Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
меру.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
875 Кб
Скачать
☆

4.4 Мамандандырылған соттар

Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық жүйесі мемлекеттің сот құрылысын айқындайды. Қазақстан біртұтас (унитарлық) мемлекет болғандықтан (Конституцияның 2 бабы 1 пункті) сот билігінің құрылымы тік құрылысты болып келеді. ҚР Конституциясының 75 бабының 3 пункті заңмен ұйымдастырылатын Жоғарғы Сот және жергілікті соттар Республикамыздың соттары екендігін айқындайды. Бұл тізім толық сипатқа ие. Сот билігі Конституциямен және тиісті заңмен құрылған соттармен, оның тұрақты судьялары арқылы, кейбір қылмыстық сот ісін жүргізумен белгіленген жағдайларда алқабилердің қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Бұл ереже қандай жағдайлар болса да, соның ішінде төтенше жағдайларда да, императивті сипатқа ие.

Сондықтан, мемлекеттің сот жүйесіне жататын соттар ғана конституциялық-заңды болып табылады. Жергілікті соттардың құрылымы екі маңызды қағидаға негізделеді. Біріншіден, ол мемлекеттің әкімшілік-аумақтық ұйымдастырылуына байланысты анықталады. Барлық әкімшілік-аумақтық бірліктерде жергілікті соттар құрылады. Екінші қағиданың негізінде сот ісін жүргізудің жеке нысандары (қылмыстық, әкімшілік) немесе сот істерінің дәрежелері (салықтық, экономикалық және басқа) бойынша соттарды мамандандыру жатады.

Қолданыстағы заңдарға сәйкес Республикамызда құрылған және қызмет қылатын:

Ауданаралық әкімшілік соттар – әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарастырады.

Ауданаралық экономикалық соттар – мүліктік даулар бойынша тараптары заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар болып табылатын азаматтық істерді қарастырады.

Қылмыстық істер бойынша ауданаралық соттар – аса ауыр қылмыстар туралы қылмыстық істерді қарастырады.

Қылмыстық істер бойынша ауданаралық әскери соттар – ҚР ҚК 16 тарауымен көзделген аса ауыр әскери қылмыстар, әскери қызметтегілермен, өздерінің әскери жиыны кезінде запастағы азаматтармен, әскери бөлімдердің, мекемелердің азаматтық кісілерімен өздерінің қызметтік міндеттерін орындау барысында немесе сол бөлімдердің, мекемелердің ғимараттарында жасаған басқада аса ауыр қылмыстар туралы істерді қарастырады.

Кәмелетке толмағандардың істері бойынша ауданаралық соттар – кәмелетке толмаған тұлғалармен жасалған қылмыстар туралы істерді қарастырады.

Мамандандырылған қаржылық сот – Алматы қаласының аумақтық қаржылық орталы қатысушыларының дауларын қарастырады.

Мамандандырылған соттар жергілікті соттардың бөлігі болып табылады және ҚР сот жүйесінің жалпы құрылымына кіреді. Мамандандырылған соттар үшін бөлек процессуалдық немесе материалдық құқық жоқ, олардың ұйымдық-құқықтық мәртебесі тиісті деңгейіне тең. Соттарды ұйымдастыру және судьялар корпусын құру тәртібі, судьялардың құқықтық жағдайы, сот ісін жүргізу түрлері, компетенция көлемі барлық жергілікті соттарға, соның ішінде сот жүйесіндегі орнына қарай мамандандырылған соттар үшінде бірыңғай.

5 Соттардың құқықтық актілерінің түсінігі және түрлері

Мақсаты: соттардың құқықтық актілерінің азмұнын ашу және ерекшеліктерін бөліп шығару

Соттар, басқа мемлекеттік органдар сияқты, өз қызметін жүзеге асыру барысында құқықтық актілер, яғни құқықтық нормалары бар құжаттар – орындалуы және сақталуы міндетті ұйғарымдар, құқық пайдалану субъектілерімен қолданылуы мүмкін құжаттарды шығарады.

Соттың құқықтық актілеріне жататындар:

  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының құқықтық қаулылары;

  • Соттардың ұйымдастыру-құқықтық актілері;

  • Құқықпайдалану актілері;

  • Басқа да қосымша процессуалдық құжаттар.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының құқықтық қаулылары нормативтік құқықтық актілердің сатылығынан тыс тұрған заң күшіндегі нормативтік актілерге жатады.

Соттардың ұйымдастыру-құқықтық актілеріне олардың ұйымдастыру және қызмет сұрақтарына байланысты сот жүйесінің ішкі құжаттары – бұйрықтар, регламенттер, шолулар, сот тәжірибесін жинақтау, сот статистикасын талдау және т.б. жатады.

Соттардың құқық қолдану актілері сот төрелігін жүргізу бойынша олардың өкілеттігін жүзеге асырумен байланысты соттардың (судьялардың) ресми жігерлі шешімдерін көрсетеді. Соттар қылмыстық, азаматтық және басқа істерді қарастыра және шеше отыра үкімдер, шешімдер, қаулылар, ұйғарымдар шығарады, ұсыныстар енгізеді және тұжырымдар береді.

Құқықпайдалану актілерінің белгілері:

1) процессуалдық құжаттар болып табылады;

2) оларды қолдану заңмен қатаң регламенттелген;

3) іс бойынша жүргізуді анықтайтын соттың жігерлі шешімі бар;

4) материалдық және процессуалдық заңға сілтеме болады;

5) шартты айқындылығы болуы, негізделген және дәлелденген болуы керек;

6) мәжбүрлау күштерімен қамтамасыз етіледі (орындалуға міндеттілігі);

7) олардың маңыздыларының басым көпшілігі кеңес бөлмесінде шығарылады;

8) үкімдер мен шешімдер Қазақстан Республикасының атынан шығарылады;

9) сотта жарияланады;

10) қайта қарау мүмкіндігіне жол беріледі.

Қылмыстық істер бойынша соттың негізгі құқықтық актілері болып үкімдер және қаулылар саналады. Үкімдер сот қарауының нәтижелеріне қарай айыптайтын немесе ақтайтын болады. Қаулылар әдеттегі немесе жеке, шағымдалатын және қайта қарауға келмейтін болуы мүмкін. Қылмыстық істер бойынша сонымен бірге ұсынымдар шығарылады және тұжырымдар беріледі.

Азаматтық істер бойынша сот шешімдер, ұйғарымдар, қаулылар, бұйрықтар қабылдайды, ұсынымдар енгізеді және тұжырым береді. Шешім – бұл бірінші, апелляциялық сатыдағы соттармен азаматтық істі қарастырғанда және оны мәнісі бойынша шешкенде шығарылатын сот актісі. Бұйрық – заңмен арнайы белгіленген жағдайларда, даусыз талаптар бойынша, борышкерден ақшалай соманы өндіріп алу немесе жылжыйтын мүлікті сұратып алу туралы өндіріп алушының арызы бойынша бірінші саты сотымен шығарылған акт. Бұйрықтың шешімнен айырмашылығы ұсынған құжаттар негізінде, борышкерді және өндірушіні шақырмай, олардың түсініктерін тыңдамай және сот тексеруісіз құрастырылуында. Шешімді шығару үшін сот тыңдауын жүргізу қажет. Ұйғарым – азаматтық істі мәнісі бойынша шешпейтін бірінші, апелляциялық немесе кассациялық саты соттарының актісі. Өзінің заңдық табиғаты және мағынасы жағынан ол қылмыстық істердің сот қаулысына сәйкес. Әдеттегі ұйғарымдардан басқа сот азаматтық істерді қарағанда жеке ұйғарымдар шығарады. Қылмыстық істердегі жеке қаулылар сияқты жеке ұйғарымдар сот отырысында заңдылықтың бұзылғаны анықталған жағдайларда шығарылады. Азаматтық істер бойынша қаулылар – қадағалау сатысы сотының актісі. Ол қадағалау тәртібінде шағымдар мен наразылықтар бойынша азаматтық істерді қайта қарағанда қабылданады. Азаматтық істер бойынша шығарылатын тұжырымдар және ұсынымдар қылмыстық іс жүргізудегі сәйкес құжаттарға ұқсас.

Әкімшілік және басқа істер бойынша соттар қаулы қабылдайды.

Соттың басқа да қосымша процессуалдық құжаттарына сот отырысының хаттамасын және жеке айыптаушыға құқықтарын түсіндіру хаттамасын жатқызуға болады.