Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-ТЕЗИСЫ ЛЕКЦИЙ ҚАРЖТАЛДАУ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
920 Кб
Скачать
☆

2. Маржиналды табыстың құрамындағы пайданы талдау

Пайданың кіріс түрі ретінде қалыптасуы кәсіпкерлік қызметтің негізі және оның соңғы қаржылық нәтижесі болып саналады. Пайдамен шығыстарды салыстыру кәсіпорын жұмысының тиімділігін сипаттайды. Кәсіпкерлік қызметті басқарудың ыңғайлы әдісінің бірі операционалдық талдау болып есептеледі, ол шығындар – сату көлемі – пайда нобайы бойынша орындалады. Бұл әдіс өндіріс-коммерциялық қызметтің қаржылық нәтижесі шығыс, баға, өндіріс көлемі және өнім өткізу өзгерістерінен тәуекелділігін көрсетеді. Операционалдық талдаудың нәтижелері кәсіпорынның коммерциялық құпиясы болып саналады. Операциналдық талдау сезімталдықты, яғни өнім өндіру мен өткізудің ішкі және сыртқы факторлар өзгерістеріне қаржылық нәтиженің реакциясын көрсетеді.

Операционалдық талдау көмегімен көптеген басқару мәселелерін шешуге болады:

  1. Өндіріс-сауда қызметінің пайдалылығын бағалау;

  2. Кәсіпорын рентабелділігін болжамдау;

  3. Кәсіпкерлік тәуекелділікті бағалау;

  4. Қиын жағдайдан шыгудың оптималды жолдарын таңдау;

  5. Инвестициялар пайдалылығын бағалау;

  6. Кәсіпорын үшін ең қолайлы ассортименттік саясатты жүргізу.

Өндіріс және тауар сатудың сын көлемі, пайдалылық шегі және қаржылық төзімділіктің қоры операционалдық талдаудың негізгі элементтері болып саналады. Операционалдық талдау өндірістік (операционалдық) тетік (СВПР) түсінігімен тығыз байланысты.

СВПР маржиналдық табыстың пайдадан қанша есе артқандығын көрсетеді. Өндірістік тетік жоғары болған сайын, кәсіпкерлік тәуекелділік де өсе береді.

Тәжірибеде мынадай жағдайлар кездеседі:

  1. Маржиналдық табыс 0-ге тең. Бұл жағдайда сатудан түсетін түсім тек қана айнымалы шығындарды жабады, яғни кәсіпорын тұрақты шығындар мөлшерінде зиян көріп жұмыс істейді.

  2. 0 МД тұрақты шығындар. Мұндай жағдай тауар сатудан түсетін түсім айнымалы шығындарды және тұрақты шығындардың белгілі бөлігін жабатын кезде туындайды.

  3. МД= тұрақты шығындар. Тауар сатудан түсетін түсім барлық шығындарды (айнымалы және тұрақты) толық жабатын кезде пайда 0-ге тең болады.

  4. МДтұрақты шығындар. Тауар сатудан түсетін түсім барлық шығындардан асқан жағдайда кәсіпорынның қызметі пайдалы болады.

Өндіріс тиімділігінің табалдырығы келесі формула арқылы табылады:

Маржиналдық табыстың коэффициенті өнім сатудан түсетін түсімнің үлес салмағын көрсетеді.

Бұл коэффициент пайыздық түрде немесе бірлік үлесінде көрсетіледі. Тұрақты шығындар деңгейі төмен кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі өндіріс көлемі өзгеруіне көп тәуелді емес. Тұрақты шығындардың үлесі жоғары кәсіпорындар өндіріс және сату көлемдерінің төмендеуінен қауіптену керек.

Қазіргі таңда кәсіпорындар үшін пайданың өсуі емес, оның қажетті параметрлерде қалуы маңыздырақ. Бұл салық төлемдер шамасының және өндірістік пен әлеуметтік төлемдер оптималды арақатысы арасын қамту үшін қажет. Сезімталдықты талдау негізінде өндіріс көлемі жатыр.

  1. Тұрақты шығындар (СР) өзгерген кезде физикалық түрдегі өндіріс көлемі (Q1) мынадай формуламен анықталады:

МД  - ағымдағы кезеңде маржиналдық табыс

К0мд – базистік кезеңде маржиналдық табыстың коэффициенті

Ц0 – базистік кезеңде өнім бірлігінің бағасы

  1. Айнымалы шығындар (ПР) өзгерген кезде физикалық түрдегі өндіріс көлемі (Q2) келесі формула арқылы есептеледі:

  1. Баға өзгерген кезде (Ц) физикалық түрдегі өндіріс көлемі (Q3) мынадай формуламен табылады:

МД0 – базалық және жаңа маржиналдық табыс

К0мд и Кмд – маржиналдық табыстың базалық және жаңа коэффициенттері, бірлік үлесі

Ц0 и Ц1 – өнім бірлігінің базалық және жаңа бағасы