Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-ТЕЗИСЫ ЛЕКЦИЙ ҚАРЖТАЛДАУ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
920 Кб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары:

  1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы деген не?

  2. «Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы» деген термин нені белгілейді?

  3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығына қандай факторлар әсерін тигізеді?

  4. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін қандай көрсеткіштер пайдаланылады?

  5. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын ішкі талдауының мәні неде тұрады?

  6. Кәсіпорынның қаржылық жағдайдың сыртқы талдауы деген не?

  7. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қандай көрсеткіштер сипаттайды?

  8. Қаржылық тәуекелділік коэффициенті қандай факторларға тәуелді?

  9. Қаржылық тәуекелділік коэффициенті қалай анықталады?

  10. Зайымдық капиталдың нормативті үлесі қалай анықталады?

  11. Өзі-өзін қаржыландыру коэффициентін сипаттаңыздар?

  12. Кәсіпорын қызмет тиімділігін арттыруда қаржыларды орналастырудың орны қандай?

  13. Кәсіпорын қаржылық жағдайын талдаудың мәне неде тұрады?

  14. Кәсіпорын қаржылық жағдайын талдауы қалай жүргізіледі?

  15. Баланстың активі мен пассиві деген не?

  16. Кәсіпорын қаржылық жағдайын талдаудың қандай кезеңдері бар?

Тақырып 6. Кәсіпорынның активтерін талдау

  1. Активтердің құрамын талдау және орналастыру

  2. Активтердің айналымдылығы және айналымдылыққа әсер ететін факторлар

  1. Активтердің құрамын талдау және орналастыру

Балансты талдау кәсіпорынның игілігіндегі капиталды орналастыру жөніндегі мәліметтен тұрады. Әрбір орналастырылған капитал түріне баланстың жеке статьясы сәйкес келеді. Осы берілгендер бойынша, кәсіпорынның активтерінде қандай өзгеріс болғанын, қай бөлігі кәсіпорынның жылжымайтын мүлігін түзетінін (құрайтынын), қандай- айналым құралдары, оның ішінде өндіріс және айналым сферасындағыларды белгілеуге болады.

Балас активі статьясының негізгі белгісі болып олардың өтімділік деңгейі саналады, яғни нақтылай ақшаға айналу жылдамдылығы. Осы белгісі бойынша барлық баланс активтері ұзақ мерзімді (немесе негізгі капитал) және ағымдағы активтер (айналым) болып бөлінеді.

Кәсіпорынның құралдары ішкі айналымда және кәсіпорыннан тыс жерде (дебиторлық берешек, бағалы қағаздарды иелену, ақша, басқа кәсіпорындардың облигациялары) қолданылуы мүмкін.

Айналым капиталы өндіріс сферасында( қорлар, аяқталмаған өндіріс, болашақ кезең шығындары) және айналым сферасында (қоймадағы дайын өнім сатып алушымен тиелген, есептегі қаржылар, қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы нақты ақша, таурлар және тағы басқа) болуы мүмкін. Капитал ақшалай және материалды нысанда жұмыс істеуі мүмкін. Инфляция кезінде құралдардың ақшалай нысанда болуы олардың сатып алу қабілетінің төмендеуіне әкеледі. Инфляциялық процесте деңгейіне байланысты баланстың барлық баптары монетарлы және монетарлы емес болып сыныпталады.

Монетарлы активтер- бұл ағымдағы ақшалай бағалауда қаражаттар және міндеттемелерді бейнелейтін баланс статьясы. Сондықтан да олар қайта бағалауға жатпайды. Оларға ақшалай қаражаттар, қысқа мерзімді қаржылық салымдар, есептегі ақшалар қатысты.

Монетарлы емес активтер – бұл негізгі құралдар, аяқталмаған капитал құрылысы, қорлар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, тауарлар. Бұл активтердің нақты құны уақыттың және бағаның өзгеруімен өзгереді, сондықтан да қайта бағалауды талап етеді.

Кәсіпорынның активтерін талдау процесінде ең алдымен оның құрамындағы өзгерісті үйрену керек, оған баға беру керек. Егер монетарлы активтер монетарлы пассивтерді жоғарылатса, онда бағаның көтерілуінде және сатып алу қабілеті төмендесе кәсіпорынның ақшалай бірлігі осы активтерді бағаламаудан қаржылық жоғалтуды көруі мүмкін және керісінше, егер монетарлы пассивтердің соммасы (банк несиелері, кредиторлық берешек, алынған аванстар және басқа да тартылған қаражаттар) монетарлы активтердің соммасын жоғарылатады, онда инфляцияның салдарынан қарыздардың бағаланбауы кәсіпорынның табысының артуы жүзеге асады.

Берілген жоғалтудың (табыс) шамасын мына формуламен анықталады:

Мұндағы ­ капитал соммасының өзгеруі

және МАк - талданатын кезеңде монетарлы активтер жыл басы және жыл соңындағы соммасы

және - талданатын кезеңде монетарлы пассивтер жыл басы және жыл соңындағы соммасы

, және - талданатын кезеңде жыл басы, соңы және ортасындағы инфляция индекстері

Жыл басына

Жыл соңына

Инфляция индексі, %

Монетарлы активтер, млн. теңге

Монетарлы пассивтер, млн. теңге

Есептеу негізінде алынған қосымша табыс немесе шығыс шамасын анықтайды.

Одан әрі қарай негізгі және айналым капиталының құрамын, құрылымын және динамикасын аса бөлшектеп үйрену керек.

Ұзақ мерзімді немесе негізгі капитал- бұл ұзақ мерзімді мақсатпен жылжымайтын мүлікке, облигацияға, акцияға, пайдалы қағаздар қорына, біріккен кәсіпорындарға, материалдық емес активтерге және т.б. қаражат салу болып табылады.

Кесте – негізгі капиталдың құрамы және динамикасы

Өндіріс құралдары

Жыл басына

Жыл аяғына

Өсім

Млн. теңге

Үлесі, %

Млн. теңге

Үлесі, %

Млн. теңге

Үлесі, %

Негізгі құралдар

Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар

Аяқталмаған құрылыс

Материалдық емес активтер

Барлығы

Одан әрі ағымдағы активтердің, капиталдың мобилді бөлігіндей құрамының және динамикасының өзгерісін талдау маңызды. Ағымдағы активтердің кәсіпорынның қаржылық жағдайына айтарлықтай деңгейде тәуелді. Айналым капиталының тұрақты құрылымы өндірістік және өнімнің өтімділігінің тұрақтылығын куәлендіреді. Оның өзгеруі кәсіпорынның тұрақсыз жұмысы жөнінде хабарлайды.

Кесте – Ағымдағы активтердің құрамын және динамикасын талдау

Қаражат түрі

Қаражаттың бар болуы, млн. теңге

Қаражаттардың құрылымы, %

Жыл басына

Жыл соңына

Өзгеруі

Жыл басына

Жыл соңына

Өзгеруі

Ақша қаражаттары

Қықа мерзімді қаржылық салымдар

Дебиторлық берешек

Оның ішінде векселмен қамтамасыз етілген

Қорлар және шығындар

Оның ішінде:

Өндірістік қорлар

Аяқталмаған өндіріс

Дайын өнім

Барлығы

Баланс активінің әрбір статиясы бойынша өзгерісін бөлшектеп үйренуде.