- •Тақырып 1. Қаржылық талдаудың пәні және әдістері
- •Қаржылық талдаудың мәні, ролі және маңызы
- •Қаржылық және басқарудағы талдаудың өзара байланысы
- •Қаржылық талдаудың әдістері
- •1. Қаржылық талдаудың мәні, ролі және маңызы
- •Қаржылық және басқарудағы талдаудың өзара байланысы
- •3. Қаржылық талдаудың әдістері
- •Қаржылық нәтижелердің құрылымын және динамикасын талдау
- •Маржиналды табыстың құрамындағы пайданы талдау
- •Кәсіпорын табыстылығының көрсеткіштер жүйесі
- •1. Қаржылық нәтижелердің құрылымын және динамикасын талдау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 2. Кәсіпорындар табысын талдаудың мәні және міндеттері
- •2. Маржиналды табыстың құрамындағы пайданы талдау
- •3. Кәсіпорын табыстылығының көрсеткіштер жүйесі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 3. Маржиналдық табысты талдау
- •Маржиналдық табысты талдаудың мәні және міндеттері
- •Өнім өндірісінің көлемі мен шығындары арасындағы байланысын талдау
- •Тұрақты шығындардың барынша жоғары деңгейінің жиынтығы мен өнімді өткеру бағасының ең жоғары деңгейі
- •1. Маржиналдық табысты талдаудың мәні және міндеттері
- •2. Өнім өндірісінің көлемі мен шығындары арасындағы байланысын талдау
- •Тұрақты шығындардың барынша жоғары деңгейінің жиынтығы мен өнімді өткеру бағасының ең жоғары деңгейі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 4. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау
- •1. Нарықтық экономика жағдайындағы рентабельділік көрсеткіштерінің мәні және ролі
- •2. Рентабельділік көрсеткіштерінің жалпы сипаттамасы
- •3. Өнім рентабельділігін талдау
- •Инновациялық жобалардың тиімділігін анықтаудың ерекшеліктері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 5. Қаржылық жағдайды талдаудың мәні және міндеттері
- •Нарықтық қатынастар жағдайындағы қаржылық жағдайды талдаудың ролі
- •Баланстың қаржылық құрылымын талдау
- •Қаржы жағдайын талдаудың мазмұны
- •1. Нарықтық қатынастар жағдайындағы қаржылық жағдайды талдаудың ролі
- •2. Баланстың қаржылық құрылымын талдау
- •3. Қаржы жағдайын талдаудың мазмұны
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 6. Кәсіпорынның активтерін талдау
- •Активтердің құрамын талдау және орналастыру
- •Активтердің айналымдылығы және айналымдылыққа әсер ететін факторлар
- •Активтердің құрамын талдау және орналастыру
- •2. Активтердің айналымдылығы және айналымдылыққа әсер ететін факторлар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 7. Міндеттемелер мен меншікті капиталды талдау
- •1. Нарықтық экономикада жағдайындағы капиталдың мәні және ролі
- •2. Капиталдың қалыптасу көздерінің құралы мен динамикасын талдау
- •3. Капитал айналымдылығын талдау
- •4. Меншікті капиталдың табыстылығын талдау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 8. Баланс өтімділігін талдау
- •1. Өтімділік түсінігі және баланстың өтімділігі
- •2. Активтер өтімділігін талдау
- •3. Баланс өтімділігін кешенді түрде бағалау
- •4. Өтімділік көрсеткіштерін талдау әдістемесі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 9. Қаржы тұрақтылығын талдау
- •Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының абсолютті көрсеткіштері
- •Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының қатысты көрсеткіштері мен оларды талдау
- •Қарыз алушының несиеқабілеттілігін талдау
- •Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының абсолютті көрсеткіштері
- •2. Қаржы тұрақтылығының қатысты көрсеткіштері және оларды талдау
- •3. Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 10. Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен белсенділігін талдау
- •Кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау және талдау
- •Шаруашылық қызметтің тиімділігін кешенді талдау
- •Іскерлік белсенділік коэффициенттерін талдау
- •1. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау және талдау
- •2. Еңбек құралдары
- •3. Еңбек заттары
- •Шаруашылық қызметтің тиімділігін кешенді талдау
- •Іскерлік белсенділік коэффициенттерін талдау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
3. Қаржылық талдаудың әдістері
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:
көлденең талдау;
тікелей талдау;
трендтік талдау;
салыстырмалы талдау;
факторлық талдау;
қаржылық коэффициенттер әдісі.
Көлденең (уақытша) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңмен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.
Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі және баптардың үлес салмағын анықтауға мұмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.
Тікелей және көлденен талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.
Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінең тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.
Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштермен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.
Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде – тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол кері (синтез) болуы мүмкін.
Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.
Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициентерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.
Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар. Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.
Шетел мемлекеттерінің тәжірибесінде 3 коэффициент көп қолданылады: ROA, ROE, ROC.
ROA коэффициенті кәсіпорын меншікті және тартылған көздерден калыптасқан сомалық активтердін қаншасын тапқанын көрсетеді. Бұл коэффициент құрылымдық бөлімдердің қызметін бағалау үшін жиі пайдаланады.
ROE коэффициенті кәсіпорынмен акция иелерінің қаражаттарына қаншалықты ақша тапқандығын белгілейді. Бұл көрсеткіш компания басшыларына, оның акционерлеріне өте қажет.
Инвестицияланған капитал (тұрақты капитал) бұл акционерлік капиталдың және ұзақ мерзімді міндеттемелердің (несиелер мен займдар) сомасы болып табылады. Ол кәсіпорынның ұзақ ұақыт айналымында болатын ақшалай каражаттарын бейнелейді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын алдын ала бағалау үшін көрсеткіштерді 2 топқа бөледі. Бірінші топқа нормативтік мағынасы анықталған көрсеткіштер кіреді. Олардың қатарына қаржылық тұрақтылық және өтімділік көрсеткіштері жатады:
жалпы өтеу коэффициенті;
тығыз өтімділік коэффициенті;
қаражаттарды жұмылдыру жағдайында өтімділік коэффициенті;
қарыз және меншікті қаражаттардың арақатыс коэффициенті;
меншікті қаражаттармен қамту коэффициенті;
меншікті айналым қаражаттардың ептілік коэффициенті.
Екінші топқа нормативсіз көрсеткіштер кіреді. Оларды көп жағдайда динамикада көрсетеді немесе басқа кәсіпорындардың көрсеткіштерімен салыстырады. Бұл топқа келесі көрсеткіштер жатады:
таза пайда бойынша таза активтердің тиімділігі;
сатылған өнімнің пайдалылығы;
айналым активтердің айналымдылық коэффициенті;
меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті.
