- •Қазақстан Республикасының сот жүйесі
- •Мазмұны
- •«Қазақстан Республикасының сот жүйесі» курсын оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •Теориялық бөлім
- •Сот органдарының қалыптасу тарихы
- •Сот қызметін регламенттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер
- •Сот төрелігінің принциптері
- •3. Судья әділсотты жүзеге асырғанда тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады (қр Конституциясының 77 бабы 1,2 б.).
- •Барлық соттармен Қазақстан Республикасының қолданыстағы
- •17. Сот қарастырылған дәлелдемелер жиынтығына негізделген өзінің ішкі нанымы бойынша, заңды және ар-намысты басшылыққа алып, дәлелдемелерді бағалайды.
- •19. Заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды.
- •4 Қазақстан Республикасының сот жүйесін ұйымдастыру
- •4.1 Аудандық және оған теңестірілген соттар
- •4.2 Облыстық және оған теңестірілген соттар
- •4.3 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
- •4.4 Мамандандырылған соттар
- •5 Соттардың құқықтық актілерінің түсінігі және түрлері
- •6 Судьялардың құқықтық мәртебелері
- •6.1 Судья лауазымына үміткерлерге қойылатын талаптар
- •6.2 Судьялар өкілеттігін тоқтату. Судьяларды лауазымынан босату
- •6.3 Судьялардың тәртіптік жауапкершілігі
- •7 Сот жүйесінің қызмет қылуын қамтамасыз ететін органдар
- •7.1 Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының аппараты)
- •7.2 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі
- •8 Алқабилердің құқықтық жағдайлары
- •9 Қазақстан Республиксындағы аралық соттарды құқықтық регламенттеу
- •10 Сот орындаушыларының және сот приставтарының құқықтық мәртебелері
- •Аудандық сот заңмен белгiленген тәртiппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады.
- •Облыстық сот құрамы
- •1 «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы» (Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24.08. №858 Жарлығымен бекітілген)
- •2 Қазақстан Республикасы судьяларының 2009 жылғы 18 қарашадағы V съездінің қаулысымен бекітілген Судья этикасының кодексі
- •3 Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 17 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі туралы» заңы
- •Пайдаланылған дереккөздер тізімі
17. Сот қарастырылған дәлелдемелер жиынтығына негізделген өзінің ішкі нанымы бойынша, заңды және ар-намысты басшылыққа алып, дәлелдемелерді бағалайды.
18. Кінәсіздік презумпциясы. Кінәлігі соттың заңды күшіне енген үкімімен мойындалғанша тұлға қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп танылады.
Кінәсіздік презумпциясы келесі кезеңдерді болжайды:
а) бірде бір кінәсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы және сотталмауы керек;
б) заңмен белгіленген тәртіптен тыс ешкімді айыпталушы ретінде тартуға болмайды;
в) тұлғаның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;
г) сот қарауы барысында сотталушының қылмыс жасағандағы кінәлігі дәлелденсе, айыпталушы кінәлі деп танылуы мүмкін;
д) айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес, айыпталушының кінәлі екендігін дәлелдеу қылмыстық қудалау органына жүктелген;
е) адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;
ж) ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес.
19. Заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды.
4 Қазақстан Республикасының сот жүйесін ұйымдастыру
Мақсаты: Қазақстан Республикасының сот жүйесін ұйымдастыруды ашу; сот сатыларына, сот деңгейлеріне нақты анықтама беру; Қазақстан Республикасының аудандық, облыстық соттарының және Жоғарғы сотының қызметтерімен таныстыру
Өздерінің құзыреттеріне, оларға қойылған міндеттерге және мақсаттарға сәйкес құрылған соттар жиынтығы сот жүйесін құрайды. Заңға сәйкес Республикамызда соттар жүйесін Жоғарғы Сот және жергілікті соттар құрайды.
Жергілікті соттарға жататындары:
- облыстық және оларға теңестірілген соттар (астана және республикалық маңыздағы қалалар соттары, әскердің Әскери соты);
- аудандық (қалалық) соттар, одақтардың (гарнизондардың, құрамалардың, армияның) әскери соттары.
Соттың қызметін ешқандай органның, лауазымды немесе басқа тұлғаның өзіне алу құқықығы жоқ. Қандай да болмасын атаумен арнайы және төтенше соттар мекемелерін құруға рұқсат етілмейді.
Республикамызда соттардың және судьялардың мамандандырылуы жүзеге асырылады: әкімшілік, экономикалық, қылмыстық істер бойынша және т.б.. Құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңде ювеналдық соттар жүйесінің әрі қарай дамуы, болашақта салықтық және басқа мамандандырылған соттар пайда болуы болжамдап отыр.
Соттың әкімшілік-аумақтық мәртебесінің тек қана құқықтық өкілеттігімен және ортақтығымен, ұйымдастыру құрылыс қағидаларымен сипатталатын сот жүйесіндегі орны сот деңгейі деп танылады.
Сот жүйесін шартты түрде үш деңгейге бөлуге болады:
негізгі (аудандық, қалалық соттар, гарнизондардың, құрамалардың, армияның әскери соттары);
орта (облыстық соттар, астана және республикалық маңыздағы қалалар соттары, әскердің Әскери соты);
жоғарғы (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты).
Сот жүйесіндегі сот төрелігін жүргізгенде негізгі үлес негізгі деңгейдегі соттарға – аудандық (қалалық) және одақтық әскери соттарға түседі. Олар қылмыстық, азаматтық істердің, әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы материалдардың және т.б. басым көпшілігін қарастырады.
Сонымен бірге сот сатысы түсінігі бар, ол дегеніміз берілген құзырлық көлемімен және сипатымен, шешілетін міндеттер шеңберімен, орындалатын қызметтерімен, істі шешу деңгейімен сипатталатын іс жүргізудегі соттың алып отырған жағдайы.
Соттарды бірінші, апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатысындағы соттарға бөледі.
Істі қарастыратын және мәні бойынша шешетін сот бірінші сатының соты деп аталады.
Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша, мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар істері бойынша, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларымен істі жеке қарастырып шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдер мен қаулыларға келтірілген апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарастыратын сот апелляциялық сатыдағы сот деп аталады.
Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша алқабилердің қатысуымен шығарылған, облыстық және оған теңестірілген соттармен істі апелляциялық тәртіппен қарастырғанда шығарылған, заңды күшіне енбеген үкімдер мен қаулыларға (ҚІЖК 423 бабының 3 бөлімімен белгіленген қаулылардан басқа) келтірілген кассациялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарастыратын сот кассациялық сатыдағы сот деп аталады.
Алдыңғы сатыдағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне келтірілген шағымдар мен наразылықтар бойынша қадағалау тәртібімен істерді қарастыратын сот қадағалау сатысындағы сот деп аталады.
Қазақстан Республикасы сот жүйесінің бірлігі: Конституция, іс жүргізу және басқа заңдармен белгіленген, барлық соттарға және судьяларға ортақ және бірыңғай, сот төрелігінің қағидаларымен; заңдармен белгіленген барлық соттарға бірыңғай сот ісін жүргізу нысандарымен сот билігін жүзеге асырумен; Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығын барлық соттардың пайдалануымен; судьялардың бірыңғай мәртебесін заң жүзінде бекітумен; Қазақстан аумағында заңды күшіне енген барлық сот актілерінің міндетті түрде орындалуымен; барлық соттардың республикалық бюджеттен қаржыландырылуымен қамтамасыз етіледі.
Сот билігін тасушы ретіндегі соттың құзыреті заңмен анықталады. Тек сот құқығына жататындар:
1) тұлғаны қылмыс жасауда кінәлі деп тану және оған жаза тағайындау;
2) тұлғаға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын немесе тәрбиелік ықпалдағы мәжбүрлеу шараларын қолдану;
3) төмен тұрған сотпен қабылданған шешімді өзгерту немесе күшін жою;
4) айыпталушыға, күдіктіге қатысты тергеушімен, анықтау органымен, прокурормен таңдаған үйде ұстау, қамау түріндегі бұлтартпау шараларын санкциялау және олардың мерзімін ұзарту;
5) жаңадан ашылған жағдайлар бойынша сот актілерін қайта қарастыру.
