- •1 Дәріс. Басқарудың технологиялар негіздері.
- •Басқару процесіндегі тура және кері байланыс функциялары.
- •Ақпараттық жүйе туралы түсінік
- •3, 4 Дәрістер. Ақпаратттық технолгияларды жобалау негіздері Жаңа ақпараттық технологиялар
- •Ақпараттық технологиялардың даму кезеңдері
- •Қазіргі технологиялық процестің ерекшеліктері
- •Ақпараттық технологияларын жіктелуі
- •Басқару процесін автоматтандыру құралдары
- •Программалық жабдықтау типі бойынша
- •Қолданушылық интерфейс типі бойынша.
- •Программалық өнімдер жіктелуінің элементтері
- •Ішінара өзара әрекеттесу әдісі бойынша.
- •Ақпараттық технологияны таңдау критерилері
- •Ақпараттық технологияларды құрудың методикалық негіздері
- •5 Дәріс. Экономикалық жүйедегі ақпараттың сипаттамасы Экономикалық ақпараттың ерекшеліктері.
- •Ақпаратты кодтаудың (таңбалаудың) жүйесі.
- •Таптастыру жүйелері
- •Ақпараттық өнімдердің күрделендіруі
- •Сыйысушылық қамтамасыз етуі
- •Аралық буындардың жоюы
- •Жандантыру (Глобализация)
- •Конвергенция
- •Мәліметтерді өңдеудің ақпараттық технологиясы
- •Негізгі компоненттер
- •Басқарудың ақпараттық технологиясы
- •Негізгі компоненттер
- •Кеңсені автоматтандыру
- •Негізгі компоненттер:
- •Компьютерлік конференция және телеконференция
- •Шешім қабылдауды қолдау ақпараттық технологиясы
- •Негізгі компоненттер
- •Эксперттік жүйенің ақпараттық технологиясы
- •Негізгі компоненттер
- •10 Дәріс. Ақпараттық жүйенің және ақпараттық технологияның сапасы мен стандарты Ақпаратты технологияны стандарттау жүйесі.
- •11 Дәріс. Ақпаратық технологияның құқықтық қамтамасыз етілуі
- •Ақпараттық заңнама.
- •Ақпараттық қауіпсіздік.
- •Ақпараттық жүйелерді қарақшылықтан қорғау.
- •Кіру рұхсаты шектеулі ақпараттарды сақтау.
- •Компьютерлік технологиялардағы вирустар мәселелері.
- •Компьютерлік вирустардан сақтанудың негізгі тәсілдері.
- •12 Дәріс. Желілі технологиялардың сипаттамасы және тағайындау Компьютерлік желілердің мүмкіншіліктері
- •13 Дәріс. Желілік технологияның сипаттамасы және тағайындалуы
- •14,15 Дәрістер. Жергілікті есептеуіш желінің жалпы сипаттамасы Жергілікті есептеуіш желі
Басқару процесіндегі тура және кері байланыс функциялары.
Ақпараттық жүйелерді басқаруда тура және кері байланыс принципі жүзеге асады.Мысылы, өнеркәсіп басшысы жұмысшылардың сағаттық төлемақысы мен жаңа жұмыс тәртібі туралы бұйрық шығарады. Бұндай шешім қабылдау, өнеркәсіптегі басқару объектісіне әсер етеді және осылай тура байланыс жүзеге асады.
Шешім өз күшіне енгеннен кейін кері байланыс орнығады. Кері байланыс – басқарылатын объектідегі қабылданатын шешімге әсерінің бақылау жинынтығы.
Басқарушы аламын деген өлшемдер, шешімнің бағалылары немесе фактылық нәтижелердің алмастыруы осы фазада жүреді. Басқарылатын объектің режимі , ақпараттардың сарапталуы, іс-әрекеттің нәтижесінің бағалауға мүмкіндік береді , осының нәтижесінде жаңа шешім қабылданады .Мысалы жарғы сөз күшіне енгенең кейін өнеркәсіп жұмыс істеу басты көрсеткіштері туралы мәлімен , басдарманың алдына түседі. Ол көрсеткіштер : өндірілетін өнімнің көлемі, өнеркәсіптің кірісі, орташа күндік ( айлық ) өнім нормасы. Ескі көрсеткіш пен жаңа көрсеткіштерді салыстыра отырып басқарушы, қабылданылған шешімнің эффектілігі бағалай алады, осы бағыттағы жұмыстын нәтижесі және келешектегі іс-әрекетті анықтайды. Кері байланыс – басқарушыға шешімді реттеуге мүмкіндік береді, бүл кезде обътіге көп зияны тимеу керек .Бақылау функциясының көмегімен бірінші орында басқарушы бағалау шешімін анықтайды.
1-сурет. Басқару процесіндегі тура және кері байланыс схемасы.
Тура және кері байланыс үшін үнемі ақпараттын алмасу қажет сондықтан экономикалық объектілермен басқару процесінде, комуникатция онімдері манызды роль атқарады.
Менеджменттің қайта құру процестері дамуға және қазіргі заманға сай компютерлендіруге бейімдеуілуіне бағытталған.
Жедел (оперативті) басқару негіздері қазіргі кезде жаңа компютенлік және телекоммунизациялық техникаға арқа сүйейді, сонымен қатар жоғары дәрежелі ақпаратты басқару технологиясын қүру үшін пайдаланады. Жаңа компютерлік технологиалар методологиялау басқаруды радикалды өзгерістер әкеледі ақпараттық менеджменттегі ақпараттық ресурстардың өсуін қолданылуы және кеңейтілген қорларды пайдалану мүмкіндігі нің арқасында басқару процестері объектінің кең және терең ауқымда шарпиды. Бұл өнімдегі және ауыл шаруашылығындағы бағандарды және барлық деңгейлерді тігінен және көлденең меңгеруге мүмкіндік береді .
№ 2 дәріс. Ақпараттық жүйесінде экономикада қолдану
Ақпараттық жүйе туралы түсінік
Жетекшінің ұйымның мақсаттары қандай болу керектігі, өнімді қалай жақсарту, басқару бөлімінің құрылымын қалай шыңдау жайындағы сұрақтарына тек басқарылушы объект туралы бар ақпаратты толық пайдалану арқылы ғана жауап беруге болады. Мысалы, өндірістің күнтізбелік жоспарлары бар тапсырыстар, олардың материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуі, өндірістік қуаттардың жүктелу дәрежесі мен олардың әрбір тапсырыстың орындалуының келісімді мерзіміне байланысты пайдаланылуы туралы мәліметтер негізінде құрылады. Өндірістің күнтізбелік жоспарларында қолда бар қуаттардың реконструкциясының, жабдықтарды ауыстыру мен жаңа кәсіпорындарды құру, жұмыс күшін оқыту шығындары қарастырылады. Олар өнімді өткізу, шетелдік лицензиялау, техникалық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету және тағы басқа жоспарлардан тұрады. Егер бұл мәліметтердің күнделікті жаңарып отыру керектігін, ал бүкіл өндіріс процесін зерттеуде жиналатындығын ескерсе, онда ақпаратпен жұмыс істеуді автоматандыру қажеттілігі айқын көрінеді.
Объект туралы мәліметтер бақылаулардан, құжаттардан, тәжірибелерден, статистикалық есеп берулерден, архивтерден, кітапханалардан және басқа ақпарат көздерінен күделікті түсіп отырады. Басқару процесінде әрбір нақты уақыт моменті кезіндегі объекттің күйі жайлы ақпарат бар болуы қажет. Бұл ақпаратты барынша толық, рационалды және сауатты пайдалану үшін, берілгендерді оперативті тіркеу, оларды берік және қауіпсіз қорғау, керекті көрсеткіштерді тез іздеп табу, математикалық және статистикалық анализ әдістерін пайдаланала отырып ақпаратты жан-жақты өңдеу және ақпарат пен оны өңдеу нәтижелерін уақтылы беру қажет. Сол үшін ақпараттық жүйелер енгізіледі және әрдайым пайдаланылады. Олар қолданушыға зерттелуші объектті сауатты басқару мен басқару процессінде максималды жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Компьютерлік технологияларды пайдалану ақпаратты жинау мен өңдеуді, жоспарлардың әртүрлі варианттарын жасау және экономиканы басқару процесінде мамандар стратегиясы мен тактикасының оптималды жоспарларын табуды жеңілдетеді және тездетеді. Кез-келген рангылы қолданушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін экономика және басқару саласының барлық облыстарында ақпараттық жүйелер мен комплексткер интенсивті дамытыла және енгізіле бастады.
Ақпараттық автоматандырылған жүйе деп бөлек алынған компьютерді немесе бірнеше аппараттық компьютерлік құралдар бірлестігін, программалық қамтамасыз етуді, қосымша жабдық және белгілі бір мақсаттар мен қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін адамдарды түсінеміз.
Ақпараттық жүйе – өздерінің есептеу техникасы мен байланыс құралдарының көмегімен пайдалану үшін құрылған ұйымдаса реттелген құжаттар мен ақпараттық технологиялар бірлестігі.
Ақпараттық ресурстар деп бөлек құжат немесе ақпараттық жүйелердегі құжаттар массиві түсіндіріледі: кітапханалар, архивтер, деректер банкілері, білімдер базасы, деректер базасы. Ақпараттық ресурстарды пайдалану мен олармен жұмыс істеу үшін пәндік облыс объектісі ақпаратық рксурстар болып табылатын ақпараттық технологиялар және қолданушыға ақпараттық ресурстар негізінде берілетін ақпараттық өнім мен қызмет ету қолданылады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен технологияларды қамтамасыз ету құралдары – ақпараттық жүйелерді жобалауда құрылатын немесе қолданылатын және олардың эксплуатациясын қамтамасыз ететін программалық, техникалық, лингвистикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық құралдар.
Ақпараттық жүйелерді құру мен функциялану процесіне субъектілердің 2 категориясы қатысады:
Ақпараттық жүйелерді кұрушылар, олармен қамтамасыз ету құралдары мен технологияларын жасаушылар (интегралдық микросхемаларды жобалаушы-инженерлер, программисттер, информацияны жеткізушілер және т.б.)
Ақпараттық жүйелерді эксплуатациялайтын қолданушылар немесе тапсырыс жасаушылар (кәсіпорындар, фирмалар, ұйымдар, заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік билік органдары)
Қазіргі таңдағы ақпараттық орта жағдайында экономикалық объектілерді оперативті басқаруға тек компьютерлік техниканы қолдану арқылы ғана қол жеткізуге болады. Адам жұмысының барлық сферасының компьютеризациясы әрбір сауатты маманның ақпаратты қолдана алуына әкелді. Бүгінгі таңда жұмыс есептерін шешу үшін есептеуіш техникасын пайдалануды қажет ететін әр түрлі саладағы мамандар саны артып келеді. Қазіргі кезде өздерінің күнделікті жұмыстарында бухгалтерлік есепті жүргізуде, тапсырыстар мен келісімшарт орындалуын бақылауда, іскерлік құжаттарды дайындауда есептеу техникасын қолданбайтын кәсіпорын, фирма немесе акционерлік қоғам кемде кем. Нарықтық экономикалық қатынастар орнығуының барысында, негізінен орта және кіші кәсіпорындардың қосылу есебінен, есептеу техниксының және программмалық құралдардың қолданылу аясы айтарлықтай кеңейді.
Экономист жұмысының әр алуан сфераларындағы есептерді шешуге арналған ақпараттық жүйелер жасалған және ендірілген. Оларды жүзеге асыру барысында мәліметтерді компьютерлік өңдеудің келесі әдістері қолданылады:
Мәліметтерді сақтау, іздеу және өңдеу
өндірісті басқару және бақылау
экономикадағы процестер анализі және диагностикасы
мәліметтерді жинау және статистикалық өңдеу
банкілік есеп айырысу
қоғам құрылымының талдауы
әртүрлі деңгейлер байланысының және ұйымдардың зерттелуі
шешім қабылдаудың автоматтандырылған жүйелері
ғылыми жұмысты басшылық ету
стохастикалық (ықтимал) болжам модельдері
жасанды интеллект жүйелері
автоматандырылған бухгалтерия
складтау және сауда
Жаңа ақпараттық жүйелерге көшу тек қана ой еңбегінің қиындаған операцияларын автоматтандырып қоймай, сонымен қатар толықтай шығармашылық процесті кешенді автоматтандыруға әкелді. Білімдерді өңдеудің компьютерлік жүйелері мәліметтерді логикалық өңдеуді жүзеге асырады, қолданушыға қорытындылар жасауға, ақпаратты ойлап түсінуге, нақты мақсаттар мен олардың қолданылу аясына қатысты фактілер арасындағы логикалық байланыстар орнатуға көмектеседі.
