Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экономика лекция.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
186 Кб
Скачать
☆

Компьютерлік конференция және телеконференция

Компьютерлік конференция белгілі мәселені шешетін топ мүшелері арасындағы ақпаратты алмастыру үшін компьютерлі желілерді қолданады. Бұл технологияға рұқсаты бар тұлғалар шектеулі.

Әдебиеттерде телеконференция терминін жиі кездестіруге болады. Телеконференцияның үш типі бар: аудио, видео, компьютерлік.

Видеомәтін. Ол мәтіндік және графиктік мәліметтерді монитор экранына, бейнеге шығаруына негізделген. Шешім қабылдайтын тұлға үшін, ақпаратты видеомәтін түрінде алу үшін үш мүмкіндік бар:

  • видеомәтіндік файлды өз компьютерінде құру;

  • кәсіпорын өндірген видеомәтінге рұқсат алатын маманданған кәсіпорынмен шартқа отыру. Бұндай сатуға арналған файлдар кәсіпорынның серверларында сақталуы мүмкін;

  • басқа кәсіпорынмен шартқа отыру олардың видеомәтіндік файлдарына рұқсат алу үшін.

Бейнелерді сақтау. Кез келген фирмаларда көптеген құжаттарды ұзақ уақыт сақтау қажет. Олардың саны көп болуы соншалықты, оларды файл түрінде сақтау да едәуір ауырлық туғызады. Сондықтан құжаттың өзін емес, оның образын (суретін) сақтау идеясы туды. Сонымен қатар, оны цифрлық түрде сақтау. Цифрлық формада сақталған сурет кез келген уақытта экранға немесе принтерге шығарыла алады. Суреттерді сақтау үшін үлкен сыйымдылық оптикалық дисктер қолданылады. Бес дюймдық оптикалық дискке 200 мың бетті жазуға болады.

Аудиоконференция. Олар аудио байланысты алыстағы жұмысшылардың немесе фирма бөлімшелерінің арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру үшін қолданады.

Аудиоконференцияны қолдану шешім қабылдауды жеңілдетеді, ол арзан және қолайлы. Аудиоконференцияның ыңғайлылығы (эффективность) келесі шарттарды орындау кезінде орындалады:

  • аудиоконференцияны ұйымдастыратын жұмысшы алдын ала онда қатыса алатын тұлғалардың мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек;

  • конференцияға қатысушылардың саны көп болмау керек;

  • конференцияның бағдарламасы қатысушыларға алдын ала айтылуы керек;

  • сөйлеудің алдында әрбір қатысушы өзін таныстыруы керек;

  • конференцияның жазылуы және сақталуы ұйымдастырылып қоюы керек;

  • конференция жазуы баспаға шығарылып, қатысушыларға таратылуы керек.

Видеоконференция. Олар аудиоконференцияның мақсаттарына арналған, бірақ видеоаппаратураның қолданылуымен. Олардың өткізілуі компьютерді талап етпейді. Видеоконференция процессі кезінде, бір-бірінен көп ара қашықтықта отырған оның қатысушылары өздерін және басқа да қатысушыларды теледидарлық экранда көре алады.Теледидарлық бейнемен бірге бір уақытта дыбыс беріледі.

Видеоконференцияның құру жөніндегі үш ең әйгілі кескіндері бар:

  • бір жақты видео және аудиобайланыс. Бұндағы видео мен аудио сигналдар тек бір ғана бағытта жүреді, мысалы жоба бастығынан орындаушыларға;

  • бір жақты видео және екі жақты аудиобайланыс. Екіжақты аудиобайланыс видеобейнені қабылдайтын конференция қатысушыларына аудиоақпаратпен ауысуға мүмкіндік береді;

  • -екі жақты видео және аудиобайланыс. Бұл көбінесе қымбат кескінде екі жақты видео және конференция қатысушыларының арасындағы аудиобайланыс қолданылады.

Факсимильді байланыс . Бұл байланыс факс-аппаратың қолданған кезінде негізін салған.

Факсимильді байланыс топ қатысушыларына құжаттардың жылдам және жеңіл жіберу шотының шешім қабылдауына өз үлесін қосады.