Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
меру.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
875 Кб
Скачать
☆

3 Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 17 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі туралы» заңы

4-тарау. Кеңес жанындағы біліктілік комиссиясының біліктілік емтиханын қабылдау тәртібі мен шарттары

10-бап. Кеңес жанындағы Бiлiктiлiк комиссиясы

1. Судьялыққа кандидаттардың бiлiм деңгейiн айқындау үшiн олардан бiлiктiлiк емтиханын қабылдауды Кеңес жанындағы Бiлiктiлiк комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) жүзеге асырады.

2. Комиссияның құрамына:

1) Кеңес тағайындайтын Комиссия төрағасы және құқық оқытушыларының, заңгер-ғалымдардың арасынан бес маман;

2) Сот жюриi өз құрамынан ротациялық негiзде жiберетiн үш судья кiредi.       3. Комиссия төрағасы және мүшелерi оның құрамына екi жыл мерзiмге тағайындалады немесе жiберiледi. Бос қызмет орны болған жағдайда Комиссияның жаңа мүшесi Комиссияның бұрынғы мүшесi шығып қалған күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей тағайындалуға немесе жiберiлуге тиiс.

4. Комиссия құрамына ұсынылған адамдардың заңтану саласындағы кәсiби бiлiмi, заң мамандығы бойынша кемiнде он жыл жұмыс тәжiрибесi және мiнсiз беделi болуға тиiс.

5. Комиссияның қызметiн қамтамасыз етудi Кеңес аппараты мен Жоғарғы Соттың, жергiлiктi және басқа да соттардың қызметiн ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

11-бап. Комиссияның бiлiктiлiк емтихандарын қабылдау жөнiндегi отырыстары

1. Комиссия бiлiктiлiк емтихандарын қабылдау жөнiндегi өзiнiң отырыстарын қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жылына кемiнде төрт рет өткiзедi.       2. Комиссияның бiлiктiлiк емтихандарын қабылдау жөнiндегi отырыстары ашық және жария түрде өткiзiледi. Егер отырыстарға Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, отырыстар заңды деп есептеледi.

3. Комиссия отырысының өткiзiлетiн уақыты мен орны туралы оның мүшелерi мен шақырылған адамдар күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей хабардар етiледi.

12-бап. Бiлiктiлiк емтихандарын қабылдаудың (тапсырудың) тәртiбi мен шарттары

1. Комиссияда құжаттарды қабылдау, бiлiктiлiк емтихандарын тапсыру тәртiбi Кеңес регламентiмен айқындалады.

2. Судьялыққа кандидаттардан бiлiктiлiк емтихандарын қабылдау азаматтар арнайы тексеруден өткеннен кейiн жүзеге асырылады.

3. Жүктелген талаптарды орындамауына, соттың айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуiне байланысты не тәртiптiк терiс қылықтар жасағаны үшiн судья қызметiнен босатылған адамдарды қоспағанда, бұрын кемiнде үш жыл тұрақты судья болып жұмыс iстеген және босатылған күннен бастап алты жыл iшiнде судья қызметiне қайтадан орналасуға ниет бiлдiрген адамдар бiлiктiлiк емтиханын тапсырудан босатылады.

4. Қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде кiр келтiрген терiс қылықтары және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшiн судья қызметiнен, құқық қорғау органдарынан немесе өзге де мемлекеттiк қызметтен шығарылған адамдар бiлiктiлiк емтихандарын тапсыруға жiберiлмейдi.

5. Бiлiктiлiк емтиханын тапсыру нәтижесi емтихан тапсырылған күннен бастап алты жыл бойы жарамды.

6. Бiлiктiлiк емтихандарын тапсыра алмаған адамдар оларды қайтадан тапсыруға бiр жылдан кейiн жiберiледi.

13-бап. Бiлiктiлiк емтихандарын қабылдаудан бас тарту

      Судьялыққа кандидаттар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде қойылған талаптарға сай келмеген жағдайларда, бiлiктiлiк емтихандарын қабылдаудан бас тартуға жол берiледi.

      Бiлiктiлiк емтихандарын қабылдаудан бас тартқан жағдайда Комиссия өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай iшiнде азаматқа дәлелдi жауап беруге мiндеттi.

5-тарау. Жергілікті және басқа соттың судьясы қызметіне тағайындау туралы ұсынымдар шығару

14-бап. Судья қызметiне конкурс

1. Кеңестiң жергiлiктi және басқа да соттың судьясы қызметiне тағайындау туралы ұсынымы конкурстық қараудың нәтижелерi бойынша берiледi.

2. Жоғарғы Соттың, жергiлiктi және басқа да соттардың қызметiн ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi уәкiлеттi органның судья қызметiне бос орынның ашылғаны туралы ұсынысы Кеңестiң конкурсты өткiзуi үшiн негiз болып табылады. қараңыз.

3. Судьяның бос орнына орналасуға кандидатураларды iрiктеу жөнiндегi конкурстың өткiзiлетiн мерзiмi мен орны туралы хабарламаны Жоғарғы Соттың, жергiлiктi және басқа да соттардың қызметiн ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi уәкiлеттi орган республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында конкурсқа дейiн кемiнде бiр ай бұрын қазақ және орыс тiлдерiнде жариялайды.

15-бап. Судья қызметiне конкурсқа қатысушылар

1. Жергiлiктi және басқа соттың судьясы қызметiне конкурсқа қатысу үшiн Кеңес аппаратына өтiнiш және тiзбесi Кеңес регламентiмен белгiленген басқа да құжаттарды беру қажет.

2. Аудандық және оған теңестiрiлген соттың судьясы қызметiне Кеңестiң ұсынымын алу үшiн конкурсқа "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сай келетiн азаматтар қатыса алады.

3. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың судьясы қызметiне Кеңестiң ұсынымын алу үшiн конкурсқа "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сай келетiн, заң мамандығы бойынша кемiнде он бес жыл жұмыс өтiлi немесе кемiнде бес жыл судьялық жұмыс өтiлi бар және тиiстi облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған азаматтар қатыса алады.

16-бап. Бос қызмет орындарына кандидаттарды iрiктеу тәртiбi

      1. Судьялардың бос қызмет орындарына кандидаттарды конкурстық iрiктеудi Кеңес өз қызметiне араласуды болдырмау жағдайында, ашық және жария түрде жүзеге асырады.

      2. Бiлiм деңгейiнiң жоғары болуы, моральдық-адамгершiлiк қасиетi мен мiнсiз беделiнiң болуы аудандық және оған теңестiрiлген сот судьясының бос қызмет орнына кандидаттарды iрiктеудiң негiзгi өлшемдерi болып табылады. Бұл ретте:       1) мамандандырылған магистратурада бiлiктiлiк емтиханын тапсырған;       2) сот жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдарда, құқық қорғау органдары мен адвокатурада заң мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс өтiлi бар адамдарға;       3) бiлiктiлiк емтиханын тапсыру нәтижелерi бойынша басымдық берiледi.       3. Облыстық және оған теңестiрiлген сот судьясының бос қызмет орнына орналасуға конкурс өткiзу кезiнде мынадай өлшемдер:       1) судья қызметiндегi жұмыс өтiлi;       2) мiнсiз беделiнiң болуы және сот төрелiгiн жүзеге асыру сапасы;       3) сот жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардағы жұмыс өтiлi;       4) сот жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдардағы, адвокатурадағы жұмыс өтiлi;       5) ғылыми дәрежесiнiң немесе ғылыми атағының болуы ескерiледi.       3-1. Кеңес облыстық сот судьяларының бос орындарына кандидатураларды тиiстi облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысы болған кезде қарайды.       4. Бос қызмет орнына кандидаттарды iрiктеудiң нәтижелерi бойынша Кеңес хатшысы конкурсқа қатысушыларға конкурс аяқталған күннен бастап он жұмыс күнiнiң iшiнде оның нәтижелерi туралы тиiстi хабарлама жiбередi.

6-тарау. Жоғарғы соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары, жергілікті және басқа соттар төрағалары мен сот алқаларының төрағалары қызметіне тағайындау туралы ұсынымдар шығару

17-бап. Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары мен судьяларының, жергiлiктi және басқа соттар төрағалары мен сот алқалары төрағаларының бос орындарына кандидатураларды қарау тәртiбi

      1. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттар төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары мен судьяларының бос қызмет орындарына кандидатураларды Кеңес Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешiмi негiзiнде енгiзген ұсынуы бойынша қарайды.

      2. Аудандық және оған теңестiрiлген сот төрағасының бос қызмет орнына кандидатураны Кеңес Жоғарғы Сот Төрағасының тиiстi облыстық соттың жалпы отырысының шешiмi негiзiнде енгiзген ұсынуы бойынша қарайды.

      3. Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуына тиiстi соттың жалпы отырысында балама негiзде қаралған барлық кандидаттардың материалдары қоса берiледi.

       18-бап. Бос қызмет орнына кандидаттарды қарау шарттары

      1. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың төрағасы мен сот алқасы төрағасының қызметiне Кеңес ұсынымын алу үшiн "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сай келетiн, заң мамандығы бойынша кемiнде он бес жыл жұмыс өтiлi немесе кемiнде бес жыл судьялық жұмыс өтiлi бар және тиiстi облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған азаматтар ұсынылады.

      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьясының қызметiне Кеңес ұсынымын алу үшiн "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сай келетiн, заң мамандығы бойынша кемiнде жиырма жыл жұмыс өтiлi немесе кемiнде он жыл судьялық жұмыс өтiлi бар және Жоғарғы Соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған азаматтар ұсынылады.       Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының қызметiне кандидатуралар Жоғарғы Сот судьяларының арасынан ұсынылады.

      3. Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары мен судьялары, жергiлiктi және басқа соттар төрағалары, сот алқалары төрағалары қызметiне тағайындау үшiн кандидатураларды қарау нәтижелерi бойынша ұсыным, осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көзделген өлшемдерден басқа:

1) кандидаттың ұйымдастырушылық қабiлетi;

2) соттар мен сот алқаларының жұмыс iстеп жүрген төрағалары үшiн - сот төрелiгiн жүзеге асыру сапасының көрсеткiштерi ескерiле отырып шығарылады.