Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-ТЕЗИСЫ ЛЕКЦИЙ ҚАРЖТАЛДАУ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
920 Кб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары:

  1. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін талдаудың кезеңдері қандай?

  2. Бухгалтерлік пайдаға әсерін тигізетін факторлар қалай топтастырылады?

  3. Пайдаға әсерін тигізетін сыртқы факторларға қандай факторлар жатады?

  4. Пайдаға әсерін тигізетін ішкі факторларға қандай факторлар жатады?

  5. Жалпы пайда дегеніміз не?

  6. Жалпы пайда қандай факторлар әсерімен қалыптасады?

  7. Операционалдық талдау дегеніміз не?

  8. Операционалдық талдаудың негізгі элементтері қандай?

  9. Өндірістік тетік дегеніміз не?

  10. Өндіріс рентабельділігінің шегі дегеніміз не?

  11. Маржиналдық табыстың коэффициенті қалай анықталады?

  12. Экономикалық және қаржылық рентабельділіктің түсініктері қандай?

Тақырып 3. Маржиналдық табысты талдау

  1. Маржиналдық табысты талдаудың мәні және міндеттері

  2. Өнім өндірісінің көлемі мен шығындары арасындағы байланысын талдау

  3. Тұрақты шығындардың барынша жоғары деңгейінің жиынтығы мен өнімді өткеру бағасының ең жоғары деңгейі

1. Маржиналдық табысты талдаудың мәні және міндеттері

Басқару шешімдерді қабылдау жағдайында маржиналдық талдаудың мәні өте зор. Оның әдістемесі үш маңызды экономикалық көрсеткіштер топтарының (шығындар, өнім өндіру (сату) көлемі, пайда) арақатынасын зертеуге және оларды болжамдауға негізделеді. Бұл әдісті зиянсыз талдау немесе табысқа жетуге көмектесу талдауы деп те атайды. Бұл әдісті жоспарлау әдісі ретінде 1930 жылы американдық инженер У.Раутенштрах құрған және ол өндірістің ең жоғары көлемінің графигі ретінде әйгілі болды. Маржиналдық талдау (зиянсыз талдау) нарық қатынастары дамыған мемлекеттерде кең тараған. Ол пайданың ең маңызды факторлардан тәуелділігін зерттеуге және соның негізінде пайданың шамасын қалыптастыру процесін басқаруға мүмкіндік береді. Әдістеменің негізінде маржиналдық табыс түсінігін пайдалану және өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты өндіріс және өткізім шығындардың тұрақты және айнымалы шығындарға бөлінуі жатыр. Кәсіпорынның маржиналдық табысы – бұл сатудан түсетін түсімнен айнымалы шығындардың шегерілуі. Өнім бірлігіне шаққандағы маржиналдық табыс өнім бірлігінің бағасымен оған жұмсалатын айнымалы шығындардың айырмашылығы болып саналады. Оның ішіне тұрақты шығындардан басқа пайда да кіреді.

Маржиналдық талдаудың негізгі мүмкіндіктері мынада тұрады:

  • Тұрақты және айнымалы шығындар мен бағаның ара қатысы берілген жағдайда зиянсыз сату көлемін (рентабельділік шегі, шығындардың өтелімділігі) анықтау;

  • Кәсіпорынның қауіпсіздік (зиянсыз) зонасын анықтау;

  • Пайданың берілген шамасын алу үшін сатудың қажетті көлемін есептеу;

  • Маржиналдық табыстың деңгейі берілгенде тұрақты шығындардың ең жоғары деңгейін анықтау;

  • Тұрақты және айнымалы шығындардың деңгейі мен сату көлемі берілген кезде сатудың көтерінкі бағасын табу.

Маржиналдық табыстың көмегімен басқа да басқару шешімдері қабылданады:

  • Өндірістік құаттың өзгеруінің варианттарын таңдау;

  • Өнім ассортиментін таңдау;

  • Жаңа өнімге бағаны анықтау;

  • Жабдықтардың варианттарын таңдау;

  • Өндіріс технологиясын таңдау;

  • Толықтырма өнімдерді (комплектующие изделия) сатып алудың варианттарын анықтау;

  • Қосымша заказ алудың тиімділігін бағалау.

Маржиналдық талдаудың негізгі кезеңдері:

  1. Талдау өткізуге қажетті бастапқы ақпаратты жинау, дайындау және өңдеу

  2. Өнімді өндіру мен сатуға жұмсалатын тұрақты және айнымалы шығындардың сомасын анықтау

  3. Зерттелетін көрсеткіштердің шамасын есептеу

  4. Зерттелетін көрсеткіштердің деңгейін салыстырмалы талдау

  5. Зерттелетін көрсеткіштердің деңгейінің өзгеруін факторлық талдау

  6. Өзгеріп тұратын ортада олардың шамасын болжамдау

Маржиналдық талдау әдістемесі бойынша есептерді жүргізу үшін бір қатар шарттар орындалу керек:

  • Шығындардың екі бөлімге – тұрақты және айнымалы – бөлінудің қажеттілігі;

  • Айнымалы шығындар өнім өндірудің (сатудың) көлеміне пропорционал түрде өзгереді;

  • Тұрақты шығындар өнім өндірудің (сатудың) маңызды көлемі шамасында өзгермейді;

  • Өнім өндірудің және сатудың тепе-теңдігі, яғни дайын өнімнің қорлары қалдығы, елеулі өзгермейді;

  • Өндірістің тиімділігі, өнім бағасының деңгейі және пайдаланатын өндірістік қорлар зерттелетін кезеңде елеулі құлдырауға ұшырамайды;

  • Сатылатын өнім көлемінің сатудан түсетін түсімге пропорционалдығы.