Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-ТЕЗИСЫ ЛЕКЦИЙ ҚАРЖТАЛДАУ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
920 Кб
Скачать
☆
  1. Іскерлік белсенділік коэффициенттерін талдау

Іскерлік белсенділік коэффициентіне келесілер жатады:

  • Кәсіпорынның барлық капиталының айналымдылық жылдамдығын бейнелейтін жалпы айналымдылық коэффициенті;

  • Барлық жұмылдырылған (материалды және материалды емес) қаражаттардың айналым жылдамдығын көрсететін айналым капиталының айналымдылық коэффициенті;

  • Материалдың айналым қорларының айналымдылық коэффициенті;

  • Дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті;

  • Коммерциялық несиенің кеңеюін немесе төмендеуін көрсететін дебиторлық берешек айналымдылық коэффициенті;

  • Кредиторлық берешектердің айналымдылығы коэффициенті;

  • Тұрақты активтерді пайдалану тиімділігін сипаттайтын негізгі құралдарының айналымдылық коэффициенті;

  • Меншікті капитал айналымдылығының коэффициенті.

Егер қаржылық көрсеткіштердің есептеуде көрсеткіштер салыстырылатын болса, онда олардың арасында белгілі бір айналыс болады. Мұнда қаражаттардың рентабельділігі пайда көрсеткіші негізінде есептеледі.

мұнда Рс (ист) – қаражаттар мен олардың көздерінің рентабельділігі

Р сату – сату рентабельділігі

Ос (көз) – қаражаттар мен олардың көздерінің айналымдылығы

Бұл формула кәсіпорын қаражаттары пайдалылығының баға және шығындар факторларымен, кәсіпорынның іскерлік белсенділігімен байланысты екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл формула қаражаттардың рентабельділігін арттыру жолдарында көрсетеді. Сатудың төмен пайдалылықты жағдайында капитал айналымын және оның элементтерінің айналымын жеделдетуге тырысу керек. Кәсіпорынның төмен іскерлік белсенділігі тек өндірістік шығындарды төмендету немесе өнім бағасын көтеру арқылы сату рентабельділігін арттыру жолымен ғана жақсарады.

Сонымен бірге, іскерлік белсенділіктің белгілері кәсіпорынның ресурстарды пайдалану тиімділігімен сәйкес келмейді. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің маңызды сандық және сапалық белгілері төмендегілер болып табылады:

  • Өнімді сату нарығының кеңдігі;

  • Кәсіпорынның іскерлік беделі;

  • Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі;

  • Шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштері бойынша жоспардың орындалу дәрежесі;

  • Өсім қарқанының қамтамасыз етілуі;

  • Экономикалық өсімнің тұрақтылығы.

Іскерлік белсенділіктің сандық көрсеткіштері абсолютті және қатысты көрсеткіштермен сипатталады. Шаруашылық қызметтің абсолютті көрсеткіштері:

  • Өнімді өткізу көлемі;

  • Пайда;

  • Кәсіпорын активтерінің мөлшері.

Негізгі көрсеткіштердің қарқынын бағалау кезінде олардың өзгерісінің қарқыны салыстырылады. Ең оңтайлы өзара қатынас болып саналатыны:

мұнда Тп – пайда өсімінің қарқыны, %

Тв – сатудан түскен түсімнің өсім қарқыны, %

Та – активтердің өсім қарқаны, %

Бұл қатынас пайданың сату көлеміне қарағанда жоғары қарқынмен өсуін білдіреді, яғни өндіріс және айналыс шығындарының азайғанын көрсетеді. Сондай-ақ, сату көлемі активтер өсімінен жоғарырақ қарқынмен өсіп, кәсіпорын ресурстарының тиімді пайдаланылуын білдіреді. Сонымен қатар, кәсіпорынның экономикалық потенциал өткен кезеңмен салыстырғанда өсетінін куәландырады.

Әлемдік тәжірибеде аталған қатынас «кәсіпорын экономикасының алтын қағидасы» атауына ие болды. Бірақ, егер ережеден ауытқуға болады, бірақ оны теріс ауытқуы деп түсінбеу керек. Мұндай ауытқулардың себептеріне жаңа өнімді, технологияны игеру, кәсіпорынды қайта құру және жаңаландыру үшін капитал тарту жатады. Басқаша айтқанда, шығарылатын өнімнің де өндірістік циклдарын міндетті түрде есепке алу керек.

Іскерлік белсенділіктің салыстармалы көрсеткіштері кәсіпорын ресурстарының тиімді пайдаланылуын сипаттайды. Оларды айналымдылық көрсеткіштері – қаржылық коэффициенттер жүйесі ретінде көрсетуге болады.

Кесте – Іскерлік белсенділік коэффициенттері

№ р/н

Есептеу формуласы

Шартты белгіленуі

Түсініктеме

1.

Активтердің айналымдылық көрсеткіштері

1.1.

КОА- активтер айналымдылық коэффициенті; ВР – өнімді өткізуден түскен түсім; - есепті кзеңдегі активтердің орташа құны (тоқсан, жыл)

Кәсіпорынның барлық авансталған капиталының айналыс жылдамдығын көрсетеді, яғни талданатын кезеңдегі жасалатын айналым саны

1.2.

ПА- 1 айналым ұзақтығы, қүндер; Д – есепті кезеңдегі қүндер саны (тоқсан – 90, жарты жыл – 180, жыл - 365)

Барлық авансталған капиталдың 1 айналым ұзақтығын сипаттайды

1.3.

КОАВОА- айналымнан тыс активтердің коэффициенті; - есепті кезең ішіндегі орташа құны

Кәсіпорын мобильды емес активтерінің есепті кезең ішіндегі айналым жылдамдығын көрсетеді

1.4.

ПВОА- айналымнан тыс активтердің айналым ұзақтығы, күндер

Мобильды емес активтердің 1 айналым ұзақтығын сипаттайды

1.5.

КООА- айналым активтерінің айналымдылық коэффициенті; - есепті кезеңдегі айналым активтерінің орташа құны

Талданатын кезең ішінде молбильды активтердің айналым жылдамдығын көрсетеді

1.6.

ПОА- айналым активтерінің 1 айналым ұзақтығы, күн; КООА- айналым активтерінің айналымдылық коэффициенті

Өндірістік цикл ұзақтығын немесе есепті кезең ішіндегі мобильды активтердің айналым ұзақтығын бейнелейді

1.7.

КОз- босалқылардың айналымдылық коэффициенті; СРТ – тауар өткізудің өзіндік құны; - есепті кезеңдегі босалқылардың орташа құны

Босалқылардың айналым жылдамдығын көрсетеді (шикізат, материал, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім)

1.8.

Пз- босалқылардың 1 айналым ұзақтығы, қүн; КОз- босалқылардың айналымдылық коэффициенті

Босалқылардың материалды формадан ақшалай формаға ауысу жылдамдығын көрсетеді. Көрсеткіштің төмендеуі оңтайлы тенденция

1.9.

КОдз- дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті; - есепті кезеңдегі дебиторлық берешектің орташа құны

Дебиторлық берешектің кезең ішіндегі жасаған айналым санын көрсетеді. Айналымдылық жеделдеген сайын көрсеткіштің мәні төмендеп, кредиторлармен есеп айырысудың жақсарғанын көрсетеді

1.10.

Пдз- дебиторлық берешектің айналым ұзақтығы, қүн

Дебиторлық берешектің 1 айналым ұзақтығын сипаттацды. Көрсеткіштің төмендеуі – оңтайлы тенденция

2.

Меншікті капитал айналымдылығының көрсеткіштері

2.1.

КОск- меншікті капитал айналым коэффициенті; - есепті кезеңдегі меншікті капиталдың орташа құны

Меншікті капиталдың белсенділігін көрсетеді. Оның өсуі капиталды пайдалану тиімділігінің артқанын білдіреді

2.2.

Пск- меншікті капитал 1 айналым ұзақтығы, қүндер

Меншікті капитал айналымының жылдамдығын көрсетеді. Көрсеткіштің төмендеуі кәсіпорын үшін қолайлы

3.

Кредиторлық берешектің айналымдылық көрсеткіштері

3.1.

КОкз- кредиторлық берешек айналымдылығының коэффициенті; - кредиторлық берешектің есепті кезеңдегі орташа қалдығы

Кәсіпорын берешегінің айналым жылдамдығын көрсетеді. Жеделдеуі кәсіпорын өтімділігіне теріс етеді, егер

болса, онда кәсіпорын бос ақша қаражаттарының қалдығы болуы мүмкін

3.2.

Пкз- кредиторлық берешектің 1 айналым ұзақтығы, қүн

Кәсіпорын өзінің қысқа мерзімді берешектерін жаба алатын уақыт мерзімін сипаттайды. Айналымдылықтың төмендеуі, яғни мерзімнің ұзаруы кәсіпорынның қызметіндегі қолайлы жағдайларды көрсетеді