- •1 Дәріс. Басқарудың технологиялар негіздері.
- •Басқару процесіндегі тура және кері байланыс функциялары.
- •Ақпараттық жүйе туралы түсінік
- •3, 4 Дәрістер. Ақпаратттық технолгияларды жобалау негіздері Жаңа ақпараттық технологиялар
- •Ақпараттық технологиялардың даму кезеңдері
- •Қазіргі технологиялық процестің ерекшеліктері
- •Ақпараттық технологияларын жіктелуі
- •Басқару процесін автоматтандыру құралдары
- •Программалық жабдықтау типі бойынша
- •Қолданушылық интерфейс типі бойынша.
- •Программалық өнімдер жіктелуінің элементтері
- •Ішінара өзара әрекеттесу әдісі бойынша.
- •Ақпараттық технологияны таңдау критерилері
- •Ақпараттық технологияларды құрудың методикалық негіздері
- •5 Дәріс. Экономикалық жүйедегі ақпараттың сипаттамасы Экономикалық ақпараттың ерекшеліктері.
- •Ақпаратты кодтаудың (таңбалаудың) жүйесі.
- •Таптастыру жүйелері
- •Ақпараттық өнімдердің күрделендіруі
- •Сыйысушылық қамтамасыз етуі
- •Аралық буындардың жоюы
- •Жандантыру (Глобализация)
- •Конвергенция
- •Мәліметтерді өңдеудің ақпараттық технологиясы
- •Негізгі компоненттер
- •Басқарудың ақпараттық технологиясы
- •Негізгі компоненттер
- •Кеңсені автоматтандыру
- •Негізгі компоненттер:
- •Компьютерлік конференция және телеконференция
- •Шешім қабылдауды қолдау ақпараттық технологиясы
- •Негізгі компоненттер
- •Эксперттік жүйенің ақпараттық технологиясы
- •Негізгі компоненттер
- •10 Дәріс. Ақпараттық жүйенің және ақпараттық технологияның сапасы мен стандарты Ақпаратты технологияны стандарттау жүйесі.
- •11 Дәріс. Ақпаратық технологияның құқықтық қамтамасыз етілуі
- •Ақпараттық заңнама.
- •Ақпараттық қауіпсіздік.
- •Ақпараттық жүйелерді қарақшылықтан қорғау.
- •Кіру рұхсаты шектеулі ақпараттарды сақтау.
- •Компьютерлік технологиялардағы вирустар мәселелері.
- •Компьютерлік вирустардан сақтанудың негізгі тәсілдері.
- •12 Дәріс. Желілі технологиялардың сипаттамасы және тағайындау Компьютерлік желілердің мүмкіншіліктері
- •13 Дәріс. Желілік технологияның сипаттамасы және тағайындалуы
- •14,15 Дәрістер. Жергілікті есептеуіш желінің жалпы сипаттамасы Жергілікті есептеуіш желі
Ақпараттық технологияларды құрудың методикалық негіздері
Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологияларды құру жобалаудың күрделі процесі болып табылады. Жобалаудың мақсаты жобалаушы құжаттарды дайындау мен ұйымның басқарудың адам-машиналық жүйесін енгізу болып табылады. Жобалау процесінде экономикалық объектінің ең маңызды сиапаттамалары анықталады, оның ішкі және сыртқы ақпараттық ағымдары зерттеледі, зерттелуші жүйенің және оның элементтерінің математикалық және физикалық баламалары жасалады, адам мен басқарудың техникалық құралдарының өзара әрекеттесу шарттары белгіленеді.
Ақпараттық технологияның жобаланушы технологиялық жабдықтауының міндетті элементтері болып табылатындар: ақпараттық, лингвистикалық, техникалық, программалық, математикалық, ұйымдық, құқықтық, эргономикалық.
Ақпараттық жабдықатау (АЖб) – АЖ-де циркуляцияланатын ақпараттың көлемдері, орналастырылуы, ұйымдастыру формалары бойынша жобалық шешімдердің жиынтығы.
Линвистикалық жабдықтау (ЛЖ) – табиғи тілдің формалауына, қолданушылардың есептеу техникасының құралдарымен араласу барысында ақпараттық бірліктерді құру және сәйкестендіруге арналған тілдік құралдардың жиынтығы.
Техникалық жабдықтау (ТЖ) – АТ жұмысын қамтамасыз ететін техникалық құралдар кешені болып табылады (ақпаратты жинау, тіркеу, беру, өңдеу, кескіндеу, тираждауға арналған техникалық құралдар, оргтехника т.б.).
Программалық жабдықтау (ПЖ) – ақпараттық жүйелердің функциялары мен есеперін жүзеге асыратын және техникалық құралдар кешенінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін программалар жиынтығын құрайды.
Математикалық жабдықтау (МЖ) – функционалдық есептерді шешуде және жобаланушы жұмыстарды автоматтандыру процесінде қолданылатын ақпаратты өңдеудің математикалық әдістері, модельдері мен алгоритмдерінің жиынтығы.
Ұйымдық жабдықтау (ҰЖ) – АЖ-ні жобалау процесінде құрылған, бекітілген және пайдалану негізінде жататын құжаттар кешені.
Құқықтық жабдықтау (ҚЖ) – АЖ мен АТ-ны құруда және ендіруде құқықтық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы.
Эргономикалық жабдықтау (ЭЖ) – АЖ мен АТ-ны өңдеу және функционалдануының әртүрлі кезеңдерінде пайдаланылатын әдістер мен құралдар жиынтығы. Адамның АТ-дағы жоғары сапалы, жоғары эффективті және қатесіз жұмысының оптималды шарттарын құруға, оны тез меңгеруге арналған.
Ақпаратық жүйелерді жобалау технологиясы дегеніміз жүйе жобасы мен оның компоненттерін құрудың немесе өңдеудің ортақ концепциясын жүзеге асыруға бағытталған, логикалық бірізділік бойынша реттелген методикалық тәсілдер, техникалық құралдар мен жобалаушы әдістер терімі. Басқарудың АЖ-сын жасауда жобалау базасының сапасы мен құрамы өте үлкен мәнге ие.
АЖ мен оның басты компаненті – ақпараттық технологияны жобалаудың технологиялық тізбегінің міндетті базалық конструкциясы болып технологиялық операция – технологиялық процестің бөлек тетігі табылады.
Бұл түсінік ақпараттық технологияларды жасау процесін кибернетикалық тұрғыдан қарастыру негізінде анықталады. Берілген процесті автоматтандыру технологиялық процестерді формалау қажеттілігін алдын ала анықтайды, өзара байланысқан жобалық процедураларының тізбегін және олардың бейнеленуін технологиялық бірізді біріктіреді.
Пәндік облысты жоба-алдылық зерттеу объектінің барлық сипаттамалары мен ондағы басқару іс-әрекетін, ішкі және сыртқы ақпараттық байланыс ағымдарын, есептердің мен жаңа технологиялық жағдайларда жұмыс істейтін мамандар құрамын, жүйенің болашақ қолданушылары ретіндегі олардың компьютерлік және кәсіби дайындық деңгейін анықтаудан тұрады.
Бірінші түрді, яғни қолданбалы программалар пакетіне кіретін типтік жобалық шешімдерді пайдаланудың мүмкіншіліктерін қарастырайық. Бәрінен де эффективі ақпараттандырылатын жұмыс түрлеріне келесілер жатады:
бухгалтерлік есеп, басқару және қаржылық та кіреді;
экономикалық қызмет саласына анықтамалық және ақпараттық қызмет көрсету;
басшы еңбегін ұйымдастыру;
құжат айналымын автоматтандыру;
экономикалық және қаржылық іскерлік;
оқу.
Жобалаудың автоматтандырылған жүйелері – жобалау жұмыстарын жүргізудің екінші, жедел дамып келе жатқан түрі.
Құрылымдық методология автоматизациясынан басқа және жүйелік және программалық CASE инженериясының қазіргі заманғы әдістерін қолдану мүмкіншіліктері келесі негізгі артықшылықтарға ие:
автоматтық
автоматтық бақылау (ең алдымен жоба бақылауы) құралдары есебінен жасалатын АЖ (АТ) сапасын жақсартады;
қысқа уақыт ішінде болашақ АЖ (АТ) протатипін құруға мүмкіндік береді, бұл бастапқы кезеңдерде күтілетін нәтижені бағалауға мүмкіндік береді;
жүйені жобалау және жасау процесін жеделдетеді;
құрастырушыны созылмалы күрделі жұмыстан босатып, оған жобалаудың шығармашылық бөлімінде ойын толық жинақтауға мүмкіндік береді;
қазір функцияланып тұрған АЖ-ны (АТ) дамуын және жүруін қолдайды;
Жүйенің адаптациялық қасиеттері ұйымның өндірістік және ішкі басқару ортасының айналасындағы сыртқы фон өзгерістеріне бейімделу қабілеттілігін көрсетеді. Тапсырыс берушінің маңызды міндеті – жобалау кезеңінде бүкіл жүйенің функциялануында маңызды мәнге ие басқарушы және шығатын параметрлер мәндеріндегі ауытқулар жіберу шекараларын қалыптастыру.
Жалпы түрде есеп қойылуы төрт принципиалды маңызды компоненттерден тұрады:
ұйымдық-экономикалық схема және оның сипаттамалары;
қолданылатын математикалық модельдер жиыны;
есептеу алгоритмдерінің сипаттамалары;
жүйенің ақпараттық моделін құру концепциясы.
Математикалық модель және оның негізінде құрылатын алгоритмдер: анықтылыққа (мірмәнділікке), есептегі әртүрлі альтернативті жағдайларға қатысты инварианттылыққа және нәтижелілікке (оны қадамдардың соңғы санынан шешу мүмкіндігі) қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруы керек. Алгоритмдеудің нәтижесі логикалық құрылған және реттелген блок-схема болып табылады.
Есептердің қойылуы және кейіннен компьютерлік жүзеге асырылуы ақпараттық технологиялардың теориялық негізін тиек ететін негізгі ұғымдарды меңгеруді талап етеді. Оларға жататындар:
экономикалық ақпараттың қасиеттері, ерекшеліктері және құрылымы.;
шартты-тұрақты ақпарат, оның мазмұны мен мәні;
ақпаратты тасымалдаушылар, машиналық тасымалдаушының макеті;
ақпаратты формализациялы сипаттау құралдары;
алгоритм, оның қасиеттері және берілу формалары;
кіретін және нәтижелік ақпаратты бақылаудың қызметі және әдістері;
компьютер құрылғыларының құрамы және қызметі;
программалық құралдар құрамы, операциялық жүйелер, қолданбалы программалар пакеттері (ҚПП), АЖО менеджері, АЖО басшысы, АЖО (қаржыгері, АЖО бухгалтері т.с.с.) типті программалардың интеграцияланған пакеттерінің қызметі.
