- •1 Дәріс. Басқарудың технологиялар негіздері.
- •Басқару процесіндегі тура және кері байланыс функциялары.
- •Ақпараттық жүйе туралы түсінік
- •3, 4 Дәрістер. Ақпаратттық технолгияларды жобалау негіздері Жаңа ақпараттық технологиялар
- •Ақпараттық технологиялардың даму кезеңдері
- •Қазіргі технологиялық процестің ерекшеліктері
- •Ақпараттық технологияларын жіктелуі
- •Басқару процесін автоматтандыру құралдары
- •Программалық жабдықтау типі бойынша
- •Қолданушылық интерфейс типі бойынша.
- •Программалық өнімдер жіктелуінің элементтері
- •Ішінара өзара әрекеттесу әдісі бойынша.
- •Ақпараттық технологияны таңдау критерилері
- •Ақпараттық технологияларды құрудың методикалық негіздері
- •5 Дәріс. Экономикалық жүйедегі ақпараттың сипаттамасы Экономикалық ақпараттың ерекшеліктері.
- •Ақпаратты кодтаудың (таңбалаудың) жүйесі.
- •Таптастыру жүйелері
- •Ақпараттық өнімдердің күрделендіруі
- •Сыйысушылық қамтамасыз етуі
- •Аралық буындардың жоюы
- •Жандантыру (Глобализация)
- •Конвергенция
- •Мәліметтерді өңдеудің ақпараттық технологиясы
- •Негізгі компоненттер
- •Басқарудың ақпараттық технологиясы
- •Негізгі компоненттер
- •Кеңсені автоматтандыру
- •Негізгі компоненттер:
- •Компьютерлік конференция және телеконференция
- •Шешім қабылдауды қолдау ақпараттық технологиясы
- •Негізгі компоненттер
- •Эксперттік жүйенің ақпараттық технологиясы
- •Негізгі компоненттер
- •10 Дәріс. Ақпараттық жүйенің және ақпараттық технологияның сапасы мен стандарты Ақпаратты технологияны стандарттау жүйесі.
- •11 Дәріс. Ақпаратық технологияның құқықтық қамтамасыз етілуі
- •Ақпараттық заңнама.
- •Ақпараттық қауіпсіздік.
- •Ақпараттық жүйелерді қарақшылықтан қорғау.
- •Кіру рұхсаты шектеулі ақпараттарды сақтау.
- •Компьютерлік технологиялардағы вирустар мәселелері.
- •Компьютерлік вирустардан сақтанудың негізгі тәсілдері.
- •12 Дәріс. Желілі технологиялардың сипаттамасы және тағайындау Компьютерлік желілердің мүмкіншіліктері
- •13 Дәріс. Желілік технологияның сипаттамасы және тағайындалуы
- •14,15 Дәрістер. Жергілікті есептеуіш желінің жалпы сипаттамасы Жергілікті есептеуіш желі
3, 4 Дәрістер. Ақпаратттық технолгияларды жобалау негіздері Жаңа ақпараттық технологиялар
Компьютерлік жүйелерді құру үшін қазіргі заманғы (жаңа) ақпараттық технрлогиялар жасалуда және ендірілуде. Бұл технологиялар басқару процесінің автоматтандырылуымен тығыз байланысты.
Жаңа ақпараттық технология - ақпараттық жүйелер мен есептеу техникасының құралдарын пайдалану арқылы ақпаратты жинау, жинақтау, іздеу және өңдейдің әдістер мен тәсілдер жиыны.
ЮНЕСКО-ның қабылдаған анықтамасы бойынша, ақпараттық технология – ақпаратты өңдеу және сақтаумен айналысатын адамдар еңбегін ұйымдастырудың эффективті әдістерін зерттейтін өзара байланысты ғылыми, технологиялық, инженерлік дисциплиналар кешені; есептеу техникасын, ұйымдастыру әдістерін, адамдармен және өндірістік жабдықпен өзара әрекеттесуін, олрадың практикалық қосымшасын, сонымен қатар осылардың барлығымен байланысты әлеуметтік, экономикалық және мәдени проблемалар. Жаңа ақпараттық технологиялар компьютерлер мен телекоммуникациялық техниканы қолдануға негізделген.
Жаңа ақпараттық технология жоғарғы деңгейдегі достық қолданушылық интерфейстің ақпараттық поцесіне қолданушылардың активті қатысуымен жүретін техникалық құралдарды қолдануға негізделген. Ол ортақ және проблемалық қолдануға арналған қолданбалы программалар пакетін, қолданушыға жойылған мәліметтер базасына және ЭЕМ желілері көмегімен программаларға кіру мүмкіндіктерін кеңінен қолданады.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі қасиеттерін бөліп көрсетуге болады:
Бұл қағазсыз технология, ол бойынша ақпаратты негізгі тасушы компьютер жадында немесе дискіде құрылатын және монитор экранында көрсетілетін электронды документ болып табылады.
Жоғарғы мүмкіндікті интерактивті (диалогты) режим арқылы колданушы кез келген жұмыс шешілуінің барысын оперативті басқара алады.
Қолданушының компьютермен сұхбаттасу әдісі (достық интерфейс) дайындығы әр түрлі деңгейдегі қолданушыға жүйелік меню, көмектесулерді және анықтамаларды пайдалана отырып, ақпаратпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Ақпарат беру формаларының сәйкестілігі оның өңделуінің барлық кезеңдерінде ақпараттық көмек беруді жүзеге асыруға көмектеседі.
Барлық қолданушыларға жүйенің кез келген техникалық, программалық және ақпараттық ресурстарына оперативті кіруді қамтамасыз ететін ақпараттық желілер мен коммуникациялық желілер негізінде есептерді ұжымдық шешу әдістерін пайдалану.
Ақпараттық технологиялардың даму кезеңдері
Бөлудің әртүрлі белгілері бойынша анықталатын компьютерлерді пайдаланатын ақпарттық технологиялар дамуына байланысты бірнеше көзқарас түрлері бар.
Төменде көрсетілгендердің барлығына ортақ болып табылатыны – дербес компьютердің пайда болуымен ақпарттық технология дамуының жаңа кезеңі басталды. Профессионалдық және тұрмыстық сфераның басты мақсаты адамдардың дербес ақпараттық қажеттіліктерін камтамасыз ету болып келеді.
Бөлу белгісі – ақпаратты өңдеу процесі мен есептерінің түрі.
1-кезең (60-70 жж.) – деректерді ұжымдық қолдану режимінде есептеу орталықтарында өңдеу. Ақпараттық технология дамуының негізгі бағыты адамдардың қиындаған лперациялық іс әрекеттерін автоматтандыру болды.
2-кезең (80 жылдардан бастап) – стртегиялық есептерді шешуге бағытталған ақпарттық технологияларды құру.
Бөлу белгісі – қоғамды ақпарттандыру жолындағы проблемалар.
1-кезең (60 жылдардың аяғына дейін) ақпараттық құралдар мүмкіндіктерінің шектігі жағдайында деректкрдің үлкен көлемін өңдеудің қиындығымен сипатталады.
2-кезең (70 жылдардың аяғына дейін) 1ВМ/360 сериялы ЭЕМ-дердің таралуы. Бұл кезең проблемаы – программалық қамтамасыз етудің аппараттық құралдардың даму деңгейінен қалып қоюы.
3-кезең (80 жылдардың басынан бастып) – компьютер профессионалды емес қолданушының құралына, ал ақпататтық жүйелер оның шешім қабылдауын қолдайтын құралға айналды. Проблемалар - қолданушының қажеттіліктерін максималды қанағаттандыру және компьютерлік ортада сәйкес жұмыс интерфейсін құру.
4-кезең (90 жылдардың басынан бастап) – ұйымаралық байланыстар мен ақпараттық жүйелердің қазіргі уақыттағы технологияларын құрылуы. Бұл кезеңнің проблемалары айтарлықтай көп. Солардың тоқталарлықтайлары:
Келісімдерді қалыптастыру және компьютерлік желілерге арналған стандарттар мен протоколдарды бекіту.
Стратегиялық ақпаратқа кіруді ұйымдастыру
Ақпаратты қорғау мен қауіпсіздігін ұйымдастыру
1-кезең (60 жылдардың басынан бастап) есептеу орталықтарының ресурстарын орталықтандырылған ұжымдық пайдалануға бағытталған қиындаған операцияларды орындаудағы ақпаратты айтарлықтай эффективті өңдеумен сипатталады. Құрылып жатқан ақпараттық жүйелердің эффективтілігі бағасының негізгі критериі жасалуға кеткен шығындар мен өндірлу нәтижесінде үнемделген қаражаттар арасындағы айырма болды. Осы кезеңдегі негізгі проблема психологиялық болды: көзқарастары мен шешіліп жатқан поблемаларды ұғынуларының сәйкессіздігінен туындаған қолданушыларға арнап ақпараттық жүйелерді жасаған құрастырушылар мен қолданушылар арасындағы өзара әрекеттесудің нашарлығы.
Осы проблемалар салдарынан, қолданушылар жаман қабылдаған және өздерінің үлкен мүмкіндіктеріне қарамастан қуаты толық пайдаланылмаған ақпараттық жүйелер құрылып жатты.
2-кезең (70 жылдардың ортасынан бастап) дербес компьютерлердің пайда болуымен байланысты. Ақпараттық жүйелерді құруға басқа қырынан келдік, бағыт дербес қолданушының қабылдайтын шешімдерін қолдау үшін соның жағына ауысады. Қолданушы құрастырылып жатқан жұмыстарына қызуғышылық танытады, құрастырушылармен қарым-қатынас жөнделеді, мамандардардың екі тобының арасында өзара түсіністік пайда болады. Бұл кезеңде бірінші кезеңге тән мәліметтерді орталықтандырылған және локальдық есептерді шешу мен қолданушының жұмыс орнындағы локальдық мәліметтер қорымен жұмыс істеуіне негізделген деорталықтандырылған өңдеу колданылады.
3-кезең (90 жылдардың басынан бастап) бизнестегі стратегиялық артықшылықтардың анализі түсінігімен байланысты және ақпаратты таратушылық өңдеудің телекоммуникациялық жетістіктеріне негізделген.
Ақпараттық жүйелердің мақсаты тек деректерді өңдеудің эффективтілігін арттыру мен басқарушыға көмектесу ғана емес. Сәйкесінше ақпараттық технологиялар ұйымға бәсекелестік қүреске шыдай алып, артықшылықты иемденуге көмектесу керек.
Бөлу белгісі – технологияның құрал-жабдықтар түрі
1-кезең (XIX ғасырдың екінші жартысына дейін) - «қолмен жасалған» ақпараттық технология, құрал-жабдығын қауырсын, сия, кітап құраған.
Коммуникация почта арқылы хаттарды, пакеттерді қолмен өткізу жолымен іске асырылды. Технологияның негізгі мақсаты – ақпаратты қажетті формада жеткізу.
2-кезең (XIX ғасырдың басынан бастап) - «механикалық технология», құрал-жабдығын жазу машинасы, телефон, диктофон, жеткізудің әлдеқайда жетілдірілген құралдарымен жабдықталған почта құраған. Технологияның басты мақсаты – ақпаратты қажетті формада бұрынғыдан ыңғвйлырақ құралдармен жеткізу.
3-кезең (ХХ ғасырдың 40-60 жылдары) - «электрлік» технология, құрал-жабдықтарын үлкен ЭЕМ мен сәйкес программалық қамтамасыз ету, электрлік жазу машиналары, ксерокстар, портативті телефондар құраған.
Технология мақсаты өзгерді. Ақпараттық технологиядағы екпін ақпараттың берілу формасынан оның мазмұнының қалыптасуына аударылады.
4-кезең (70 жылдардың басынан бастап) – «электронды» технология, негізгі құрал-жабдықтары үлкен ЭЕМ мен олардың негізінде құрылатын базалық және мамандандырылған программалық комплекстердің кең спектрімен жабдықталған автоматтандырылған басқару жүйелері (АБЖ) мен ақпараттық-іздеу жүйелері (АІЖ) болды. Қоғамдық өмірдің әртүрлі сферасының басқару ортасы, әсірісе аналитикалық жұмысты ұйымдастыру үшін ақпараттың мазмұндық жағын қалыптастыруға баса көңіл бөлінеді. Көптеген объективті және субъективті факторлар ақпараттық жүйелердің жаңа концепциясының алдына қойылған есептерді шешуіне мүмкіндік бермеді. Бірақ басқару ақпаратының мазмұндық жағын қалыптастыру тәжірибесі пайда болды және технология дамуының жаңа кезеңіне өтуге кәсіптік, психологиялықәлеуметтік база дайындалды.
5-кезең (80 жылдардың ортасынан бастап) – «компьютерлік» («жаңа») технология, құрал-жабдығы қызметі әртүрлі стандартты программалық өнімдімдердің кең спектрін қамтитын дербес компьютер болып табылады. Бұл кезеңде белгілі бір мамандардың шешім қабылдауды қолдау жүйелерін жасауынан көрінетін АБЖ-рін дербестеу жүзеге асады. Бұндай жүйелер анализ бен басқарудың әртүрлі деңгейлеріне арналған интеллекттің әржақты элементтеріне ие, дербес компьютерде жүзеге асады және телекоммуникацияларды пайдаланады. Микропроцессорлық базаға көшуге байланысты тұрмыстық, мәдени және басқа да қызметтегі техникалық құралдар да айтарлықтай өзгеріске ұшырады.
Әр түрлі сфераларда глобальды және локальды компьютерлік желілер кеңінен қолданыла бастады.
