- •Тақырып 1. Қаржылық талдаудың пәні және әдістері
- •Қаржылық талдаудың мәні, ролі және маңызы
- •Қаржылық және басқарудағы талдаудың өзара байланысы
- •Қаржылық талдаудың әдістері
- •1. Қаржылық талдаудың мәні, ролі және маңызы
- •Қаржылық және басқарудағы талдаудың өзара байланысы
- •3. Қаржылық талдаудың әдістері
- •Қаржылық нәтижелердің құрылымын және динамикасын талдау
- •Маржиналды табыстың құрамындағы пайданы талдау
- •Кәсіпорын табыстылығының көрсеткіштер жүйесі
- •1. Қаржылық нәтижелердің құрылымын және динамикасын талдау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 2. Кәсіпорындар табысын талдаудың мәні және міндеттері
- •2. Маржиналды табыстың құрамындағы пайданы талдау
- •3. Кәсіпорын табыстылығының көрсеткіштер жүйесі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 3. Маржиналдық табысты талдау
- •Маржиналдық табысты талдаудың мәні және міндеттері
- •Өнім өндірісінің көлемі мен шығындары арасындағы байланысын талдау
- •Тұрақты шығындардың барынша жоғары деңгейінің жиынтығы мен өнімді өткеру бағасының ең жоғары деңгейі
- •1. Маржиналдық табысты талдаудың мәні және міндеттері
- •2. Өнім өндірісінің көлемі мен шығындары арасындағы байланысын талдау
- •Тұрақты шығындардың барынша жоғары деңгейінің жиынтығы мен өнімді өткеру бағасының ең жоғары деңгейі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 4. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау
- •1. Нарықтық экономика жағдайындағы рентабельділік көрсеткіштерінің мәні және ролі
- •2. Рентабельділік көрсеткіштерінің жалпы сипаттамасы
- •3. Өнім рентабельділігін талдау
- •Инновациялық жобалардың тиімділігін анықтаудың ерекшеліктері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 5. Қаржылық жағдайды талдаудың мәні және міндеттері
- •Нарықтық қатынастар жағдайындағы қаржылық жағдайды талдаудың ролі
- •Баланстың қаржылық құрылымын талдау
- •Қаржы жағдайын талдаудың мазмұны
- •1. Нарықтық қатынастар жағдайындағы қаржылық жағдайды талдаудың ролі
- •2. Баланстың қаржылық құрылымын талдау
- •3. Қаржы жағдайын талдаудың мазмұны
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 6. Кәсіпорынның активтерін талдау
- •Активтердің құрамын талдау және орналастыру
- •Активтердің айналымдылығы және айналымдылыққа әсер ететін факторлар
- •Активтердің құрамын талдау және орналастыру
- •2. Активтердің айналымдылығы және айналымдылыққа әсер ететін факторлар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 7. Міндеттемелер мен меншікті капиталды талдау
- •1. Нарықтық экономикада жағдайындағы капиталдың мәні және ролі
- •2. Капиталдың қалыптасу көздерінің құралы мен динамикасын талдау
- •3. Капитал айналымдылығын талдау
- •4. Меншікті капиталдың табыстылығын талдау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 8. Баланс өтімділігін талдау
- •1. Өтімділік түсінігі және баланстың өтімділігі
- •2. Активтер өтімділігін талдау
- •3. Баланс өтімділігін кешенді түрде бағалау
- •4. Өтімділік көрсеткіштерін талдау әдістемесі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 9. Қаржы тұрақтылығын талдау
- •Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының абсолютті көрсеткіштері
- •Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының қатысты көрсеткіштері мен оларды талдау
- •Қарыз алушының несиеқабілеттілігін талдау
- •Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының абсолютті көрсеткіштері
- •2. Қаржы тұрақтылығының қатысты көрсеткіштері және оларды талдау
- •3. Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 10. Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен белсенділігін талдау
- •Кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау және талдау
- •Шаруашылық қызметтің тиімділігін кешенді талдау
- •Іскерлік белсенділік коэффициенттерін талдау
- •1. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау және талдау
- •2. Еңбек құралдары
- •3. Еңбек заттары
- •Шаруашылық қызметтің тиімділігін кешенді талдау
- •Іскерлік белсенділік коэффициенттерін талдау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
3. Өнім рентабельділігін талдау
Рентабельділікті талдаудың маңызды аспектісі сату көлемінің табыстылығын бағалау және олардың жағдайына әсер ететін факторларды есептеу болып табылады. Осы мақсатта келесі аналитикалық кестені қолдану қажет.
Кесте - Сату көлемінің рентабельділік есептеу
Көрсеткіштер |
Базистік жыл |
Есептік жыл |
Ауытқулар (+ немесе -) |
Тауарды өткізуден түскен түсім (сату көлемі), мың тенге |
|
|
|
Өткерілетін тауарлардың өзіндік құны (коммерциялық және басқару шығындарын қоса алғанда), мың тенге |
|
|
|
Тауарды өткізуден түскен пайда, мың тенге
|
|
|
|
Сату көлемінің рентабельділігі (стр 3 / стр 1 * 100), % |
|
|
|
Бағаның және өнімнің өзіндік құнының өзгеруі тізбекті ауыстыру әдісімен анықталады.
Сату рентабельділігінің өзгеруін өткізуден түскен түсімнің өсуі есебінен есептеу ( ВР):
мұнда ВР0 и ВР1 – базистік және есептік кезеңдегі сатудан түскен түсім
С0 – базистік кезеңдегі өткерілген өнімнің өзіндік құны
Сату рентабельділігінің өзгеруін өткерілген өнімнің өзіндік құнын жоғарылату есебінен есептеу (DC)
мұнда С0 и С1 – Базистік және есептік кезеңде өткізілген өнімнің өзіндік құны
Қосындылау негізінде екі фактордың жалпы әсері есептеледі.
Инновациялық жобалардың тиімділігін анықтаудың ерекшеліктері
Инвестициялық проектілерді қаржыландыру кәсіпорынның пайдасы, амортизациялық аударымдар, негізгі құралдардан түскен түсім, банк несиелері, бюджеттік қаржы бөлу, кәсіпорынның резервтік қорлары, лизинг және т.б. есебінен іске асырылады. Нарықтық экономикаға өтумен байланысты бюджеттік қаржыландыру қысқартылып, банк несиесімен меншікті қайнар көздерінің үлесі өсіп отыр.
Кәсіпорын үшін инвестициялық проектілерді қаржыландырудың қайнар көзін тарту бірінші кезекте белгілі шығындармен байланысты болады. Осылайша, жаңа акциялар шығару акционерлерге дивиденд төлеуді, облигацияны шығару – пайыздарды төлеуді талап етеді. Сондықтан талдау процесінде әртүрлі қаржыландыру көздерінің бағасын анықтап, соның ішінде ең тиімдісін талдау қажет.
Зайымдық капиталдың негізгі көзі банк ссудасы мен шығарылғын облигациялар болып табылады. Банк несиесінің бағасы оның жылдық пайыздық мөлшеріне тең. Себебі банк несиесін қолдануға пайыздар өнімнің өзіндік құнына қосылады және салық салынатын табысты азайтады, сонымен қатар ресурстың бағасы банкке салық салу деңгейіне төленетін пайызынан аз болады (Кн):
Бұндай қаржыландыру қайнар көзінің бағасы кәсіпорын облигациясы сияқты оларға төленетін пайызының көлеміне тең (Р). Берілген пайыздарды өтеу шығындарын салық салынуға дейінгі табысуы жатқызуға болатын болса, онда қаржыландырудың бұл қайнар көзінің бағасы салық салу деңгейінен кіші болады:
Инвестициялық қызметті қаржыландырудың қайнар көзі ретінде акционерлік капиталдың бағасы артықшылықты және жай акциялар бойынша төленетін дивидендтің мөлшеріне тең.
Сонымен қатар қайта инвестицияланған пайда инвестицияларда үлкен үлес алуы мүмкін. Акционерлік кәсіпорындарда қаржыландырудың бұл қайнар көзінің бағасы шамамен жай акция бойынша дивидендтің деңгейіне тең болады. Себебі табысты қайта қаржыландыру операциясы акционердің жаңа акция сатып алуымен тепе-тең болады.
Кәсіпорындағы қаржыландырудың қайнар көзі бағасының салыстырмалы талдауына мысал: банктің пайыздық мөлшерлемесі - 40%, салық салу деңгейі – 30%
Цкр = 40 * (1 – 0,3) = 28%
Жай акция бойынша дивидендтердің деңгейі – 25,3%. Осыдан келе арзан қаржыландырудың қайнар көзі болып табысты қайта инвестициялау саналады, бірақ оның мөлшері шектеулі болады. Банк несиесі теориялық түрде шектелмеген, бірақ олардың бағасы тәуекелдің ұлғаюына төлем ретінде зайымдық капитал үлесінің көбеюінен нысанды түрде өсіп отыруы мүмкін.
Инвестициялық тиімділігін бағалау үшін көрсеткіштер кешені қолданылады. Инвестицияның 1 теңгесіне қосымша өнімнің шығуын келесідей формуламен есептесе болады:
мұнда Э – инвестиция тиімділігі
ВП0, ВП1 - бастапқы және қосымша инвестиция кезіндегі жалпы өнім
И – қосымша инвестиция сомасы
Инвестицияның 1 теңгесіне өнімнің өзіндік құнының төмендеуі келесі формуламен есептеледі:
мұнда С0, С1 – бастапқы және қосымша инвестиция кезіндегі өнім бірлігінің өзіндік құны
Q1 – қосымша инвестициядан кейінгі натуралды мәндегі өндіріс өнімінің жылдық көлемі
Инвестицияның 1 теңгесіне есептегендегі өндірістік өніміне еңбек шығындарын азайтуды келесі формуламен есептеуге болады:
мұнда Т0 и Т1 – қосымша инвестицияға дейінгі және инвестициядан кейінгі өндірісте өнім бірлігіне кететін еңбек шығыны
Қосымша инвестициялау нәтижесінде жұмысшылардың санын салыстырмалы түрде қысқартылылуын алымын Q1 (T0 – T1) бір жұмысшыға есептегендегі жұмыс уақытының жылдық қорына бөле отырып анықтауға болады.
Инвестицияның 1 теңгесіне есептегендегі пайданың ұлғаюы келесі формула бойынша есептелінеді:
мұнда П0 и П1 – қосымша инвестицияға дейінгі және кейінгі өнімнің бірлігіне келетін пайда
Инвестицияның өтелу мерзімі келесі формуламен есептелінеді:
немесе
Инвестицияның тиімділігін кешенді бағалау үшін көрсеткіштер жалпы және жеке объектілерге де қолданылады. Инвестицияның тиімділігінің жоғарылату бағытының негізгісі оларды қолданудың кешенділігі болып табылады. Бұл кәсіпорындар қосымша капитал салымдары арқылы негізгі және айналым қорларының және олардың активті және пассивті бөліктері арасындағы оңтайлы қарым-қатынастарға жеткізуге мүмкіндік береді. Инвестициялық қызмет тиімділігін арттырудың негізгі шарттары болып келесілер табылады:
Аяқталмаған өндіріс және құрлыс мерзімдерін қысқарты
Еңгізілетін объектілердің құнының төмендеуі
Еңгізілетін объектілердің дұрыс эксплуатациялануы
Инвестициялық қызмет бағдарламасын бағалаудың негізгі әдісі болып келесілер саналады:
Инвестицияның өтелу мерзімін есептеу;
Салынған капиталдың қайтарылуын есептеу;
Таза ағымдағы құнын анықтау;
Инвестицияның рентабельділік деңгейін есептеу
Бұл әдістер негізіне болжанған инвестициялар және болашақтағы ақшалай түсімдердің көлемін салыстыру кіреді.
Инвестицияның өтелу мерзімін есептеу әдісі оның мерзімін анықтауда, яғни инвестиция мерзімі өзін өтеп шығу үшін анықталады. Инвестициялық жоба тиімділігін бағалай отырып, оның өтелу мерзімімен қоса, салынған капиталдан түсетін табыс немесе жобаның табыстылығын ескеру қажет (ДВК).
Бұл әдістің кемшіліктері де бар. Себебі жылдар бойынша ақша ағымын және шығысын бөлістіруді ескермейді. Инвестициялық тиімділікті бағалаудың ғылыми негізделгені болып ақша қаражаттарын өсіру және дисконттау әдісі бойынша құрылған, яғни ақша құнының уақыт бойынша өзгеруін есепке алатын әдісі саналады. Өсіру (компаундинг) әдісінің мәні инвестордың операция соңында алатын ақша сомасын анықтауда. Бұл жерде берілген көлемде инвестицияның шығыс сомасы, табыстылықтың мерзімі және пайыздық мөлшері жатады, ал ізделінетін көлеміне операция аяқталғаннан соң алынатын ақша қаражаты жатады. Ақша ағымын зерттеудің бұл әдісін қолданған кезде қазіргі кезден болашаққа қарай жүргізіледі.
Инвестиция қүрделі пайыздарды қолдану кезінде бірнеше жылдан кейін құнын анықтау үшін келесі формула қолданылады:
мұнда S – n жылдан кейінгі инвестицияның болашақтағы құны
Р – инвестицияның бастапқы сомасы
r - оңдық бөлшек түріндегі пайыз мөлшері
n – есептік кезеңдегі жылдар саны
Ақша түсімдерін дисконттау әдісі ақша ағымын зерттеудің кері әдісі, яғни болашақ кезеңнен ағымдағы уақытқа дейін есептеледі. Ол арқылы кезең соңында белгілі бір соманы алу үшін бүгін қанша қаржы салу керек екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Ол үшін келесі формула қолданылады:
Сонымен қатар ақша қаражаттарын дисконттау жобалардың ағымдағы таза құнын және олардың рентабельділік деңгейін анықтау әдісінің негізіне тиістелген.
Ағымдағы таза құн әдісі (ЧТС) келесілерден тұрады:
Шығындардың ағымдағы құны (С), яғни жобаға қанша инвестиция резервтендіру керек екендігі анықталынады.
Жобадан түсетін болашақтағы ақша қаражаттарының ағымдағы құны есептелінеді, яғни бұл үшін әр жылдағы кірістер ағымдағы мерзім бойынша жүргізіледі. Есептеулер нәтижесі егер де табыс пайызы банк пайызы мөлшеріне немесе капиталдың дивидендтің қайтарылуына тең болғанда, болжанған табысты алу үшін қазір қанша қаражат салу керек екендігін көрсетеді. Барлық жылға табыстың ағымдағы құнын есептеу негізінде жобадан түсетін табыстың жалпы ағымдағы құнын алады
Шығындардың ағымдағы құны (С) табыстың ағымдағы құнымен салыстырылады (В). Олардың арасындағы айырмашылығы табыстың ағымдағы таза құнын құрайды (ЧТС):
Ағымдағы таза құн инвестордың ақшаны банкке сақтаумен салыстырғандағы жобаға салу нәтижесіндегі таза табысын және таза шығындарын көрсетеді. Егер ЧТС 0 болса, капитал құнына қарағанда, жоба үлкен табыс әкелетіндігін білдіреді. Егер ЧТС 0 болса, онда капитал құнына қарағанда жоба аз табыс әкеледі және сондықтан да ақшаны банкте қалдырған тиімдірек. Ал егер ЧТС = 0 болса, онда жобаның табыстылығы да, шығыны да аз болады.
Егер ақша жобаға бірнеше жылдарға бөлшектеп инвестицияланса, онда ЧТС есептеу үшін келесі формула қолданылады:
бұл жерде n – табыс алу кезеңінің саны
j – құралдарды қаржыландыру кезеңінің саны
Ағымдағы таза құн әдісі көмегімен (таза келтірілген эффект бойынша) жобаның табыстылығын жеткілікті түрде нақты есептеуге болады. Инновациялық қызметтің тиімділігін талдау барысында бұл әдіс негізгі әдіс ретінде қолданылады. Мысалы, егер инвестициялар жоғарғы тәуекелділікпен байланысты болса, онда инвесторлар жобаның табыстылығымен қоса, оның өтелу мерзіміне де үлкен көңіл береді. Яғни инвестицияның өтелу мерзімі қаншалықты қысқа болса, соншалықты инвестицияның тәуекелділік дәрежесі аз болады. Бұндай жағдайда инвестициялық жобалардың өтелу мерзімін есептеуге негізделген әдісті қолдану мақсатты деп саналады (ДДП –ны есепке ала отырып).
Рентабельділік индексі – берілген жобаға салынған инвестицияның 1 теңгесіне есептегендегі жобадан түсетін ақша түсімдерінің дисконтталған құны. Инвестицияның рентабельділік индексін есептеу келесі формуламен есептелінеді:
Таза ағымдағы құнға қарағанда берілген көрсеткіш салыстырмалы болып саналады. Сондықтан оны инвестициялау жобаларының варианттарын таңдау кезінде қолданған ыңғайлы.
