Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-ТЕЗИСЫ ЛЕКЦИЙ ҚАРЖТАЛДАУ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
920 Кб
Скачать
☆
  1. Тұрақты шығындардың барынша жоғары деңгейінің жиынтығы мен өнімді өткеру бағасының ең жоғары деңгейі

Маржиналдық талдаудың көмегімен сату көлемінің жоғары деңгейін орнатуға, сонымен қатар басқа факторлардың бағасы берілген жағдайында тұрақты шығындар сомасының жоғары деңгейін орнатуға болады. Сатудың маржиналдық табыс деңгейі берілген жағдайда тұрақты шығындардың жоғары деңгейі келесі түрде есептелінеді:

немесе немесе

Бұл есептің мәні тұрақты шығындардың максималды берілетін шамасын анықтауда тұрады. Себебі ол өнім бірлігіне шаққанда айнымалы шығындар, баға және сату көлемі берілген деңгейде маржиналдық табыспен жабылады. Егер тұрақты шығындар сол деңгейден асса, онда кәсіпорын зиян шегеді. Тұрақты шығындар ең жоғары сомадан асып кеткен жағдайда кәсіпорын үшін олар аса ауыр болады. Кәсіпорын сатудан түсетін түсімдермен оларды жаба алмайды. Сол себептен сатудың жоғары көлемін есептеу қажет:

Тұрақты шығындардың жоғары деңгейі бағалы көрсеткіш болып саналады. Оның көмегімен қаржылық нәтижелерін қалыптастыру процесін тиімді басқаруға болады. Тұрақты және айнымалы шығындарды, сатудың берілген көлемін пайдаланып бағаның барынша жоғары деңгейін анықтауға болады:

Пайданың, сату көлемнің, шығындардың функционалдық өзара байланыстарын ескере отырып, өнімнің сату көлемін есептеуге болады. Ол басқару шешімдердің әр түрлі варианттары бойынша (өндіріс құрылымы, баға, технология, жабдықтар бойынша әр түрлі варианттары) бірдей пайданы береді.

Пайда сомасын келесі түрде көрсетуге болады:

Бұл жерде натуралды шамадағы сатудың көлемі (К) белгісіз шама болып саналады. Бір вариант бойынша пайданы екінші вариант бойынша пайдаға теңдестіруге болады.

Сол кезде сатудың көлемін келесідей табуға болады:

Сонымен қатар басқару шешімдерінің әр түрлі варианттары бойынша шығындардың жалпы сомасы бірдей болатын сатудың көлемін анықтауға болады. Ол үшін келесі формула қолданылады:

Жасалған есептердің негізінде басқару шешімдерінің варианттарының бірі таңдалады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Маржиналдық талдау әдістемесінің мәні неде тұрады?

  2. Кәсіпорынның маржиналдық табысы деген не?

  3. Маржиналдық талдаудың мүмкіндіктері қандай?

  4. Маржиналдық талдаудың қандай кезеңдері бар?

  5. Пайданы талдау әдістемесінің мәні неде тұрады?

  6. Маржиналдық табыс қалай есептелінеді?

  7. Көп номенклатуралық өндіріс жағдайында пайданы талдау әдістемесінің мәні неде тұрады?

  8. Сатудан түсетін түсімнің ішінде маржиналдық табыстың орташа үлесі қалай анықталады?

  9. Сатылған өнімнің санына байланысты пайда қалай өзгереді?

  10. Сатылған өнім құрылымының өзгеруіне байланысты пайда қалай өзгереді?

  11. Өнім бағасының өзгеруіне байланысты пайда қалай өзгереді?

  12. Тұрақты шығындардың ең жоғары деңгейі қалай анықталады?

  13. Бағаның және сатудың ең жоғары деңгейі қалай есептелінеді?

Тақырып 4. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау

  1. Нарықтық экономика жағдайындағы рентабельділік көрсеткіштерінің мәні және ролі

  2. Өткізілген өнімнің рентабельділік деңгейін талдау

  3. Өнім рентабельділігін талдау

  4. Инновациялық жобалардың тиімділігін талдау