Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
меру.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
875 Кб
Скачать
☆

7.2 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі –(бұдан әрi - Кеңес) - соттарды қалыптастыру, судьялардың тәуелсiздiгi мен оларға ешкiмнiң тиiспеу кепiлдiктерi жөнiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық өкiлеттiктерiн қамтамасыз ету мақсатында заңды тұлға құрмастан құрылатын мекеме. Жоғарғы Сот Кеңесінің қызметін құқықтық регламенттеу Қазақстан Республикасының Конституциясының, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының, «Жоғарғы сот кеңесі туралы» Заңның, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің негізінде жүзеге асырылады.

Жоғарғы сот кеңесінің өкілеттіктері:

1) судьялардың тәуелсiздiгi мен оларға ешкiмнiң тиiспеу кепiлдiктерiн қамтамасыз етеді;

2) конкурстық негiзде жергiлiктi және басқа сот судьясының бос орнына кандидатты iрiктеудi жүзеге асырады;

конкурстың қорытындылары бойынша жергiлiктi және басқа сот судьясының бос орнына тағайындау үшiн кандидатты Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады;

3) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша жергiлiктi және басқа соттар төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос орнына кандидатураларды қарайды;       жергiлiктi және басқа соттар төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос орнына қызметке тағайындау үшiн кандидаттарды Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады;

4) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Сот судьясының бос орнына кандидатураны қарайды;

Жоғарғы Сот судьясының бос орнына кандидатты Парламент Сенатына ұсыну үшiн Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады;

5) Жоғарғы Сот Төрағасының бос орнына кандидатураны қарайды;       Жоғарғы Сот Төрағасының бос орнына кандидатты Парламент Сенатына ұсыну үшiн Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады;

6) Жоғарғы Сот Төрағасының, сот алқалары төрағалары мен судьяларының, жергiлiктi және басқа соттар төрағаларының, сот алқалары төрағалары мен судьяларының өкiлеттiктерiн тоқтату мәселелерiн орнынан түсу, орнынан түсудi тоқтату нысанында қарайды;

сот таратылған немесе тиiстi сот судьяларының жалпы саны қысқартылған жағдайда, егер олар басқа соттағы судьяның бос орнына орналасуға келiсiм бермесе, жергiлiктi және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын атқаратын қызметтерiнен босату мәселелерiн қарайды;

Жоғарғы Сот судьяларының жалпы саны қысқартылған жағдайда, егер олар басқа соттағы судьяның бос орнына орналасуға келiсiм бермесе, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары мен судьяларын атқаратын қызметтерiнен босату мәселелерiн қарайды;

тәртiптiк терiс қылықтар жасағаны үшiн, кәсiби жарамсыздығына орай немесе "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының талаптарын орындамағаны үшiн Судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының немесе Сот жюриiнiң шешiмдерiне негiзделген Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларын, жергiлiктi және басқа соттардың төрағаларын, сот алқалары төрағалары мен судьяларын атқаратын қызметтерiнен босатуға ұсыным беру жөнiндегi мәселенi қарайды;

Қазақстан Республикасының Президентiне жергiлiктi және басқа соттардың төрағаларын, сот алқалары төрағалары мен судьяларын, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын қызметтерiнен босатуды ұсынады;

Парламент Сенатына Жоғарғы Сот Төрағасы мен судьяларын қызметтерiнен босату туралы ұсыныс енгiзу үшiн Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынымдар енгiзедi;

судьяның шектi жасқа толуына байланысты оның судья қызметiнде болуын бес жылдан аспайтын мерзiмге ұзартуға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының келiсiм беруi туралы мәселенi қарайды;

6-1) заңмен белгіленген тәртіпте Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша жергілікті және басқа соттардың, Жоғарғы Соттың қызметiн ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша уәкілетті орган басшысының лауазымына үміткерді тағайындауға келісім беру туралы сұрақты қарастырады;

7) судья болып жұмыс iстеуге ниет бiлдiрген азаматтардан бiлiктiлiк емтихандарын қабылдауды ұйымдастырады;

8) судьяны тұтқынға алуға келiсiм беру, оны күштеп алып келу, оған сот тәртiбiмен салынатын әкiмшiлiк жазаны қолдану, судьяны қылмыстық жауапқа тарту мәселесiн шешу үшiн Қазақстан Республикасының Президентiне қорытынды ұсынады;

9) сот жүйесi мен заңнаманы жетiлдiру жөнiнде ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдайды және оны Қазақстан Республикасының Президентiне енгiзедi, судья корпусының сапалы құрамын, кадрларды даярлау жүйесiн жақсарту, судьялардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiнде шаралар қабылдайды;

10) Кеңес регламентiн бекiтедi;

11) судья қызметiне орналасу үшiн бiлiктiлiк емтихандарын тапсырған адамдардың есебiн жүргiзедi;

12) Жоғарғы Сот Кеңесі туралы Заңнан және Кеңестiң регламентiнен туындайтын өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Кеңес өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру үшiн:

  • мемлекеттiк органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан, азаматтардан қажеттi ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

  • тиiстi лауазымды тұлғалардың ауызша түсiнiктемелерiн тыңдауға және жазбаша түсiнiктемелерiн талап етуге;

  • Кеңес мүшелерiнiң, мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер, ұйымдар мен мекемелер өкiлдерiнiң арасынан комиссияларды, жұмыс топтарын құруға, өз жұмысына мамандар тартуға құқылы.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төрағадан, хатшыдан және басқа мүшелерден тұрады.

Кеңес Төрағасының өкілеттіктері:

1) Кеңестi басқарады және оған жалпы басшылықты қамтамасыз етедi, сондай-ақ мемлекеттiк органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынас жасауда Кеңес атынан өкiлдiк етедi;

2) Кеңестiң жұмыс жоспарларын бекiтедi;

3) Кеңес отырысын шақырады және Кеңес отырыстарына төрағалық етедi;      4) Кеңестiң ұсынымдарына, қорытындыларына, шешiмдерi мен басқа да құжаттарына қол қояды;

5) Кеңес отырыстарының қарауына енгiзiлетiн мәселелердi айқындайды;      6) Жоғарғы Соттың жалпы отырысына, судьялардың кеңестерiне қатысуға құқылы;

7) Кеңес жұмысын ұйымдастыруды жақсартуға бағытталған шаралар қабылдайды, Кеңес шешiмдерiнiң орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

8) Кеңес қызметiнде регламенттiң сақталуын қамтамасыз етедi;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де ұйымдастырушылық-өкiмдiк функцияларды атқарады.

Кеңес Төрағасы болмаған жағдайда оның мiндеттерiн уақытша атқару Кеңес хатшысына жүктеледi.

Кеңес Төрағасының, хатшысының және мүшесiнiң лауазымы коммерциялық ұйымның басшы органының және байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен, саяси партиялардың басшылық қызметiнде болуымен сыйыспайды.

Кеңес мүшелері:

  1. Кеңестiң қарауына ұсынылған материалдармен танысуға;

  2. материалдарды зерттеуге және тексеруге қатысуға;

  3. қаралатын мәселелер бойынша өтiнiштер мәлiмдеуге, өзiнiң ұсыныстарына уәждер мен негiздемелер келтiруге;

  4. қолында бар құжаттарды ұсынуға;

  5. дауыс беру арқылы шешiм қабылдауға қатысуға құқылы.

Кеңес мүшелері :

  1. Кеңестiң отырыстарына қатысуға;

  2. Кеңестiң құзыретiне кiретiн мәселелердi қарау кезiнде бейтарап әрi объективтi болуға;

  3. өзiне жүктелген өкiлеттiктердi орындауға байланысты судьялыққа кандидаттардың және судьялардың жеке өмiрi туралы оған белгiлi болған мәлiметтерге қатысты құпиялылықты, сондай-ақ дауыс беру құпиясын сақтауға;

  4. егер оған қатысты шешiм қабылданатын адамның жұбайы (зайыбы), жақын туысы немесе жекжаты болса, Кеңес отырысының күн тәртiбiне енгiзiлген мәселенi қарау кезiнде өздiгiнен бас тартуын мәлiмдеуге мiндеттi.

Кеңес хатшысының өкілеттіктері:

  1. Кеңес аппаратының қызметiн ұйымдастырады;

  2. Кеңес мүшелерiнiң ұсынысы бойынша алдағы отырыстың қарауына енгiзiлетiн мәселелердiң тiзбесiн түзедi және ол туралы Төрағаға алдын ала баяндайды;

  3. отырыс хаттамаларының, Кеңес қабылдаған ұсынымдар мен қорытындылардың үзiндiлерiне өз қолын қойып растайды;

  4. қажет болған жағдайда тексерулер ұйымдастырады;

  5. Кеңес отырысына шақырылған адамдардың тiзiмiн айқындайды және олардың келуiн қамтамасыз етедi;

  6. Төрағаның өкiмдерiн және Кеңестiң шешiмдерiн орындайды.

Кеңес хатшысы болмаған жағдайда оның мiндеттерiн атқару Төрағаның тапсыруы бойынша Кеңес мүшелерiнiң бiрiне жүктеледi.

Кеңес отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жылына кемiнде төрт рет өткiзiледi. Кеңес мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда Кеңестiң отырысы заңды болып есептеледi. Кеңес отырысы ашық және жариялы түрде өткiзiледi. Отырысқа мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi шақырылуы мүмкiн. Қажет болған жағдайларда Кеңес жабық отырыстар өткiзуге құқылы.

Кеңес материалдарды олар келiп түскен күннен бастап үш ай мерзiмнен кешiктiрмей қарап, қарау нәтижелерi туралы өтiнiш иесiн мiндеттi түрде хабардар етедi.

Кеңес отырыстарын өткiзу тәртiбi, сондай-ақ Кеңес жұмысын ұйымдастырудың өзге де мәселелерi Кеңес мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданатын регламентпен айқындалады.

Кеңес отырысында материалдарды қарау тиiстi қызметтерге орналасуға үмiткер немесе атқаратын қызметтерiнен босатылатын адамдардың қатысуымен жүргiзiледi. Егер оның тiкелей қатысуы талап етiлмесе, отырыстың өткiзiлетiн уақыты мен орны туралы тиiстi түрде хабардар етiлген адамның болмауы мәселенi мәнi бойынша қарауға кедергi болмайды.

Кеңес қорытындылар, хаттамалық шешiмдер және (немесе) ұсынымдар нысанында шешiмдер қабылдайды. Кеңес шешiмдерi өзiне қатысты мәселе қаралатын адамның, сондай-ақ өзге де шақырылған адамдардың қатысуынсыз отырысқа қатысып отырған мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. Кеңес мүшелерiнiң дауыс беруден қалыс қалуға құқығы жоқ. Кеңес мүшесi қабылданатын шешiммен келiспеген жағдайда Кеңес отырысының хаттамасына қоса тiркелетiн ерекше пiкiрiн жазбаша баяндауға құқылы. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушiнiң даусы шешушi дауыс болып табылады. Кеңес шешiмдерi жазбаша нысанда баяндалады және олардың шығарылған күнi мен орны, мәселенi қараған Кеңестiң құрамы, қабылданған шешiмнiң уәждерi қамтылуға тиiс. Шешiмдерге төрағалық етушi мен Кеңес хатшысы қол қояды.