Нормативті белгіленген ресімді сақтамай және заңды негізсіз судья мәртебесіне әртүрлі араласудан қорғау маңызды болып табылады.

Судьяның тәуелсіздігі Конституциямен және заңмен қорғалады. Конституцияның 77 бабының 1 пунктіне сәйкес судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Бұл, істерді қарау және олар бойынша процессуалдық шешім қабылдау кезінде судья тек конституциялық нормаларды, заңдардың ережелерін ғана басшылыққа алады дегенді білдіреді.

Судьяның және алқабилердің сот төрелігін жүргізуіне араласуға және қандай болмасын ықпал жасауға ешкімнің құқығы жоқ. Мұндай әрекеттер заңмен қудаланады. Бұл дегеніміз, сот төрелігін жүргізу кезінде ешкімнің сот ісінің бітуіне нұсқаулар, ұсыныстар, кеңестер және басқа ықпалдар беруге құықтары жоқ, ал судья оларды орындамауы тиіс.

Судьяның, орган ретінде, тәуелсіздігі және дербестігі ең бірінші институттық болуы керек. Бұл мәселенің көп аспекттері бар. Бұл ретте соттың мемлекеттік биліктің басқа тармақтарымен ғана емес, басқа да органдарымен, мысалы, қылмыстық қудалау органдарымен, шаруашылық субъектілерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қатынастарын бөліп көрсету керек.

Атқарушы органдар жағынан қысымды азайту үшін едәуір істелген: сот жүйесін материалды-техникалық қамтамасыз ету, судьялық корпусты қалыптастыру, судьяларға тәртіптік ықпал, оларды өкілеттігінен айыру сұрақтары олардың құзыретінен алынып тасталған. Басқа мәселелерді шешу қаржыландырудың осындай деңгейіне және республикалық бюджеттен соттарды ресурстық қамтамасыз етуге жетуден кейін ғана мүмкін болады және сот төрелігін толық және тәуелсіз жүзеге асырылады (Конституцияның 80 бабы).

Судья дәлелдемелерді өзі бағалауы, істің барлық жағдайларын толық, жан-жақты және әділ қарастыруға негізделген өзінің ішкі нанымы бойынша тұжырым жасауы тиіс. Жаңадан қарастырғанда судьялар жоғары тұрған соттың шешіміне байланысты емес және жоғары соттардың оларға қандай шешім қабылдау керек екендігін көрсету құқығы жоқ.

Нақты істер бойынша судья ешкімге есеп бермейді. Ол тек істі қарау кезінде заңдылықты бұзғаны үшін ғана жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77 бабы 2 пунктіне сәйкес судьялар нақты істер бойынша есеп бермейді. Судья қарастырған немесе қарастыруындағы сот істері бойынша қандай болсын түсініктер беруге міндетті емес.

Қорытынды шешім қабылдағанда судьялар немесе алқабилер сырт әсерден қоршалуы тиіс. Бұл кеңесу бөлмесінің құпиялығымен жетіледі, онда судьялар еркін болуы мүмкін, нақты сот ісі бойынша бағыт істейді.

Кеңесу бөлмесінің құпиясы барлық жағдайларда қамтамасыз етілуі керек. Судьялар кеңесуінің құпиялығы сотқа ықпал ету мүмкіндігін жоқ қылатын жағдайлардың болуын талап етеді. Кеңесу бөлмесінде үкімді қабылдау кезінде тек қана сол істің судьялары ғана бола алады. Басқа тұлғалардың, соның ішінде қосымша судьяның, болуына тыйым салынады. Жұмыс күні аяқталған соң және жұмыс күні барысында сот (судья) демалу үшін үзіліс жасап кеңесу бөлмесінен шығуға құқылы. Судьялар үкімді талқылау және қабылдау кезіндегі пікірлерді жария етуге құқығы жоқ.

Барлық жерде қалыптасқан тәжірибелер бойынша біржолғы сот құжаттары судьялармен өзінің кабинетінде жасалады. Мұндай жағдайларда да кеңесу бөлмесінің құпиялығы қағидасы болуы керек.

Республикамыздың Конституциясына сәйкес сот жүйесін тиісті қаржыландыру соттар мен судьялар тәуелсіздігінің кепілі болып табылады. Судьяның жоғарғы мәртебесіне еңбек ақысының да сай болуы керек екендігі айдан анық. Өкілеттік берілген жағдайларда, судья тұрмыстық жағдайларын жақсартуды қажет етсе, оған тұрғын үй берілуі қажет.

Бұл ережелерді елемеу олардың өз тәуелсіздігін және дербестігін жоғалтуға алып келеді, өйткені судья қаржыландыру және материалдық қамсыздандыру кемшіліктерін құқыққа қайшы құралдармен және әдістермен толтыратындай мүмкіндік туғызатын объективті жағдайлар қалыптасады.

Сол себептен, соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық қамтамасыз ету және оларға тұрғын үй беру, сот төрелігін толық және тәуелсіз жүзеге асыруға жеткілікті көлемде, республикалық бюджеттен жүргізіледі.

Кәсіби қызметін орындауға байланысты судьяға және оның мүлкіне келтірілген зиян республикалық бюджет қаржысынан қайтарылады.

Судьялардың тәуелсіздігі қамтамасыз етіледі:

  • Заңмен белгіленген рәсіммен сот төрелігін жүргізумен;

  • Судьяның сот төрелігін жүргізудегі қызметіне араласуқаны, сотты және судьяларды сыйламағаны үшін жауапкершілікті заңмен белгілеу арқылы;

  • Судьяның қолсұғылмаушылығымен;

  • Конституциямен және Конституциялық заңмен белгіленген тәртіпте судьяның орнынан түсумен, судьяның өкілеттігін тоқтатумен және кідіртумен, лауазымына сайлаумен, тағайындаумен;

  • Судьяларға мемлекет есебінен, олардың мәртебесіне сай, материалдық қаражатты және әлеуметтік қамсыздандыруды берумен және оларды нашарлатуға тыйым салумен.

Судьялардың қолсұғылмаушылығы олардың, отбасы мүшелерінің және мүліктерінің мемлекет қорғауында екендігін білдіреді, тиісті органдар судьялардың және олардың отбасы мүшелерінен сәйкес жүгіну түскен жағдайда олардың қауіпсіздігін, мүліктерінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша уақытлы және толық шаралар қолданулары керек.

Судьяның немесе оның отбасының өміріне, денсаулығына және мүліктеріне қолсұғушылық судьяға ықпал етудің бір түрі немесе оның кәсіби қызметіне реакция (кек) болып табылады.

Егер судьяны тікелей қорқытса немесе оған қарсы заңсыз әрекеттер дайындалып жатқаны белгілі болса, ол тиісті мемлекеттік органдарға хабарлайды. Олар судьяның және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін, оларға тиесілі мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша уақытлы және толық шаралар қабылдауға тиісті, өйткені олар мемлекеттің қорғауында.

Қолсұғылмаушылықтың конституциялық қағидасы судьяларға екі жағдайда қолданылмайды: олар қылмыс орнында ұсталса немесе ауыр қылмыс жасаса.

Судьялардың иммунитеті судьяларды жауапкершіліктен алып кетпейді. Оны тек тәуелсіздіктің кепілі ретінде қарауға болады. Халық және мемлекет тәуелсіз, дербес, әділ және өкілетті соттарды және судьяларды қажет етеді, өйткені олар барлық құқықтық дауларды қарастырады. Сондықтан судьяларға негізсіз айыптаудан, беделін түсіруден, әртүрлі ықпалдан және арандатудан, зорлық әрекетінен, қорқытудан сақтайтын қорғаныстың жоғары шаралары қойылады. Судьяға қатысты қылмыстық істі тек Республикамыздың Бас прокуроры ғана қозғай алады. Бұл судьяларды қолсұғылмаушылығынан айыру механизміне биліктің жоғарғы органдары – мемлекет басшысы, Республика Парламентінің Сенаты қатысатындығы жағынан айқындалған. Мұндай рәсім судья тәуелсіздігінің және қолсұғылмаушылығының қосымша кепілі болып табылады.

Судьялар тәуелсіздігін құрайтындардың бірі болып оларды материалдық жабдықтау деңгейінің жоғарылығы табылады. Судьяларды материалдық және әлеуметтік қамсыздандыруға шығындар мемлекеттік бюджетте көзделеді және қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді. Судьялардың еңбек ақысы, демалу уақыты, әртүрлі өтемақылар, тұрғындық жеңілдіктер, медициналық қызмет, сақтандыру және мантиямен қамтамасыз ету олардың мәртебесіне сай болуы керек. Сонымен бірге материалдық және әлеуметтік қамсыздандыруды ешқандай жағдайда төмендетге болмайды.

Заңға сәйкес судья міндетті:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын бұлжытпай орындауға;

  • өзінің сот төрелігін жүргізу бойынша конституциялық міндеттерін атқаруда және қызметтен тыс қатынастарда судьялық этика талаптарын сақтауға және судья беделін, абыройын масқаралайтын немесе оның әділдігіне және алалықсыздығына күмән келтіретін барлық әрекеттерден алшақ болуға;

  • сот төрелігін тарату қызметіне заңсыз араласу әрекеттеріне қарсы тұруға;

  • судьялардың кеңесу құпиясын сақтауға.

Судья құқылы:

  • оларға берілген міндеттерді жүзеге асырумен байланысты өкімдерді орындауды кейбір лауазымды тұлғалардан және азаматтардан талап етуге;

  • мемлекеттік органдарға бұзушылықтарды, олардың себептерін және жағдайларын жою туралы ұсыным енгізуге;

  • ұымдардан ақпарат сұрауға;

  • мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдануға (жаза тағайындауға, әкімшілік жаза салуға, мәжбүрлеп алып келуді қамсыздандыруға және т.б.);

  • заң, ар-ұят, құқықтық сана және барлық жағдайларды толық, жан-жақты, әділ қарастыру негізінде ішкі нанымына сәйкес істер бойынша нақты шешімдер қабылдауға.

Судья лауазымы оқытушылық, ғылыми немес өзге шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін лауазыммен, депутаттық мандатпен, кәсіпкерлі қызметті жүзеге асырумен, сауда ұйымының бақылау кеңесінің немесе жетекшілік органының құрамына кірумен сыйыспайды.

Судьяларға партияларда, кәсіби одақтарда тұруға болмайды, қандай да бір саяси партияны жақтауға немесе жамандауға құқығы жоқ. Бұл талаптар жан-жақты сипатқа ие және барлық судьяларға қолданылады.

Судья мәртебесі тек сот төрелігін жүзеге асыруды көздейді. Сот билігін таратушы ретінде ол сотқа қарасты істерді және дауларды қарастыруға және шешуге уәкіл етілген. Соттан тыс қызметтер және міндеттер судьяларға жүктелуі мүмкін емес. Одан басқа, судьяларды сырт ықпалдан шектеу және судьяларға соттан тыс қызметтер жүктеуді болдырмау мақсатында, заңдылықты және тәртіпті сақтау, қылмыскерлікпен күресу сұрақтары бойынша мемлекеттік құрылымдардың құрамына судьяларды қосуға тыйым салынған. Соттарға және судьяларға заңдылықты қамтамасыз ету арналған, бірақ қылмыскерлікпен күресу олардың өкілеттігіне кірмейді. Мұны елемеу сот төрелігін жүргізуде репрессивті көлбеуге әкеп соғады. Судьялардың өзі мүше болып келетін комитет немесе комиссия нұсқауларын орындау, істерді және үкімдерді әділ қарастыру емес, әлеуметтік тапсырысты орындауға ықпал етуші жағдай болып табылады.

Судьялар тәртіптік жазаға жалпы негізде тартылады, оларға тәртәптік істер бойынша қабылданатын жазалардың бірдей түрлері, тартылу мерзімдері және жауапкершілікке тарту рәсімі қолданылады.

Судьяларды материалдық және әлеуметтік қамсыздандыру бірыңғай жағдайлармен жүзеге асырылады.