Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экономика лекция.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
186 Кб
Скачать
☆

Компьютерлік технологиялардағы вирустар мәселелері.

Компьютерлік вирус- арнайы жазылған шағын көлемді программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды «бүлдіруге» кіріседі, сондай-ақ компьютерде т.б келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа «ауру жұққан» немесе «бүлінген» деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесеқате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да «жұғады» және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадыдағы бос орынды жайлап алады және т.б.)

Өзінің жабысқанын жасыру үшін вирустың басқа программаларды бүлдіру және оларға зиян әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпында жұмысын жалғастырып, сырт көзге «вирус жұққандығы» бастапқыда байқалмай қалады.

Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадында DOS –ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің эиянды әсерін тигізіп отырады.

Компьютерде «вирус жұққан» программалар саны кһбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, оларо, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін:

  • кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;

  • экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар т.б. шығады;

  • компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды;

  • көптеген файлдардың бүлінгені байқалады және т.с.с.

Вирус программаларды көлемі кішішігірім болады және ассемблер тілінде жазылады.

Қазіргі кезде вирустар негізгі 2 топқа бөлінеді:

  • резиденттік ( компьютер жадында тұрақты сақталатын)

  • резиденттік емес.

Вирус жұққан программа іске қосылғанда резиденттік вирустар әсерлене әрекет етеді, олар жедел жадыға көшіріліп жазылып, алғашқы бірсыпыра уақытта әсері сезілмегенімен, соңынан бірден іске қатты кіріседі. Бұл вирустарды тез анықтау жұмысын қиындатады.

Резиденттік емес вирус жедел жадқа тұрақты күйде жазылмайды, бірақ вирустың әсері тиген программа іске қосылғанда ол екпіндене түседі де, өзі жұмыс істеп тұрған каталогтардан өзі ішіне байқаусыз еніп кететін файл іздейді.

Компьютерлік вирустардан сақтанудың негізгі тәсілдері.

Вирустардан сақтану үшін мынадай шаралар қолдануға болады:

  • информацияны қорғаудың жалпы шаралары – дискіні физикалық зақымданудан сақтау, дұрыс жұмыс істемейтін программаларды қолданбауға және жұмыс істеп отырған адам қателіктер жібермеуге тырысуы;

  • профилактикалық шараларды пайдалану, яғни, вирусты жұқтыру мүмкіндігін азайту тәсілдерін қарастыру;

  • вирустан сақтайтын арнайы программаларды пайдалану.

Жалпы информацияны сақтаудың ортақ тәсілдерінің қажеттілігіне қарамастан, қазіргі кезде тіптен олардың өзі жеткіліксіз болып отыр. Вирустан сақтану үшін арнайы программалар қажет және оларды тұрақты түрде қолдана бастауы керек. Программаларды бірнеше түрге бөлуге болады: детекторллар, докторлар (фаг программалар), ревизорлар, доктор-ревизорлар, сүзгі-программалар және вакциналар.

Вирустардың әсерін жоятын антивирустық программаларды үш негізгі топқа бөлуге болады:

  • файл мәліметтерінің бақылауға арналған олардың қосындыларын есте сақтауға нагізделген программалар;

  • программаға немесе операциялық жүйеге вирус жұққан сәтте оларды анықтайтын резиденттік программалар.

  • вирус жұқтырылғаннан кейін олардың бар екенін анықтайтын программалар.

Детектор программалар тек бұрынна белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады,жаңа вирусқа олар дәрменсіз болып қалады.

Доктор-программалар немесе «фагтар» вирус жұққан программалар мен дискілерді вирус әсерінен алып тастау, яғни «жұлып алу» арқылы емдеп оларды бастапқы қалпына келтіреді.

Ревизор программалар да алдымен программалар мен дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап, содан соң оны кейінгісімен салыстыра отырып сәйкессіздікті анықтаса, оны дереу программа иесіне хабарлайды.

Доктор-ревизорлар – доктор – программа мен ревизор арасынан шыққан гибрид. Бұлар тек файлдағы өзгерістерді анықтап қана қоймай. Оларды автоматты түрде емдеп бастапқы қалыпты жағдайға түзеп келтіреді.

Сүзгі-программалар – компьютердің оперативтік жадында тұрақты орналасады да, вирустардың зиянды әрекетіне әкелетін операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс істеп отырған адамға дер кезінде хабарлап отырады. Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне байланымты болады.

Компьютердегі программалар жұмысына әсер етпей, оларды вирус жұққан сияқты модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бүл программаларды пайдалану онша тиімді емес.