Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-ТЕЗИСЫ ЛЕКЦИЙ ҚАРЖТАЛДАУ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
920 Кб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары:

  1. «Төлем қабілеттілік» деген түсінік нені білдіреді?

  2. Кәсіпорын төлем қабілеттілігі деген не?

  3. Баланс және кәсіпорын өтімділігі деген не?

  4. Төлем қабеліттіліктің және өтімділіктің арасында қандай байланыс бар?

  5. Төлем қабеліттілікті және өтімділікті бағалауда қандай әдістер қолданылады?

  6. Баланс өтімділігі не үшін бағаланады?

  7. Таза айналым капиталы деген не?

  8. Абсолютті өтімділік коэффициентіне сипаттама береңіздер

  9. Ағымдағы өтімділік коэффициентіне сипаттама беріңіздер

  10. Қаражатарды мобилизациялау жағдайында өтімділік коэффициентін сипаттаңыз

  11. Жалпы өтімділік коэффициентіне сипаттама беріңіз

  12. Меншікті төлем қабілетті коэффициент деген не?

  13. Қысқа мерзімді перспективада төлем қабелітті бағалау үшін қандай коэффициенттер қолданылады?

  14. Тауарлы-материалдық запастардың айналымы қалай есептелінеді?

  15. Негізгі қаражаттар айналымы қалай есептелінеді?

  16. Кәсіпорынның жалпы активтер айналымы қалай есептелінеді?

Тақырып 9. Қаржы тұрақтылығын талдау

  1. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының абсолютті көрсеткіштері

  2. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының қатысты көрсеткіштері мен оларды талдау

  3. Қарыз алушының несиеқабілеттілігін талдау

  1. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының абсолютті көрсеткіштері

Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда маңызды тапсырмалардың бірі оның қаржы тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштермен танысу болып табылады. Қаржы тұрақтылығын талдау кәсіпорынның меншікті және қарыз қаражаттарын қаншалықты дұрыс басқарып отырғандығын анықтауға мүмкіндік береді. Қаржы тұрақтылығының мазмұны, қалыпты өндірістік-коммерциялық қызмет үшін қажетті ақша ресурстарының тиімді қалыптасуы мен пайдалануымен меншікті капитал қаржы ресурстарына ең алдымен таза (бөлінбеген) пайда мен амортизациялық аударымдар жатады. Қаржы тұрақтылығының сыртқы белгісі ретінде шаруашылық субъектінің төлем қабілеттілігі көрініс табады. Төлем қабілеттілік – бұл кәсіпорынның коммерциялық, несиелік және төлем түріндегі басқа операцияларынан туындайтын өзінің қаржылық міндеттемелерін орындай алу қабілеттілігі.

Қор көлемі

Сурет – Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштер

Кәсіпорынның қанағаттанарлық төлем қабілеттілігі келесідей параметрлермен расталады:

  • Есептік, валюталық және банктің басқа шоттарында бос ақша қаражаттарының болуы;

  • Жабдықтаушылардың, персоналдың, бюджеттің, бюджеттен тыс қорлардың және басқа кредиторлардың алдында ұзақ мерзімді мерзімі ұзартылған қарыздың болмауы;

  • Меншікті айналым қаражатының (таза айналым капиталының) болуы.

Төмен төлем қабілеттілік кездейсоқ, уақытша, ұзақ мерзімді немесе созылмалы болуы мүмкін. Ұзақ мерзімді төмен төлем қабілеттілік кәсіпорынды дағдарысқа алып келуі мүмкін.

Қаржылық тұрақтылықтың жоғарғы типі кәсіпорынның негізінен қаржыландырудың меншікті қайнар көзі негізінде даму қабілеттілігі. Бұл үшін ол қаржылық ресурстардың икемді құрылымы мен қарыз қаражатын тарту мүмкіндігіне ие болуы, яғни несие қабілетті болуы қажет. Кәсіпорын несие қабілетті болып саналады, егер меншікті қаржы ресурстар негізінде кредиторға алынған ссуданы уақытында қайтару қабілеттігі болса.

Қаржы тұрақтылығын сақтап қалуы үшін кәсіпорынға тек пайда көлемінің өсуі ғана емес сонымен қатар оның деңгейінің салынған капиталға қатысты өсуі де, яғни рентабельділік де қажет.

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы – бұл кәсіпкерлік тәуекелділіктің ең төменгі деңгейінде төлем қабілеттілік пен несие қабілеттілікті сақтай отырып меншікті қаражат негізінде кәсіпорынның дамуын қамтамасыз ететін кәсіпорынның ақша ресурстарының жағдайы.

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығына көптеген факторлар әсер етеді:

  • Тауар және қаржы нарығындағы кәсіпорынның жағдайы;

  • Сұранысы бар және бәсекеге қабілетті өнімді өндіру мен өткізу;

  • Іскерлік бірлестіктегі кәсіпорынның рейтингі;

  • Сыртқы несиегерлер мен инвесторларға кәсіпорынның тәуелділік деңгейі;

  • Төлем қабілетсіз дебиторлардың болуы;

  • Өндіріс шығындарының көлемі мен құрылымы, олардың ақшалай кірістерге қатынасы;

  • Төленген жарғылық капитал көлемі;

  • Коммерциялық және қаржылық операциялардың тиімділігі;

  • Мүліктік потенциалдың жағдайы;

  • Қаржы менеджерлерінің қаржылық дайындық деңгейі.

Өндірістік процесс кезінде кәсіпорында үнемі тауарлы-материалды құндылықтар қоры толықтырылып отырады. Бұл мақсатқа қалай меншікті айналым қаражаты пайдаланылса, солай қарыз қайнар көздері де пайдаланылады. Қорларды қалыптастыру үшін қаражаттардың болуын анықтағанда қаржылық тұрақтылықтын абсолютті көрсеткіштері анықталады.

Қорларды (босалқыларды) қалыптастыруда қайнар көздің (меншікті қаражат, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелер мен займдар). Әр түрін анығырақ көрсету үшін көрсеткіштер жүйесі қолданылады.

  1. Ағымдағы кезең соңында меншікті айналым қаражатының болуы келесі формуламен анықталады:

мұнда СОС – ағымдағы кезең соңындағы меншікті айналым қаражаты (таза айналым капиталы)

СК – меншікті капитал

ВОА – айналымнан тыс активтер

  1. Босалқыларды қаржыландырудың меншікті және ұзақ мерзімді қарыз қайнар көздерінің бар болуы келесі формуламен анықталады:

немесе

мұнда ДКЗ – ұзақ мерзімді несиелер мен займдар

  1. Босалқыларды қалыптастырудың негізгі қайнар көздерінің жалпы көлемі:

мұнда ККЗ – қысқа мерзімді несиелер және займдар

Нәтижесінде қаржыландырудың көзімен қамтамасыз етілген 3 көрсеткішті анықтауға болады:

  1. Меншікті айналым қаражаттарының артық болуы (+), жетіспеуі (-)

мұнда - меншікті айналым қаражатының артық болуы

З – запастар (босалқылар)

  1. Босалқыларды қаржыландырудың меншікті және ұзақ мерзімді қайнар көзінің артық болуы (+), жетіспеуі (-)

  1. Босалқыларды жабудың негізгі қайнар көздерінің жалпы көлемінің артық болуы (+), жетіспеуі (-)

Бұл босалқыларды қамтамасыз ету көрсеткіштерін үшфакторлық модель түрінде көрсетуге болады:

Бұл модель кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын сипаттайды. Тәжірибеде қаржы тұрақтылығының 4 типі кездеседі.

Кесте – Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының типі

Қаржылық тұрақтылықтың типтері

Модель

Босалқыларды қаржыландырудың көздері

Қаржы тұрақтылығына қысқаша сипаттама

1. Абсолютті қаржы тұрақтылығы

М=(1;1;1)

Меншікті айналым қаражаттары (таза айналым капиталы)

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі жоғары. Кәсіпорын сыртқы кредиторларға тәуелсіз

2. Қаржы тұрақтылығы қалыпты

М=(0;1;1)

Меншікті айналым қаражаттары + ұзақ мерзімді несиелер мен займдар

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі қалыпты. Қарыз қаражаттарының тиімді пайдаланады. Ағымдағы қызметтің табыстылығы жоғары

3. Қаржылық жағдайы тұрақсыз

М=(0;0;1)

Мешікті айналым қаражаттары + ұзақ мерзімді несиелер мен займдар + қысқа мерзімді несиелер мен займдар

Қалыпты төлем қабілеттілігі бұзылған. Кәсіпорынға қаржыландырудың қосымша көздерін тарту қажет. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге мүмкіндік бар

4. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы дағдарысты

М=(0;0;0)

-

Кәсіпорын толығымен төлем қабілетсіз және банкротқа ұшырау қаупі бар

Қаржы тұрақтылығының бірінші типін формула түрінде көрсетуге болады:

Абсолютті қаржы тұрақтылығы (М1) біздің елде сирек кездеседі.

Қаржы тұрақтылығының екінші типін келесі формуламен көрсетуге болады:

Қалыпты қаржы тұрақтылығы кәсіпорынның қаржылық міндеттемелерінің орындалуына кепілдік береді.

Үшінші тип (тұрақсыз қаржылық жағдай) келесі формуламен сипатталады:

Төртінші типті (дағдарысты қаржылық жағдай) келесі түрде көрсетуге болады:

Мұндай жағдайда кәсіпорын толығымен төлем қабілетсіз болып, банкроттыққа ұшырау қаупі туады, себебі айналым активтерінің, шешуші элементі «босалқылар» (запасы) қаржыландыру көздерімен қамтамасыз етілмеген.

Тұрақсыз қаржылық жағдайындағы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін жақсартудың негізгі жолдары:

  • Меншікті капиталды көбейту;

  • Айналымнан тыс активтерді қысқарту (қолданылмайтын негізгі құралдарды сату немесе жалға беру арқылы);

  • Материалды-өндірістік босалқылар көлемін оңтайлы деңгейге дейін қысқарту (ағымдағы және сақтандырылған босалқылар көлеміне дейін).