Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экономика лекция.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
186 Кб
Скачать
☆

Қазіргі технологиялық процестің ерекшеліктері

Материалдық өндірістің технологиялық процесін жүзеге асыру әртүрлі техникалық құралдар көмегімен іске асады; олардың құрамына: жабдықталу, станоктар, құралдар, конвейерлік түзулер және т.б.

Аналогия бойынша, ақпараттық процеске де арналған осындай бірнәрсе болу керек. Ақпарат өндірісінің бұндай техникалық құралдары осы процестің аппараттық, программалық және математикалық қамтамасыз етуі болып табылады. Олардың көмегімен алғашқы информацияның сапасы жаңа информацияға өңделуі жүреді. Осы құралдар ішінен программалық өнімдерді бөлек белгілеп алып, оларды құрал-жабдық деп, ал одан да анық болу үшін нақтылып, ақпараттық технологияның программалық құрал-жабдығы деп атаймыз.

Ақпараттық технологияның құрал - жабдығы – жұмыс істеу технологиясы қолданушы қойған мақсатқа жеткізе алатын компьютердің белгілі бір типіне арналған бір немесе бірнеше өзара байланысты программадық өнімдер.

Құрал-жабдық ретінде келесілерді пайдалануға болады: дербес компьютерге арналған программалық өнімдердің кең таралған түрлері; тексттік процессор (редактор), үстелдік баспалық жүйелер, электронды таблицалар, деректер базасын басқару жүйелері, электронды жазба кітаптары, электронды күнтізбелер, функционалдық қызметтегі ақпараттық жүйелер (қаржылық, бухгалтерлік, маркетингіге арналған және т.б.), эксперттік жүйелер және т.б.

Ақпараттық технология ақпараттық процеспен сипатталады және жүзеге асырылады.

Технологиялық процесс – ақпаратты алғаннан сол ақапаратты өңдеудің нәтижесін алған уақытқа дейінгі орындалатын өзара байланысты іс-әрекеттердің реттелген тізбегі. Қазіргі ақпараттық технологиялық процесс есептеу техникасы мен мәліметтерді желілік өңдеудің коммуникациялық құралдарын енгізуге байланысты барлық негізгі кезеңдерді автоматтандыру әдістеріне негізделген.

Технологиялық процесс келесі негізгі кезеңдерден тұруы мүмкін:

  • Ақпаратты енгізу

  • Деректерді бақылау және қателерді табу

  • Ақпараттық технологияның мүмкіндіктеріне сәйкес мәліметттерді түзету және форматтау

  • Мәліметтерді қолданушы сұранысы бойынша іздеу

  • Шешіліп жатқан есеппен сәйкес мәліметтерді өңдеу

  • Телекоммуникация құралдарын пайдалану арқылы ақпаратты жіберу

  • Қолданушылар сұраныстары бойынша ақпаратты беру

Ақпараттық технология сапасы үш негізгі құрамдас бөлік мінездемелерімен анықталады:

  • Аппараттық құралдар (компьютерлер, переферилі құрылғылар, арнайы жабдықтау, желі және басқа коммуникация құралдарының техникалық мінездемелері)

  • Программалық жабдықтау (желілік жәнелокальдық операциондық жүйелер, құрал-саймандық программалық құралдар, қолданбалы программалар)

  • Ақпараттың ерекшелігі (алу көздері және құралдары, көлеидері, берілу формалары т.б.).

Экономиканы басқаруда мақсаттарға жету үшін ақпараттық технологияны пайдалана отырып, техникалық, программалық және ақпараттық құрауыштардың мінездемелік ерекшеліктеріне көңіл аудару керек. Ақпараттық технологияны жүзеге асыратын техникалық құралдарды оқып зерттеу ерекшелігі - әрбір есептеу жүйесінің қайталанбайтындығы. Қолданушылар қажеттіліктерінің артуына және көлемі күрт өсіп келе жатқан ақпаратық фондыларды өңдеудің жаңа әдіс-тәсілдеренің пайда болуына сәйкес аппараттық құралдардың негізгі техникалық параметрлері, орташа алғанда, бір жарым-екі жылда екі есе артады. Осы себептер бойынша программалық қамтамасыз ету екі-үш жылда, ал стандарттар, интерфейстер, протоколдар базасы бес-жеті жылда бір рет ауысады.